297
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Орталық Баспасына жібердім...» деген тү сініктеме оқимыз Қа-
ныш Иман тай ұлының 1951 жылы ресми мекемеге жолдаған хаты-
нан. Сөз бұл жерде Қ. Сәтбаевтың 1927 жылы Мәскеуде жарық
көрген
«Ер Едіге» кітабы жайында болып отыр. Шындығын
айтқанда, бұл – болашақ академиктің
баспа бетін көрген тұңғыш
кітабы. Фольклорлық жинаққа Қ. Сәтбаев жазған «Сөз басынан»
шағын үзінді ұсынамыз...
«Мелиоранский бастырған «Едігенің» аты қазақша бол-
са да, заты ноғайшаға жуықтаңқыраған түрі. Мұның үстіне
әңгіме түрлі толғау лар дың да аяқ алысы тасырқаған малдың
тұяғынша сандыраққа айналыңқыра
ғаны көрінеді. Бұған ай-
ыпты, әрине, Шо қан да, Мелиоранский де емес. Әңгімені бірінші
рет аққа көшірген Ахмет дейтін ноғай мен өткен ғасырдағы
қазақ жақсы ла ры на «кітапша жазу», «ноғайша сөйлеуді» сән
көретін әдеті. – «Ер Едігені» бастырушы мынандай уәж айтады.
–
... «Аймақ тану» ұйымдарының қазақ ішіндегі істейтін нысана-
лы жұмыс тарының бастауы тегінде елдің ауыз әдебиетін жи-
нау шаралары болуы керек. Қазақ жұрты да қазіргі татарлар
сияқ ты, енді біраздан кейін әдебиетінің дерек терін «Орхон жа-
зуларынан» іздеуі мүм кін. Шоқан бастап жиған Едіге батыр-
дың әңгімесінде тарих, тіл, әдебиет жақ тары нан қарағанда,
қазақтың ескі сөздерінің ішін де маңызды орын алуға лайық деп
біле тін дігім үшін, оның жыр уәзіндері мен толғауларын тізіп,
жазу түрін қазақша лан ды руды дұрыс деп таптым (Бұған Баян-
ауыл аймағындағы қаржас руынан шыққан Қо па бай дейтін шал-
дың аузында жүрген Едігенің бір сорабы көмекші болып отырды...»)
Жырды баспадан шығарушы одан әрі дас танда атал ған сом
тұлға Сатемірдің шындығында Ақ сақ Темір аталған әмірші еке-
нін дәлелдеп, оның да, қарсыласы Тоқтамыстың да кім болғанын
тәптіштей қазады. Сөз соңында:
«Тоқтамыс сынды «өзі қойған
теке ші гінің» көр сеткен өрескел қоқайын көтере алмай ашуына
мінген Ақсақ Темір 1391 жы лы жер қайысқан қолымен Алтын
Ордаға жөне ле ді...» дегенде, ол, әрине, сегіз жылдан соң тап өзі
сол жорықтың ізімен жүріп, Темір
Көреген қалдырып кет кен
тас белгіге жолығарын білмеген. Шүбәсіз жайт: әрда й ым білуге,
көруге, жүруге ынтызарлық жер
ас
ты қазынасын сәтті іздеу-
мен қоса геолог Сәтбаевты ғылымның өзге саласында да со ны
жаңалықтарға жолықты рып отыр ған...
298
Медеу СӘРСЕКЕ
Кен барлаушы дәптерлерінде жер жынысын сипаттаумен бірге
жол-жөнекей кездескен тарихи белгі, таңбаларды да аттап өтпей,
суретін салып, көрген-білгенін тәп тіш тей жазуды машық еткен.
Айталық, Бұ ланты өзенінің оң жағасынан, тақтатасты жыны-
стардан тұратын қима жартас бетінен ол көптеген хайуанаттар
суретін табады; нақ осындай тас бейнелерді Қаныш Имантай ұлы
Тамды, Жетіқыз
өзендерінің бойынан да көрген; ал Ұлытаудың
ұлы шыңы Едіге үс тіндегі, Бала Жезді мен Сарысу өзендерінің
жағаларындағы адам мүсіндері немесе Алаша хан, Жошы, Дом-
бауыл кесенелерінің көне құрылыстық, сәулет өнерінің үлгісі
ретіндегі сипаты...
Солардың бәрі де Қаныш Имантайұлын қат ты қызықтыратын.
Қиялын қозғап, әр қилы ойға салатын
. «Бұл мақала Жезқазған
ауда нындағы көптеген тарихи көне дүние ескерткіштерін то-
лық және жүйелі түр де баян дау ды мақсат етпейді, – деп аяқтап-
ты ғалым 1941 жылы «Народное хозяйство Казахстана» журналы-
ның № 1 санында жарияланған «Жезқазған ауданындағы тарихи
және көне ескерткіштер» деген ғылыми еңбегін.
– Ке рісінше, ар-
хеологтар мен өлке зерттеуші лер ге осы ауданда қаншама қызық
та сан-са лалы материал зерт теусіз жатқандығын ескерту үшін
жазып отырмыз...»
Зерттеу үшін. Білу үшін. Туған жерінің кен тасын ғана емес,
соның ой-қырына түскен әрбір із, таңбаны, ескілі-жаңалы тарих-
ты, мәнді оқиғаны біліп, жете тану үшін. Ғылым жарағына, ел
кәдесіне жарату үшін. Соны жас ұрпақ, кейінгі толқын көкейіне
дары тып, биік мұраттарға, ілгері мәдениетке жетелеу үшін...
Оның дара жара тылысы сол – іздеу, әрқашанда жаңалыққа
құмарлану!..
Достарыңызбен бөлісу: