Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет116/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

ХІV ҒАСЫРДАН ХАТ
I
Хижраның 793-інде*, қой жылы, соған дейін жеңіліс көрмей, 
жиырма бес жыл ат үстінде болып, жүріп өткен жерін қанға бөк-
тіріп өрттей жалмап келе жатқан Темір Көреген жеңімпаз екі 
жүз мың әскермен Самарқаннан аттанған. Бұл – Әмір Те мірдің 
ат тұяғы жеткен төңіректі бағындырып, Азияның Ақсақ Барысы 
атанған шағы. 
Азия барысының аяуды білмейтін тырнағы бұл жолы Алтын 
Ордаға ауған. Ал Алтын Орданың сол күндегі билеушісі жаужүрек 
Тоқтамыс баһадүр еді.
Айбарына сұңғыла ақылы, айласынан кемеңгерлігі асқан 
Темір Көрегенге тегінде қолбасшылық қабілет шексіз дарыған. 
Сон ың өнегесін ол осы жолы да аңғартады. Сейхунды** кесіп тура 
көтерілсе, Еділдің төменгі саласында ірге тепкен Алтын Орда ның 
ас танасы Сарай-Беркеге ай жарымда жетіп баруы хақ-ты. Сірә, 
ол жауына күтпеген сәтте шүйілуді жөн көрген? Бәлкім, табаны 
тимеген терістік-шығыстағы жаңа жерлерді кесіп өтіп, өз иелігін 
кеңейте түсуді қалады ма? Қаһарлы қолбасшының Сей хунды бой-
лай жүріп, сәуір айының екісі күні*** Сары өзенге**** құлағаны 
анық.
Оның алдында енді жусанға бөккен, бете гесі белден келген, 
шетсіз-шексіз құла зыған құба жон, құлама белді ежелгі қыпшақ 
дала сы жатқан-ды.
Моңғол шапқыншылығынан бергі екі жүз жылда мұншама 
жортуыл көрмей, ту тыныш тықта тусырап жатқан қыпшақ жері 
тағы да ат тұяғына таптаурын бо лып, топырағы шығып бейберекет 
түтеуге түседі. Көкжиек ті шаң қабады. Күн көзін Ақ сақ Барыстың 
ызбары жабады. Көктем келгенмен көгеріп шыққан көгі болмай, 
көгінде қалықтап ұш қан құсы көлдерге қона алмай, кеше ғана 
мәре-сәре болып шуылдап жатқан иен сахара аз күнде құлазып, 
адамы босып, аңдары жосып, зор жұтауға ұшырайды.
* 1391.
** Сырдария.
*** Бұл күндер және осы тарауда аталатын басқа да тарихи деректер Қ.И. Сәтбаев-
тың «Таңдамалы еңбектерінің» 5-томында жарияланған «Жезқазған ауданының тари-
хи ескерткіштері» деген мақаласынан алынды.
**** Сарысу.


287
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Неше күн шеруде көз тоқтатар тұғыр ілін бей, қарауыл салар 
биік те көрінбей ішқұсада келе жатқан Әмір Темір шексіз кең 
даланың тылсым үнсіздігінен жалы 
ғып, бей 
маза күй кешкен 
бағзы күні алдың ғы шол ғын шыдан ха бар келеді: «Көкжиек тің 
теріс кей қиы ры на көз салсаң – күнші лік жерден көкірегін бұлт 
тіреген биік тауды көруің қақ; оның баурайынан он сан бұлақ, сан 
тарау өзен құлай ды; көлігіңе – иен өріс, жер қайысқан әскеріңе 
жайлы қоныс соның сая сынан табы лады...» 
Сол тау – Сарыарқаның кіндік жонында осы күнде де дара құз-
диған Ұлытау еді.
Ақсақ Темірдің жиырма түмен әскері сәуірдің 28-і күні 
Ұлытауға жетіп, ат шап ты рым ұзын сайлар мен әрқайсысы бір-
бір бұ лақ, өзен құлатқан кең қолтық бұйрат тарға жайыла қонады. 
Ұлытауда олар үш күн, үш түн шеру болады. Көлік тынығады. 
Неше күн бойы шаң қаптырған шөл даланың азабы да ұмытылады. 
Алда – ұзақ жорық, жаңа асулар!... 
Төртінші күні, ертеңгілік мезгілде Әмір Темір қасына қол-
басшы, уәзір-кеңесшілерін алып, Кермене ақын және бар, өзінің 
қыл құйрық байланған қара туы қадаулы биік төбенің үстіне 
көтеріледі. Әміршінің қысық көзі ешқайда тоқтамай, от шаша 
аласұрады. Төңіректің көз тұндыр 
ған көкжасыл көркін емес, 
көлемін өлшеп тұр ған сықылды. Анау қарауылға шыққан құл-
жадай оқшау дараланған биік тау да, соның саялы, салқын бау-
райы да, мына ту сыртын дағы сағым ойнап, шеті көкжиекпен 
шектес кен жалпақ жазық та Азияның азулы Бары сы ның қысық 
көзіне тар болып қомсы нып тұрғандай. Әлден уақытта ол қатты 
дауыстап:
– Әй, Кермене! Табаным тиген мына төбешікке қандай сый 
лайық? Бұл енді менің иелігімдегі жер ғой, – дейді.
Кермене ақын сөзден жаңылған ба: 
– О, Әміршім! Сенің сыйыңа лайық жер иығы мен бұлт тіреген 
Ұлытаудың шыңы еді. Әттең, соған, жете алмай күйінгендіктен 
жаза тартқызып тұрсың-ау! – десе керек.
Әмір Темір сонда мырс етіп: 
– Кім көрінген шыға алмайтын, ат тұяғы ешқашанда баспай-
тын, асуы қиын, асқақ шыңның маған керегі қанша? Маған мынау 
аттылы-жаяудың бәріне таптаурын болар қарауыл шоқы ұнайды. 
Ұнаған соң сыйым да осыған арналады, – дейді.
– Олай десең, Әміршім, табаның тиген төбеге терең ор қазып, 
мәңгі өлмес есімің жазылған алтын табақ көмейік, – деп ақыл 
қосады уәзірлердің бірі.


288
Медеу СӘРСЕКЕ
– Ақымақ, алтындай асылдың ешқашанда жерде жатпайты-
нын білмеуші ме едің. Ертең-ақ өзің сықылды бір сұмпайы қазып 
әкет сін деп қалдырам ба оны?
– Бәрекелді, жөн сөз, ақылы бәрімізден озық, тәңірдей биік 
Әміршім, – дейді Керме не ақын. – Осы тауда тастан көп қазына 
көрмедім. Соның біріне атыңды жазып қал дыр. Сен қонған жұртқа 
мәңгі өшпес сондай белгі лайық! 
Әмір Темір сол ақылға тәнті болып:
– Кермене ақын, ойға қонымды сөз сөй 
леп тұрсың. Мына 
ақымақтарға қара тастың алтын табақтан не үшін артық екенін 
түсін дір, – дейді. 
Кермене ақын мәнерлеп жазу шеберлерін жұмсап, Ұлытау 
қойнынан үлкендігі кебежедей қарабұжыр тас алдырады да, 
қылы шын қынабынан суырып, қасында тұрған нояндарға:
– Ал қане, осы тасқа тырнақтай сызат салып көріңдер, – деп 
шаттана күлсе керек.
Шамның* атақты шарболаты да, Бағдатта соғылған болат сүңгі 
де, Самарқанның әлде неше батпан сом балғасы да сандық тас қа 
иненің жасуындай сызат түсіре алмапты. 
– Міне, көрдіңдер ме, мұның ал 
тын 
нан артық 
шылығы да 
осы, – дейді Кер мене масаттана сөйлеп. – Оның бетіне түскен 
әміршінің есімі мың жылдан соң да өшпей, жел-судан көшпей, 
мәңгі сақталады...
Мұнан арғы оқиға Темірдің жорық ше жіре шісі Шараф ад-Дин 
Әли Иәдзының «За фар-Нама» кітабында былайша суреттеліпті: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет