Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет161/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

«... Академияның мерекелік мәжілісі мау сымның орта кезінде
Үлкен театрда өт ті. Қаныш Имантайұлы маған да ша қы ру 
билет әкеп берді және көрнекті орынға: үшінші ярустың бірінші 
қатары, төрал 
қаға ұрымтал тұрған бүйір балкон. Көрші 
ме 
қарасам  Михаил Калинкиевич Коро вин, Том технология инсти-
тутында өзім ді оқытқан профессор, арада өткен жиыр ма жыл 
ешқандай өзгертпеген. Аман 
да 
сып, шәкірті екенімді білдіріп 
едім, ұста зым үңі ле қарады да: «Танямысың әлде Та ся?» де ді.
Сірә, уақыт көші мені көбі рек есейткен, ал Таня деп отырғаны 
жан құр бым болатын.
Партерге келе бастаған шетел дік тер ді түстеп отырмыз. 
Көпшілігі қоңыр түс ті атластан жамылғы киген (тори) киген. 
Бір мезет те шашы аппақ қудай кексе әйел ұзын бой лы, ашаң 
жүзді еркекті қолтық тап келіп, бірінші қатарға жайғасты. 
Сөйтсем, бұл екеуі есімдері дүние жүзіне әйгілі Ирен мен Фредерик 
Жолио-Кюрилер екен.
Салтанатты мәжіліс басталған соң құрметті төрде 
отырғандарды түстеуге көштік. Оның екінші қатарынан мен 
та ғы бір ұстазым  Социалистік Еңбек Ері, академик Владимир 
Дмитриевич Куз не ц ов ты таныдым. Ол кісі физикалық зертхана-


417
ШЫҒАРМАЛАРЫ
да бізбен практика жүргіз ген-ді. Қасында өзінің шәкірті Қаныш 
Иман тай ұлы отыр. Михаил Калин кие вич оны да саусағымен 
нұсқап: «Әнебір алпамса денелі, қасқа маңдайлы, жүзі пара сат-
ты азиатты танисың ба  ол атақ ты қазақ ғалымы, менің 
сүйікті шәкіртім! Ұста зынан шәкірті озды деген осы, ол туралы 
ес тисің әлі!..» – десін біржосын мақтаныш сезіммен және ерекше 
шат тана лепіріп... Мен жымидым да, шақыру билетімді көр сет-
тім, ал онда менің фамилиям Т.А. Сәт баева деп жа зыл ған-ды...»
Қазақстандықтар үшін дайындықтың қызу кезеңі туды. 
Жобада аталған инс 
ти 
туттар түгел құрылды: алайда көп-
шілігі қайда тізе бүгіп отырып жұмыс істерін біл мейді; инсти-
тут директорының іс қағазы әдет те портфелінде жүреді; ақша 
құжат тарына басатын мөрі – есепшінің қалта сын да... Тап болған 
қысылтаяң жағдайдан жол-жоба қа растырып институт дирек-
тор лары ның кей бірі үкімет үйіне жиі барып, Қазақстан КП(б) 
Орталық Комитетіндегі лауазым иеле 
рін де мазалайды. Ал 
олардың да қалтарыста ұстап отырған үй-жайы жоқ: о күндегі 
Алма ты жел бағытына орай жоба ланған қиғаш көшелерде сап 
түзеген тоқал үйлерден тұра тын-ды; дені екі қабатты; ал кеңсеге 
лайық ғимараттар саусақпен сана 
ғандай; солардың еңсесі 
түзулеріне үкімет кеңселері иін тіресе орналасқан... Бір жылда 
шаңырақ көтерген он бір институтқа ең кемі төрт-бес ғимарат ке-
рек... Амал қанша, кейбіріне бес-алты ғылым ошағын тықпалауға 
тура келді. 
Қаншама жанталасқанмен, Қазақстан ның 25 жылдық мере-
кесіне орай ғылым ордасын ашудың ауылы қашық екенін 
мойындауға тура келді. Алматыдағы ахуалмен есептескен КСРО 
үкіметі бұл мәселені кезекті мәжілісінде қарап, «Қазақ КСР-ның 
ҒА-сын құру туралы» қаулы (26 қазан 1945 ж.) қа был дайды. Сол 
құжат республика ғылым ордасын алдағы жылдың 1 маусым күні 
көтеруді міндет еткен... 
Ш.Ш. ШӨКИННІҢ «ҰҒА-ның ғұмыр жо лы» кітабынан:
«...1946 жылдың наурыз айында Госпи таль (қазірде Жамбыл 
атын 
да 
ғы) және Ұйғыр (бертінде А. Байтұрсынов атал 
ған) 
көшелерінің қиылысына салын ған 36-мек тептің ғимараты басы 
бүтін фи лиал ға берілді, бізге дейін онда әскери емхана болыпты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет