Соңғы кезде ол туған же рін жиі-жиі есіне алып, кей де түсінде кө-
ріп, «Ақкелін бұйрат та рында саят құрып жүр екенмін, қолымда
ағатайым ның қы ран қаршығасы...» – деп қамыға да аң сай айта-
тын, атамекеніне ат ізін салма ға ны на жиырма шақты жыл
болған-ды... Ақы
ры, 1949 жылғы жазғы саяхат
тың со
ңында,
Екібастұзға түнеп шыққан түннің ертеңінде, қасындағы гео-
лог серік те ріне осы жерден туған ауылына барып қайтуға көңілі
ауғанын, биылғы демалы сының үш күнін соған жұмсайтынын мә-
лім деді.
...Аудан орталығы болғалы қалалық келбетке енген бұрын-
ғы станицада көп аял даған жоқпыз. Еңбекшілермен жүз де сіп,
қонақасы ішкен соң, Қаныш Иман тай ұлы ның атақонысындағы
«Теңдік» колхо зына аттандық. Жерлестеріміз бізді әлденеше
шақырым жерден қарсы алды. Атақты ауылдасының арнайы
іздеп келе жат қанына ерекше қуанған жандар мәре-сәре, Қаныш
та балалық шағына қайтып орал ғандай біржосын шат-шады-
ман күй кешті.
Үлкен ауыл дың алдындағы шал ғынға аунап, жылымық өзен-
нің қал дық суы на шомылды, содан кейін өз қыста уына бет
түзедік. Ескі қыстау мейлінше тозыпты, қораның әр жері құлап
қалған. Осынау жұпыны мекеннің еңселі сарай сияқтанып, бала
көңілін биікке дітте геніне қайран қаласың, көрмесең, тіпті
сенбейсің... Қа ныш Имантайұлы қасына екі құрдасын ертіп,
өздері асық ойнаған Жертасты, ша на тепкен Қарамұрын дөңін
аралап шықты. Ақырында бас та уыш мектеп болған бұрынғы
Шорман ауылына, қазіргі Теңдік мекеніне келдік. Әрине, біздің
келуіміз ұлан-асыр тойға айналды. Қарсылығымызды тыңдаған
ешкім жоқ. Туыстарымыздың айтатыны – сүйікті Қанекеңнің
ақ жүзін, жайсаң қылығын, жарасты күлкісін, құлақ құрышын
қан ды ратын әнін сағындық!..»
467
ШЫҒАРМАЛАРЫ
* * *
Қазақ КСР Ғылым академиясының құ рыл ғанына бес жыл
толды. КазФАН атан ған кезінде-ақ өмірдің талай өткелегінен
өткен, есею дәуірі соғыс жылдарына дөп ке ліп, тез жетілген
ғылым ордасының бірден-ақ келелі ізденістерге кіріскені ақи-
қат. Бұ дан үш жыл бұрын (1948 ж.) КСРО ҒА-ның төралқасы
оның жұмысын талқылаған. Мәжілісті қорытқанда академия-
ның президенті С.И. Ва вилов: «Қазақ академиясының алғашқы
қадамы турасында жан-жақты әңгіме еткен ака демик Сәт-
баевтың баян да ма сы, меніңше, өте жақсы әсер туғызды. Өн-
діріске тапсы рылған екі жүзден астам ғылыми ұсыныстың
өзі-ақ бұл ұжымның республика эконо ми касын кө теруге қолға-
быс етуден жаңылмағаны ай ғақ. Үйлес тіру кеңесі Қазақ КСР
Ғылым ака де миясының өз жұ мысын қарымды адыммен және
кешенді көлемде бастағанын атап өтуге тиіс...» – дей келіп,
республика ғылымы
ның биология және физика-матема
ти
ка
сала сын да ғана кешеңдеу өрістеп келе жатқанын ескерткен.
Содан беріде бірталай игі шаралар жүзеге асты. 1951 жылы
Қазақстан ғылым ордасында үш-төрт бөлімше, 20 ғылыми-зерт-
теу инсти туты және дербес жұмыс істейтін сектор, әлденеше фи-
лиал, база, түрлі із деніс ошақ тарын қосқанда 47 ғылыми меке-
ме болған. Соларда әлденеше мың адам еңбек етеді. Әрине, бұл
қарсаңда ғылыми қызметкерлер дің құрамы, ой-өрісі, тәжі рибесі
едәуір өскен. Сондық тан да ВАК төрал қасы бірталай институттар-
дың ғылыми кеңесте ріне докторлық дис сер та циялар қа былдауға
рұқсат еткен. Солар
дың бірі – академия прези
денті басқарып
отырған ГҒИ...
Әрбір институт үшін өндіріс ошақтарымен байланыс – міндет
қана емес, алдағы тір лік-тынысын, өсуін, табысын анықтар өмір-
лік ділгерлік. Өйткені кейбір зерттеулер ірі комбинаттардың,
ауыл шаруашылығының, ми
нистр
ліктердің талабына сәйкес
өзара шарт жасау арқылы, солардан түсетін қосым
ша қар-
жылармен орындалады. Бұл институт басшыларын өмірдің сол
күндегі талап-тілегіне құлағын түрік ұстап әрі өзі басқарып
отырған ұжымның тірлігін өз бе тінше қамдауға мәжбүр етеді.
Осының бәрі республикадағы ғылым ошағының үрдіс кө-
терілуіне, Одақ институттары деңгейіне жетуіне жол ашқан.
Бір ғана дерек: зерттеу өрісі мен өндіріске берген нақтылы кірісі
468
Медеу СӘРСЕКЕ
жөнінен, бес жасқа толған қарсаңында ол бүкіл Одақ көлемінде
өзінен отыз жыл бұрын құрылған Украина ҒА-сына ғана жол
беріп, екінші орынға шыққан...
Қазақстан коммунистерінің төртінші құрылтайында (1949 ж.)
академик Сәтбаев республика ғылымының өрісі жайында қо-
сым ша баяндама жасаған. ҚКП(б) Орталық комитетіне мүше бо-
лып тұңғыш сайлануы да сол жолы. О күнде бұл – үлкен сенім,
зор дәреже, мансапқор кейбіреулер өзіне бақ санаған мәртебе.
Бүкілодақтық жоғарғы аттестациялау комиссиясы сол қарсаңда
гео
логия профессоры атағын бекітті. 1951 жылдың басында
Қаныш Имантайұлы КСРО ҒА-ның тапсырмасымен Тәжікстан-
ның Ғылым академиясын құру ісіне белсене қаты сады. Жаңа
ғылым ордасының шаңырақ көтеру салтанатында қазақ ғалымы
сол акаде мияға құрметті мүше болып сайланады.
Бүгінгі күннің алыс көкжиегінен қара ған да, мадақ-марапаты
мол әрі соншама биік атақ-даңққа Қаныш Имантайұлының
небәрі алты-жеті жылда жеткенін, сол табыс тың бәрі-бәрі заңды
әрі қомақты еңбегіне жасал ған құрмет екеніне тәнті боласыз.
ҰҒА академигі Қ. Жұмалиевтің «Өнегелі өмір» бая
нын
дағы
сипаттамасымен айтсақ, «Әр адам өз халқының кішкентай
бір бөл шегіне ұқ сас. Менің қиялымда Қаныш аға қазақ хал-
қының кеңпейілдік, жо
март
тық, ақжар
қындық, аңғалдық,
сабыр-салмақтылық, бір нәр сеге берілсе – құлай берілушілік,
еңбексүй гіштік сықылды жақ сы қасиеттерін түгел қамтып,
орыс, батыс, шығыс мәдениеттеріне де емі рене барып, етегі
толып қайтқан, олардың да тек жақсы жақтарын өз бойына
сіңірген және осы қасиеттерін... халық игілігіне жұмсауға өзіне-
өзі іштей серт етіп, іске бел буған ұлы адамның бейнесін көзге
елестетті...» – деге ні не шүбәсіз иланасыз.
Зерделеп қарасаңыз, заман аужайы да соған бейім еді. Қазақ
қауымы басынан кешкен тарих көші де соған айғақ. Қай уақытта
болсын Қазақ Елі әлдебір билеуші хан иә көш бастау шы ақылгөй
биді өзіне басшы еткен де (сол үрдіс бү гінде, тәуелсіздікке жет-
кен заманда өзгер ді ме?), сол мықтының дегенімен жүріп-тұрып
өмір сүрген. ХХ ғасыр басында қазақтың рухани ақылгөйлері
Ахмет Байтұрсынұлы және Әлихан Бөкейханұлы баста ған Алаш
арыстары дәурен сүргені – тарихи шындық. Қатыбас уақыт
олардың ісін де, ғұмырын да көктей орды; көш басшының бос ор-
нын би леуші партия алға шығарған ұлт қайрат кер лері ауыстыр-
469
ШЫҒАРМАЛАРЫ
са керек-ті. Амал қанша, олар дың білімді, білікті тобы «Қызыл
қыр ғында» еркек тоқтыдай құрбандыққа шалы нып кете барды.
Соларды билікте ауыстырғандардың өктем дігі басым болғанымен,
ой-өрісі, білім-танымы, ақыл-өресі шынайы көсемдікке жетпеді.
Сауат деңгейі күрт көтерілген қазақ елі рухани басшыға ділгер бо-
лып же тімсіреген жағдайда өмір сүрді...
Сөйтіп жүргенде ұлт аспанында қараң ғылықты айқара түрген
жарық айдай болып дара тұлға Сәтбаев шықты. Одан да бұры-
нырақта ұлт зиялыларының кезекті толқынын бастап Мұхтар
Әуезов көрінді. Екеуі де саяси май данның бетке ұстар көшбасшысы
болған жоқ, сөйтуге ұмтылған да жоқ... Білім мен ғылым саласын-
да, мәдениет пен әде биет әлемінде өз тұрғыластарынан күн шілік,
айшылық жерге ұзап биіктеп шығып, өнегелі ісімен, баянды
еңбектерімен, кісілік биік тұрпа ты мен үлгі етер нағыз кемеңгер
тұлға, ұлт ли дері боп танылды. Кестелі ойды тереңнен суырған
Абай хакім өсиет еткен «Болмасаң да ұқсап бақ...» дегені қолмен
қойғандай дөп келіп, ел мерейін көтерген, күллі қазақ халқы
мақтан тұтқан бірегей де ғұлама ғалымдар атанды. Ең ғажабы,
осы танымға олар қызыл насихаттың пәрменді үгітімен емес,
өздері бекем сомдаған ұлы еңбектерімен жетті. Қос алыптың маң-
дайы мызға біткеніне тәубе делік те жүрек дүрсілімен шексіз сүйсі-
нейік!..
Достарыңызбен бөлісу: |