Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет177/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

Сізді Қазақ станның кен байлығын түбегейлі зерттеуші кеңес-
тік ірі ғалым деп біледі. Рес пуб лика ңыздың жер ас ты қазынасын 
ашу жо лын дағы орасан зор табыстарыңыз бен ғы лыми тамаша 
ең бек теріңіз – Қазақ халқының ғана емес, күллі Кеңес Одағының 
мақта ны шы».
И.Ф. ТЕВОСЯН, КСРО Қара металлургия ми нистрі: 
«...Сіздің Жезқазған ауданынан орасан зор мыс кенін ғана емес, 
Ұлы Отан соғысының қатерлі күндерінде құнарлы марганец 
қоймасын тауып бергеніңізді Орал металлургтері ешқашанда 
ұмыт 
пайды. Бұл ерліктің шынайы бағасын ұрыс майданына 
шайқасқа шыққан Кеңес танк тері айқын дәлелдеген болатын».
В.А. ОБРУЧЕВ, академик: «...Мені жұрт Сібір геологтары 
мектебінің негізін салу шы деседі, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 
болса – осы мектептен білім алған кен іздеуші. Мұндай қабілетті 
шәкірттің ғылым кеңістігіне қанат қағып зор табыстар мен 
көрінуі – мен үшін әрқашанда зор мақтаныш!..»
Мұндай ыстық ықыласты лебіздер Қазақ 
станның түкпір-
түкпірінен – ірі өндірістерінен, ауыл-селоларынан, облыстық, 
ау дан дық партия және атқару комитеттерінен ондап, жүздеп 
түскен. Кеңес Одағының әр жерінен келген құттықтаулардың 
өзі жүзден астам. Жағрафиялық ендіктермен шолсақ – Мәскеу, 
Ленинград, Киев, Ташкент, Фрунзе, Нүкіс, Баку, Ереван, 
Тбилиси, Ашгабад, Ста линабад, Том, Магнитогор, Свердлов... Бә-
рі де жайсаң азамат, ғұлама ғалым Қ.И. Сәт баевқа зор еңбектері 
үшін алғыс айтып, шын жүректен мақтан ететіндіктерін тебіре-
нерлік жылы сөздермен білдіріп, құт тықтау хат иә жеделхаттар 


464
Медеу СӘРСЕКЕ
жолдаған. Таңданарлық гәп: солардың ешқайсысы да өзара ке-
ліспесе де Қаныш Имантайұлын құтықтай отырып, Қазақ КСР 
Ғылым ака 
демия 
сы 
ның аз жылдағы зор табыстарын сүйсіне 
атаған; былайша айтқанда, акаде 
мик Сәтбаев 
тың мерейтойы 
академияның ержеткен, есейген, кемелденген мерекесі деп ба-
ғала ған; бұдан туатын мәнді уәж және айдай шындық, барлық 
құттықтаулардың жалын ды сәлем жолдап, ыстық ілтипат біл-
дір ген ой-пікірі де осы – Қ.И. Сәтбаев пен Қазақ стан ның Ғылым 
академиясы ажырамас бір ұғым дегенге сайған! 
Ғалымның өзі ешқашанда күтпеген, көңі лін өсіріп, шексіз 
риза еткен жедел 
хаттар да аз емес-ті: «Сіздің шынайы өмір 
талабына орай туған ғылыми еңбекте ріңіз ге ерекше сүйсіне-
мін!» – деген құттық тау жол дапты қарт академик-энергетик
бел 
гілі мем 
лекет қайраткері Г.М. Кржижа 
новский. Қа 
ныш 
Имантайұлы сол сөздерді оқып оты рып, Геолком мен Түсті ме-
талл басқармаларының әсі ре білгіш сарапшылары 1930 жылы 
өзіне шетқақпай көрсеткенде, Глеб Макси мил лиа новичтің сенім 
білдіріп, Жезқазғанды бар лау ға алғаш рет қаржы бөлгізгенін 
сүй сіне есіне алды. Біле білгенге бұл – қайраткерлік пен үлкен 
ізгіліктің нышаны! «Домна Ефимов 
на және... өзімнен боль-
шевиктік жалынды сәлем қабылда, қа дір лі дос! Елуге келіпсің, 
бірақ сен маған әлі де бәз-баяғы, өзіміз алғаш кездескен жылдағы 
жас жігіт сияқтысың! – депті «Атбас 
түстіметал» тресінің 
бұрынғы басқарма төрағасы, дербес зейнеткер К. Брон зос. – Туған 
хал қыңның сүйікті ұлы болу қандай бақыт?! Ал сен – бір ғана 
қазақ емес, кең-байтақ Ұлы Отанның сүйікті перзентісің. Өйт-
кені, бүкіл Кеңес Одағы ның гүлдене беруі үшін жан аямай еңбек 
етіп келесің...» «Гүл де ну жолындағы күн сәулелі Қазақстанға 
Сіздей пер зенттер аса қажет, – деп қуант қан-ды Ленинград тан, 
КСРО ҒА-ның кор респон дент-мүшесі Н.Г. Келль. – Сіз тамаша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет