Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет201/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

руамыз болған жоқ. Іздеген металл шоғыры болжам картасында 
көрсетілген жерден табылмады. Керісінше, ға лымдар болжамаған 
қабаттардан табылды немесе «Соқыр барлау» кезінде кездейсоқ 
ұшырайтын болды (даралаушы біз – М. С.).  Мұны қалай тү сіну 
керек?..»
(«Знание – сила» журналы, 1973 ж., № 2)
Бұл жұмбақты Қазақстан металлогенистері қалай шешкен?
«Орталық Қазақстан үшін металлогения лық болжам кар-
таларын жасау идеясы ҚазГҒИ қабырғасында 1942 жылы 
туды, – деп жазады Қаныш Имантайұлы өзінің монография-
сында. – Бұл кезде біз осы аймақтың геологиялық құрылымдық 


536
Медеу СӘРСЕКЕ
картасын жасаумен шұғылданып жүргенбіз. Оны біз әуел бастан-
ақ металлогениялық және болжам карталарының геологиялық 
негізі болады деп шамаладық...»
Демек, болжам карталарын жасау идеясы ҚазГҒИ-да кез-
дейсоқ пайда болмаған. Он жылдан соң басталған жұмыс – сол 
ойдың әбден пісіп-толысқан, шегіне жеткен сәті. Әлбетте, Алматы 
ғалымдары әйгілі геосинклиналь теориясы туралы, Билибин 
шәкірттерінің жүргізіп жатқан келелі зерттеулері хақында ха-
бардар болатын. Жетекші штабтағы ғалымдар Ленинград қана 
емес, сол күндерде жолды болып жүрген әр түрлі теориялар, 
әдістемелік ұсыныстар мен қағидаларды да ой елегінен әлденеше 
қайтара өткізгені анық. 
«Қайсыбір зерттеушілер (А.Н. Заварицкий және басқалары) 
болжамдау негізіне сол өлкенің геологиялық және пайдалы 
қаз 
балар картасын қолдануды ұсынса, екін 
шілері (А.Д. Ар-
хангельский және оның шәкірт те рі) бұл мақсат үшін палео-
графиялық тұжырымдар мен карталарды пайдалану дұрыс деп 
есептеген, үшінші зерт теушілер (Д.И. Щербаков тобы) кен 
орындары көрсетілген геологиялық картаны генетикалық тип-
тер бойынша жік теп, төртін ші лері (Ю.А. Билибин мектебі) 
қуатты геосинклинальдық зоналардың тарихи-геологиялық 
даму кезіндегі өз 
ге 
ріс 
терін талдау арқылы, ал бесіншілері 
(Н.С. Шатскийді жақтаушылар) болжамдау қазығына «фор-
мациялық тәсіл ді», бірақ соны пайдалану жолдарын нақты 
көрсетпей, тек өздерінше өзгер тіп қолдануды ұсынған еді...» – 
деп тұжырымдаған академик Қ.И. Сәтбаев өз тобы жүйелеп зерт-
теген теорияларға нақты әрі толық анықтама беріп. 
Иә, әдістеме қағидалар аз емес. Әрқайсысы өзінше мықты, 
болжамдауға қажет қандай да бір элементке ие. Бірақ солардың 
бірде-бірінің, түптеп келгенде, сынаққа түс кен аймақтың табиғи 
мүмкіндігін толық қамтымауы неліктен? Бұрынғы зерттеу осы 
ақиқатты дәлелдеді. Барлау кезінде соларды өзің күн ілгері 
долбарлаған қалыпқа салып, еріксіз «иліктіре» бастайсың – ал 
бұ ған иен жаратылыс көне ме?.. Қазақстан металлогенистері бұл 
қайшылықты бірден түсінген: «Олай болса, жаратылыстың шы-
найы келбетін барынша толық әрі қисынды бейнелеген, Орта-
лық Қазақстанның геологиясы мен металлоге ния сы жайында 
жинақталған бұрын-соңғы білімді сарқа пайдаланудан туған 
нақты болжам карталарын жасауға тырысу керек», – деп түйеді 
өз ойын Қазақстан металлогенис терінің бас теоретигі.


537
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Сәтбаев тобының Билибиннің әмбебап теориясын өздері жа-
сап жатқан картаға қолданбауының және бір себебі, Қаныш 
Имантайұлы – Сібір геологтары мектебінің дәстүрін тео-
риялық зерттеулермен байытқан академик М.А. Усовтың шә-
кірті. Ал Михаил Антонович 1930 жылдардың басында-ақ: 
«Геосинклинальмен аса әуестенуге болмайды, кен түзілу жұм-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет