539
ШЫҒАРМАЛАРЫ
кен жөн дем ісін алдына жайып қойып, ғалым соны әрі қарай
жетілдірді, тыңнан ой қосып биік ке көтерді... дерлік жағдай емес-
ті бұл. Қыс қасы, осы зерттеуде ол шын мәнінде пионер болды һәм
өзіне жолды тыңнан салды...» – де ген уәж беріліпті болжамдау
картасы
жөнін
дегі сүбелі еңбегі, басты монографиясының Қа-
ныш Имантайұлы дүниеден өткеннен кей ін қайыра жарияланған
басылымның редакциялық кіріспе сін де...
Жұмысты бастаған кезде-ақ академик Сәт баев болжам карта-
ларын жасау жөнінде басшылыққа ұстар әдістеме қағидаларын
жария еткен. Ғалымның пайымдауынша, олардың қысқаша си-
паты мынадай: 1)
мәселені кешенді зерттеу; 2) нақты материал-
дарды толық жинау; 3) оларды түгебейлі зерттеп, жүйелеу және
өзара күрделі байланысын талдау; 4) жұмысты ұжым болып бірге
атқару; 5) оның нәтижесін жұмыс үстінде жә не аяқталған кезде
қайыра тал қылау; 6) ғы лыми зерттеулерге негізделіп жүргізілген
геологиялық барлауды
қадағалап және талдап отыру; 7) ғылым
жаңалықтарын нақтылы барлау мен сынау нәтижелерін, болжам-
дау тәсілдерін жетілдіруге пайдалану.
Бұл нұсқалар қалайша жүзеге асқан?
Бір жайт айқын. Анығында соны Қ.И. Сәт баев сынды майтал-
ман барлаушы іскер басшының ұйымдастырушылық шеберлігі де-
сек те рауа. Шынында да ди рективалық орындардың міндеттеуімен
екі
мыңнан астам маман-ғалым, геолог, техник, лаборанттың екі-
үш жыл бойы тапжылмай отырып, бір кісідей жұмыла жұмыс
істеді; олар және бір жерде емес, республиканың түрлі трест, бар-
лау басқармаларында, экспедицияларда, әр қилы геологиялық
мекемелерде еңбек ететін-ді; тұрақтары да – Алматы ғана емес,
Сарыарқаның ірілі-ұсақты қала-кенттерінде. Ал
сөйте тұра
олар өздеріне дейін ешкім, тіпті геология ілімі жасап көрмеген,
білмеген күрделі жұмысты тыңнан атқаруға тиісті. ГҒИ-дағы
ат төбеліндей ғалымдар тобы, сектор қызметкерлерінен өзгесі
жүктеліп отырған зерттеу жайында жарытып ештеңе білмейді.
Сондықтан да Орталық Қазақстанның металлогениялық болжам
карталарын жасау жөніндегі редакциялық
Бас кеңес жұмысты
әдістеме нұс
қау, әр қилы анықтама, түсініктемелер жазудан
бастаған. Ал бас қосып талқылауды қажет еткен кейбір мәселелер
жер-жерден қажет мамандарды шақырумен, институттың өзін де,
кеңейтілген ғылыми кеңесте шешілген.
Сүйікті кәсібімен Қаныш Имантайұлы көп тен бері нақ осылай
құлшына шұғылданбаған еді, әріптестерін де еліктіріп,
жұрттың
540
Медеу СӘРСЕКЕ
бәрін асықтыра қимылдады. Оның сол күндегі үрдіс әрекетіне ескі
достары да таң болған: қаншама іскерлік танытты, қаншама жігер
мен қайрат көрсетті! Институт мамандары Бас штабтан тапсыр-
малар алып, жер-жерге аттанып жатыр; қаптаған деректер, кар-
талар, барлау материалдарын арқалап экс педициялардан келіп
жүргендер де аз емес.
Барлау технигі ФЕОДОР ПАСТУХОВТЫҢ есте лігі нен:
Достарыңызбен бөлісу: