Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет223/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

ӨРГЕ КӨТЕРІЛГЕН ДАРИЯ
І
Қарағанды өндіріс торабын сумен жабдықтау мәселесімен 
геолог Сәтбаев алғашқы рет 1942 шұғылданған. Осы өңірде 
салынбақ қара металл өнді рі сіне орын белгілеуге келген үкімет 
комиссиясының сарабына жобалаушылар үш түрлі ұсы ныс әзір-
лепті: бірі – Шерубай-Нұра бойындағы Жартас маңы; екіншісі – 


581
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Нұра өзенінде, үшіншісі – Самарқан бөгетінің тұсы; ал жаңа 
зауытқа секундына 2,2 текше метр су керек... 
Соңғы жобаны таңдауға Самарқан көлінің сенімді қоры түрткі 
болған. 
Он жылдан соң Қарағанды өндіріс торабындағы тұрғындардың 
саны екі есеге жуық өсті. Сораң, Шахан, Ақтас, Абай, Топар, 
Шахтинск, Теміртау сияқты серіктес кенттер пайда болды. Ал
1965 жылы бұл төңіректе бір миллиондай тұрғын болмақ. 
Келешекте халық саны тағы да өседі, өнді рістер көлемі де. Бәрі-
бәрінің пайдаланатын суы – шағын көлдер мен жергілікті ұсақ 
өзендердің көктемде еріген қардан жиналатын қоры. Ол бол-
са қажет судың үштен бірі. Жетпейтін екі бөлікті өндіріс пен 
тұрғындар қайдан алады?
Сарыарқа жонында өткен ғасырда-ақ қисапсыз мол қоры 
мәлім болған отын қоймасы – Екібастұз. Кеңес геологтары Екінші 
дүниежүзілік соғысқа дейін, одан кейін де қосымша ізденіс жа-
сап, оның күллі Одақ көлемінде ең арзан қазылатын әрі қуаты 
орасан зор көмір ошағы екенін шүбәсіз анықтады. 
ХХ ғасырдың аяқ шенінде «Баһадүр», «Шығыс», «Солтүстік» және 
«Майкөбен» атал ған төрт кеніштен алынатын арзан да сапалы отын респуб-
ликада өндірілетін барлық көмір 
дің алпыс пайызын, соны қазанды 
ғы 
на 
пайдаланған стансалары электр қуатының қақ жармысын берген. Оның 
алып қазаншұңқыры жылына 35 миллион тонна көмірді шө міш теп күреп, 
тіпті 50 миллион тонна да жө нелте алатын қуатқа ие. Сол себепті шах тер-
лердің дуалы аузымен «Баһадүр» атанған.
1977 жылы КСРО Министрлер Кеңесі Екі бастұз кешенін салып 
және кернеуі 1500 киловольт Екібастұз – Орталық электр жүйе-
сін тарту жөнінде арнайы қарар қабылдады. Бұл құрылыстың ере-
сен алыптығын мына деректер айғақтаса керек: кеніштердің 
жылдық қуаты 170 миллион тоннаға өсіп, соның негізінде Екі-
бастұздың іргесінен 5 жылу стансасы тұрғызылып, олар 20 мил-
лион киловатт электр энергиясын бермек, оны жоғар ғы керне-
умен тұрақты ток түрінде тасымалдау үшін 2415 (айналмалы 
ток жүйелері – 5316 км) шақырымға төрт қабат сым тартылады. 
Осыншама қыруар жұмысты тындыратын қалада ғасыр аяғында 
300 мыңдай халық тұрады деп жобаланып, соған орай сәулетті 
Екібастұз шәрі салынбақ-ты.


582
Медеу СӘРСЕКЕ
Қуат-күші ересен зор көмір ошағын игеру үшін мол су керек. 
Гидрогеологтар бұл төңі ректі қанша жыл зерттеді, ақыры Қал-
қаман темір жол стансасының іргесінен жер асты суының көп-
көрім қорын тапты. Едел-жедел басталған Қалқаман-Екібастұз 
су құбырының құрылысы 1957 жылы бітіп, жылына бес миллион 
текшеметр су қотара бастады. Қазақстанның орталық және теріс-
кей өңірін, Сібір мен Орал бойындағы барлық іргелі өндірістерді 
ең арзан электр қуатымен жарылқауға тиіс Екібастұздың жедел 
салын ған алғашқы стансасына бұл су жұғын болмады (бір ғана 
ГРЭС-тің конденсаторларын суыту үшін жылына 4 миллиард тек-
ше метр су керек).
Шідерті өзенінің бойынан бөгет тұрғызуға жоба жасалды. 
Оның суы бірақ ащы. Ақыры, еңістегі Ертістен үлкен су құбырын 
жүргізу жобаланды. Есепке отырған мамандар он жылдан соң есе-
леп өсетін Екібастұз қуаттарына ешқандай алып құбырдың су ай-
дап үлгере алмайтынын және өте қымбатқа түсетінін мәлімдеді...
Қарағанды өндіріс торабына ол кезде Жезқазған, Екібастұздан 
өзге Теміртау, Қаражал, Балқаш, Ақшатау және Қарағайлы кен 
ау дан дары енеді. Бұлардың біреуі ғана суды «кеңірдегінен» келген-
ше алады, ол – Бал қаш көлінің жағасындағы мыс алыбы. Өзгеле-
рінің жағдайы – «рақымы мол» аспанға байланысты, яғни жаңбыр 
мен қар суын жинау... Мамандар бұл аудандардың өндірісіне 
1975-1980 жылдары қанша су жетпейтінін есептеп шығарды, ал 
жиырмасыншы ғасырдың соңында бүкіл Қарағанды-Жезқаз-
ған экономикалық өндіріс торабына екі миллиард текшеметр 
мөлшерінде су керек екен. Жә, мұнша суды қайдан аласың?
ІІ
Бұл өлкені мол сумен жабдықтауға мамандар екі жоба ұсын-
ған: алғашқысы – жер асты қорын пайдалану, екіншісі – Ертісті 
бұрып, жарма қазу.
Жарма қазу қымбатқа түспек. Әңгіме бірнеше жүз шақырым 
жер қазып, алып су құбырын салу туралы болып отырған жоқ. 
Гәп – суға ділгер өндіріс ошақтарының тү гел дей Ертіс арнасы-
нан әлденеше жүз метр төскейде тұрғанында. Яғни еңістегі суды 
ылдиға емес, өрге айдау керек. Құрылыстың өте қымбатқа түсетіні 
өз алдына, күні-түні жұмыс істеуге тиіс сусорғыш стансалар үшін 
де аса қуатты энергия көзі қажет!..


583
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Мамандардың көпшілігі жобаның жарма нұсқасын құп 
көрмеген, мұндай зор шығын ға үкімет келіспейді деп есептеген. 
Амал қанша, екінші жолды оңтайлы көріп, Орталық Қазақстан 
атырабынан гидрогеологтар жер асты көздерін іздеуге көп жылды 
сарп еткен. Ақыр аяғында еңбегі жанды. Ондаған жерден мол су 
көздері табылды.
Екі ұсыныс та көптеген мәжіліс, ғылыми конференциялардың 
талқысына түседі. Қай сысы тиімді? Ғалымдар тайталасы бірнеше 
жылға созылды. Жарманың бір емес, он шақты нұсқасы жасалды. 
Құрдымдағы су көз дері туралы да сан алуан пікір бар, оның ішінде 
бірін-бірі теріске шығаратын кереғарлары да жетерлік. Осының 
бәрін талқылап, жан-жақты сарапқа салып, бір тұжырымға 
келетін мезгіл жетті.
Қаныш Имантайұлы бұл мәселені академияның 1958 жылы 
Қарағандыда шақырылмақ көшпелі сессиясында қарауға ұсы-
нады. Қуатты регионның өндіргіш күштерін ғы лыми саралап, 
тағы бір мәрте талқылап, тиімді бағыт-бағдар беру қажет-ті. 
Соның ең бастысы – су мәселесі... Осыдан бір жыл бұрын акаде-
мия республика энергетиктері Ш. Шөкин, В. Китенко, С. Май-
зель, З. Бе 
рік 
қалиев, П. Калачев және бір топ мамандардың 
нақтылы ұсынысын талқылаудан соң, Ер тіс-Қарағанды жармасын 
жобалауға Мәскеудің С.Я. Жук атындағы «Гидро проект» инсти-
тутына тапсырыс жасаған. Қарағанды сессиясында осы мекеме-
нің бас инженерінің орынбасары И.С. Семенов жаңа арна жайын-
да баяндама жасайды. Қосымша айғақтармен жобаны қолдаған 
Ш. Шөкин де келелі сөз бастайды...
Жарманың ұзындығы 514 шақырым болмақ. Ертіс суы көтерілетін ең 
биік төскей – 475 метр. Ол шығыстағы еңістен батысқа қа рай тік тартылып, 
Екібастұз көмір ошағын жанамалай өтеді де, Шідерті өзеніне құяды. Бұл 
болса солтүстік-шығысқа қарай ағатын өзен. Енді жарма суын кері бағытқа 
ағызу қажет, яғни ылдидан өрге қарай. Бұл мін дет ті қуатты сусорғыш станса-
лары және су тоспалары атқарады. 410-шы шақырымнан кейін Ертіс суы ең 
жоғарғы биікке көтеріледі. Одан әрі сыпыра ылди, дария өз ағынымен еңіске 
құлайды. Қарағандыдан әрі кең шеңберлі (бейнелеп айтсақ, үш ат жеккен 
пәуеске еркін шауып өткендей) темір-бетон тұрбалар бойымен түпкіргі кен 
ошағы – Жез қазғанға жеткізілуге тиіс...
Гидротехника өнері бұрын-соңды көрмеген кереметтігі кімді 
болсын аң-таң етер алып құрылыс еді бұл. Оның алғашқы кезе-
гін салу үшін құрылысшылар жетпіс миллион текшеметр 


584
Медеу СӘРСЕКЕ
топырақ суырып, он бір миллион текшеметр тас қашауға тиіс-
ті. Ал сусорғыш стансаларын, ондаған су қоймаларын салу үшін 
қаншама құрылыс жұмыстарын атқарып, елді мекендер тұрғызу 
керек! Сол үшін миллиардтаған сом қаржы қажет...
Алайда қымбат болғанымен, сусыз өмір жоқ. Қарағанды сес-
сиясы жарма жобасын мақұлдаған шешім қабылдайды. Сессия 
қаулысы әлбетте жарма құрылысын бастауға берілген бұйрық 
емес. Тек қана ғылыми ұсыныс. Оны жүзеге асыру үшін жоспар-
лаушы, жобалаушы мекемелердің мақұлдауы керек. Одан әрі 
үкіметтің арнаулы қарары қажет..
Айтыс та осы қарсаңда өршіген. Мәс кеудегі Водоканалпроект 
институты 1949 жылы жер астындағы су көздерін пайдалануға 
негізделген жоба ұсынған-ды. Сол ұжым Ертісті Арқаға бұру ісіне 
қарсы екендігін мәлім дейді. Олар және жалғыз емес, Алматыдан 
да бір топ гидрогеолог тілектестер табады. Сірә, өзара тізе қосып 
қимылдауға келіссе керек, жұртшылық тарапынан да ма 
құл 
-
датуды ойлап, өз пікірлерін баспасөз бетінде жария етеді. «Казах-
станская правда» газетінде (21 шілде, 1959 жыл) жариялан ған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет