Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет219/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

өзіңізге мәлім, қазіргі таңда өте күрделі және кен түзілу теория-
сы үшін мәні зор тұжырымдар, сірә, әжептәуір талас туғызады 
деген ойдамын... Қысқасы, зерттеуімді жария еттім, көз қорқақ, 
қол ба тыр деп тәуекелге бел буған жайдамын. Бір талай жетекші 


573
ШЫҒАРМАЛАРЫ
мамандардан таяқ жеуім анық. Ал Сізден мен, Қаныш-ака, егер 
уақы тыңыз болса, еңбе гімді мұқият қарап, ескер т пелеріңізді 
ашық айтуыңызды өтінемін...» – деген.
Өзбек ғалымы бекерге күдіктенбеген. Күрделі еңбегімен геоло-
гия нояндарының «бақшасына» түсетінін жақсы білген. Ол күт-
кен айтыс іле-ақ басталып, тек Абдуллаев ойлағандай, «ғылыми 
шындықты» анықтау үшін емес, мүлдем басқа жөнде өрбіді. 
Ең алғашқы соққыны ғалым өзі тұратын Ташкентте, сол күзде-
ақ алған: монографиясы зиянды деп танылды; авторға тағыл-
ған басты айып – «зерттеу негізіне АҚШ ғалымдары Эммонс пен 
Линдгреннің реакционерлік кертартпа идеялары пайдаланыл-
ған; демек, Абдуллаев – кеңестік озық геология ілімінен жиреніп, 
шетелге табынған космополит...» Өз идеясына сенімді ғалым-
геолог сыңаржақ тұжырыммен келіспейді. Төрелік айтуды тілеп, 
орталықтағы институттардың біріне шығады. 1951 жылдың ба-
сында Мәскеуде өткен талқылауға академик Сәтбаев та қатысқан.
– Жолдастар, мен бір жайға түсінбеймін, – деген-ді ол жас 
әріптесін қорғай сөйлеп. – Бізден басқа ғалым атаулы реакцио-
нер деген қағиданы кім шығарған? Ғылым жер, ел талғай ма? 
Шынайы ғылым үшін шекара бола ма? Шетелдік деп Ньютон мен 
Дарвиннен, иә Кюрилер әулеті ашқан ұлы жаңалықтардан безсек, 
жағдайымыз не болар еді, ғылым қайтіп өрістемек? Мәселенің 
бұл бір жағы... Екінші, өзбек ғалымы бүкіл Орта Азия аймағында 
ондаған жылдар бойы үстем болып келген кен орындарының тү-
зілуі жөніндегі болжамдарды, демек, бар лау да ұстанған жетекші 
бағытты теріске шығарып отыр. Жас білімпаз үшін тым батыл 
қадам! Бірақ сіздер мына жайтқа көңіл аударыңыздар: бұрынғы 
теорияны теріс деумен бірге ол жаңа тұжырымдама, кен іздеуге 
тың ой ұсынды... Ташкентте оның тың идеясы қолдау көрмей, 
геология қауымы тарапынан зор қарсылық туғызғаны мәлім. 
Абдуллаевқа өте дөрекі және аяусыз сындар айтылды. Түсінікті 
гәп: ескі бағытты жақтаушылар оп-оңай жеңілгісі келмейді, себебі 
өзің ондаған жылдар мадақ тұтып, бүкіл өміріңе, зерт 
теу 
іңе, 
кен орындарын ашуға түп қазық еткен идея сынға түсіп отыр... 
Меніңше, бұл таластың ең оңды ше шімі, әділ төрелік – жаңа теория-
ны барлаушы геологтарға ұсыну. Он жылдан соң Абдуллаевтың 
болжамы рас болып шықса, оны таяқтауға қатысқан ғалымдар 
өзінің бүгінгі оғаш қылығын қалайша түсіндірмек? Кім осыған 
«Біздікі – дұрыс, оныкі – қате» деп кепіл бола алады?..


574
Медеу СӘРСЕКЕ
Амал қанша, ғылыми ақиқатқа жүгінуге қаншама шақыр-
ғанымен академик Сәтбаев өзбек әріптесін сол күнгі жөнсіз бұр-
малау дан қорғай алмаған. Қайыра сөйлеушілер оның өзіне жа-
бысып, «Сәтбаев оны гидротермальдық теориясын жақтайтын 
идея ұсынғаны үшін қасақана қорғап тұр, бұл болса – өзара ниет-
тестердің ауыз жаласқан байбаламы» деген сынды ауыр сөздер 
естірткен.
БКП(б) Орталық Комитетінің ғылым және жоғарғы оқу орындары 
бөлімінің нақты сұрауына жа уап бере отырып, 1951 жылдың 3 шілде күні, 
яғни жоғарыдағы айтыстан үш айдан соң Мәскеуге жолдаған ресми хатында 
Қ.И. Сәтбаев Хабиб Абдуллаевтың есімін төр тінші кезекте атайды: «геология-
минералогия ғылымдарының докторы, Өзбек КСР Ғы лым академиясының 
толық мүшесі, Орта Азиядағы түсті металл кендерінің геология сы мен 
петрографиясы бойынша ірі білім паз» деп сипаттама беріп, одақтық ғылым 
ордасының құрамына сайлауға лайық кан 
ди 
даттар тізіміне ұсыныпты... 
Ескертер гәп: осы хатында қазақ ғалымы атаған жеті кандидаттың бір еуі ғана 
қазақстандық (Е.Д. Шлыгин), қалған алтауы – бес ұлттың өкілі, олардың 
тұрақтары да түрліше қалалардан, бәрі де геология іліміне ірі жаңалықтар 
қосқан ұлағатты мамандар...
(Үш жылдан соң Х.М. Абдуллаев монографиясы туралы айтыс 
қайта жалғасты да, Мәскеу ғалымдары оның еңбегін орталық 
баспадан көп таралыммен басып шығарып, барлауда сынауға 
рұқсат берді. Сол жылдарда ерекше құлшыныспен өнімді жұмыс 
істеген өзбек ғалымы бірнеше ғылыми еңбек жария етеді. Бәрі 
де алғашқы гипотезасын қорғап, кеңейтуге, жаңа теорияны те-
реңдетуге арналған. 
Ақыр аяғында Қаныш Имантайұлы ес керт кен ғылыми шын-
дық жеңді. Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанның кен бар-
ла у шылары Х.М. Абдуллаев тұжырымдамасына сүйеніп, Орта 
Азия аймағынан түсті металдардың (вольфрам мен қалайының, 
қорғасын мен мырыштың, сирек және бағалы металдардың) 
құнарлы қорларын тапты. Солардың ішінде қазірде қоры әлемдік 
ірі алтын кендерінің ең алдыңғы легінде аталып жүр ген, тәуелсіз 
Өзбекстан мемлеке тінің бүгінгі ең басты һәм сүбелі табыс көзі бо-
лып отырған Мұрынтаудың қымбат қазынасын іздеп табуда Хабиб 
Мұхамед 
ұлының көрегендікпен жасаған болжамы адастырмас 
темірқазықтай жетекші рөл атқарған. Теориялық үздік еңбектері 
үшін 1959 жылы Х.М. Абдуллаевқа Лениндік сый лық берілді
келесі жылы КСРО ҒА-на корреспондент-мүше болып сайланды. 


575
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Амал не, күншілдер мен тоғышарлардың пасық әрекеттерінен 
арылып, сүйікті ісіне белсене кіріскен шағында, ғұмыр жасы елу-
ге де ілікпей ол ауыр науқастан опат болды. Аса да рынды ғалым-
геолог өмірінің соңғы төрт жылында (1958-1962) Өзбекстан Ғылым 
академиясының президенті болып еңбек еткен.
Тағы бір ғылыми айтыс Қаныш Имантайұлының сүйікті ұстазы 
академик М.А. Усовтың ғылыми мұрасын қорғауға байланысты 
өрбіген. 
Қ.И. СӘТБАЕВ, И.И. БОК, «М.А. Усовтың геологиядағы негізгі 
идеялары» жинағында жариялаған алғысөзден:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет