Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет100/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

бұл жақтан ешқайда кетпеймін деп жүрмесең?!. 
Шарасыз жағдайыма налыған мен әлгі сөздерін естігенде: 
«Қайран, менің қи ял шыл ерім, мұның «Мың бір түннің» қай 
ертегісінен?» – деп күлдім де қойдым... Бір ға на ащы өксік кө-
кейімнен кет пейді: тұңғышымыз ер бала еді, бейкүнә сәби дер 
кезінде дәрігерлік жәрдем ала алмай, дифтериядан опат болды».
1931 жылдың барлауы Жезқазған тарихында ерекше сәтті 
жыл болып енді. Барлау көлемі шырқау шегіне жетіп, жыл 
аяғында 32 станок жұмыс істеді; үштен бірі тереңге бұрғылау 
жүргізді; ең бастысы, геолог Сәт 
баевтың өткен қыста жа-
рия еткен гипотезасы – кен тоғыз горизонтқа шоғырланғаны, 
оның қуаты 600-700 метр тереңге бойлағаны ұңғымалармен ай-
ғақталды. Алдағы барлау – осы болжамды одан әрі нақ тылап, 
бүкіл кен орнының аумағын анық тау. Шынтуайтын айтқанда, 
бұл – Жезқазғанды барлаудың ғылыми жаңа теориясы болатын. 
Бес жыл бойы бел жазбай жүрген тынымсыз ізденістің нәтижесі. 
Жас қазақ геологінің тез ширап, жасамыс әріптестерімен иық 
теңестіріп, білімі мен тәжірибесі өскендігінің нышаны... Алайда 
жаңа концепцияның иесі өзі туралы соншама мадақ уәжге мал-
данудан аулақ. Күні-түнгі әрекеті, мақсат-мұраты – кен төбелер 
астындағы мыс көмбені тездетіп іздеп тауып, ел игілігіне жарату!
Олай болса?..


240
Медеу СӘРСЕКЕ
Барлау көлемін бұрынғыдан да өсіру шарт. Ендігі мақсат – 
бұрғылау қондырғыларын молайту емес, өнімділігін арттыру. 
Себепсіз тоқтауды тыйып, әрбір бұрғылаушының өнімді жұмыс 
істеуіне жетіп, шеберлік шыңдау. Бұл үшін жаздың әрбір күні 
тиімді пайдаланылсын. Бұрғылау қыста да тоқтамайды. Қыстай 
жүрген былтырғы он станок қанағат тұтар меже емес. Биылғы 
мұрат – ең кемі он бес агрегат! Одан соң жиырма!..
Барлау тобы бұл қарсаңда түпкілікті қа 
лып 
тасып, келуші 
болмаса – кетушісі жоқ тұрақты да берік ұжымға айналған. 
Олар енді темірдің бір басын ұстағанына мәз болып, су мен май 
тасығанына ризалық білдірген, жұмысқа сылбыр, аңқау тобыр 
емес – әрбірі дербес станокқа ие, өзара бригадаға ұйымдасқан 
кәнігі бұрғылаушылар. Келе-келе олардың іші нен шынайы ше-
берлер – бұрғылау озаттары шыға бастады. Солардың бірі – Егізек 
Байсалбаев. Бурабайға ауысқанға дейін ауылда ұста болған жігіт. 
Содан ба, станоктың бүге-шігесін көп тұрғыласынан тезірек 
меңгерді. Терең бұрғылау шебері Александровтың тәжірибесін 
үйренген алғашқылардың бірі де осы Егізек еді... 1931 жылы 
Қаныш Имантай ұлы оны Ащысай кенішіне жұмсайды. Байсалбаев 
онда екі ай болып, оңтүстіктегі өн 
діріске сонау Америкадан 
келген шетелдік шеберден алмаз кескіштерді қайта ұштауды 
үйреніп қайтады. Келе-ақ орталық шеберханада «Алмазшылар 
мектебін» ашады. Келесі жылы Егізек өзіндей озат бұрғылаушы 
Бекенесовпен бірге қиырдағы Бакуге аттанды. Әрине, жер көріп 
қайту емес, әзірбайжан мұнайшыларынан терең бұрғылау техни-
касында жұмыс істеуді үйрену үшін...
АХМЕДИЯ ТӨЛЕКБАЕВТЫҢ ауызекі әңгімесінен:
«Қанекеңнің ғажап бір қасиеті, жерасты сырын ғана емес, 
адам мінезінің бұқпа астарын жақсы біліп, жұмысқа жарата 
біл уінде... Бір күні ол, қасында қаба сақал, шегір көз, жатағандау 
орыс шалы бар, бурабайға келіп:
– Жігіттер, мына кісіні әкеңдей сыйлаңдар. Өзгеше өнерлі 
адам! Геннадий Ильичті барлық станоктардың прорабы, былай-
ша айтқанда, «сырқатын» тауып, емдеп жазатын «дәрігері» 
етіп тағайындадым, – деді.
Жігер-қайратымыз мол болғанмен қабілетіміз шамалы, бура-
байдың жұмысына көндікпеген мақау кезіміз. Мақұл десіп қуанып 
қалдық... Бабаилов ағылшын тұ сында да біздің елде істепті. 


241
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Шәлдірік қазақшасы бар ескі жұмыскер-ді. Қарсақбайдың дүбірі 
гәзиттер арқылы сонау Смолен шә ріне де жеткен ғой, жастық 
шағы өт 
кен Ұлытауда өндіріс ашылып жатқанын есті 
ген 
байғұсың шыдамаған, сайман жә шігін арқалап жетіп келген. 
Оның пайдасы, те гінде, бізге тиді... 
 Жер тесуге отыз жыл өмірімді сарп еткен ғұмырымда өз басым 
Бабаиловтай қолы шебер, жұмысқа ерінбей тін кісіні естіген де, 
көрген де емеспін. Марқұмның ұсталығы да біржосын: темірден 
түйін түйеді; станок тоқтап қалды деп түнгі екі де жатағына 
барсаң – қолын созып, бас жағында тұрған шөлмектен 
қылқылдатып бір жұтады да, үн-түнсіз соңыңнан ереді; төрт-
бес сағат, кейде тәу лік бойы шұқылап отырып бүлін ген те-
тікті түзеп береді... Александров кердең кісі еді, өнерін бұлдап 
өткізетін. Ал Бабаиловтың қайырымдылығында шек жоқ. 
Жарықтықтың мінезі қызық: сөйлемейді, мылқау кісі сияқты; 
былай жасау керек деп ештеңе түсін 
дір 
мей 
ді, тым-тырыс 
істейтін. Жұмыскерге сөздің керегі қан ша? Көрсетсе болды... Ал 
кейде... тілі шығып, көзіне көрінгенді балағаттай беретін. Және 
ол кісі ме, темір ме – есеп емес...
Бір күні қызық болды. Сейітқазы Қарсақбаев деген өр 
мінезділеу жігітіміз болатын. Қанекең оны да туған інісіндей 
жақсы көріп, қа дірлеп ұстады. Әсіресе турашыл мінезін ұна-
татын, сондай бір өліп кетсе де әділін айтып қарап тұратын 
сабаз адамдар болады ғой. Иә, сол Сейітқазы марқұм бір 
нағылеттің нақақ жаласынан 1937 жылы «халық жауы» 
атанып жер жастанды, соцжарыстың алдын бермейтін 
Стахановшы болатын, шайпау ті лінен тартты-ау деймін... 
Е, сол өжет, ұстараның жүзіндей турашыл Сейтқазының 
бурабайға келген кезі, бейпіл ауыз Бабаиловтың балағат сөзін 
көтере алмай тек: «Мына боқтампаз шал ға бізді қашанғы 
қорлатасыз?» – деп Қанекеңе арыз айтты. Шағым емес, күйін-
гені де. «Долана деген же місті білесің бе, Сейітқазы?» – дегені 
Қанекеңнің. «Біле мін, ағашы тікенекті болады, ал жемісі өте 
тәтті. Оны неге сұрадыңыз?» – деп бұрғылаушы жігітіміз 
аңтарыла қарап еді: «Сұрағаным, – деді Қанекең жымиған 
қалпы. – Геннадий Ильич те сол доланадай жемісі өте тәт-
ті, жүрегі адал адам. Ал тікенегі – әредік ішіп қоятын одағай 
қы лығы. Ондай кезде тілі шұбарланып қалады. Бірақ зілі жоқ
қайтымы тез. Сондықтан бұл кісінің артық-кем сөзін елемей, 
16-0196


242
Медеу СӘРСЕКЕ
кешірімді болыңдар. Мұн дай өнерлі адамсыз бізге қатарға 
қосылу қиын!..»
Шынында да Бабаилов, Александров си 
яқ 
ты орыс шебер-
лерінсіз біз не істер едік? Жезқазған барлауына олардың сіңір ген 
ең бе гі өлшеусіз зор, мұны ұмытуға болмайды!..»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет