255
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ұстатқан қарызын қалайша ұмы тамын?.. Ақыры, кешкілікте
үйіне бар сам, Мәскеуге әкетер қағаздарын реттеп отыр екен.
«Қанеке, не көрсем де өзің мен бірге болуға бекіндім! Алыс жолға
осы тілегімді арқалап аттанғайсың!» – дегенімде, мінезін жа-
сыруды білмейтін аңқылдаған жан еді ғой, жарықтық, қапсыра
құшып, қолымды құшырлана қысты. Бетіне қарасам, кө зінен
аққан жас омырауына тамшылап тұр. Шыдау қайда, менің де
жүйкем босады...»
Жезқазған хикаясының қиын-қыстау күн
дерінде өз тағды-
рын бөле-жара қарап, жан сауғалауды тәрк еткен бір ғана
Г.И. Бабаилов иә М. Тұңғышбаев емес-ті. Егізек Байсалбаев,
Александр Рожнов, Жа ғыпар Сейілов, А. Әл мағанбетов, Дүзен
Үн
шебаев, Павел Прокопьев, Сейітқазы Қарсақ
баев, Тимофей
Зверинцев, Ахмедия Төлек баев, Есілбай Бекенесов, Өтепберген
Бита баров,
Халық Темірбаев, Әбілқасым Омаров, инженер Үге-
дей (Сергей) Бөкейханов, бұрғы
лау жұмыстарының бастығы
А.Д. Никитин, инженер-геолог И.Н. Богданчиков, Д.Н. Бур цев...
тәрізді қарамды топ. Ат төбеліндей аз емес, жиыны – 72 адам.
Қиыншылық күттірген жоқ. Түсті ме тал дар басқармасының
«мырзалық» жасап, Жезқазған конторына қалдырған мазақ
қар
жысы (былтырғы ұстағанның небәрі бір пайызы, яки үш
жүз мыңдай сом) барлау конторынан кеткен жұмысшылармен
есеп айыры суға ға на жет ті. Ал бұрғылауды өз бетімен жүр гіз уге
келіскен жұ мыскер қайтіп күн көр мек? Ста нок тар дың майы мен
бытырасын қайдан алады?..
«Гараж, шеберхана, химия зертханасын комбинат меншігіне
көшірдік; станоктардың да санын азайтуға тура келді; әрине,
басқа жерден күнкөріс іздеген адамдарды да ұстаған жоқпыз...
Бірақ барлау тех
никасын меңгерген маман жұмысшыларды
қайткен күнде сақтап қалу қажет-ті, – деп куәлік етеді Жез-
қазған эпопеясының қиын күндерін ерімен бірге басынан кешір-
ген Таисия Алексеевна.
– Ә дегенде есеп алғандардың да қайсы-
бірі артынан қайта оралып: «Сушы болсақ та бурабайда
қала
мыз!» – деп көңілімізді өсірді. Үй ішінің ұсақ күйбеңі,
қиыншылықтан түңілген кезде менің де белең беретін нара зы-
лық
та
рым жайына қалды. Бәрін де бір мүдде
мен өзара ын-
тымақтас
қан ат төбе
лін
дей шағын топтың тірлік-тағды-
ры жең ді. Белді бекем буып, өзіміз іргесін көтер ген өнді ріс тің
тіршілік отын сөндірмей, соны маздату үшін ұзақ айларға созыл-