378
Медеу СӘРСЕКЕ
Көлемі тоғыз парақ бұл хатты бастан-аяқ келтіру – қазіргі за-
ман оқырманы үшін, бәлкім, қажет болмас. Тек ескерту парыз:
сарапшылар нұсқаған бес түрлі күдік ке хат жолдаушы жан-
жақты және нанымды ай ғақ тармен жауап беріп қана қоймай,
жаңа кен орнын танытқандай нақты
дәлелмен иланымды тұ жы-
рым айтқан. Бүкілодақтық геология қыз метінің басында отырған
үлкен әкімге жолданған хаттың жазылу мәнері де еріксіз ойлант-
қандай. Демек, Қаныш Иман тайұлы әбден ашынған, сыпайылық
сақтауға, сірә, құлқы соқпаған. Төмендегі үзінді соған дәлел:
«...Әлбетте, мұндай тантық бел ле т ристи камен қолы бос,
еріккен адамдар ғана шұғылданады. Әйтпесе қиын-қыстау күн-
дерде қиыннан жол тауып, көп нәрсені үнемдеумен жасалған же-
дел барлауға сон шама шұқшиып, кен қорын есептеу әдет тегідей
әлденеше ай емес, өте қысқа мер зім де орындалғанын ескермей,
соны да тілге тиек, сыныққа сылтау іздеп, қайткен күнде
есепті құлатуға тырысу –
ар-ұяттан біржола безген... жауапкер-
шіліктен, жұмыс үшін жаны ауырудан мүлдем кет кен бейшара
қуыскеуделердің тірлігі де мек пін... Сіз мына сорақылыққа назар
аударыңыз: кен қуаты 7-8 сан тиметр кө теріңкі көрсетілген деп,
әрине, геолог У... сияқты «білгір» мамандар, анығын айтқанда,
солақай да сорлы кәсіп шілер ғана жаза алады. Сол се бепті біз
ТКЗ-ның қасаң қағидаға сүйе ніп, шектен тыс сақтық ойлау-
дан туған сүйкеме тұжырымын тек қана жалаң формализм,
жауапкершіліктен қашу деп білеміз. Мұның шынайы аты –
өмірдің күнбе-күнгі тала бын түсінбеу!..»
ІІ
Хат жедел жөнелтіліп, Свердловтан хабар күтіп жүргенде өмір
ділгерлігі бұл тартысқа мүлдем тосын төрелік жасады.
Соғыс жылдарында Қазақстан КП(б) Орталық комитетінің
түсті металлургия бөлімін бас қар ған АХМЕТ ӘДІЛОВ Қарағанды
облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің 1989 жылғы 10 наурыз
күнгі
санында жариялаған есте
лі
гінде осы жайтты тәптіштей
әңгімелепті:
«1942 жылдың басы болатын. Бір күні Ор талық комитет-
тің бірінші хатшысы Н.А. Скворцов шақырып: «Жаңа ғана
И.В. Ста лин қол қойған шұғыл жеделхат алдым. Барлық рес-