Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет155/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

«...1942 жылдың мамыр айында, көктем шуағы молайып, 
Алматы бақтары сәу 
келе киген қыздардай ақ гүлге оранып, 
мейлінше жайқалған шақта бізге әйелімен және көмекші қыз-
меткер лері мен... академияның президенті В.Л. Кома ров келді. 
Қонақтарды Қ.И. Сәтбаев екеу міз қарсы алып, тә уір сияқтан-
ған демалыс үйіне орналастырдық. Әрине, кексе қонақтың бабы 
тілеген жағдайдың бәрі жасалды. Сол жайт, жақсы күтім әсер 
етті ме, В.Л. Комаров өзін Свердловтағыдан гөрі сергек сезініп
қауырт жұмыстармен шұғылдана бастады... 
26-0196


402
Медеу СӘРСЕКЕ
Қаныш Иман тай ұлы да сол күндерде президентке жиі келіп, 
бірталай шаруаларды қолма-қол ше 
шіп жүрді. Ме 
нің 
ше, сон-
дай сұх бат тар да екеуі өте-мөте жақындасып кет ті. В.Л. Ко-
ма ров оны ерекше бағалап, менімен кездескен де: «Қазақстанда 
Қаныш Имантай ұлын дай елгезек жан болмаса, біз не істер едік? 
Мұндай іскер де тамаша басшысы бар Қа зақ филиалын тек 
қана мадақтау ке рек!» – деп сүйсіне қайталаушы еді. Шы нын да 
да, В.Л. Ко маров пен Қ.И. Сәтбаев арасында туған берік қарым-
қатынас, бір-біріне де ген ыстық ілтипат пен құрмет, қара па-
й ым да жарасты сүйіспеншілік сол жылдар да олар басшылық ет-
кен барлық жұмыс тардың тезірек жүзеге асып, баян ды болуы на 
әсерін тигізді». 
Филиал институттары Алма тыға тағдыр жазуымен кездейсоқ 
тап болған ғылым ғұлама ларының нақты жәрдемімен тез өсіп, 
қауырт жетіле бастады. Олардың қайсыбірі жер гілікті зерттеу 
институттары мен жоғары оқу орындарына ауысқан. Қазақ-
стандай келешегі зор, табиғи қазынасы мол және әр алуан, же рі 
бай республикада еңбек ету мүмкіндігі де еліктірген. Алматыдай 
табиғаты әсем, ауа райы жайлы да жылы қалада тұру да 
қызықтырған... 
* * *
Қазақстандағы ғылым орталығын жедел нығайтудың үшінші 
және негізгі бағыты – 1942 жылдан беріде филиал қаражатымен 
жұмыс істейтін аспирантураға қабілетті жастарды көптеп тар-
тып, ғылыми ізденіске баулу болған-ды. Олардың жалпы қарамы 
1943 жылы 120 адамға жетті, дені – жер гілікті ұлт өкілдері...
1942 жылдың соңғы айында филиал төр ал қасы республикада 
ресми ғылыми орталық құрылғанына он жыл толуын қорытынды-
лап, осы оқиғаны мере келік сессия шақыру мен атап өтуді қажет 
деп білген. 
– ...Кеңес өкіметі дәурен сүрген жиырма бес жылда республика 
картасында ғасырға пара-пар ірі өзгерістер пайда болды. Қараған-
ды, Кенді Алтай, Жезқазған, Ақтөбе, Бал қаш-Қоңырат, Ембі-
Гурьев өнеркәсіп алқап тары – Одақтық қана емес, дүниежүзі-
лік ірі өндіріс ошақтары. Қазақстан қазір мыс, қорғасын, хром, 
тағы басқа металдар өндіру ден одақтас республикалардың алды-


403
ШЫҒАРМАЛАРЫ
на шық ты. Бізде қазір мыңдаған мектеп пен кәсіби училище, 
ондаған техникум мен жоға 
ры білім беретін институт жұмыс 
істейді. Бұлардың бәрінде де ғылым негіз 
дері, кәсіп 
тік білім 
ғана емес, бүгінгі заман ның озық ілімдерінің барлық түрлерінен 
дәріс оқыты лады. Республикада КСРО ҒА филиалы, В.И. Ленин 
атындағы Бүкілодақ 
тық ауыл шаруашылығы академиясының 
бөлім 
шесі, С.М. Киров (қазірде әл-Фараби – М.С.) атындағы 
Қазақ мемлекеттік универ ситеті, Қазақ кен-металлургия инсти-
туты тәрізді ғылым, білім ошақтары бар. Ширек ғасырда қазақ 
қауымында дәрі гер, биолог, химик, агроном, педагог, инже нер 
тәрізді жаңа кәсіп иелері, мәдениет пен өнер саласында жемісті 
жұмыс істеп келе жатқан зиялылардың жаңа легі өсіп шықты. 
Олардың қатарында дарынды мамандар, ғалым дар, жазушылар
сазгерлер, суретшілер, актерлер, өнер қайраткерлері бар, – дей 
келіп, сол жиында жасаған есебінің соңында Қаныш Имантайұлы 
республика ғылымы ның алдына үш түрлі міндет жүктеген. – 
Бірін ші, бұрыннан жүргізіліп келе жатқан іргелі зерттеулерді 
сәтті жалғастыру; екінші, соғыс қажетіне байланысты белгіленген 
тың ізденістердің қарқынын төмен детпей – сөзсіз орындауға жету
үшінші, «Ондай болмақ қай да?» деген ұшқа ры ұғымнан тезірек 
ада болып, шынайы акаде миялық деңгейде жұмыс істеп, ғылым-
ның шырқау биігіне апаратын ірі зерттеуге кірісу... Сайып келген-
де, бұл – фи лиал дан дербес академия құруға жет кізетін тура жол 
және қоғам үшін де, өзіміз үшін де, қазақ қауымы үшін де бірден-
бір пайда лы іс болмақ! – деп сөзін аяқтаған-ды.
Турасын айту керек, филиал жетекшісі 1942 жылдың аяқ 
шенінде көпшілікке жария еткен бұл сөздер кімді болсын қатты 
сүйсінткен, сөйте тұра сенімсіздік те туғызып: «Небәрі төрт инсти-
тут, алты сек тор ға сүй еніп, дербес ғылым ордасы жайында ой қоз-
ғау – тым асығыс, қиялға жақын мәлім деме емес пе?..» – дегендей 
кереғар пікір лерге жеңсік берген. Алайда көкейде жүрген асыл 
ой алқалы жиында жария болды, оны енді кері қайтара алмайсың...
Зиялы қауымды дүр сілкінткен осы мә лім деме жайында акаде-
мик Ш.Ш. Шөкин «Жылдың төрт мезгілі» атты естелік кітабында 
былай депті:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет