Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет58/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

басқыш мектепке арналған алгебра оқулығы боп табыла-
ды. Ол қарапайым, түсінуге оңай тілмен жазылған. Есеп-
тері мен мысалдарының көбі қазақ тұр 
мысынан алынған. 
Материалдарының орналасуы екін 
ші басқыш еңбек мектебі 
бағдарламасының талабына то лық сай...» 
Алайда кітапты жарыққа шығару беймәлім себептермен 
кешеуілдей берген. Қолжазба тапсырылған жылы-ақ Тәшкент-
тегі «Қазмембаспасына» жіберілген, 1926 жылдың 3 тамызын-
да Халағарком «Сәт ба ев тың алгебра оқулығын 3 мың дана етіп 
басып шығару» туралы арнайы бұйрық шығарған. Бі р ақ соның 
кітап боп жарияланғанын көр 
ген, иә қолына ұстаған жанды 
біз білмей міз. Академик Қ.И. Сәтбаевтың дербес мұ рағатында 
сақталған бұл туынды жайындағы ең соңғы дерек: «Латынша 
кө шірушіге! Қызыл һәм қара сиямен істелген бұл жазбалар-
дың ішін дегі өзгерістер-ді (өшіру, түзету сияқтылар) мен өзім 
қарап, дұрыс деп таныдым (менің өз қо лыммен жазылған). 
Сондықтан оларды сол өзгерген күйінде көшіру керек. Қ.И. Сәт-
байұлы, 6.ІІІ.1928...» деген ескертпесі*.
III
Қар жөңкіле көшіп, сәуірдің жылымық күн дері туғанда 
(1923 ж.) Қаныш Имантайұлы Шабақай өзенінің жағасында-
ғы жаңа қыстаудан қиырдағы Том шәріне аттанады. Қазына 
* Қазақша тұңғыш «Алгебра» оқулығы Қ.И. Сәтбаев қорының президенті К. Са-
лықовтың табанды қажыр-қайратының нәтижесінде ҚР Білім және ғылым минис-
трлігінің қаржысымен Л.Н. Гумилев атындағы Еураазия ұлттық университетінің бас-
пасынан (жауапты редакторы математик-академик М. Өтелбаев) 2009 жылы жарық 
көрді, көлемі – 27,6 баспа табақ, таралымы – 500 дана. Редакция алқасының оқулыққа 
жазған алғысөзінде «Қазақша тұңғыш алгебраның» қазіргі замандағы колледждерге 
оқулыққа жарайтындығы айтылған... 


144
Медеу СӘРСЕКЕ
жолындағы бекеттер мен жәм шік тердің сыры мәлім болғандық-
тан, сенімді серіктер ертіп, қосалқы ат алып, төте жолмен Семейге 
туралай бет түзейді…
Келген бетте-ақ шәкірт екі курстың қа рыздар болған емти-
хандарын тапсырады. Сол оқи 
ғаға куәгер замандастарының 
естелігінде күрделі ілімнің қым-қуыт жыңғылынан ол сүрінбей 
өткен. Демек, ауылында болған бір жарым жылда тыңғылықты 
дайындал ған. Ең ғажабы, өкпе ауруының аса қатерлі ашық түрін 
үшінші мәрте жеңіп шыққан жігітті ұзақ қарап, ауыр кінәрат-
тан құлан- та за арылғанын байқаған профессор М.Г. Кур лов пен 
білікті дәрігер С.А. Адамов өздері ерекше тәнті болған жағдайды 
медицина тарихында сирек кездесетін құбылыс деп бағалап, бас 
шайқасады (шынында да, содан бы лай Қаныш Имантайұлы бұл 
дертпен бір жола қоштасқан).
Қаныш қайта оралған қарсаңда қаланың тұрмыс күйті едәуір 
түзеліп қалған-ды. Базарда іздеген затыңның бәрі бар. Тек қа-
ражатың болсын. Институт пен университет аудиториялары да 
жылына бастапты: қажет отынды жаз күндері студенттердің 
өздері дайындаған; қыс бойы кезектесіп от жағатын да солар. 
Қыздар болса асханада кезекшілік етеді. Нәтижесінде асханадан 
кү ніне бір мезгіл ыстық тамақ ішуге болады. 
Қаныш бұл жолы Усовтардың дербес бөл месінен бас тартып
Белинский көшесіндегі 5-үйден пәтер жалдап алады.
Екінші курстың соңында геология бөлі мінің студенті кәсіби 
тәжірибеден өтуге тиіс. Қаныш болса бірінші курстың да бағ-
дарламасын түгендеген жоқ. Демек, екі курс үшін әлдеқандай бір 
барлау партиясында ұзағырақ жұмыс істеу қажет. Осы жайында 
ақылдаса келгенде профессор Усов Қанышқа геолог Русаковтың 
есімін атады.
– Михаил Петрович – сіздің даланы тү бе гейлі зерттеп жүрген 
білімпаз геолог. Туған жеріңнің қиырында жұмыс істеуге әзірленіп 
жүрген жас маманға тегінде бұл кісіден көп нәрсені үйренуге бо-
лады. Сөйтіңіз, Қаныш. Русаковтың партия сына тезірек жеті-
ңіз. Ол қазір Қарағанды-Ақбұйрат маңында, Нұра, әлде Сарысу 
жағасынан табасыз. Жолшыбай ауылыңа соғасың. Байғұс әкеңнің 
де ұйқысы қашып, қамығып жүрген шығар-ау?
1949 жылы жария еткен естелігінде М.П. РУСАКОВ жиырма 
алты жыл бұрынғы кездесу жайында мейлінше тәптіштеп сыр 
шерткен: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет