201
ШЫҒАРМАЛАРЫ
руасы да мүм
кіндік бермей отыр. Ауылдың халі бұрынғыдан
да сорақы. Соңғы хатымда жазғандарға әкем
нің кенеттен
қайтыс болғаны қосылыпты, оның үстіне тағы бір немере туы-
сым тұт
қындалған. Әкемді жан-тә
німмен сүюші едім, қадір-
құрметі де мен үшін өзгеше жан... Ол кісінің мынадай жағдайда
дүниеден қайтуы мен үшін ауыр соққы. Үйде қалған шиеттей бес
баланың, ағамның әйелінің, әсіресе қарт шешемнің халі не күйде
екенін біл меймін, міне, екі ай болды, хат жоқ (сірә, пош тадан
өткізбеген). Туған ағам қазір Павлодарда дейді. Оның тағдыры
да әзірше мәлімсіз. Байғұстың жағдайын жеңілдету мақсатымен
әр түрлі шаралар істеп жатырмын. Ағайға тағылған кінә –
қисынсыз нәрсе, байланған істің тезірек қаралатынына шү-
бәм жоқ. Тегінде, бұл біздің даланың ескі «дертінен» туған,
басараздықтан пайда болған әншейін жала. Әділ де қатаң кеңес
соты әлі-ақ бұл жұмысты ұйымдастырған адамдардың әрекетін
әшкерелеп, төре лік айтады. Бірақ соған дейін ағамның үй-іші
қаншама қасірет шекпекші, әсіресе қоректік малдан жұрдай бо-
лып, әкеміздің қазасын аза тұтып жылап отырған күн дерде...»
Жаздың едәуір мерзімі өтті. Қаныш Иман тайұлы әлі де Мәс-
кеуден шыға алмай отыр. Демалысқа шыққан Таисия Зырянов
кәсіп шілігінде тұратын шешесіне барардан бұрын астанаға соғып,
бірер апта қасында болып кетті. Бұл да жабырқау көңіліне сүйеу
болды. Сөйтсе де... Басына үйірілген бұлт тарқар емес. Ғалымтай
демалысқа шық қан ел қазақтарына ілесіп ауылға қайт қан. Бара
сала станицадан жеделхат жолдапты: ағаларының жұмысынан
ешқандай үміт жоқ; Әбікей Зейінұлының былтырғы жұмысы
қайтадан
қозғалып жатса керек; жұттан аман қалған азын-аулақ
мал тәркіге түскен; үй-ішінің жағдайы ит өлмес, ат арымас дерлік
жағдайда. Өзі тұратын коммуналдық үйдің салт басты тұр ғындары
жаз шыға жан-жақ қа тарап кетті. Бірі демалыс алып, бірі Қа зақ-
станға ұзақ іссапармен дегендей.
«Ал мен жал ғызбын. Әсіресе кеш әлетінде қу жанымды қайда
қоярымды білмеймін, – деп шағынады ол 3 маусымда Кенді
Алтайға жолдаған хатында.
– Тап қазір қайтадан көрсем, се ні
Достарыңызбен бөлісу: