Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет81/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

ҚЫСПАҚТА
I
Ленинградқа келген бетте ең алдымен Яговкинге жолыққан-
ды. Өйткені Иван Степановичті бұрынғы пікі 
рі 
нен айнытып, 
өзіне ниеттес ете алса, ойлап келген шаруасы сәтті шешілетініне 
шүбәсіз сеніп, кексе әріптесіне үміт артқан-ды. 
– Оһо, Қаныш Имантаевич, қайда сілтегенсіз?! Бес-он емес, 
бақандай он бес станок сұрайсыз! Үш жүз, төрт жүз метр тереңге 
бұрғылау! Жезқаз ғанның атағы сонда Одақтағы мыс кендерінің 
алдыңғы легіне шығады, бәлкім, дү ниежүзілік алыптармен теңе-
сіп қалуы да мүм кін! Қайда, қайда дейсіз? Қандай деңгейге?.. 
Оһо! – Жас геологтың «Жезқазған кен орнын түбегейлі барлау-
дың жаңа жобасы» деп атаған түсініктемесіне үңілген са йын, 
даусы биік таудың бір жықпылынан қызыл түлкі көрген аң-
шыдай саңқылдай шы ғып, самбырлай сөйлеген Яговкин, «Осы 
сандырақты қағазға түсіріп, есеп-қисабымен әкеліп отырған 
шынымен сіз бе, күні кеше Ұлытауда өзіме жолсерік болып, мезі 
жү рістен сергіте білетін, жабырқауды біл мейтін әңгімешіл жап-
жас Сәтбаев па?» дегендей кейіппен әріптесінің бетіне таңырқай 
қарады.
– Иван Степанович, сіздің адамдар өткен жазда бұрғылаған он 
жеті ұңғыма түгел дерлік кен қабатын кесіп өтті. Болмашы барлау-
мен бір миллион пұттан астам мыс тауып отырмыз. Ал егер жүз 
он жеті жерден бұрғыласақ ше?.. – деп Қаныш та кексе әріптесіне 
таңырқай қараған. – Тереңнен неге қорқамыз? Оған әуелі жету ке-
рек. Ал жету үшін сіздей білгірдің көз жұмған тәуекелі керек! Иә, 
иә, үстіңгі қабатта бар кен тереңнен де шығады деген...


195
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Жаным-ау, сіз болжаған тереңге бұрғылау – елу-алпыс, тіпті 
жүз метрге сүңгу емес қой. Соған қалай жетпекпіз? Бұл үшін сізге 
арнайы техника, ісмер маман керек! 
Яговкин келіспейтін рай танытып, басын шайқады.
– Он шақты станок Жезқазғанның өзінен шығады. Ағыл-
шындардан қалған, солардың кемшін тетіктерін тек түгендеу ке-
рек. Бұларды таяз барлауға саламыз. Ал терең барлауды «Орал-
горразведка» конторының мамандарына жасатамыз.
– Он бес станокта қанша адамның жұмыс іс тей тінін есептеп 
көріңіз. Кем дегенде жүз қаралы маман бұрғылаушы керек. Оның 
бәрін қайдан шақырмақсыз? Қаныш Имантаевич, мұныңыз, 
қияли романтиктердің сағым қуған далбаса үміті. Сірә, сіз Жюль 
Вернді бас алмай оқитын шығарсыз? Француздарда сондай бір 
қияли-елес романдар жазатын әлей жазушы болған. Мынауыңыз, 
шырағым, сол жарықтық қиялымен Айға ұшырған адамдарының 
сөзі, – деп күлді Сарыарқа білгірі.
– Негізгі жұмыс күшін Ұлытаудың өзінен табамыз, – деді 
Сәтбаев біртүрлі нық сеніммен өктем сөйлеп. – Жергілікті ха-
лықтың арасынан... Несі бар, станокта істеуге үйретеміз. Дүз 
қыранын ертелі-кеш баулып, дегеніне көн 
дірген қазақтың ой 
деңгейі шығырдың құлағын айналдыруға жетеді деп білемін...
– Айтып отырғаныңыз мен көрген кіреші лер ме? Обалы не, 
текке жамандауға қақым жоқ, қайырымды, аса елгезек, ауыр 
жұмысқа көн 
біс жандар. Сенімді кірешілер, жер танығыш
көлік бабын да біледі! Ну-с, одан арғыға, жо-жоқ, көңіліңізге 
келмесін, жарамайды. Әлбетте, сушы болып істей алады, иә, со-
сын, май тасуға, ал ста нок тың құлағын ұстап, тереңдегі жыныс 
гәбін бұрғылаушы снарядтың шыр көбелек айналуынан аңдап 
білуге? Снарядтың белгіленген бағыттан аумауын қадағалап? 
Тереңнен суыр ыл ған керн дерді маркілеп, тескен жерін метрлеп 
өл шеп, оны дәл деп жазуға? Жо-жоқ, атамаңыз, қымбаттым! Бұл 
үшін, шырақ, көп-көрім са уат керек, сауаттан бұрын бала күннен 
қалыптасқан, атадан балаға ауыс қан тәжі рибе, сезімтал кө кі рек те 
қажет. Сізді мен, Қаныш Имантае вич, сауатты маман, өзіндік ойы 
бар, талабы күшті азамат деп білемін. Ал мынауыңыз, кешіріңіз, 
Айға шауып мерт болған арыс танның әрекетіне ұқсайды. Іш тар-
тып жақсы көргендіктен де айтып тұрмын: тым кереғар, орындал-
мас жоспарға жоба әке ліпсіз, қостамаймын. Қарсы болғанмын, 
әлі де қарсымын. Жезқазғанның нақты қоры мұнша шығынды 
көтермейді. Мықтағанда, осы күнге дейінгі мәлім қорды екі-үш 


196
Медеу СӘРСЕКЕ
есе өсіресіз. Сол үшін әуреге түсудің керегі қан ша? Күш-қайратты 
жаңа алып Тұрланға жұмсау қажет. Былтырғы шұқанақ ізденісте 
сіз онда әжептәуір қазына барын көрсете алдыңыз. Бірер жыл бар-
лап кө рің із ші, құдай біледі дейін, он Жезқазғанға тұ рарлық кен 
орнына мәлімдеме жасайсыз!
– Ақыл-кеңесіңізге рахмет, Иван Степанович. Тұр лан жөнін-
де өзім де сондай ойдамын. Бірақ Жезқазғаннан да түңілгім 
келмейді. Түңілсем де не бар, не жоғын адақтап, асты-үстін әбден 
ақтарып, қарайламайтын болып алаңсыз кетсем деймін...
– Ау, сізді мен сыпайы жан ба десем, қы ңыр да екенсіз ғой, – 
деп жымиды Яговкин. – Жарайды, зиялылардың көңіл жықпас 
шартын ұсынамын: Жезқазған қыртысына екі станок қоямыз
оны да тек қана сіз үшін, меселіңізді қайырмау үшін! Ал Тұрланды 
не тапсақ та бірігіп іздейміз, азабын да, атағын да бірге бөлісіп. 
Келістік пе?.. 
– Ғапу етіңіз, соңғы төрелікті сарапшылар айтсын, – болды 
Қаныштың жауабы.
Геолкомның әрбір жобаға жөн-жосық айтатын сарапшы 
мамандарының пікірі де осыған сайды. Бірі бірінің аузына 
түкіргендей бәрі де: «Бүгінгі мүмкіндіктен алшақ кеткен», «Бұлт-
қа қонақтап, айға құлаш сермеген», «Өзін ақтамайтын жолсыз 
шығын», – десіп үзілді-кесілді қарсы шықты. Сәтбаев сөйтсе де 
Геолкомның бас маманы, профессор В.К. Котульскийдің пікірін 
күтпек болды. Өйткені Қарсақбай комбинатының шикізат қо-
рын қайыра тексеріп, зауыт қуатын екі есе арттыруға жоба 
жасауға тығыз тапсырма алған Гипрозем институты Атбасар 
тресінің геология бөлімі дайындаған деректерді Котульскийдің 
сарабына жолдаған-ды. Ал ол қазақ даласын бес саусағындай 
білетін кәнігі геолог. Әсіресе Ертіс өңірін. Соңғы жиырма жыл-
да В.К. Котульский бұл аймақты жүйелі зерттеп, жер астында-
ғы қисапсыз мол байлығына келелі болжам айтқан. Бұл өңірдің 
«Россияның Калифорниясы» деген бұрынғы дабыра атағына 
түбегейлі өзгерту енгізіп, «Кенді Алтай» атандырған ғұлама. 
Сондықтан да шығар, Қаныш Имантайұлы геология білгірі 
қазақ даласының екінші өлкесіне де сенім артып, тұсауын кесер 
әділ төрелік айтады деген үміттен құралақан емес-ті. Владимир 
Клементьевичтің беделіне, біліміне, білгірлігіне сенгені сонша!
Амал қанша, профессор Котульскийдің пікірі үмітін біржола 
кеспесе де мүдделі ісін мандытқандай оңды болмады. Әділдіктен 


197
ШЫҒАРМАЛАРЫ
аумас үшін жас маманның игі талабына айтылған қатаң кесікті 
қаз қалпында келтіреміз: «Что касается вопроса о возможных за-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет