СӘтбаевтану оқу-әдістемелік құралы (хрестоматия) Павлодар Кереку 2009 (574) ббк 72(5каз)я7 с 23 С. Торайғыров атындағы пму-нің тарих және кұқық факультеті әдістемелік кенесінің отырысында басуға ұсынылды Пікірсарапшы


Совет өкіметінің 30 жылында Қазақстандағы ғылым жетістіктері



бет9/16
Дата25.02.2016
өлшемі1.64 Mb.
#25421
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

Совет өкіметінің 30 жылында Қазақстандағы ғылым жетістіктері

Ұлы Октябрь социалистік революциясы Совет Одағында - халықтардың тарихи өркендеуіне жаңадан жол ашты. 1917 жылдың 16 ноябрінде жаңа құрылған Совет өкіметі «Россия халықтарының правос жөніндегі Декларацияны» халыққа жариялады. Бұл Декларацияда әрбір халықтардың өз билігін, өз тізгінін өзіне емін-еркін беру правосы жарияланды. Онымен қатар әрбір ұлттарға берілген артықшылықтар мен шек қоюшылықтардың қандайы болса да біржола жойылды.

Содан бері 30 жыл өтті. Бұл уақыттың ішінде, Совет Одағының басқа халықтары сияқты, қазақ халқыда өзінің экономикалық жағымен мәдени жағынан әлдеқайда алға басты.

Артта қалған, «бұратана», отарлы елдің бірі болған Қазақстан, енді гүлденген индустриялы-аграрлы советтік социалистік республикаға айналды. Қазақстан жерінде бүкілодақтық маңызы бар үшінші көмір ордасы Қарағанды бассейні құрылды.

Балқаштан мыс қорытатын, Шымкенттен қорғасын қорытатын заводтар салынды. Бұл заводтар күш-куат жөнінен ССР Одағында бірінші орынды алады. Темір, болат, сирек кездесетін металдар, алтын және тағы басқа сол сияқты бағалы заттарды өндіретін ірі-ірі өнеркәсіп орындары жаңадан құрылып, іс жүзіне асырылып отыр.

Қазақстан, ССР Одағының шығыста мал өсіретін негізгі базасы болып есептелініп, алға басқан және механикаланған ауыл шаруашылығы мол елге айналды.

Бұрын Қазақстанның бүкіл халқының 2 проценті ғана сауатты, артта қалған ел еді, енді Қазақстан халқының бәрі жаппай сауатты республикаға айналды.

Өткен 30 жылдан әрі Қазақстан көлемінде ешбір жоғары дәрежелі немесе арнаулы орта дәрежелі оқу орындары болмаған еді, қазір республикамызда 90 техникум, 23 жоғары дәрежелі оқу орындары бар.

Октябрь революциясына дейін Қазақстан жерінде тек бір ғана көлемсіз ғылыми-зерттеу мекемесі болды. Ол императорлық география қоғамының Батыс Сібір бөлімінің Семейдегі бөлімшесі еді. Бұл мекеме өзіні шамалы ғылыми-зерттеу жұмысын, тек Семей облысының көлемінде ғана жүргізген. Қазақстанның жер үстіндегі және жер астындағы байлықтары мен жергілікті халықтарының рухани және заттық мәдениеті жөніндегі шала мәліметтер, совет дәуірінен бұрын Россия империясы орталығынан анда-санда шығатын экспедициялардың қорытындысы ғана алынып отырған.

Октябрь дәуірінен бұрынғы жүргізілген экспедиция жұмыстарының бәрі де тек маршрутты шолу түрде ғана жүргізіп отырған. Сондықтан, олар Қазақстанның жер үстіндегі және жер астындағы байлықтары туралы, Қазақстанның халықтары жөніндегі мәліметтерді табанды, түсінікті түрде етіп толық бере алмаған. Тек Ұлы Октябрь революциясынан кейін, ел билігі халықтың өз қолына берілгеннің соңында ғана ғылымды толық дамытуға барлық мүмкіндіктер туды.

1918 жылы В.И.Лениннің жасаған «РСҚСР ғылыми-техникалық жұмыстарының жоспарындағы» көрсеткен данышпандық бағытынан кейін, ғылыми-зерттеу жұмыстары елімізде күрделі және мақсатты түрде етек алды. Азамат соғысы мен интервенттер соғысы тоқталысымен-ақ дерлік, әсіресе бірінші бесжылдықтардың дәуірінде, Совет Одағының басқа республикаларымен қатар, Қазақстанда да ғылыми-зерттеу орталықтары жаңадан құрылып өркендеді. Бұл мекемелердің ғылыми жұмыстары жылдан-жылға етек алып, өрістей берді. Ғылыми-зерттеу мекемелерінің құрылуына негіз болған, жас совет өкіметінің бұрын артта қалған, Қазақстан сияқты ұлт өлкелерін, екпінді түрде индустрияландыру саясаты болды.

1926 жылы Жезқазғанда «Атбасар түсті металл тресінің» геологиялық барлау бөлімі ұйымдастырылды. Бұл Қазақстанда жергілікті геологиялық зерттеу қызметінің ең алғашқы «тұңғышы» еді. Бұл бөлім Орталық Қазақстанда геологиялық зерттеу жұмыстарын кең түрде қолға алып, алдымен Жезқазған ауданының геологиялық құрылыстары мен кең байлықтарын зерттеуді күшейтті.

1931 жылы «Алтайполиметалл» тресінің жанынан геологиялық барлау бөлімі ұйымдастырылды. Бұл бөлім геолог П.П. Буровтың басшылығымен Кеңді Алтайдың полиметалдық байлығын ашу жолында тамаша жұмыстар жасады. Сол жылы Қазақтың геологиялық барлау тресі, Қарағанды көмір тресінің жанынан геологиялық барлау бюросы, Қазполиметалл тресінің жанынан геологиялық барлау бөлімі және Балқашстрой тресінің жанынан геологиялық барлау бөлімі ұйымдастырылды. 1931 жылы Қазақстанның ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құру институты құрылды. 1932 жылы ССР Одағы Ғылым академиясының Қазақстандағы филиалына айналды. 1933 жылы Ақтөбе никель тресінің жанынан геологиялық барлау қызмет ұйымдастырылды. 1934 жылы Ембі мұнай тресінің жанынан Орталық ғылыми-зерттеу лабораториясы /ЦНИЛ/ ұйымдастырылды. 1941 жылы Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылық Ғылым академиясының Қазақстандық филиалы ұйымдастрылды.

Қазіргі уақытта Қазақ республикасында ғылыми мекемелердің түрлі тараулары бар. Ол ғылыми мекемелерге мұрындық болып басшылық көрсетіп отырған, 1946 жылы 1 июньде ашылған, Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Ғылым академиясы.

Совет дәуіріндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының қарқыны турасында біраз түсінік болу үшін, мысалға, Қазақстан көлемінде тек геологиялық зерттеу мен оның жер қойнындағы байлықтарын ашу жұмыстарыңда ғана қазір дербес қырықтан аса геологиялық және геологиялық барлау ұйымдары жұмыс істеп жатқанын айта кетелік.

Әрине, менің бұл сөзімде Қазақстандағы жас совет ғылымының жетістіктерінің бәрін бастан-аяқ баяндап, айтып беру түгіл, тіпті оның әрбір жетістіктерінің өзін атап өтуге де уақыт жетпейді. Сондықтан, мен соңғы 30 жылдың ішінде Қазақстанда жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының тек кейбір жинақтарын ғана шолып өтпекпін.

Совет дәуірінде картография-геодезия жұмыстары толық жүргізілуінің нәтижесінде, қазірде Қазақстан көлемі екі жүз мындық және жүз мындық, масштабы топографиялық карталармен жеткілікті түрде қамтамасыз етілді. Бұл жұмыстың сондай көлемді екендігін мына мысалдан көруге болады. Қазақстанның жер көлемі 2,7 миллион шаршы километрден астам бұл көлем бүкіл Германияның, Англияның, Италияның және Жапонияның жерлерін қосып есептегенде әлдеқайда артық жатыр. Қазақстанның геодезистері совет уақытында 23 мыңнан астам трингуляциялық пункттерді өлшеді, жер эллипсоидының мөлшері мен бетін дәлдеп білу жөнінде Қазақстан геодезистерінің жұмыстары бүкіл әлемдік маңызы бар ғылыми еңбектер.

Октябрь революциясына дейін, Қазақстанның барлық жер көлемінің шаршысының тек алты проценті ғана маршрутты әдіспен геологиялык түсіруге алынған болатын, бұл жерлердің өзінде тек Қазақстанның шет-бұшпақтары болатын.

Қазақстанның геологиялық структурасы Октябрь революциясынан бұрынғы уақытта мейлінше тұрпайы түрде шамаланатын. Бұған, «Россия Географиясының» XVIII томы үшін Сидельниковтың жасаған «Қырғыз өлкесінің геологиялық картасы» айқын айғақ бола алады. Бұл картада Солтүстік және Орталық Қазақстан жерлері үш түрлі бояумен ғана боялған, бұл бояулар тек девон мен третичный дәуірлерін және жасы белгісіз отты тау-жыныстарын ғана көрсететін.

Бұрын маршрутты әдіспен зерттеліп келген Қазақстан жерінде 1920 жылдан бастап жоспарлы түрде көлемді геологиялық түсіру жұмыстары басталды. Басында бұл зерттеу жұмыстары орталық геология комитетінін күшімен жүргізілді де, кейіннен Қазақстанның өзінің жергілікті геологиялық мекемелерінің қолына көшті.

Қазіргі уақытта Қазақстанның геологиялық зерттеу орындары, одақтас республикалардың ішіндегі ең күштілерінің бірі болып есептелінеді. Олардың қарауында геология және геологиялық барлау жұмыстарына өте маманданған жоғары дәрежелі білімді жүздеген мамандар бар.

Совет дәуіріндегі геологиялық зерттеу жұмысының бір негізгі сипаты бұл жұмыстың жоспарлы түрде жүруі, тоқтаусыз өсуі және социалистік мемлекеттің мүдделеріне толық қызмет ету.

Совет дәуіріндегі геологиялық зерттеу жұмысының екінші негізгі сипаты геологиялық зерттеу жұмыстарына ғылымның жаңа методтарын әрі кең, әрі терең түрде қолдану, мысалы, геофизика, оптика, радиология, спектралдық тағы басқа методтардың кең түрде қолданылуы.

Қазіргі уақытта Қазақстан жерінің 90 проценттен артығы геологиялық картаға түсірілді. Республикамыздың жерінің барлық көлемінің жартысынан артығы геологиялық түсіруге салынып отыр. Қазақстанда геологиялық жолмен зерттелмей, картаға түспей қалған, былайша айтқанда, «мәлімсіз» жерлер Октябрь революциясына дейін 94 процент болатын болса, қазірде 10 процентке ғана түсті деуге болады. Советтік Қазақстанның соңғы 30 жылдың ішінде ірі масштабты геологиялық түсіруге алынған жерлерінің көлемі Ұлы Октябрь революциясынан бұрынғы осы масштабты түсіруге алынған жер көлемдерінен 500 есе артық. Егер Октябрь революциясынан бұрын Қазақстан жері тек қана девон және третичный дәуірлерінің және аздаған карбон және мезозой дәуірлерінің тау жыныстарынан құралған деп шамаланса, Қазақстан жерінің қазіргі геологиялық картасының бетінен осы заманғы геология ғылымына белгілі археозойдан бастап, ең соңғы дәуірге дейінгі барлық системалар мен дәуірлерде жасалған тау жыныстарын көрсететін неше алуан бояуларды табасыз.

Совет геология қызметкерлерінің қамти және жемісті түрде жасалған еңбектерінің арқасында Қазақстанда совет дәуірінде есепсіз мол кең байлықтары ашылды. Соның нәтижесінде, Қазақстанды қазіргі кезде, кейде Совет Одағының «қазынасы», қоймасы деп атап жүреді. Бұл көркем теңеудің орындалуын мына мысалдардан көруге болады: рудалы және рудасыз кен байлықтары жөнінен Қазақстан қазір жер жүзінде бірінші орын алады.

Қазақстанның жерінде көмір байлықтары мол. Бұлардың көпшілігі тас көмір. Орталық Қазақстандағы Қарағанды көмір алабы қазір Донбас пен Кузбастан кейінгі Бүкілодақтық үшінші көмір ордасы болып саналады. Ол тек Қазақстан емес, Орта Орал мен Оңтүстік Оралдың да күрделі индустриялық орталықтарының отын базасы болып отыр.

Мұнай (нефть) байлығынан да Қазақстан айтарлықтай дәрежелі орында. Октябрь революциясына дейін Қазақстанның Гурьев облысында тек екі кәсіпорны ғана шала жұмыс істесе, қазірде мұнайдың шамасы мен өнімі жөнінен Қазақстан Одақта Азербайжан мен РСҚСР-дан кейінгі үшінші орынды алып отыр.

Түсті металдар жөнінен Қазақстанды Совет Одағының «қазынасы» деп айту дұрыс сөз.

ССР Одағында, оның бер жағында Қазақстанның әз ортасында мыстың аса күрделі кені Жезқазған. Жезқазған кеңдеріне негізделіп 1928 жылы түсті металдың республикамыздағы тұңғышы Қарсақбай заводы салынды.

Мыс кені жөнінде Қазақстанда екінші орында тұрған Қоңырат. Бұл кен 1928 жылы ғана табылды. Қазір Қоңырат кенінің мыс байлығына негізделіп құрылған Балқаш заводы, өндіріс көлемі бойынша ССР Одағында ең бірінші орында.

Совет геологтерінің еңбектерінің арқасында кенді Алтайда сирек кездесетін полиметалдық, қорғасын, мырыш шығатын күрделі кеңдер табылды. Кенді Алтайдың орасан толып жатқан тау байлықтарының негізінде, қазір бірқатар рудниктер мен заводтар жұмыс істеп жатыр.

Совет өкіметінің кезінде зерттеліп ашылған қорғасын кендеріне негіз болған Оңтүстік Қазақстандағы Шымкент заводы өндірістік күш-көлемі жөнінен ССР Одағында бірінші орында.

Екінші бесжылдықтың тұсында Батыс Қазақстаннан хромит пен никельдің күрделі кендері табылды. Қазірде Қазақстан никель байлығы жөнінен ССР Одағындағы алдыңғы орындардың бірін алды. Бүл кендер қазір толық пайдаға асырылып тұр. Мұның арқасында Қазақстан ССР Одағындағы қорытылатын феррохром мен никельдің көлемінде көрнекті орын алып отыр.

Сонымен бірге, Қазақстанда сурьме, қалайы, күміс, висмут, индий және басқа да осы сияқты сирек кездесетін қымбатты металдардың кені табылып, кең пайдаланылып жатыр.

Совет өкіметі уақытында Қазақстанда алтын шығаратын ірі өнеркәсіп орындары құрылды.

Отан соғысы жылдарында Қазақстаннан табылған ванадий кеңдері сан жағынанда, сапа жағынанда Советтер Одағыңда бірінші орын алды. Мұның жер жүзілік маңызы бар.

Марганец байлығы жағынан Қазақстан Советтер Одағында Украина мен Грузиядан кейінгі үшінші орынды алады. Отан соғысының қиын-қыстау жылдарында Совет өкіметі уақытыңда ашылып, зерттелген Жезді марганец Магнитогор металлургия комбинатының жұмысында, никополь марганецінің орнын толық жабуға шамасы келді де, Совет Одағынын Отан қорғау өнеркәсібінің негізі болатын Магнитогор комбинатының жұмысында соғыс кезінде ешбір олқылық болмаушылығына зор себеп болды.

Совет өкіметі уақытында Қазақстанда табылған темір кендерінің ірі байлықтары тек Қазақстанның негізгі базасы ғана болып отырған жок, Өзбекстан жерінде жұмыс істеп жатқан металлургия заводтарының да негізгі кең базасы болып отыр.

Химия өнеркәсібінің барлық негізгі салаларын өркендету жөнінде Қазақстан керекті шикізаттарға өте бай. Қазақстанда егістік өнімін молайтатын заттардың күрделі кеңі Қаратау фосфориттері табылды. Каратау фосфориттер қоры көптік жағынан және сапа жағынан болсын атақты Хибин апатиттерімен барабар. Бор сияқты қымбатты зат Совет Одағында тек қана Батыс Қазақстандағы Индер көлінен шығады. Казақстанның тұз байлығында есеп жоқ, бұлардың ішінде ас тұзы, глаубер түзы, мирабиллит тағы басқа неше алуан тұздардың заттары бар. Ол Қазақстандагы Семізбұғы руднигі.

Қазақстан геологтері республикамыздың су байлығын зерттеу жөніңде де зор табыстарға ие болды. Қазақстандағы өнеркәсіп орындарының барлығы және де келешекте салынбақшы болган өнеркәсіп орындары, сонымен қатар республикамыздың барлық күрделі ауыл шаруашылық аудандары, су қажеттілігі жағынан қазір де қамтамасыз етілді деуге болады.

Совет өкіметінің 30 жылдық мерекесінің қарсаңына совет геологтерінің Қазақстан жерінен тапқан минерал байлықтары жөніндегі табыстарының қысқаша қорытындысы осы. Бұл байлықтарды пайдалана бастаудың арқасында Қазақстан қазір қуатты индустриялық-аграрлық Советтік Социалистік Республиканың біріне айналып отыр.

Қазақстанның жер бетін, оның топырағын, өсімдіктері мен андарын зерттеу және пайдалану жөнінде де Қазақстанның ғылыми қызметкерлері совет дәуірінде зор табысқа ие болып отыр.

Қазақстанның топырақ зерттеуші ғалымдары қазірде Қазақ республикасының барлық 16 облыстарыныңда миллиоңдық масштабты топырақ карталарын жасап бітірді. Қазірдің өзінде-ақ Орталық Қазақстанның шөлінде орын алған бірқатар ірі индустриялық Жезқазған, Балқаш сияқты орталықтар өз жандарынан ағаш, жеміс және көкеніс шығару жақтарынан қамтамасыз етілу жолында көп табыстарға жетіп отыр.

Қазақстанда жаңадан құрылған ғылымның жас саласы топырақ микробиологиясыныңда бірқатар тамаша ғылыми табыстары бар.

Қазақстанның ботаниктері мындаған өсімдік шөптердің түрлерін зерттеп, олардың іштерінен көптеген бұрын ғылымға мәлімсіз өсімдіктердің жаңа түрлерін тапты. Осындай Қазақстанда бірінші табылған ғылымға жаңа өсімдіктердің бірі, қазірде бүкіл ССР Одағында, резина өндірісіне негіз болып отырған көксағыз бен таусағыз, онымен қатар Қазақстанның тағы флора өсімдіктерінің ішінен көптеген шаруаға пайдалы өсімдіктер табылды: баяу болатын, тері илейтін, дәрі-дәрмекке жарататын, тамақ олатын, витамин беретін, сабын шығаратын және солар сияқты басқа өсімдіктер.

Қазақстанның өсімдік картасы жасалды. Қазақ ССР Ғылым адемиясының ботаника институтының гербарийінде қазірде 50 000-нан артық өсімдік жинақтары бар; мұның ішінен республикамыздың жеріндегі барлық өсімдік түрлерінін 75 процентін табуға болады. Бұл гербарий Қазақстан жерінен табылған жаңа өсімдіктердің тұңғыш рет ғылым жүзіне түскен, зерттелген және сақталған «қарашаңырағы».

Қазақ ССР Ғылым академиясының Ботаника институтының ғалымдары қазірде бірталай пайдалы тағы өсімдіктерді егілетін етіп, онымен қатар ССР Одағының басқа республикаларында, тіпті дүние жүзіндегі басқа елдерден әсетін көптеген пайдалы өсімдіктерді Қазақстанға әкеліп, халық шаруашылығына жарату жөнінде көп жұмыс жүргізіп жатыр. Қазақстан Академиясының Алматы қаласындағы Ботаника бағы ССР Одағы мен және бүкіл дүние жүзіндегі 400-ден аса өсімдіктерді зерттейтін ботаника мекемелерімен қазірде үнемі ғылыми байланыс жасап, түрлі өсімдіктердің тұқым қорын алмастырып тұрады.

Қазақстанның көп түрлі хайуанаттарын (фаунасын) зерттеу жұмысын зоологтеріміз күрделі түрде қолға алды. Олар қазірде республикамызда ауланатын аңдар мен құстардың атлас картасын жасады. Қазақстанның балықтар мен паразит фаунасы көңілдегідей зерттелуде, сонымен қатар Қазақстанда өткен дәуірлерде мекен еткен, қазірде мүлде жоғалған хайуанаттардың (палеозоология) зерттеуі қазірде қолға алынды.

Қазақстанның ауыл шаруашылық жөніндегі ғылыми жұмыстары да едәуір табыстарға ие болды. Бұған дәлел, республикамызда қазірде өсіп-өніп тұрған мақта, қызылша, каучук тағы сол сияқты түрлі техникалық өсімдіктер. Қазірде советтік Қазақстан осы өсімдіктерді өсіріп өндірудің жолында. Бұл жөнінде диханшылықты күшейтіп, молынан өнім алуда. Каучук өсімдіктерінің туған жері біздің Қазақстан екенін жоғарыда айтқанбыз.

Мал шаруашылығы жөнінде, әсіресе малдардың жаңа тұқымдарын шығаруда (алдымен қой мен ешкі тұқымдары), мал басын өсіру жөнінде, оның ішінде қой малының басын өсіруде, онымен қатар республикамыздың мал шаруашылығын өркендету жолындағы маңызды аудандар мен облыстардың жеріндегі азық шөп қоры мен су байлығын зерттеу жұмысында, Қазақстанның ғалымдары көзге түсерлік табыстарға ие болып отыр. Қазақстанның миллиондаған малының басы қазірде социалистік құрылысының негізіне сәйкес асылдану жолында мейлінше етек алулы.

Қазақстанда ғылымның медицина-биологиялық саласы да қазірде кеңінен өріс алып отыр. Бұл салаларда көбінесе зерттеліп жатқан бруцеллез, безгек, бұғақкеселі, энцефалит сияқты аурулар. Қазақстанда кездесетін аурулармен күресті мейлінше күшейтудеміз. Бұлармен катар өндіріске байланысты силикоз, қорғасын интоксикациясы сияқты аурулармен, тағы басқа аурулармен күресу шаралары қазірде қолға қатты алынып отыр.

Қазақстанда қазірде астрономия, физика ғылымдары да көрнекті түрде дамуда. Бұған Қазақстанның ауа райының оптикалық қасиеттерінін ұзақтылығы, бұлттың аздығы және бұлтсыз ашық күндерінің көптігі, әсіресе Оңтүстік Қазақстанның таулы аудандарында күн көзінің көбінесе ашық болуы, түңгі аспанның терендігі сияқты өте қолайлы түрлі табиғи жағдайлар да зор себеп болып түр.

Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі В.Г.Фесенков пен Қазақ ССР Ғылым академиясының толық мүшесі Г.А.Тихов басқарған Астрономия және физика институты қазір ССР Одағының астрофизика мекемелерінің ішінде құрметті орын алып отыр. Ұлы Отан соғысының кездерінде бұл институт Совет Одағындағы астрономия ғылымының орталығы болды деуімізге болады. Әлем құрылысының теориясын, атмосфераның негізгі оптикалық қасиеттерін, күн мен планеталардың, әсіресе Марстың астрофизикалық қасиеттерін зерттеу жөнінде институт бірсыпыра көрнекті ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасады. Марс планетасындағы болжанатын өсімдіктер мәселесіне байланысты, жер бетіндегі өсімдіктердің кейбір арнаулы қасиеттерін зерттеу жөніндегі Қазақ ССР Ғылым академиясының толық мүшесі Гавриил Андрианович Тиховтың еңбегі, шынында, дүние жүзіне жаңа ғана туғалы отырған астроботаника ғылымының негізі, іргесі есебінде. Бұл жаңа ғылым, сонымен біздің Қазақстаннан туып отыр. Қазір Ғылым академиясының Астрономия және физика институтының ғылыми қызметкерлері, сол институт директоры академик Василий Григорьевич Фесенковтік басшылығымен атақты Сихотэ-Алин метеоритін іздеп табу, зерттеу жұмысында да күрделі еңбек жасады.

Қазақстандағы су энергетикасы мен бу энергетикасының байлықтарын зерттеуде, сол байлықтарды халық шаруашылығына пайдаланудың тиісті әдістерін анықтау жолдарында да Қазақстанда бірсыпыра жүмыстар жасалды. Қарағанды бу электрстанциясы мен Балқаш бу электрстанциясы, Ертістегі салынып жатқан су электрстанциясы қазірде терең түрде зерттелініп жатқан үлкен Алтай, Іле, Сырдария сияқты маңызы зор энергетика проблемалары Қазақстан энергетиктерінің айтарлықтай маңызды еңбектерінің бірі.

Қазақстанда кен шығару өндірісін дамыту жолындағы ғылыми зерттеушілердің де бірсыпыра айтарлықтай табыстары бар. Орталық Қазақстанның мыс кендерін, Алтайдың полиметалл кендерін, Қарағанды көмір алыбын нәтижелі жолмен ашуда, пайдалы системалармен кеңдін жер бетіне шығаруда, Қазақстанның кен зерттеуші ғалымдары көп еңбек сіңірді.

Қоғамдық ғылымдар жөнінде де Қазақстанның қазірде айтарлықтай етістіктері аз емес. Қазақстанның тіл және әдебиет ғалымдарының басшылығымен орыс графикасына негізделінген қазақтың жаңа алфавиті жасалды. Қазақ халқының орасан бай фольклоры, оның толып жатқан неше алуан батырлық және лирикалық эпостары да жиналып, зерттелуде. Совет өкіметінің кезінде ғана халық творчествосының қайнар бұлағының көзі ашылып, Жамбылдың және басқа халық ақындарының жаңа күшпен шырқаған әсем өлеңдері бүкіл Совет Одағына тарады. Қазақ тілі грамматикасының ғылыми негізі жасалды; орыс-қазақ сөздігі басылып шықты. Тарихи маңызы бар жерлерде, әсіресе, Оңтүстік және Орталық Қазақстанда археологиялық, ескілік мұраларды қазып зерттеу жұмыстары да жүргізілді.

Қазақстанның бай музыкалық фольклорын жинау және оны ғылыми зерттеу жөніңде де көп жұмыстар істелді. Қазақ халқының 1500-дей өлеңдері мен күйлері тек совет заманында ғана бірінші рет баспада басылып шығып отыр. Дүние жүзі мәдениетінің аса көрнекті өкілі Ромэн Роллан сияқты атақты адамдар қазақ өлеңдеріне ерекше маңыз берді. Қазақтың музыкалық фольклорына негіздеп, Қазақстанның композиторлары «Қыз Жібек», «Ер Тарғын»,. «Біржан Сара» және тағы солар сияқты опералар мен көптеген музыкалық басқа шығармалар жазды.

Отан соғысының қызу кезінде 1943 жылдың өзінде-ақ Қазақстан тарихшылары «Ертелікті замандардан бастап бүгінгі уақытымызға дейінгі Қазақстан тарихы» атты үлкен көлемді кітаптың айналасында еңбек етіп, кітап жарыққа шықты. Бірақ кітаптың бастапқы басылуында идеологиялық, методологиялық және ұлтшылдыққа бұрмалау қателерімен шықты. Бұл қателерді ҚҚ(б)П Орталық Қомитеті көрсетті. Қазір кітаптың екінші басылуында ҚҚ(б)П Орталық Комитеті мен қазақстандық партия баспасөздерінің көрсеткен қателері жөнделіп, әбден дұрысталып, баспаға даярланды.

Қазақстанда совет ғылымының өсуі мен гүлденуінің ең айқын белгісі қазір республикамыздағы ғылымның орталығы болып отырған 1946 жылғы 1 маусымда ашылған Қазақтың Советтік Социалистік Республикасының Ғылым академиясы.

Қазақ ССР Ғылым академиясының қарамағында қазіргі уақытта 42 ғылыми-зерттеу мекемелері бар. Бұл мекемелер осы замангы ғылымның негізгі тарауларының бәрін де қамтиды. Қазақ ССР Ғылым академиясында 17 ғылыми институттар бар. Олар: геология, кен шығару, химия, металлургия, отқа шыдамды заттар мен құрылыс заттарын зерттеуші, энергетика, астрономия және физика, топырақ зерттеу, ботаника, интродукция және шөл даланы меңгеру, зоология, экспериментальдық биология, физиология, өлкелік паталогия, экспериментальдық және клиникалық хирургия, тарих, археология және этнография, тіл және әдебиет институттары; бұлардан басқа Қазақ ССР Ғылым академиясында 10 сектор бар. Олар: философия, математика және механика, география, астроботаника, экономика, право, көркемөнер тану, архитектура, транспорт, микробиология және вирусология, кәсіпке байланысты ауруларды зерттеумен гигиена, антисейсмика (жер сілкінуге), берік құрылыс жолдарын зерттеу секторлары; бұл секторлар да келешекте өз алдына жеке институттарға айналмақшы. Академияның қарамағында Алматыдағы Республикалық ботаника бақшасы мен геологиялық музей бар. Бұлардан басқа Академияның жер-жерге таралған стационарлық, ғылыми-зерттеу 10 базалары бар. Олар Қазақ республикасының Қарағанды, Жезқазған, Гурьев, Лениногор және басқа солар сияқты аудандарда ғылыми зерттеу жұмысын жүргізіп отыр.

ССР Одағы Ғылым академиясының қазақ филиалының негізінде құрылған Қазақ ССР Ғылым академиясының жұмысы мен кадрлары кейінгі алты жылда, әсіресе Отан соғысы жылдары, мен соғыстан кейінгі жылдарда қарқынды түрде өскендігін айтып кетуге тура келеді.

Соңғы 6 жылдың ішінде Қазақстанның Ғылым академиясының ғылыми кадрлары 7,8 есе, оның ішінде ғылым докторлары мен профессор кадрларының саны 10,5 есе ғылым кандидаттары мен доценттердің саны 8 есе, аспиранттардың саны 9 есе өскендіктерін көреміз.

Республикамыздың жергілікті халқы қазақ ғылыми кадрларын даярлау жөнінде көп жұмыс істелді. Өткен 6 жылдың ішінде Академиядагы ғылым докторы мен ғылым кандидаты деген атағы бар қазақтардың саны 16,4 есе, аспирант қазақтардың саны 19 есе өсті.

Сонымен бірге, Қазақ ССР Ғылым академиясының ғылыми кадрларының арасында қазірде ғылым жолын ойдағыдай меңгеріп алған қазақ әйелдері де бар, өйткені Академияның барлық кадрларының 24,8 проценті әйелдер. Сондықтан, бұл да айтарлықтай қуанышты істің бірі. Қазақ ССР Ғылым академиясында қазірде қызмет істеп жүрген ғылым докторлары мен кандидаттардың жалпы санының 42,8 проценті БҚ(б)П мүшесі, яки кандидаты.

Қазақ ССР Ғылым академиясының коллективінің көпшілігі партияның және халықтың жолына шексіз берілген таза адамдар деп айта аламыз. Олар өздерінің барлық білімдері мен күш-қуаттарын Отанымызда коммунизм құру ісіне аянбай берілетін адамдар деп білемін.

Қең байтақ жері бар, табиғи байлықтары мол, әлі де жете зерттелмеген Қазақстан сияқты республикада ғылым жұмыстарын барынша өрістету жалпы мәдениеттік іс бола тұрса да, ССР Одағы Ғылым академиясының Қазақ филиалы мен Қазақ ССР Ғылым академиясының аз жылда осындайлықты өсіп өркендеуіне көбінесе себеп болған Академияның өзінің жұмыстарын дұрыс бағытқа қоя алғандығы. Бұл жылдардағы академияның ұстаған бағыты Қазақстанның түрлі табиғи байлықтарын күрделі түрде зерттеу, сонымен соғыс жылдарындағы майдан мұқтаждарын қамтамасыз ету, соғыстан кейін жаңа бесжылдық кезінде, Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін өркендету шараларын зерттеу негіздері болды.

Қазақстанның Ғылым академиясының ұжымы бүкіл совет ғылымымең бірге аяқ басып келуде, Бүкіл одақтық Ғылым академиясының президенті академик С.И.Вавиловтың сипаттауы бойынша, «совет ғылымының негізгі ерекшеліктерінің бірі, ғылымды социалистік мемлекетіміздің керегіне жұмсау, бейімдеу: соғыспен сталиндік бесжылдақтардың заманы, дейді академик Вавилов, ғалымдардың жаңа мектебі болып табылды. Олар, ең маңыздыны екінші дәрежедегіден мемлекеттік тапсырманы «таза ғылым» дейтіннен айыра алудың керектігін үйретті».

БК(б)П Орталық Қомитеті мен Қазақстан большевиктерінің коммунист партиясы Орталық Комитетінің және ССР Одағы Министрлер Советі мен Қазақтың Советтік Социалистік Республикасының Министрлер Советінің үнемі жасалған қамқорлық басшылықтарының арқасында, Қазақ ССР Ғылым академиясының ғылыми жұмыстары тура бағыт алып өсуде. Академияның кадрларын идеологиялық тәрбиелеу және оның материалдық базасын нығайту мәселелері жөнінде Қазақстан болылевиктерінің Коммунист партиясының Орталық Комитеті мен Қазақ ССР өкіметі талай рет маңызды қаулылар алды. Бұл қаулылардың іс жүзіне асырылуы Қазақ ССР Ғылым академиясының өркендеу жұмысына зор көмек көрсетті және көрсетуде.

Республикамызда Ғылым академиясымен тетелес келе жатқан ірі және күрделі ғылыми-зерттеу мекемесі Бүкілодақтық Ауыл шаруашылық ғылым академиясының Қазақстандық филиалы. Ол 1941 жылы құрылды. Осы күні оның системасында: Қазақстан территориясына тең бөлінгені тәжірибе станциясын, 10 тәжірибе даласын, 17 тәжірибе пунктісін және эксперименттік 6 базаның басын құраған жер шаруашылыгы, мал шаруашылығы, мал дәрігерлік және ауыл шаруашылық атты 4 институты бар. ВАСХНИЛ филиалының кадры қазірдің өзінде бірнеше жүзге жетті; олардың көпшілігі доктор, кандидат деген ғылыми дәреже алған оқьшыстылар. Ғылыми қызметкерлердің ішінде доктор, кандидат дәрежесін алған қазақтар саны да басым.

Республикамыздың ірі ғылыми-зерттеу мекемелерінен басқа Қазақстанда зерттеу жұмыстары қазір де тағы көп орындарда жүріп жатыр. Ол орындар: жоғары дәрежелі оқу орындары, көптеген геологиялық партиялар мен Одақтық және республикалық министрлер мен мекемелердің кәсіпорындарының заводтың лабораториялары. ССР Одағы Ғылым академиясының басшы институттарының шығаратын экспедициялары, Бүкілодақтық Ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу институттарының тәжірибе станциялары мен сорт сынау участкелері солармен қатар, социалистік Қазақстанның өнеркәсібінің ауыл шаруашылығы мен мәдениетінің көптеген озаттары мен жаңалық бастаушылары.

Техникада, агрономиялық ғылымдарда, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында жаңа жол салған, тау комбайнын шығарған Макаров, тарыдан дүние жүзіндегі ең көп түсім алған Шығанақ Берсиев, егіннен ең жоғары түсім алу ісінде жаңа жолдар салушы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары Ыбырай Жақаев пен Ким Ман-Сам, Социалистік Еңбек Ері Герасимов сияқты атақты озат адамдарын Қазақстан қашанда болсын мақтаныш етеді.

Совет өкіметінің 30 жылдық даңқты мерекесінің құрметіне Қазақстанда ғылымның барысы жөніндегі кейбір табыстарымыздың қысқаша қорытындысы міне осындай.

Әрине, Қазақстанның ғалымдары қолы жеткен қазіргі табыстарға ғана ие болып, жылжымай тұрып қалмайды. Алдымызда кезек күттірмейтін, республикамыздың толып жатқан табиғи қорларын терең түрде зерттеуді, сол байлықтарды орын-орнымен пайдалануды талап ететін міндеттер тұр. Сонымен қатар, онда тұрушы халықтардың рухани және заттық мәдениетін бұдан да әрі өркендетумен байланысты көптеген ғылыми-зерттеу проблемалары тұр. Ал, жаңа бесжылдықты төрт жылда орындау мақсаты да Қазақстан ғалымдарынан күш, қайрат, еңбекталап етеді.

Еліміздің халық шаруашылығы мен мәдениетін бұдан былай да зор дәрежеге өркендете беруіміз керек екендігі айқын. Аянбай жасаған бұрынғы еңбегінің үстіне әлі де творчестволық батыл еңбек жасаудың ерекше маңызды және аса қажетті екендігін Қазақстанның ғалымдары мен бүкіл интеллигенциясы толықтүсінеді.

Біздің ғалымдарымыздың Советтік Қазақстанның өркендеуіне сіңірген еңбектері қазірдің өзінде де аз емес. Қазақстанның ғалымдары мен бүкіл интеллигенциясы келешекте де өз республикасының Совет Одағының халық шаруашылығы мен мәдениетін өркендетуін жаңа шындарға шығару ісіне барлық күш-қайраты мен білімін беретіндігі айқын.

Жолдастар! Советтік Қазақстанның, ғылым мен мәдениет жолында өткен 30 жылдың ішіндегі тамаша табыстары коммунистік партияның данышпан басшылығының орыс халқының ғалымдарының Қазақстанға үнемі берген туысқандық жәрдемінің нәтижесі.

Қазақ ССР Ғылым академиясының ғылыми жұмысын өркендету, өрістету жөнінде ССР Одағы Ғылым академиясының орны ерекше зор. Қазақ ССР Ғылым академиясын құруға көп көмегін тигізген академик Владимир Леонтьевич Комаровтың жарқын бейнесін Қазақстан ғалымдары қашанда болсын естен шығармайды. Қазақстан ғалымдары совет ғалымының маңдай алды басштабы Одақтық Ғылым академиясымен келешекте де тығыз байланыс жасап отырмақ.

Қазақ халқының экономика мен мәдениеттік табыстары, Совет Одағының басқа халықтарының табыстары сияқты Совет Одағындағы халықтардың идеялық беріктігінің нәтижесі. Бұл Ленин мен Сталиннің кемеңгер басшылығы арқасында халықтар арасында мызғымас туысқандық, Достық орнатқан дана ұлт саясатының жемісі екендігі айқын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет