СӘулет, Қала қҰрылысы және қҰрылыс қызметі саласындағы сараптамалық ЖҰмыс және инжинирингтік қызметті жүргізетін сарапшыларды сынақтан өткізу үшін тест сұРАҚтарының жинағы сборник тестовых вопросов для аттестации экспертов



бет24/55
Дата17.07.2016
өлшемі7.71 Mb.
#205500
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   55

3.6. Жобаның арнайы бөлімдері

3.6.2. 2-нұсқа
3.6.2.1. Нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтар
1 сұрақ

Тапсырысшы құрылыс мердiгерлiгi шартында мердiгердiң жедел-шаруашылық қызметiне араласпай мыналарды бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға құқылы([1], 660-баптың 1-тармақ):



  1. жауаптың барлық нұсқалары дұрыс;

  2. орындалып жатқан жұмыстың барысы мен сапасына;

  3. олардың орындалу мерзімінің (кестесінің) сақталуына;

  4. мердігер берген материалдардың сапасына;

  5. тапсырысшының материалдарын мердiгердiң дұрыс пайдалануына.

2 сұрақ

Мердігерлік шартында жұмысты орындаудың қандай мерзімдері көрсетіледі? ([1],620-баптың 1-тармағы):


  1. жұмысты орындаудың бастапқы және түпкi мерзiмi көрсетiледі, тараптардың арасындағы келiсiм бойынша шартта жұмыстың жекелеген кезеңдерiнiң аяқталумерзiмдерi (аралық мерзiмдерi) де көзделуi мүмкiн;

  2. бастапқы мерзім ғана;

  3. түпкі кезең ғана;

  4. бастапқы және түпкi мерзiмi, түпкі – құрылыстың барысында;

  5. бастапқы және түпкi мерзiмi.

3 сұрақ



Сараптамалық жұмыстарды немесе инжинирингтік қызметтерді көрсетуді тиісінше орындамау абайсызда екі немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан кездегі жазалау түрін атаңыз ([2], 280-баптың 2-бөлімі):

  1. белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылғадейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға;

  2. бес мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға;

  3. түзеу жұмыстарына;

  4. бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге;

  5. бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға

4 сұрақ

Құрылыс-монтаждау және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде ғимараттарды, құрылыстарды, олардың бөлiктерiн немесе жекелеген конструкциялықэлементтерiн пайдалану сапасын нашарлатуға, олардың берiктiгiн, орнықтылығын төмендетуге әкеп соққан бекiтiлген құрылыс нормаларының және жобалау құжаттарыныңталаптарын бұзу шағын кәсіпкерлік субъектілеріне .........мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады([3], 313-баптың 1-бөлімі):


  1. төрт жүз айлық есептік көрсеткіш;

  2. екі жүз айлық есептік көрсеткіш;

  3. бес мың айлық есептік көрсеткіш;

  4. бес жүз айлық есептік көрсеткіш;

  5. алты жүз айлық есептік көрсеткіш.

5 сұрақ

Рұқсаттардың күші қолданылады([4], 22-баптың 3-тармағы):


  1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына;

  2. ол берілген облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) аумағына;

  3. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес оның шегінен тыс;

  4. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттер-қатысушылар аумағына. халықаралық шарттарға сәйкес оның шегінен тыс;

  5. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттер-қатысушылар аумағына.

6 сұрақ

Республикалық маңызы бар қала мәслихаттары жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретiне не жатады?([5], 22-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы):


  1. қаланы дамытудың бас жоспарының жобасын (негізгі ережелерді қоса алғанда) мақұлдау;

  2. сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы Қазақстан Республикасының әлеуетін басым пайдалау туралы заң актілері талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

  3. сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау тәртібін әзірлеу және бекіту;

  4. тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау бойынша облыстық комиссияларды құру және бекіту;

  5. облыстың елді мекендерінің шекаралары шегінде Қазақстан Республикасыныңорман қорына кірмейтін жасыл екпелерді егудің, күтіп-ұстаудың және қорғаудың ережелерін облыстық мәслихатқа бекітуге ұсыну.  

7 сұрақ

Елдi мекеннiң қоғамдық (қоғамдық-iскерлiк) аймағы арналады ([5], 50-баптың 1-тармағы):


  1. әкiмшiлiк, ғылыми-зерттеу, қоғамдық мекемелердi және олардың кешендерiн, қонақ үйлер мен қонақ үй кешендерiн, iскерлiк және қаржылық белсенділiк орталықтарын, мәдениет, бiлiм беру, денсаулық сақтау, спорт, коммерциялық қызмет, сауда және қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету объектiлерiн, аталған объектiлердiң жанынан ашық көлік тұрақтарын, жер бетiндегi және жер астындағы көлiкжайларды, санитариялық және экологиялық қорғаныш жөніндегi арнаулы iс-шараларды талап етпейтiн басқа да үйлер мен ғимараттарды орналастыруға;

  2. әскери объектілерді;

  3. ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарын;

  4. пайдалы қазбаларды алу үшін карьерлер мен разрездерді;

  5. әуежайларды.

8 сұрақ

Сараптама комиссияларының (сараптама топтарының) құрамына кіргізуге, сондай-ақ жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптамаға қатысудың өзге де нысанына тартуға жол берілмейді([5],64-1-баптың 10-тармағы):


  1. қаралатын жобаларды дайындауға және (немесе) әзірлеуге тікелей немесе жанама қатысқан не оларды әзірлеген жобалау ұйымдарының өкілдері болып табылатынмамандарды;

  2. мамандандырылған институттар мен ұйымдарды;

  3. шет мемлекеттің тиісті органы берген сараптама қызметімен айналысу құқығынаарналған құжаттары бар шетелдік сарапшыларды;

  4. ғылыми қызметпен айналысатын мамандарды;

  5. оқытушылық қызметпен айналысатын мамандарды.

9 сұрақ



Қандай жағдайда тиісті санитариялық-қорғаныш аймағы көзделуге тиіс?([5], 58-баптың 1-тармағы):

  1. өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін, сондай-ақ арнаулы мақсаттағы объектілерді орналастыру және олардың жұмыс істеуі халыққа қатер төндіруі және (немесе) қоршаған ортаға зиянды әсер етуі мүмкін болған жағдайда;

  2. санитариялық-қорғаныш аймағының болуы барлық жағдайларда міндетті;

  3. сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру кезінде санитариялық-қорғаныш аймағының болуы міндетті емес;

  4. меншік иесінің (жерді пайдаланушы) қалауы бойынша;

  5. жауаптың дұрыс нұсқасы жоқ.

10 сұрақ

Елдi мекеннiң қала құрылысы ресурстарында белгiленген аумақтары([5], 59-баптың 3-тармағы):


  1. резервке алынуға;

  2. консервацияға;

  3. жедел түрде құрылыс салуға;

  4. жеке және заңды тұлғаларға жалға беруге;

  5. рекультивациялауға.

11 сұрақ

Декларациялар мен мәлiметтердi ұсынбауы немесе толық, анық ұсынбауы, қасақана жасалған, сондай-ақ бірнеше рет жасалған әрекеттер ..... әкеп соғады ([6], 9-баптың 5-1-тармағы):  


  1. әкімшілік жауаптылыққа;

  2. тәртіптік жауаптылыққа;

  3. қылмыстық жауаптылыққа;

  4. азаматтық-құқықтық жауаптылыққа;

  5. материалдық жауаптылыққа.

12 сұрақ

Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың Бас схемасы Негізгі ережелеріне мыналар жатады ([7], 10-тармақтың 5) тармақшасы):


  1. аймақтарға бөлу схемасы және қала құрылысы қызметін жүзеге асыру кезінде оны пайдалану басымдықтары мен шектеулерін анықтау;

  2. құрылыс, сәулет-қала құрылысы және құрылыс мақсатында картографтық-геодезиялық қорды пайдалануүшін инженерлік іздестірулер жүргізу;

  3. сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасын мемлекеттік жоспарлау жүйесіне негіздеме, болжамдар, құжаттар жасау;

  4. сәулет, қала құрылысы және құрылысы және өзге жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын белгіленген тәртіппен әзірлеу, келісу, сараптау және бекіту;

  5. жаңа құрылыс, ғимарат, имарат, инженерлік және көлік коммуникцияларын салу, сондай-ақ қолданыстағыларын кеңейту, техникалық қайта жарақтау, жаңғырту, реконструкциялау, реставрациялау және күрделі жөндеу.

13 сұрақ

Әрбір аумақтық деңгейдегі Қала құрылысы кадастрының дерекқорын қалыптастыру(жүргізу) үшін негіз болатын құжаттардың (құжаттар үлгілерінің) тізбесіне мынадайқұжаттар жатады ([9], 7-тармақтың 9) тармақшасы):


  1. сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі бойынша жобалар сараптамасының қорытындысы;

  2. жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу үшін алымдардың төленгенін растайтын құжаттар;

  3. кондоминиум объектісінінің ортақ мүлкіндегі үлес мөлшері туралы құжаттар;

  4. ипотекалық куәлік;

  5. жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу шарты.

14 сұрақ

Тапсырысшы жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының кезең-кезеңімен әзірлеу және барлық жобалау жұмыстарының кешеніне сараптамалық сүйемелдеу режимінде мемлекеттік сараптама жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылдаған жағдайда, бұл талап енгізіледі ([11], 7-тармақ):


  1. жобалау тапсырмасының «ерекше шарттар» бағанына, сондай-ақ сараптамаорындаушымен шартта белгіленеді;

  2. мердігермен келісуге;

  3. сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісуге;

  4. жергілікті атқарушы органға бекітуге;

  5. жауаптың барлық нұсқасы дұрыс.

15 сұрақ



Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында инжинирингтік қызметтер көрсеткен кезде сарапшының не ұйымның функцияларына жатады ([10], 6-тармақтың 17) тармақшасы):

  1. тапсырыс берушiге жұмыстарды мерзiмiнде аяқтау үшiн қажеттi ұсыныстар беру, қабылданған ұсыныстар бойынша барлық қажеттi құжаттарды дайындау;

  2. тапсырыс беруші ұсынған бекітілген жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамаған, Қазақстан Республикасының заңнамасы және нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;

  3. атқару техникалық құжаттаманы тиісінше және уақтылы жүргізуді қамтамасыз ету;

  4. құрылыс барысында анықталған кемшіліктерді (ақауларды) уақтылы жою;

  5. мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау және техникалық қадағалау қызметін бақылау бойынша қадағалау органдарының лауазымды тұлғаларының объектіге кіруін қамтамасыз ету.


3.6.2.2. Нормативтік техникалық құжаттар бойынша сұрақтар




Тоттануға қарсы қорғаудың жұмыс сызбалары кешенінің тізбесін көрсетіңіз? ([72] 3.1)

    1. Ғимараттардың (құрылыстардың) жерасты конструкциялары жоспарлары; үй-жайдың едендері (учаскелері); жабдыққа, науаға, шұңқырқа арналған іргетастардың, сондай-ақ арналардың, тоннелдердің және басқа құрылыстардың жоспарлары және бөліністері; желдету жүйелері схемасы; конструкцияны тоттанудан қорғаудың қималары мен түйіндері

    2. Ғимарат (құрылыс) конструкциясының жоспарлары

    3. Ғимараттардың (құрылыстардың) жерасты конструкциялары жоспарлары; үй-жайдың едендері (учаскелері) жоспары;жабдыққа, науаға, шұңқырқа арналған іргетастардың, сондай-ақ арналардың, тоннелдердің және басқа құрылыстардың жоспарлары және бөліністері.

    4. Ғимараттардың (құрылыстардың) жерасты конструкциялары жоспарлары; үй-жайдың едендері (учаскелері) жоспары;жабдыққа, науаға, шұңқырқа арналған іргетастардың, сондай-ақ арналардың, тоннелдердің және басқа құрылыстардың жоспарлары және бөліністері; желдету жүйелері схемалары.

    5. науаға, шұңқырқа арналған іргетастардың, сондай-ақ арналардың, тоннелдердің және басқа құрылыстардың жоспарлары және бөліністері; желдету жүйелері схемалары.






Ғимараттың жерасты тоттануға қарсы қорғау конструкциялары жоспарында конструкция элементтерінен басқа не көрсетіледі? ([72] 3.3)

    1. координациялық осьтер; тоттануға қарсы қорғау аумақтары; конструкцияның тоттануға қарсы қорғау қималары мен түйіндеріне сілтеме

    2. масштабтар

    3. координациялық осьтер

    4. қималар

    5. тоттануға қарсы қорғау аумақтары






Ғимараттар мен құрылыстар конструкциясын тоттануға қарсы қорғау маркасының жұмыс сызбаларындағы ауа жеткізгіштер желдетпе жүйесінің сызбаларында қалай бейнеленеді? ([72] 3.5)

1. жуан тұтас негізгі жолақпен

2. штрихпунктирлі

3. бір нүктелі штрихпунктирлі

4. жіңішке тұтас жолақпен

5. екі жолақты штрихпунктирлі






Тоттануға қарсы қорғау аппараты бөлінісінің сызбасына енгізілетін деректер тізбесін көрсетіңіз? ([73] 3.3)

    1. барлық тізбеленгендер

    2. аппараттың габариттік мөлшерлері, қорғаныш жабындары қалыңдығын есепке алумен

    3. қорғаныш жабындары, металл қабырғалары мен аппарат түбінің қалыңдығы

    4. штуцерлердің белгіленуі мен диаметрі, қорғаныш жабындарының қалыңдығын есепке алумен

    5. түйіндерге сілтемелер






«Төсеме бояу» терминіне анықтама беріңіз? ([74], 3.1)

1. Пигменттің не пигменттер қоспасының пленка құрайтын заттағы толтырғыштары бар, кепкеннен кейін боялатын бетке не жабындалатын қабаттарға адгезиясы жақсы мөлдір емес біркелкі суспензиясы, жабын жүйелерінің қорғаныш қасиеттерін арттыруға арналады.

2. Металл мен ортаның арасындағы нәтижесінде металдың қасиеттерін өзгертетін және көп жағдайда металдың, ортаның не оларды қосатын техникалық жүйенің функционалдық сипаттамасын нашарлататын физикалық-химиялық өзара әсерлесу

3. Металдың не металл қоспасының пленка құрайтын заттағы толтырғыштары бар, кепкеннен кейін боялатын бетке не жабындалатын қабаттарға адгезиясы жақсы мөлдір емес біркелкі суспензиясы, жабын жүйелерінің қорғаныш қасиеттерін арттыруға арналады.

4. Топырақтың не топырақ қоспасының пленка құрайтын заттағы толтырғыштары бар, кепкеннен кейін боялатын бетке не жабындалатын қабаттарға адгезиясы жақсы мөлдір емес біркелкі суспензиясы, жабын жүйелерінің қорғаныш қасиеттерін арттыруға арналады.

5. Бір де біреуі емес






«Тоттану» терминіне анықтама беріңіз? ([74], 3.2)

1. металл мен ортаның арасындағы нәтижесінде металдың қасиеттерін өзгертетін және көп жағдайда металдың, ортаның не оларды қосатын техникалық жүйенің функционалдық сипаттамасын нашарлататын физикалық-химиялық өзара әсерлесу

2. Пигменттің не пигменттер қоспасының пленка құрайтын заттағы толтырғыштары бар, кепкеннен кейін боялатын бетке не жабындалатын қабаттарға адгезиясы жақсы мөлдір емес біркелкі суспензиясы, жабын жүйелерінің қорғаныш қасиеттерін арттыруға арналады.

3. Металл мен ортаның арасындағы нәтижесінде металдың қасиеттерін өзгертетін және көп жағдайда металдың, ортаның не оларды қосатын техникалық жүйенің функционалдық сипаттамасын нашарлататын физикалық-химиялық өзара әсерлесу

4. Топырақтың не топырақ қоспасының пленка құрайтын заттағы толтырғыштары бар, кепкеннен кейін боялатын бетке не жабындалатын қабаттарға адгезиясы жақсы мөлдір емес біркелкі суспензиясы, жабын жүйелерінің қорғаныш қасиеттерін арттыруға арналады.

5. Бір де біреуі емес






«Тоттануға қарсы төсеме бояу» терминіне анықтама беріңіз ([74], 3.3)

1. Тоттану процестірінің туындауы мен дамуынан қорғау және лак-бояу материалдарының жабу беттерінің боялатын бетке адгезиясын арттыруды қамтамасыз ету үшін металл беттеріне жағылатын төсеме

2. Тоттану процестірінің туындауы мен дамуынан қорғау және лак-бояу материалдарының жабу беттерінің боялатын бетке адгезиясын арттыруды қамтамасыз ету үшін ағаш беттеріне жағылатын төсеме

3. Тоттану процестірінің туындауы мен дамуынан қорғау және лак-бояу материалдарының жабу беттерінің боялатын бетке адгезиясын арттыруды қамтамасыз ету үшін пластмассалық беттерге жағылатын төсеме

4. Тоттану процестірінің туындауы мен дамуынан қорғау және лак-бояу материалдарының жабу беттерінің боялатын бетке адгезиясын арттыруды қамтамасыз ету үшін түсті металдар беттеріне жағылатын төсеме

5. Бір де біреуі емес






Магистральдік құбырды анодтық жерге кіргізу – бұл… ([75], 3.2)

    1. Қорғаныш тогының жерге ағуын қамтамасыз ететін құрылғы

    2. Қорғаныш тогының құбырға ағуын қамтамасыз ететін құрылғы

    3. Қорғаныш тогының сыртқа ағуын қамтамасыз ететін құрылғы

    4. Токтарды қазандарда жинайтын құрылғы

    5. Бір де біреуі емес






Магистральдық құбырлардың катодтық станциясы – бұл … ([75], 3.25)

    1. құбырды сыртқы токпен катодтық поляризациялауға арналған ғимараттар мен жабдықтар кешені

    2. құбырды сыртқы токпен анодтық поляризациялауға арналған ғимараттар мен жабдықтар кешені

    3. құбырды тоттанудан қорғауға арналған арналған ғимараттар мен жабдықтар кешені

    4. құбырды қатудан қорғауға арналған арналған ғимараттар мен жабдықтар кешені

    5. құбырды апаттық су басулардан қорғауға арналған арналған ғимараттар мен жабдықтар кешені






Магистральдық құбырлардың катодты түрлендіргіші – бұл … ([75], 3.25)

    1. желінің ауыспалы кернеуін қорғалатын құрылыстың поляризациясы үшін қызмет ететін реттелетін тұрақты кернеуге түрлендіруге арналған электрлік агрегаты

    2. желінің тұрақты кернеуін қорғалатын құрылыстың поляризациясы үшін қызмет ететін реттелетін тұрақты кернеуге түрлендіруге арналған электрлік агрегаты

    3. желінің тұрақты кернеуін қорғалатын құрылыстың поляризациясы үшін қызмет ететін реттелетін тұрақты кернеуге түрлендіруге арналған сорғы

    4. желінің ауыспалы кернеуін қорғалатын құрылыстың поляризациясы үшін қызмет ететін реттелетін тұрақты кернеуге түрлендіруге арналған шұңқыр

    5. желінің ауыспалы кернеуін қорғалатын құрылыстың поляризациясы үшін қызмет ететін реттелетін тұрақты кернеуге түрлендіруге арналған конденсатор






Қорғау деңгейі деген не? ([76];)

    1. Найзағайдан қорғау жүйесінің, оның тиімділігін айқындайтын жіктеуіші

    2. Найзағайдан қорғау жүйесінің, оны сенімділік деңгейі бойынша айқындайтын жіктеуіші

    3. Найзағайдан қорғау жүйесінің, оны сенімділік деңгейі бойынша айқындайтын жіктеуіші

    4. Найзағайдан қорғау жүйесінің, оныөміршеңдігіайқындайтын жіктеуіші

    5. Барлық жауаптар дұрыс емес.






Оқушылар отыратын үй-жайларда сөндіргіштердің орнатылу биіктігі… ([77] 6.6.7-т.)

1. Еденнен 1,8 м.

2. Еденнен 1 м

3. Еденнен 1,5 м



4. Еденнен 1,7 м

    1. Еденнен 1 м-ден кем емес






Параллельді ашық төсеу кезінде 60 В кернеуілі өрт дабылының сымдары мен кәбілдерінен күш беру және жарықтандыру кәбілдеріне дейінгі арақашықтық ... болуы керек ([64] (13.60-т.)

    1. кемінде0,5м

    2. кемінде 0,5м

    3. кемінде 0,2м

    4. кемінде 0,2м

    5. кемінде 0,7м






Ауасыз жануға қабілетті материалдарды қоспағанда, қатты заттардың жануы материалдар өртін сөндірудің қай сыныбына жатады? ([79], 2.1.3)

    1. А

    2. В

    3. С

    4. А және В

    5. Дұрыс жауап жоқ






Сұйық заттардың өрттенуі материалдар өртін сөндірудің....сыныбына жатады ([79], 2.1.3-т.)

    1. В

    2. С

    3. А және В

    4. А

    5. Дұрыс жауабы жоқ






Өрт сөндіру техникасының жүріп өтуін қамтамасыз ететін өту бөлігінің немесе жоспарланған беттің шетінен өндірістік ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың қабырғаларына дейінгі арақашықтық қандай болуы керек ([83] «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар»62-т.)

    1. Биіктігі 13-28 м ғимараттар үшін 8 м, биіктігі 28метрден астам ғимараттар үшін 10 м

    2. Биіктігі 13-28 м ғимараттар үшін 9 м, биіктігі 28метрден астам ғимараттар үшін 11 м

    3. Биіктігі 13-28 мастам ғимараттар үшін 10 м, биіктігі 28 метрден астам ғимараттар үшін 12 м

    4. Биіктігі 13-28 м ғимараттар үшін 12 м, биіктігі 28метрденастам ғимараттар үшін 14 м

    5. Биіктігі 13-28 м ғимараттар үшін 15 м, биіктігі 28 метрден астам ғимараттар үшін 18 м






Қандай елді мекендер су қоймаларынан және (немесе) резервуарлардан сыртқы сумен жабдықтауды көздеуге жол беріледі([83] «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар » 71-т.)

    1. Тұрғындар саны 5 мың адамға дейінгі елді мекендер үшін

    2. Тұрғындар саны 10 мың адамға дейінгі елді мекендер үшін

    3. Тұрғындар саны 15 мың адамға дейінгі елді мекендер үшін

    4. Тұрғындар саны 20 мың адамға дейінгі елді мекендер үшін

    5. Тұрғындар саны 25 мың адамға дейінгі елді мекендер үшін






Ғимараттың сыртындағы өртті сөндіру үшін су шығысы қандай норматив бойынша анықталады

    1. «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті.

    2. ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2009 «Сумен жабдықтау. Сыртқы желілер мен құрылыстар»

    3. «Объектілерді қорғауға өрт техникасына қойылатын талаптар» техникалық регламенті.

    4. ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009«Өрт қауіпсіздігі»

    5. МЕМСТ 12.1.004-91.«Өрт қауіпсіздігі»






Биік ғимараттарды өртке қарсы аймақтармен қамтамасыз ету үшін қажетті құтқарушы құрылғылардың санын анықтау әдісі қайда көрсетілген?

    1. «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті

    2. ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2009«Сумен жабдықтау. Сыртқы желілер мен құрылыстар»

    3. «Объектілерді қорғауға өрт техникасына қойылатын талаптар» техникалық регламенті

    4. ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009«Өрт қауіпсіздігі»

    5. МЕМСТ12.1.004-91«Өрт қауіпсіздігі»






ҚР ҚНжЕ қайсысына сәйкес сорғы станциялары үй-жайлары жабдықтарын орналастыруды өрт сөндіру нормаларына сәйкес жобалау керек

    1. Сумен жабдықтау. Сыртқы желілер мен құрылыстар

    2. Ғимараттардың ішкі құбырлары және кәріздері

    3. Сумен жабдықтау мен кәріздің сыртқы желілері және құрылыстары

    4. Ішкі санитарлық-техникалық жүйелер

    5. Кәріз.Сыртқы желілер мен құрылыстар






Қорғалатын объектілерге әрекет етуі бойынша өрт сөндіру қондырғылары қалай бөлінеді ([64] 6.3-т.)

    1. Көлемді өрт сөндіру және көлем бойынша жергілікті өрт сөндіру

    2. Магистральдық өрт сөндіру және стационарлық өрт сөндіру

    3. Резервтейтін және резервтік

    4. Көбікті сөндіргіш және су шашу

    5. Дұрыс жауабы жоқ



Өрт ошақтарының үстінен өрт сөндірудің үстінен және жергілікті суды аз шашыратумен өрт сөндіру қондырғылары өрт сөндірудің қай сыныбы үшін қолданылады ([64] 7.1-т.)

    1. А және В

    2. А, В, С, D

    3. А ғана

    4. С ғана

    5. барлық сыныптар






Жоғары еселенген көбікпен өрт сөндіру қондырғылары өрт сөндірудің қай сыныбы үшін қолданылады ([64] 6.1-т.)

    1. А, В, С,

    2. А және В

    3. А ғана

    4. С ғана

    5. барлық сыныптар






Сутектегінен басқа, газ тәрізді заттардың жануы материалдар өртін сөндірудің қай сыныбына жатады ([80] 1-кесте)

    1. С

    2. А және В

    3. А

    4. Дұрыс жауабы жоқ

    5. В






Халық саны миллион және одан астамадам болатын қала азаматтық қорғаныс бойынша қандай топқа жатады («Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды – топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу ережесі мен өлшемін бекіту» ҚР Үкіметінің 2005 жылғы22 қыркүйектегі №942 Қаулысы,№3пункт)

    1. Ерекше

    2. Бірінші

    3. Екінші

    4. Үшінші

    5. Біреуі де емес






Түтін жою және ауаны ұстау жүйелері жарақтандырылуы тиіс ([65] 5.11-т.):

1. автоматты және арақашықтықтан басқарумен қайталануы тиіс

2. автоматты

3. қолмен

4. арақашықтық

5. арақашықтық және түтін жою аймағынан қолмен басқарумен қайталануы тиіс






БҚБ ғимаратында құрғақ қызу моншасын жобалауға рұқсат берілді ме?([65] 5.11-т.)

    1. Жол берілмейді

    2. Ұсынылады

    3. Міндетті түрде болуы керек

    4. Персонал үшін ғана

    5. Міндетті емес.






Ауруханалардың жер учаскелерінің қай жерлерінде бөлек кіру орындарын қарастыру қажет ([81] 5.17-т.)

    1. Патологоанатомиялық корпус және шаруашылық.

    2. Жұқпалы емес аурулы науқастарға арналған емдеу корпусы

    3. Жұқпалы аурулы науқастарға арналған емдеу корпусы

    4. Патологоанатомиялық корпус

    5. нормаланбайды.






ЕПМ үй-жайларында аспалы төбені қай жерге орнатуға жол беріледі ([81] 7.4-т.)

    1. Барлық жерде

    2. Санитарлық бөлмелерде

    3. Санитарлық түйіндерде

    4. Дәрігерлер кабинеттерінде

    5. Зертханалық үй-жайларда






АҚС қандай құрылысқа жатады ([82] п 1.2)

    1. Резервуарлардың жиынтық номиналды көлемді

    2. Жиынтық нақты көлемімен

    3. Резервуарлардың жиынтық көлемімен

    4. Резервуарлардың жиынтық нақты көлемімен

    5. Барлық аталғандар






Станционарлық АҚС қандай өлшемдері бойынша бөлінеді? ([82] 1.3-т.)

    1. Тәулігіне құю саны бойынша және резервуарлардың жалпы сыйымдылығы бойынша

    2. Тәулігіне құю саны бойынша

    3. Резервуарлардың жалпы сыйымдылығы бойынша

    4. Айына құю саны бойынша

    5. Жылына құю саны бойынша






Астықты сақтау және қайта өңдеу бойынша ғимараттар мен құрылыстарды қандай жауапкершілік және отқа төзімділік дәрежесімен жобалау керек? (ҚР ҚНжЕ 3.02-07-2009 1.8-т.)

    1. Жауапкершілік деңгейі бойынша II сынып және отқа төзімділік деңгейі бойынша ІІ сынып

    2. Жауапкершілік деңгейі бойынша I сынып және отқа төзімділік деңгейі бойынша ІІ сынып

    3. Жауапкершілік деңгейі бойынша II сынып және отқа төзімділік деңгейі бойынша ІІІ сынып

    4. Жауапкершілік деңгейі бойынша I сынып және отқа төзімділік деңгейі бойынша І сынып






Астық қоймаларын қанша қабатты етіп жобалануытиіс? (ҚР ҚНжЕ 3.02-07-2009 3.5-т.)

    1. Бір қабаттыбиіктік құламасыз

    2. Көп қабатты, қаңқалы

    3. Бір қабатты биіктік құламасымен

    4. Екі қабатты

    5. Барлық аталған нұсқаларға жол беріледі



Бір баспалдақ маршында немесе деңгейлер құламасында көтерілулер саны қанша болуы керек ([41] 8.2-т.)

    1. Кемінде 3 және 18 аспайтын

    2. Кемінде 2 және 12 аспайтын

    3. Кемінде 3 және 15 аспайтын

    4. Кемінде 23 және 18 аспайтын

    5. Кемінде 3 және 12 аспайтын






Газ толтыратын станциялардыелді мекендер шегінде қайда орналастыруға жол беріледі? ([22] 12.40-т)

    1. Тұрғын үй құрылысына қатысты ық жағынан (басым бағыттағы жел үшін).

    2. Тұрғын үй құрылысына қатысты жел жағынан (басым бағыттағы жел үшін).

    3. Елді мекен ортасында

    4. Елді мекен шетінен 200 м арақашықтықта

    5. Елді мекен шетінен 200 м арақашықтықта






Табиғи жерге қосылғыш болып табылатын не? ([76] 3-т.)

    1. Ғимараттар мен құрылыстардың жерге тереңдетілген металл және темір бетон конструкциялары

    2. жерге арнайы тартылған тілме не дөңгелек болаттан жасалған конструкцияға жинақталған, көлденең не тік өткізгіштерден тұратын контурлар

    3. ғимараттардың немесе құрылыстардың найзағайдың түсуінен қорғауға арналған ток өткізгіш элементі

    4. ішінде ғимараттар немесе құрылыстар найзағайдың тікелей түсуінен белгіленген мәннен төмен болмайтын сенімділікпен қорғалатын кеңістік

    5. найзағай токтарын жерге бұруға арналған жерге тереңдетілген бір не бірнеше өткізгіш






Жасанды жерге қосылғыш болып табылатын не? ([76] 3-т.)

    1. жерге арнайы тартылған тілме не дөңгелек болаттан жасалған конструкцияға жинақталған, көлденең не тік өткізгіштерден тұратын контурлар

    2. Ғимараттар мен құрылыстардың жерге тереңдетілген металл және темір бетон конструкциялары

    3. Ғимарат конструкцияының найзағайдың түсуінен қорғауға арналған ток өткізгіш элементі

    4. ішінде ғимараттар немесе құрылыстар найзағайдың тікелей түсуінен белгіленген мәннен төмен болмайтын сенімділікпен қорғалатын кеңістік

    5. найзағай токтарын жерге бұруға арналған жерге тереңдетілген бір не бірнеше өткізгіш






Түтінденбейтін баспалдақ торларыныңмынадай типтері болады. ([84] 5.5.1-т.)

    1. Н1, Н2, Н3

    2. Л1, Л2

    3. П1, П2, П3

    4. Н1, Н2 ғана

    5. П1, П2 ғана






Қабаттан эвакуациялық шығудың саны қанша болуы керек? [84] 6.2.7-т.)

    1. Кемінде екі

    2. Кемінде үш

    3. Кемінде бір

    4. Қабаттар санына байланысты

    5. Ғимараттың жауапкершілік деңгейіне байланысты






Қалыпты баспалдақ торларын... биіктікке дейін қолдануға жол беріледі([84] 6.4.12-т.)

    1. 28м дейін

    2. 12м дейін

    3. 15м дейін

    4. 50м дейін

    5. 75м дейін






Қалыпты баспалдақ торыкөлемінде лифтердің қанша болуына жолберіледі ([84] 6.5.3-т.)

    1. Екеуден артық емес

    2. Біреуден артық емес

    3. Бірде біреуінің

    4. Үшеуден артық емес

    5. Дұрыс жауабы жоқ






Эвакуация жолдарында еденде биіктіктердің қандай құламаларына жол берілмейді?([84] 6.3.8-т.)

    1. 0,45м

    2. 0,30м

    3. 0,25м

    4. 0,50м

    5. 0,40м






Қалыпты баспалдақ торалыр қандай типке жатады ([84] 5.5.1-т.)

    1. Л1 және Л2

    2. Н1, Н2, Н3

    3. П1, П2

    4. П1 ғана

    5. Н1 ғана






Өрт баспалдақтары қандай типтерге жатады ([84] 5.5.2-т.)

    1. П1 және П2

    2. Н1, Н2,Н3

    3. Л1

    4. Н1

    5. Н2






Біруақытта 50 адам болатынүй-жайларда эвакуациялық шығулардың саны қанша болуы керек ([84] 6.2.5-т.)

    1. Екі

    2. Бір

    3. Үш

    4. Бір, егер бұл оқу сыныбы болса

    5. Бір, егер бұл өндіріс жайы болса






Эвакуациялық шығудың есігі қайда ашылуы керек ([84] 6.2.10-т.)

    1. Сыртқа

    2. Ішке

    3. Маңызы жоқ

    4. Эвакуацияланатын адамдар санына байланысты

    5. Дұрыс жауабы жоқ






Қандай жеңіл түсірілетін құрылымдарды қолдануға рұқсат беріледі (ҚР ҚН 3.02-24-2011 5.13-т.)

    1. Терезелер мен шамдардың жалаң шынылануы

    2. Арматураланған шыны

    3. Шыныпакеттер

    4. Қалыңдығы 7 мм аспайтын терезе шынысы

    5. Барлық аталғандар






Сыртқы қондырғыларда жарылыс қауіпі аймағы қандай? ([83] 4.35.4)

    1. В-Iг

    2. В-Iа

    3. В-Iб

    4. В-Iв

    5. В-I






«Белгіленетін қызметтің қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау» сатысы анықталады ([85], 15-т.)

    1. Қоршаған және әлеуметтік-экономикалық орта компоненттерінің өзгеруімен

    2. Қоршаған ортаға әсер ету әдістерімен

    3. Әлеуметтік-экономикалық ортаның өзгеруінталдаумен

    4. Қоршаған ортаға әсер ету түрлерін есептеумен

    5. Қоршаған ортаға әсер еткен кездегі салдарларды талдау






«Қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау» рәсімі кезінде белгіленетін шаруашылық қызметінің түрлері мен қарқыны анықталады ([85], 17-т.)

    1. Ұқсас жобамен

    2. Әдістемелік материалмен

    3. Жағдайдыталдаумен

    4. Есептікөлшеммен

    5. Жұмыс жобасымен






Белгіленетін қызметтің маңыздылығына, экологиялық қауіпімен көлемінің қарай«Қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау» мыналар бойынша қосымша есептеулер енгізіледі ([85], 18-т.)

    1. Ластаушы заттардыңқоршаған ортаға тарау процесін үлгілеу

    2. Қоршаған ортаға әсер ету процесінталдау

    3. Ластану процестерін есептеу

    4. Әлеуметтік секторға ластанудың әсері

    5. Экологиялық көрсеткіштерге әсері






Эмиссия нормативтерінің шамасытөмендегі туралы экологиялық рұқсатберу мен шешім қабылдау үшін негіз болып табылады: ( [86], 25.3-т.)

    1. Қоршаған ортаға жағымсыз әсерді төмендету мақсатында техникалық іс-шараларды өткізу қажеттігі

    2. Объект қызметінің жабу

    3. Объект қызметін қысқарту

    4. Айыппұл санкцияларын салу

    5. Қоршаған ортаға жағымсыз әсерді төмендету мақсатында техникалық шешімдерді реконструкциялау






Ластаушы заттардың шығарулы мен тасталуының шекті жол берілетін нормативтері мыналардың негізде белгіленетін эмиссиялар шамасы болып табылады ( [86], 27.1-т.)

    1. Әрбір шығару көзіне арналған есептердің

    2. Шығару кезінде әрбір элементтің улылығының

    3. ШЖК кестесінің

    4. Экожүйеге шығарулардың әсеріне талдаудың

    5. Шығарулардың денсаулыққа әсерін есептеу






Ластаушы заттардың эмиссиялары нормативтерін белгілеген кезде есепке не алынады? ( [86], 28.1-т.)

    1. Қоршаған ортадағы бар ластану

    2. Объектіні пайдаланған кездегі болжанатын ластану

    3. Ластаушы заттардың бастапқы деңгейі

    4. Ластаушы заттардың улылығы

    5. Барлық жауаптар дұрыс






Табиғи ресурстар жағдайының нормативтері және оларды белгілеу тәртібі мыналар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасыменанықталады: ( [86], 29.1-т.)

    1. Жер қойнаулар мен жер қойнауларын пайдалану

    2. Қоршаған ортаны қорғау

    3. Әлеуметтік-экономикалық даму

    4. Ерекше қорғалатын аумақтар

    5. Барлық жауаптар дұрыс






ІІ санатқа санитарлық жіктеуіш бойынша мына қауіпсіздік сыныбына жататын қызмет түрлері жатады: ([86], 40.1-т.)

    1. Қауіпсіздіктің 3-сыныбына

    2. Қауіпсіздіктің 1-сыныбына

    3. Қауіпсіздіктің 2 -сыныбына

    4. Қауіпсіздіктің 4-сыныбына

    5. Қауіпсіздіктің 5 -сыныбына






Ісанатқа санитарлық жіктеуіш бойынша мына қауіпсіздік сыныбына жататын қызмет түрлері жатады

    1. Қауіпсіздіктің 1 және 2 -сыныбына

    2. Қауіпсіздіктің 2 және 3 -сыныбына

    3. Қауіпсіздіктің 3 және 4-сыныбына

    4. Қауіпсіздіктің 4 және 5 -сыныбына

    5. Қауіпсіздіктің 3 және 5 -сыныбына






IVсанатқа санитарлық жіктеуіш бойынша мына қауіпсіздік сыныбына жататын қызмет түрлері жатады ([86], 40.1-т.)

    1. Қауіпсіздіктің 5 -сыныбына

    2. Қауіпсіздіктің 1 -сыныбына

    3. Қауіпсіздіктің 2 -сыныбына

    4. Қауіпсіздіктің 4 -сыныбына

    5. Қауіпсіздіктің 3-сыныбына






Қоршаған ортаға және адамның денсаулығына әсерету көздері болып табылатын және IVсанатқа жататын объектілер үшін С33 радиус неге тең? ( [86])

    1. 50-99 м

    2. 100-299 м

    3. 300-499 м

    4. 500-999 м

    5. 1000 м және одан да көп






Қоршаған ортаға әсеріелеулі емес деңгейдегі шағын бизнес объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама шешімін алу үшінжеткілікті:

    1. Жұмыс жобасына экологиялық салдарлар туралы өтініш нысанын толтыру

    2. Жұмыс жобасы

    3. Жергілікті атқарушы органдармен келісім

    4. Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне өтінішті беру

    5. Қоғамдық тыңдауларды өткізу






Қоғамдық пікірді есепке алу ҚОӘБ материалдарын дайындау мен талқылауға жұртшылықтың қатысуымен қамтамасыз етіледі және оны ұйымдастыратын:([86])

    1. Белгіленетін шаруашылық немесе өзге қызметтің тапсырыс беруші

    2. Белгіленетін шаруашылық немесе өзге қызметтің атқарушысы

    3. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

    4. Жергілікті атқарушы органдар

    5. Белгіленетін шаруашылық немесе өзге қызмет жобасының әзірлеушілері






Табиғат қорғау жобалау және нормалау бойынша жеке және заң тұлғалардың қызметі төмендегінің негізде жүзеге асырылады: ([86])

    1. Жұмыстарды атқаруға лицензиялар

    2. Жұмыстарды атқаруға рұқсаттар

    3. Жұмыстарды атқаруға актілер

    4. Жұмыстарды атқаруға сенімхаттар

    5. Жұмыстарды атқаруға шарттар






Экологиялық нормалау процесінде не белгіленеді? ([86])

    1. Эмиссиялар нормативтері және табиғат ресурстарын қолдану және қорғау саласындағы нормативтер

    2. Табиғат ресурстарын қорғау саласындағы нормаларды есептеу әдісі

    3. Қоршаған ортаға уландырғыштардың әсері

    4. Әлеуметтік сектор саласындағы нормативтер

    5. Экожүйелердің тұрақтылығы






Қалдықтарды орналастыру орындары қалдықтарды қауіпсіз сақтауға арналған және қандай мерзімнен асырмай пайдаланады: ([86])

    1. 3 жыл

    2. 4 жыл

    3. 5 жыл

    4. 6 жыл

    5. 2 жыл






Қауіпті қалдықтарды орналастыру полигонының орналасқан жері үшін қандай талаптар есепке алынуы керек ([86])

    1. Барлық жауаптар дұрыс

    2. Геологиялық және гидротехникалық шарттар

    3. Жерасты және жерүсті суларының болуы

    4. Учаскіде су тасқыны, төмендеу, сырғыма және көшкін қатерлері

    5. Мемлекеттік табиғи қорық қорының объектілерін қорғау






Радиоактивтік қалдықтар пунктін .... орналастыруғажолберілмейді ([86])

    1. Барлық жауаптар дұрыс

    2. Тұрғын үй құрылыс аумағында

    3. Пайдалы кен қазбарары алаңында

    4. Белсенді карст аймағында

    5. Батпақтыжерлерде






ҚР аумағында қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми зерттеулерді кім жүзеге асыра алады ([86])

    1. Барлық жауаптар дұрыс

    2. Шетелдік жеке тұлғалар

    3. Шетелдік заңды тұлғалар

    4. ҚР азаматтары

    5. Халықаралық ұйымдар






Сарқынды суларды зарасыздандыру үшін не қолданылады? ([86])

    1. Хлор, натрий гидрохлориді

    2. Коагулянттар

    3. Флокулянттап

    4. Әктас сүті

    5. Сүзгіш тілімшелер






Белгілі бір аумақта төтенше экологиялық жағдай және экологиялық апаттардың құқықтық режимін орнатқан кезде келесі шаралар енгізілуі мүмкін:

    1. Барлық жауаптар дұрыс

    2. Объект қызметін тоқтату немесе шектеу

    3. Табиғи ресурстарды қалпына келтіру бойынша жедел шаралар

    4. Жоғарғы экологиялық қауіпті құрайтын объектілердің құрылысына және қызметіне тыйым салу

    5. Кіру және шығудың ерекше режимін орнату, көлік құралдарының әрекетін шектеу






Жерасты суларыналуды іске асыруға негіз болатын жоба неге жатады? ([86])

    1. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға

    2. ҚОӘБ бағалауға

    3. Экологиялық аудитке

    4. Инспектрлік экологиялық тексеріске

    5. Жобаны іске асыру бойынша қоғамдық тыңдалымдарға






Белгіленетін қызмет нұсқаларын іске асыру процесінде қоршаған және әлеуметтік-экологиялық ортаның өзгеруін талдауда не болуы керек? ( [85], 22-т.)

    1. Барлық жауаптар дұрыс

    2. Белгіленген қызметті іске асыру нұсқалары үшін қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралардың негізгі бағыттары

    3. Белгіленген қызмет нұсқаларын іске асыру процесінде қоршаған және әлеуметтік-экономикалық ортаға тигізетін ықтималн зиянның ұлғайтылған бағалауы

    4. Аумақ халқының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерін сақтай отырып, объектіні іске асыруорнын негіздеу

    5. Белгілленген шаруашылық қызметін негіздейтін құжаттаманы әзірлеудің келесі кезеңіне ұсынымдар






ҚОӘБ – «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» өткізу кезеңі қандай есептеуді болжайды? ( [85], 26-т.)

    1. Жер қойнауларына зиянды заттарды және өндіріс қалдықтарын көму мүмкіндігін бағалау

    2. Жер қойнауларына зиянды заттарды және өндіріс қалдықтарын көму мүмкіндігінің жоспары

    3. Жер қойнауларда зиянды заттарды және өндіріс қалдықтарын көму технологиясы

    4. Зиянды заттарды жою үшін полигон құрылысының мүмкіндігін бағалау

    5. Ластаушы заттарды тасымалдау мүмкіндігін бағалау






Қоғамдық тыңдаулардыұйымдастыру нысаны және өткізілу мерзімін кіммен келіседі? ( [85], 53-т.)

    1. Қоршаған ортаны қорғау органдарымен

    2. Тапсырыс берушімен

    3. Атқарушымен

    4. Жергілікті атқарушы органдармен

    5. Жобаны әзірлеушілермен






Қоғамдық тыңдауға қоршаған ортаға немесе адам денсаулығына елеулі әсер етуі мүмкін белгіленген шаруашылық қызметінің жоба алдындағы және жоба материалдарының ҚОӘБ нәтижелері мыналардың үшеуінің біреуін есепке алумен (немесе өлшемдер жиынтығында) ұсынылады: ([85], 54-т.)

    1. Әсер етудің мөлшері, кезеңі және қарқындылығы

    2. Әсер етудің мөлшері, уландырғышы және қарқындылығы

    3. Әсер етудің мөлшері, өздігімен тазару мерзімі және әсер ету қарқыны

    4. Қауіпті қасиеттері, кезеңі мен көлемі

    5. Мөлшері , кезеңі, салдарлары






Баламалық ҚОӘБ іске асыру қағидасы ретінде жоба шешімдерінің баламалы нұсқалары, мына нұсқаны қоса алғанда, міндетті қарауға негізделеді ( [85], 5-т.)

    1. Белгіленген қызметтен бас тарту

    2. Әлеуметтік-экологиялық даму

    3. Өңірлер мүдделерін келісумен

    4. Экономиканың бірлесуі

    5. Өңір әлеуетінің дамуы






Жеткіліктілік ҚОӘБ іске асыру қағидасы ретінде ҚОӘБ өткізген кезінде талдап тексеру дәрежесін қарастыра отырып, былай анықталатын мынадан төмен болуы керек ([85], 5-т.)

    1. Белгіленетін қызмет әсерінің экологиялық маңыздылығы

    2. Белгіленетін қызмет әсерінің экологиялық тәуелділігі

    3. Белгіленетін қызмет әсерінің экологиялық салдарлы

    4. Белгіленген қызмет әсерінің экологиялық әлеуеті

    5. Белгіленетін қызмет әсеріне экологиялық қарсылық






Шаруашылық қызметтің І санатына өндірістік объектілердісанитарлық жіктеуіштерге сәйкес қауіптіліктің1және2-сыныбына жататын қызметтүрлері, сонымен біргемыналар жатады ( [85], 6)

    1. Жалпы таралғандардан басқа, пайдалы қазбаларды іздеу және табу

    2. Жалпы таралған пайдалы қазбаларды алу

    3. Орманды қолданудың және арнайы су қолданудың барлық түрлері

    4. Әуесқой балық жәнеаң аулаудан басқа жануарлар әлемінің объектілерін қолданудың барлық түрлері

    5. Уландырғыш заттарды өндіру мен сақтаудың барлық түрлері






Шаруашылық қызметтің ІІ санатына өндірістік объектілердісанитарлық жіктеуіштерге сәйкес қауіптіліктің3-сыныбына жататын қызметтүрлері, сонымен біргемыналар жатады ([85], 6-т.)

1. Жалпы таралған пайдалы қазбаларды табу, орманды қолданудың және арнайы су қолданудың барлық түрлері

2. Жалпы таралғандардан басқа, пайдалы қазбаларды іздеу және алу


    1. Әуесқой балық жәнеаң аулаудан басқа жануарлар әлемінің объектілерін қолданудың барлық түрлері

    2. Уландырғыш заттарды өндіру мен сақтаудың барлық түрлері

    3. Әлеуметтік-экономикалық дамуға әсері






Қоршағана ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін өтініш формасын кім бекітуі керек.

+( [86], 72.5-т.)



    1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдар

    2. Жергілікті атқарушы органдар

    3. Қоршаған ортаны қорғау туралы халықаралық ереже

    4. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағыуәкілетті мемлекеттік орган

    5. Халықтың санитарлық-эпидемиялық саулығы саласындағыуәкілетті мемлекеттік орган






Экологиялық Кодекстік 70-бабында көрсетілген ақпараттан басқа, кешенді экологиялық рұқсатта не болуы керек? ( [86], 79.4-т.)

    1. Барлық жауаптар дұрыс

    2. Шикізат пен энергияны экономикалық пайдалану шарттары

    3. Қалдықтарды басқару жүйесі

    4. Қоршаған ортаға қауіп төндіретін жағдайларда объектіні пайдалану бойынша әрекеттер мен шаралар

    5. Үздік қолжетімді технологияларды енгізудің мерзімдері мен шарттары






Қоршаған ортаны қорғау саласында табиғи ресурстарды өндіру және қолдану, қорғауда мемлекеттік бақылаудың келесі түрлері әсер етеді ( [86], 111.2-т.)

    1. Барлық жауаптар дұрыс

    2. Экологиялық бақылау

    3. Жерлерді пайдалану және қорғауды бақылау

    4. Жануарлар әлемін қорғау, өндіру және пайдалану саласындағы бақылау

    5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы бақылау






Табиғатты қолдану объектісінің санитарлы-эпидемиялық аймағынан тыс жерлерде аналитикалық бақылауды іске асыру үшін сынама алу жүзеге асырылады ( [86], 125.2-т.)

    1. Кез келген уақыттатіркеусіз

    2. Тіркеу кезінде көрсетілген уақыт пен мерзімдерде

    3. Тіркеуге берген күннен бастап, он күн ішінде

    4. Тіркеуге берген күннен бастап жиырма күн ішінде

    5. Тапсырыс беруші белгілеген мерзімдер кезеңінде






Елді мекендердежеке тұрғын үй құрылысы қай жерінде орналастырылмайды: ([26], 2.3-т.)

    1. Құрылысты реттеу аймақтары шегінде және қорғалатын табиғи ландшафт аймағы, қорлар, ұлттық және табиғи саябақтар, сонымен қатар санитарлық-қорғаныш аймақтарымен санитарлық қорғау аймақтарында

    2. Қала және басқа елді мекендершегіндегі бос жерлерде

    3. Реконструкцияланатын аумақтарда, соның ішінде қолданыстағы тұрғын үй құрылысынтығыздау есебінен

    4. Қала маңындағы аймақтар аумағында – табиғатты қорғау талаптарын есепке алумен резервтік аумақтарда

    5. Құрылысты реттеу және қорғалатын табиғи ландшафт аймағы шегінде- тарихи-мәдени мұралардықорғау және пайдаланудың мемлекеттік органдарымен келісу бойынша






Жеке тұрғын үй құрылысын электр берудің 330 кВ кернеулі әуе желілері бойында жоспарлаған және салған кезде қорғау және санитарлық-қорғаныш аймақтарының ені тиісінше қанша болып көзделуі тиіс([26], 7.18,6-т.)

    1. 30, 20

    2. 25, 20

    3. 25, 10

    4. 30, 25

    5. 40, 250






Аудандық жобада қала құрылысын жүзеге асыру кезінде аумақты пайдалануға белгіленетін шектеулер шекарасы аумақтары көрсетіледі. Оларға жататындар: ([20], 5.1.3.8-т.)

1. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау аймақтары, қорықтық аймақтар, ерекше қорғалатын табиғи аймақтар, санитарлық және қорғаныс аймақтары

2. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау аймақтары ғана

3. Қорғау аймақтары ғана

4. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар

5. Санитарлық және қорғаныс аймақтары ғана



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет