СӘулет, Қала қҰрылысы және қҰрылыс қызметі саласындағы сараптамалық ЖҰмыс және инжинирингтік қызметті жүргізетін сарапшыларды сынақтан өткізу үшін тест сұРАҚтарының жинағы сборник тестовых вопросов для аттестации экспертов



бет21/55
Дата17.07.2016
өлшемі7.71 Mb.
#205500
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   55

3.5. Инженерлік желілер және жүйелер

3.5.3. 3-нұсқа
3.5.3.1. Нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтар
1 сұрақ

Құрылыс мердігерлігі шарты бойынша бөлшектер мен конструкцияларды қоса алғанда, құрылысты материалдармен, сондай-ақ жабдықтармен қамтамасыз етужөнiндегi мiндеттердi ([1], 656-баптың 1-тармағы):



  1. егер шартта тапсырысшының құрылысты тұтасымен немесе белгiлi бір бөлігінде материалдық қамтамасыз етуі көзделмесе, мердiгер мойнына алады;

  2. тапсырыс беруші;

  3. қосалқы мердігер;

  4. құрылыс объектісінің меншік иесі;

  5. сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган.

2 сұрақ



Құрылыс мердігерлік шартына сәйкес кім құрылыс үшін жер учаскесін уақтылы беруге міндетті? ([1], 658-бап):

  1. тапсырыс беруші;

  2. мердігер;

  3. қосалқы мердігер;

  4. сәулет, қала құрылылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;

  5. жергілікті атқарушы орган.

3 сұрақ

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қағидаларды немесе нормативтердің талаптарын абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан бұзу, жазаланады ([2], 279-баптың 1-бөлімі):


  1. белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға;

2) үш жүз есептік айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға;

3) түзеу жұмыстарына;

4) үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге;

5) мүлкін тәркілеумен не онсыз сол мерзімге бас бостандығынан айыруға.
4 сұрақ

Әкімшілік жазаға қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы заңнамасының талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, iздестіру, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау, құрылыс материалдарын, бөлшектер мен конструкцияларды шығару, қолдану ірі кәсіпкерлік субъектілеріне......мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады([3], 312-баптың 2-бөлімі):

1) тиісті қызмет түріне лицензиядан айыруменбір мың төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

2) екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;



3) үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

4) бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

5) алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
5 сұрақ

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында лицензиялар беріледі ([4], 1-қосымша):


  1. жауаптың барлық нұсқалары дұрыс;

  2. іздестіру қызметіне;

  3. жобалау қызметіне;

  4. құрылыс-монтаждау жұмыстарына;

  5. үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын ғимараттар құрылысын ұйымдастыру бойынша қызметке.

6 сұрақ

Сәулет жобасы әзірленеді:([5], 62-баптың 2-тармағы):


  1. жауаптың барлық нұсқалары дұрыс;

  2. тапсырысшы (инвестор) бекiткен, жобалауға арналған тапсырмалар жәнеалаңдарды (трассаларды) таңдау жөніндегi материалдар, инженерлiк iзденулер нәтижелерi, объектiнi инженерлiк қамтамасыз етудiң техникалық талаптары негiзiнде; 

  3. бекiтiлген қала құрылысы жобалары мен алдын ала жобалау құжаттамаларына сәйкес;

  4. республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының сәулет-жоспарлау тапсырмасынасәйкес;

  5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған және ҚазақстанРеспубликасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға берген сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілері бойынша.

7 сұрақ

Су қорғау аймақтарының аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне бақылау жүргізу бөлігінде шешілуі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау органдары құзыретінің шегінен тыс қалатын жағдай туындаған кезде мыналарды тартумен жүзеге асырылады ([5], 31-бап 2-тармақтың 4-1) тармақшасы):


  1. су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органды;

  2. қоршаған ортаны қорғау саласындағы;

  3. азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органды;

  4. стандарттау, метрология және сертификаттау уәкілетті мемлекеттік органын;

  5. халықты әлеуметтік қорғау уәкілетті органын.

8 сұрақ

Ерекше реттелетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мен қала құрылысы регламентациясының жылжымайтын объектілеріне жатады ([5], 6-баптың 4-тармағы):


  1. мүгедектердің тұруына, келіп-кетуіне және жұмыс істеуіне арналған үй-жайлар мен ғимараттар;

  2. экологиялық апат (немесе) төтенше жағдайлар аймақтары;

  3. айрықша қорғалатын табиғи аймақтар;

  4. су қорғау аймақтары мен белдеулері;

  5. әскери қалашықтар, шекара заставалары және өзге де жабықобъектiлердегi қоныстар.

9 сұрақ

Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары лауазымы бойынша болып табылады([5], 24-баптың 2-тармағы):


  1. қалалардың бас сәулетшілері;

  2. облыстың бас құрылысшылары;

  3. облыстың бас жобалаушылары;

  4. облыстың бас дизайнерлеру;

  5. облыстың бас мердігерлері.

10 сұрақ

Кезең-кезеңмен жобалау және салу көзделетін объектілер мен кешендер бойынша жобалардың кешенді ведомстводан тыс сараптамасы ([5], 64-1-баптың 3-тармағы):


  1. осы жобаны әзірлеудің тиісті кезеңдері бойынша, сарапталамық сүйемелдеу режимінде жүзеге асырылуы мүмкін;

  2. жобаны жүзеге асырудың кезеңділігіне қарамастан, бір уақытта іске асырылады;

  3. осы жобаны әзірлеудің тиісті кезеңдері бойынша, сарапталамық сүйемелдеусіз жүзеге асырылуы мүмкін;

  4. бас мердігер сараптамалық сүйемелдеусіз өз бетінше жүзеге асыруы мүмкін;

  5. жауаптың дұрыс нұсқасы жоқ.

11 сұрақ

Мемлекеттік қызметтен теріс себептер бойынша босатылған адамдар тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына табыстары мен мүлкі туралы декларацияны табыс етеді ([6], 9-баптың 2-1-тармағы):


  1. босатылғаннан кейінгі үш жыл бойы;

  2. босатылғаннан кейінгі бір жыл;

  3. босатылғаннан кейінгі бес жыл;

  4. босатылғаннан кейінгі алты ай;

  5. босатылғаннан кейінгі жеті жыл.

12 сұрақ



Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі ережелеріне жатады ([7], 10-тармақтың 2) тармақшасы):

1) өндірістік, әлеуметтік, рекреациялық, инженерлік және көліктік инфрақұрылымның схемалары мен даму жобалары;

2) құрылыс, сәулет-қала құрылысы және құрылыс мақсатында картографтық-геодезиялық қорды пайдалануүшін инженерлік іздестірулер жүргізу;



3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасын мемлекеттік жоспарлау жүйесіне негіздеме, болжамдар, құжаттар жасау;

4)сәулет, қала құрылысы және құрылысы және өзге жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын белгіленген тәртіппен әзірлеу, келісу, сараптау және бекіту;

5) жаңа құрылыс, ғимарат, имарат, инженерлік және көлік коммуникцияларын салу, сондай-ақ қолданыстағыларын кеңейту, техникалық қайта жарақтау, жаңғырту, реконструкциялау, реставрациялау және күрделі жөндеу.
13 сұрақ

Әрбір аумақтық деңгейдегі Қала құрылысы кадастрының дерекқорын қалыптастыру(жүргізу) үшін негіз болатын құжаттардың (құжаттар үлгілерінің) тізбесіне мынадайқұжаттар жатады ([9], 7-тармақтың 6) тармақшасы):



  1. жоспарлауға тапсырма, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға техникалық шарттар;

  2. жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу үшін алымдардың төленгенін растайтын құжаттар;

  3. кондоминиум объектісінінің ортақ мүлкіндегі үлес мөлшері туралы құжаттар;

  4. ипотекалық куәлік;

  5. жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу шарты.

14 сұрақ

Егер сараптамалық сүйемелдеу режимінде мемлекеттік сараптама жүргізуге арналған шарт сараптама жұмыстарының орындаушысымен,
қаржыландыру көзі бюджет қаражаты болмаса, тапсырысшымен немесе оның сенімхаты бойынша жобаны әзірлеушімен (бас жобалаушы)жасалса, қолданылады ([9],5-тармақтың 1) тармақшасы):


  1. жалпы тәртіп;

  2. ерекше тәртіп;

  3. арнайы тәртіп;

  4. айрықша тәртіп;

  5. мамандандырылған тәртіп .

15 сұрақ

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында инжинирингтік қызметтер көрсеткен кезде сарапшының не ұйымның функцияларына жатады([10], 6-тармақтың 14) тармақшасы):

1) бекiтiлген сметаға сәйкес орындалған жұмыстардың көлемi мен олардың құнын тексеру және аралық ақы төлеу немесе мердiгермен толық есеп айырысу кезiнде орындалған жұмыстарды қабылдау актiлерiн растау;

2) тапсырыс беруші ұсынған бекітілген жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамаған, Қазақстан Республикасының заңнамасы және нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;

3) атқару техникалық құжаттаманы тиісінше және уақтылы жүргізуді қамтамасыз ету;

4) құрылыс барысында анықталған кемшіліктерді (ақауларды) уақтылы жою;

5) мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау және техникалық қадағалау қызметін бақылау бойынша қадағалау органдарының лауазымды тұлғаларының объектіге кіруін қамтамасыз ету.


3.5.3.2. Нормативтік техникалық құжаттар бойынша сұрақтар



Жылу желілері тарту тәсіліне және жылумен жабдықтау жүйесіне қарамастан қандай аумақтардан өтпеуі керек? ([27];6.3-сұрақ)

1. Зираттар, күресін, мал көмінділері, радиоактивті қалдықтарды көму орындары, суармалы алқаптар, сүзгілеу алқаптары және жылу жеткізгіштің химиялық, биологиялық және радиоактивтік ластану қауіпін тудыратын басқа учаскелерден

2. Зираттар, күресін, тұрғын орамдар

3. Орманды парктер, зираттар, сүзгілеу алаптары

4. Шағынаудандар, зираттар, күресін

5. Тұрғын орамдар, шағынаудандар, зираттар






Тұрғын және қоғамдық ғимараттармен қиылысатын кезде жылу өткізгіштердің диаметрі 300 мм болатын транзиттік су жылу желілерін тарту талабы қандай? ([27]; 9.3-т.)

1. Биіктігі кемінде 1,8м техникалық еден астында және тоннелдерде ғимараттан шығудағы төменгі нүктеде құрғату құдығын орнатумен

2. Биіктігі 1,5м техникалық еден асты мен тоннелдердер

3. Қалыпты гирооқшаулағыш монолитті Т/Б арналарда өту жолдарында

4. Биіктігі кемінде 1,6м техникалық еден астында және тоннелдерде ғимараттан шығудағы төменгі нүктеде құрғату құдығын орнатумен

5. Биіктігі 1,6м техникалық еден астында және тоннелдерде






Жылу желілері құбырларының жылу деформациясын өтемдеу үшін қандай өтемдеу тәсілдері және өтемдеу құрылғылары қолданылады? ([27]; 10.28-т.)

    1. Болат құбырлардан жасалған иілгіш өтемдеуіштер мен құбырлардың бұрылыс бұрыштары, сильфонды және линзалы, болат тығыздамалы

    2. Болат құбырлардан жасалған иілгіш өтемдеуіштер мен құбырлардың бұрылыс бұрыштары

    3. Иілгіш, сильфонды, «П» түріндегі линзалы

    4. Иілгіш, өтемдеуішсіз төсемдер, тығыздамалы

    5. Иілгіш, сильфонды, линзалы, шиыршық тіреулер

    6. Иілгіш өтемдеуіштер бұрылыс бұрыштары болат тығыздамалы






Жерүсті жылу желілерінің электр берудің әуе желілерімен және электрлендірілген теміржолдармен қиылысу орындарындағы қажетті іс-шаралар ([27]; 9.18-т.)

1. Сымдардан әр жаққа 5м бойы горизонттар бойынша арақашықтықта орналасқан жылу желілерінің барлық электр өткізгіш элементтерін жерге қосу (жерге қосу құрылғыларының кедергісі 10 Ом аспайтын)

2. Сымдардан әр жаққа 5м бойы горизонттар бойынша арақашықтықта орналасқан жылу желілерінің барлық электр өткізгіш элементтерін жерге қосу (жерге қосу құрылғыларының кедергісі 15 Ом аспайтын)

3.Сымдардан әр жаққа 5м бойы горизонттар бойынша арақашықтықта орналасқан жылу желілерінің барлық электр өткізгіш элементтерін электрхимиялық қорғау

4. Сымдардан әр жаққа 5м бойы горизонттар бойынша арақашықтықта орналасқан жылу желілерінің барлық электр өткізгіш элементтерін катодтық поляризациялау

5. Сымдардан әр жаққа 3м бойы горизонттар бойынша арақашықтықта орналасқан жылу желілерінің барлық электр өткізгіш элементтерін жерге қосу (жерге қосу құрылғыларының кедергісі 10 Ом аспайтын)





Қандай инженерлік желілермен тоннельдерде (өтпе арналарында) жылу құбырларын бірлесіп жерасты салу кезінде жанатын материалдардан жылуды оқшаулаудың конструкцияларын қолдануға жол берілмейді? ([112]; 11.2-т.)

1. Электр және шамалы ток келетін кәбілдер, жанатын заттарды тасымалдайтын құбырлар

2. Электр және шамалы ток кәбілдері, арынды кәріз

3. Электр және шамалы ток кәбілдері, су құбырлары

4. Электр және шамалы ток кәбілдері, сығымдалған ауаның құбырлары

5. Электр және шамалы ток желілері, жанатын заттарды тасымалдайтын құбырлар, арынды кәріз






Тұтынушылардың ыстық сумен жабдықтау жүйелері бу желілерін қалай қосылуы тиіс? ([27]; 6.3-т.)

    1. Бу-сулық су қыздырғыштар арқылы;

    2. Су-сулық секциялық жылытқыштар арқылы;

    3. Пластинка түріндегі жылуалмасулар арқылы;

    4. Байланысты схема бойынша, араластырудың автоматтандырылған клапандары арқылы;

    5. Жылумен жабдықтау ұйымының техникалық шарттарына сәйкессогласно техническим условиям теплоснабжающей организации.






Жылумен жабдықтаудың жабық жүйелері ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің беруші құбыр жолдарында орталықтан сапалы-сандық реттеу кезінде судың температурасы қандай болуы керек? ([27]; 7.6-т.)

    1. Кемінде 70 °С.;

    2. Кемінде 60 °С;

    3. Температуралық графикке сәйкес сыртқы ауаның есептік температурасына қарай;

    4. Жылумен жабдықтаудың жабық жүйелері ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің беруші құбыр жолдарындағы судың температурасы регламенттелмейді;

    5. Жылумен жабдықтаудың жабық жүйелері ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің беруші құбыр жолдарындағы судың температурасы СЭҚ органдармен келісіледі






Сумен жылыту желілерінің беру құбырларда су қысымы желілік сорғылар жұмыс істеген кезде қандай шартпен қабылданады? ([27]; 8.8-т.)

    1. Судың ең жоғары температурасы кезінде беруші құбырдың кез келген нүктесінде, жылу көзі жабдығында және жылу желілерін тікелей қосылған тұтынушылардың жүйе аспаптарында қайнамауы шартымен;

    2. Тұтынушыларды желілік судың қысымымен қамтамасыз ету шартымен;

    3. Кері құбырда жылу көзі жабдығының алдында желілік суды қысыммен қамтамасыз ету шартымен;

    4. Тұтынушыларды желілік судың қысымымен және температурамен қамтамасыз ету шартымен;

    5. Тұтынушылардың желілерінде температураны қамтамасыз ету шартымен






Қозғалыс бағытына және тарту тәсіліне қарамастан жылу жеткізгіштің ең аз еңістігі қандай болуы керек? ([27]; 9.5-т.)

    1. Кемінде 0,002.

    2. 0,002 аспайтын;

    3. Кемінде 0,005;

    4. Гидравликалық есептеумен желілік судың есептік шығысы кезінде айқындалады;

    5. Жылу желілерінің еңістігіне жол берілмейді






Қандай жағдайларда ИТП-да резервсіз іргетассыз циркуляциялық сорғылар орнатуға жол беріледі? ([56], 6.15-т.).

    1. Резервтік сорғы қоймада сақталған кезде;

    2. Сорғыларды резервсіз орнатуға жол берілмейді;

    3. Бір мезгілде жұмыс істейтін сорғылар саны 3 және одан астам болған кезде;

    4. Пайдаланушы ұйымның рұқсаты болған кезде;

    5. Тұтынушылармен келісу бойынша .






Құбырларды бір қатарға тартқан кезде беруші құбыр жылу пунктерінде қайда орналасады? ([56]; 4.36)

    1. Беруші құбыр кері қайтарушы құбырдың оң жағына орналастырылады (беруші құбырдағы жылу жеткізгіштің бойымен)

    2. Беруші құбыр кері құбырдың оң жағына орналастырылады.

    3. Тарту кезінде беруші құбырдың кері құбырға қатысты орнын белгілеу қажетсіз

    4. Беруші құбыр кері құбырдың астына орналасады

    5. Беруші құбыр кері құбырдың астына орналасады






Жылу пунктерінде қанықтыру сорғыларының өнімділігі қалай қабылдануы тиіс? ([56]; 6.14-т.)

    1. Жылу желісінің құбырларындағы және су қыздырғышқа қосылған жылыту желілеріндегі су көлемінің 20% мөлшерінде.

    2. Жылу желісінің құбырларындағы және су қыздырғышқа қосылған жылыту желілеріндегі су көлемінің 50% мөлшерінде.

    3. Жүйедегі, ондағы орнатылған құбырлардағы судың есептік шығысы бойынша

    4. Жылыту және желдету жүйесіндегі судың есептік шығысы бойынша

    5. қанықтыру сорғыларының өнімділігі жылу желілеріне қосудың техникалық шарттарымен айқындалады






Сәулелік жылытудың жоғары температуралық аспаптары үшін беттің қандай температурасы қолданылуы тиіс емес? ([57] 6.6-т.)

    1. 250º

    2. 255º

    3. 260º

    4. 265º

    5. 270º






Жылытылмайтын үй-жайларда, жылу жеткізгіштің қатуы мүмкін болатын орындарда, жасанды түрде салқындатылған үй-жайларда тартылатын жылыту желілері құбырлары үшін жылуоқшаулау беттерінде температура мәні қандай болып көзделуі қажет? ([57] 7.4.2-т.)

    1. 40ºС

    2. 65ºС

    3. 25ºС

    4. 27ºС

    5. 95ºС






Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде жылыту жүйесі қандай жылу жеткізгіштерімен қабылдануы тиіс?([57] 7.3.4-т.)

1. Сумен, электрмен

2. сумен, газбен

3. Сумен, электрмен, газбен

4. Сумен, ауамен, электрмен

5. Сумен, электрмен, бумен






Операция жасау орындарында және емдеу мақсатындағы басқа үй-жайларда жылыту жүйесі қандай жылу жеткізгіштерімен қабылдануы тиіс?([57] 7.3.4-т.)

1. Сумен

2. сумен, электрмен

3. Сумен, ауамен

4. Сумен, ауамен, электрмен

5. Сумен, газбен






Кәсіпорынның қоғамдық және тұрмыстық үй-жайларына арналған кірмеағындық ауа бөлігін қандай үй-жайларға беруге жол беріледі? ([57] 8.5.2-т. )

    1. Дәліздерге және іргелес үй-жайларға үй-жайға қызмет көрсетуге арналған ауа шығысының 50% асырмай

    2. Баспалдақ торларына

    3. Лифтілерге

    4. Тамбур-шлюздерге

    5. Дәліздерге және іргелес үй-жайларға үй-жайға қызмет көрсетуге арналған ауа шығысының 50% асырып






Төменгі аймақтағы ауаны жалпыалмасу сыртқа тарта желдету жүйелерімен шығаруға арналған қабылдау саңылаулары қандай деңгейде орналастырылуы тиіс?([57] 8.5.11-т.)

1. еденнен саңылаудың төменіне дейін 0,3 м деңгейінде;

2. еденнен саңылаудың төменіне дейін 0,15 м деңгейінде;

3. еденнен саңылаудың төменіне дейін 0,4 м деңгейінде;

4. еденнен саңылаудың төменіне дейін 0,8 м деңгейінде;

5. еденнен саңылаудың төменіне дейін 0,5 м деңгейінде.






Су қыздырғыштар құбырларындағы су қозғалысының жылдамдығы сыртқы ауаның есептік температурасы Б өлшемдері бойынша және қату 0Сболған кезде қандай болып қабылдануы тиіс?([57] 8.8.2-т. )

    1. Кемінде 0,12 м/с

    2. Кемінде 0,10 м/с

    3. Кемінде 0,9 м/с

    4. Кемінде 0,8м/с

    5. Кемінде 0,6 м/с






Қандай құбырларды желдету жабдығына арналған үй-жай арқылы тартуға жол берілмейді? ([57] 8.10.1-т. )

    1. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықты, газды, кәріз құбырларын

    2. Жауын кәрізі құбырларын

    3. Жылыту құбырларын

    4. Су құбырларын

    5. Ауалық арналарды






Ғимараттың ішін жылумен жабдықтау үшін электр энергиясын оны тікелей жылу энергиясына трансформациялаумен қолдануға жол беріле ме? ([57]7.1.7-т.)

    1. Жол беріледі, жобалауға тапсырма бойынша

    2. Электр энергиясын үнемдеу ұйымдарымен келісім болған кезде жол беріледі;

    3. Құрылыс ауданында жылу энергиясы көздері болмаған кезде жол беріледі;

    4. Жол берілмейді;

    5. Электр энергиясының құны жылу энергиясымен салыстырғанда төмен болған кезде жол беріледі.






Судың жылдамдығы қандай болған кезде құбырларды еңіссіз тартуға жол беріледі? ([57]7.4.20-т.)

    1. Құбырлардағы судың жылдамдығы 0,25 м/с және одан астам болған кезде жол беріледі

    2. Құбырларды жасырын тарту кезінде жол беріледі

    3. Құбырлар диаметрі мм және одан астам болған кезде жол беріледі

    4. Құбырда дБ аспайтын шу болған кезде жол беріледі

    5. Жол берілмейді






Ауаны және суды салқындату үшін табиғи және жасанды суық көздерінен суықпен жабдықтау жүйесі қандай шарттармен жобалануы тиіс?([57].10.1-т.)

    1. Егер нормаланатынметеорологиялық жағдайларды тура не жанама буландыра салқындату қондырғыларымен қамтамасыз ету мүмкін болмаса

    2. Егер нормаланатын метеорологиялық жағдайлардыкірме ағындық жүйелермен қамтамасыз ету мүмкін болмаса

    3. Егер нормаланатын метеорологиялық жағдайлардысыртқа тарту жүйелерімен қамтамасыз ету мүмкін болмаса

    4. Егер нормаланатын метеорологиялық жағдайлардысыртқа тарту- кірме ағындық жүйелермен қамтамасыз ету мүмкін болмаса

    5. Нормаланбайлы






Жылыту, желдету, кондиционерлеу үшін қайталама энергия ресурстарын (ҚЭР) және жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдаланудың орындылығы немен түсіндіріледі ([57], 12.2-т.)

    1. ҚЭР мен жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) түсуінің әркелкі болуын есепке алып техникалық-экономикалық есептеумен;

    2. Тапсырыс беруші бекіткен ТЭН әзірлеуге тапсырмамен;

    3. Тапсырыс беруші бекіткен жобалауға тапсырмамен;

    4. ҚЭР мен ЖЭК жабдықтарының техникалық сипаттамаларымен;

    5. Нормаланбайды.






Жұмыс тәулігіне 8 сағаттан астам жүргізілетін өндірістік, зертханалық және қойма үй-жайлары үшін кірме ағындық механикалық желдетпені қандай жүйемін қатар қолданған жөн?([57]8.2.3-т)

1. ауамен жылытумен;

2. сумен жылытумен;

3. электрмен жылытумен;

4. газбен жылытумен;

5. жүйелерді араластыруға жол берілмейді.






Төменгі қысымдағы ішкі газ құбырлары үшін қандай құбырларды қолдану ұсынылады? ([58] 4.11-т.)

    1. Болат және мыс.

    2. Полиэтиленқұбырларды;

    3. Металлполимер құбырларды;

    4. Құбырлар шектеусіз қолданылады;

    5. Тоттанбайтын болат құбырлар мыс құбырлар






Балалар мекемелерінің, ауруханалардың, мектептердің, санатрийлердің, қоғамдық әкімшілік және адамдар көп болатын тұрмыстық ғимараттардың қабырғасы бойымен және төбе жабындары астынанқандай қысымда транзиттік газ құбырларын тартуға жол берілмейді?([58] 5.3.2-т.)

    1. Барлық қысымдағы

    2. Жоғарғы қысымдағы газ құбырларын;

    3. Орташа және одан астам қысымдағы газ құбырларын;

    4. Болат құбырлардан жасалған газ құбырларын тартуға жол беріледі;

    5. Тартуға ТЖ органдарының рұқсаты болған кезде жол беріледі.






Сейсмикалығы 7 балдан астам аудандарда құрылыс кезінде газ құбырының полиэтилен құбырлары үшін қандай төзімділілік қоры коэффицентіқолданылады?

([58] 5.6.6-т.)



    1. төзімділілік қоры коэффицентікемінде 2,8 полиэтил газ құбырлары

    2. төзімділілік қоры коэффицентікемінде 2,5 полиэтил газ құбырлары

    3. полиэтиленқұбырларды қолдануға рұқсат етілмейді;

    4. полиэтиленқұбырларды қолдануға органдарының рұқсаты болған кезде жол беріледі;

    5. төзімділілік қоры коэффиценті шамасы жобалауға тапсырмамен айқындалады






Стандарттарда және басқа нормативтік құжаттарда белгіленген өзінің мақсатына сәйкес (қолдану аясыны) жеке баллон құрылғыларын қандай ғимараттарда орналастыруға болады ? ([58] 8.2.5-т.)

    1. орналастыруға рұқсат етіледі - жеке баллон құрылғыларын екі қабаттан аспайтын тұрғын ғимарат пәтерлерінде орналастыруға рұқсат етіледі (пәтерде бір баллоннан асырмай);

    2. тұрғын ғимарат пәтерлерінде (пәтерде бір баллоннан асырмай);

    3. орналастыруға рұқсат етіледі - жеке баллон құрылғыларын бес қабаттан аспайтын тұрғын ғимарат пәтерлерінде орналастыруға рұқсат етіледі (пәтерде екі баллоннан асырмай);

    4. Орналастыруға рұқсат етіледі - жеке баллон құрылғыларын үш қабаттан аспайтын тұрғын ғимарат пәтерлерінде орналастыруға рұқсат етіледі (пәтерде екі баллоннан асырмай);

    5. Орналастыруға рұқсат етіледі - жеке баллон құрылғыларын екі қабаттан аспайтын тұрғын ғимарат пәтерлерінде орналастыруға рұқсат етіледі






Сейсмикалығы 6 балдан асатын аудандарда шатырлық қазандықтарды жобалауға жол беріле ме? ([59] 2.4-т.)

    1. Жол берілмейді;

    2. ТЖ органдарының рұқсаты болған кезде жол беріледі.

    3. Жергілікті басқару органдарымен келісілген кезде жол беріледі;

    4. Құрылыс конструкцияларын күшейту бойынша қосымша іс-шаралар көзделген кезде жол беріледі;

    5. Шатырлық қазандықтарды орнату регламенттелмейді






Қатты отынмен жұмыс істейтін қазандықтардың отынын автомобиль көлігімен жеткізген кезде сыйымдылық қандай болуға тиіс? ([59]5.14-т.)

1. 7 тәулік шығысқа;

2. 2 тәулік шығысқа;

3. 14 тәулік шығысқа;

4. 30 тәулік шығысқа;

5. отынды сақтау сыйымдылығы барлық жылыту кезеңіне шығысты ескере отырып алынады.






Жылыту үшін есепті температура 30 оС төмен Қазақстан Республикасының солтүстік аудандары үшін қазандықтардың ғимараттарынан тыс ашық алаңшаларда тарту-үрлеу машиналарын, күл тұтқыштарды, деаэраторларды, дэкарбонизаторларды, ақшылттандырғыштарды, әртүрлі мақсаттағы бактарды, мазутты жылытқыштарды орнатуға жол беріледі ме? ([59] 2.17-т)

1. егер ол шығарушы зауыттың техникалық шарттарында көзделсе, жол беріледі.

2. егер ол жобалауға тапсырмада көзделсе, жол беріледі;

3. егер қазандықтың жылу қуаты 100 МВт-дан аспаса жол берледі;

4. егер ғимаратта қазандықты орнатуға үй-жайдың алаңы тар болса, жол беріледі;

5. жол берілмейді.






Шаруашылық-ауыз су не шаруашылық-өртке қарсы су құбыры жүйесінде гидростатикалық қысым ең төмен орналасқан санитарлық-техникалық аспапта қаншадан аспауы тиіс?([60];4.3.9-т.)

    1. 60м

    2. 65м

    3. 70м

    4. 80м

    5. 90м






Шаруашылық-ауыз су құбырының жүйелері үшін және жекелеген өртке қарсы жүйелері мен шаруашылық-өртке қарсы су құбыры үшін құбыр, су тарту және аралас арматураны қандай жұмыс қысымына орнату қажет? ([60]; 5.3-т.)

1. Шаруашылық ауыз су жүйелері үшін қысымдар 0,6 МПа(6кгс/см2) өртке қарсы жүйелері үшін 1,0 МПа(10кгс/см2)

2. тиісінше 0,6МПа және 1,1 МПа

3. тиісінше 0,65МПа және 1,2 МПа

4. тиісінше 0,7МПа және 1,25 МПа

5. тиісінше 0,9МПа және 1,5 МПа






ІІ типегі шөгу кезінде су құбыры кіргізімі мен құбырларды ғимарат пен құрылыстың ішінде еден астына тарту қалай көзделеді? ([60];7.2-т.)

    1. Су өткізбейтін арналарда бақылау құдықтары жағына Ǿ1,0м еңіспен

    2. Жерде бақылау құдықтары жағына Ǿ,0м

    3. Су өткізбейтін арналарда бақылау құдықтары жағына Ǿ1,5м еңіспен

    4. Су өткізбейтін арналарда кәріз құдықтары жағына Ǿ1,0м еңіспен

    5. Қалыпты арналарда бақылау құдықтары жағына Ǿ1,0м еңіспен






Беріктік, тоттануға төзімділік талаптарын ескере отырып, кәріз жүйелері үшін қандай құбырларды көздеу ұсынылады? ([60]; 8.2.6-т.)

1. Пластмасса, шойын, шынылы, мысжәне тоттанбайтын болаттан

2. Пластмасса, шойын, асбестцемент

3. Пластмасса, шойын, темірбетон

4. Пластмасса, шойын, қара болат

5. Шойын, электрмен дәнекерленген болат,мыс






Өндірістік және шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне суды ең жоғары мөлшерде бір мезгілде жұмсау кезінде өртті ішкі өрт крандарынан сөндірген жағдайда сорғыларды қолмен, арақашықтықтан немесе автоматты іске қосу кезінде жұмсалуы тиіс емес өртке қарсы су қоры қанша болуы керек? ([60] 7-қосымша 7.8-т.)

1. Өндірістік және шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне суды ең жоғары мөлшерде бір мезгілде жұмсау кезінде өрт сөндіру ұзақтығының 10 мин. есебінен

2. Өндірістік және шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне суды ең жоғары мөлшерде бір мезгілде жұмсау кезінде өрт сөндіру ұзақтығының 5 мин. есебінен

3. Өндірістік қажеттіліктерге суды ең жоғары мөлшерде бір мезгілде жұмсау кезінде өрт сөндіру ұзақтығының 10 мин. есебінен

4. Шаруашылық-ауыз қажеттіліктерге суды ең жоғары мөлшерде бір мезгілде жұмсау кезінде өрт сөндіру ұзақтығының 10 мин. есебінен

5. Өндірістік және шаруашылық қажеттіліктерге суды орта мөлшерде бір мезгілде жұмсау кезінде өрт сөндіру ұзақтығының 10 мин. есебінен






Агрессивті және улы сарқынды суларды тасымалдайтын құбырларын еденнің астынан салуды қалай көздеген жөн ? ([60];8.2.15-т.)

1. Еденнің деңгейіне дейін шығарылған және алмалы плиталармен жабылған арналарда

2. Еденде

3. Гидрооқшаулау құрылғысы бар еденде

4. Қыш тақтайшамен қаптамасы бар еденнің үстінде

5. Металды футлярларда






Қандай технологиялық ерітінділерді кәрізге жіберуге жол берілмейді? ([60]; 8.3.2-т.)

1. Технологиялық ерітінділерді, технологиялық резервуарларды тазарту кезінде ерітінділердің шөгінділерін, улы өнімдер мен реагенттерді

2. Технологиялық ерітінділерді, зертханада зарарсызданған улы өнімдер мен реагенттерді

3. Технологиялық ерітінділерді, жұқпалы ауруханалардың зарарсызданған сарқынды сулары

4. Технологиялық ерітінділерді, улы өнімдер мен реагенттерді, улы емес ластануларды

5. Технологиялық ерітінділерді, улы өнімдер мен реагенттерді құрамында жанатын сұйықтықтар жоқ өндірістік сарқынды суларды






Суық судың ішкі су құбырлары желілерінің гидравликалық есептеуі ..... шығысымен жүргізілуі қажет. ([60], 4.1-тармақтың 4-қосымшасы)

    1. Ең көп секундтық

    2. Орташа секундтық

    3. Ең көп сағаттық

    4. Орташа сағаттық

    5. Ең көп секунтық






Сарқынды сулардан қандай заттарды бөлу үшін тұндырғыш центрифугалар қолданылуы тиіс (үздіксіз не кезеңмен әсер ететін)? ([61], 9.2.9.1-т.)

    1. Сарқынды сулардан ұсақ дисперстік қалқыма заттарды бөлу үшін және қажет болған жағдайда тұнбадан құнды өнімдер алу үшін

    2. Сарқынды сулардан мұнай өнімдерін бөлу үшін

    3. Сарқынды сулардан ББЗ алып тастау үшін

    4. Сарқынды сулардан белсенді лайды алып тастау үшін






Сарқынды суларды толық биологиялық тазарту үшін сүзгілеу алқаптарын қандай топырақта көздеу қажет? ([61], 9.3.11.1-т.)

    1. Құмды-құмайт және жеңіл балшықтарда

    2. Ауыр балшықта

    3. Ірі құмды

    4. Қиыршық тасты

    5. Керамзитте






Қандай мақсаттар үшін метантанкаларды қолданған жөн? ([61], 9.11.3.1-т)

1. Құрамында метан бар газдың ашуын тұрақтандыру және алу мақсатында қалалық сарқынды сулардың шөгінділерін анаэробты ашыту үшін

2. Құмды жою үшін

3. Ірі дисперстік коллоидты және ерітілген қоспаларды жою үшін

4. Құрамында хлор және цианид бар сарқынды суларды зарарсыздандыру үшін

5. Сарқынды суларды бейтараптау үшін






Ауа үрлеу станциялары... арналған ([61], 8.3.1-т.)

1. сарқынды суларды ауамен қанықтыру

2. ауа пердесін жасау үшін

3. сарқынды суларды салқындату үшін

4. сарқынды суларды жылыту үшін

5. пневоможетектердің жұмысы үшін






Кәріздендірілмеген аудандарда бір тұрғынға қанша меншікті су бұру қабылдануы тиіс? ( [61], 5.5.4-т.)

    1. 25 л/тәул.

    2. Жергілікті атқарушы органның анықтамасы бойынша

    3. Халық санына қарай

    4. Тапсырма бойынша

    5. Регламенттелмейді






Қандай жағдайларда резервуарлардан және/немесе су қоймаларынан сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау көздеуге жол беріледі? ([83] «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» 71-т.)

    1. Тұрғындар саны 5 мыңға дейінгі елді мекендер

    2. Тұрғындар саны 10мыңға дейінгі елді мекендер

    3. Тұрғындар саны 15 мыңға дейінгі елді мекендер

    4. Тұрғындар саны 20 мыңға дейінгі елді мекендер

    5. Тұрғындар саны 25 мыңға дейінгі елді мекендер






Жұмыс скважиналары саны 1-ден 4-ке дейін болған кезде сумен жабдықтаудың I, II и III санаттарындағы су тартуда резервтік скважиналар саны қанша болып қабылдануы тиіс? ([62], 8.13-т.)

    1. I санат – 1скв., II санат – 1скв. және III санат –1скв.

    2. I санат – 2скв., II санат – 1скв. және III санат –1скв.

    3. I санат – 2скв., II санат – 2скв. және III санат–1скв.

    4. I санат – 1скв., II санат – 1скв.

    5. I санат – 1скв.,



Ø400 мм дейінгі құбырлар үшін төсеу тереңдігі 2 метрге дейін және 2 метрден астам болған кезде І санаттағы сумен жабдықтау жүйелерінің құбырларында аварияны жоюдың есептік уақыты қанша? ([62], 11.4-т.)

    1. 8 с және 12 с

    2. 1 с және 13 с

    3. 1 с және 14 с

    4. 6 сжәне 10 с

    5. 7 сжәне11 с






Сумен жабдықтаудың жобаларын әзірлеу кезінде құдықтар қандай материалдан қабылдануы тиіс? ([62], 11.62-т.)

    1. бетон, темір бетон, полимер

    2. кірпіш

    3. болат

    4. аралас – бетон мойынды кірпші

    5. аралас – металл мойынды






Су тарту орындарында сумен жабдықтау көздерінің екінші және үшінші белдіктегі СҚА режимі қандай болуы қажет? ([62], 13.1.2-т.)

1. Шектеулі

2. Қатаң

3. Еркін

4. Күзету

5. Жоқ





Ауа жинағыштарда профильдің биіктетілген бұрылысты нүктелерінде қандай құбыр арматурасы қолданылады? ([62], 11.12.)

    1. Вантуз

    2. Гидрант

    3. Су тарату колонкасы

    4. Кері клапан

    5. Ысырма






Қандай жағдайларда су тарату колонкаларын орнатуға жол беріледі: ([62], 11.20-т.)

    1. Негізделген

    2. Халық саны 5 000 адамға дейін болған кезде

    3. Халық саны 5 000-ден 50 000 адамға дейін болған кезде

    4. Халық саны 50 000 адам болған кезде

    5. Жол берілмейді






Құдықтардың жұмыс бөлігінің биіктігі қандай болуы тиіс? (кемінде) ([62], 11.62-т.).

    1. 1,8

    2. 2,0

    3. 2,5

    4. 1,5

    5. Регламенттелмейді






Су тарату құрылыстары су берумен жабдықталуы деңгейі бойынша қанша санатқа бөлінеді: ([62], 8.79-т.)

    1. 3

    2. 2

    3. 4

    4. 5

    5. Бөлінбейді






Су құбыры желісін жөндеу учаскелеріне бөлу ...... қамтамасыз етуі тиіс ([62], 11.10-т.)

    1. Учаскелердің бірін ажыратқан жағдайда бестен аспайтын өрт гидранттарын өшіру мен тұтынушыларға су беру тоқтатылмауын, сумен жабдықтауда үзіліске жол бермеуді .

    2. Шығыс бойынша

    3. Қысым бойынша

    4. Тапсырма бойынша

    5. регламенттелмейді






Су беру үшін, өрт сөндіру резервуарлары мен су қоймаларын толтыру үшін өрт сөндіру резервуарлары мен су қоймаларын толтыру үшін түтік құбырлардың ұзақтығы қандай болып көзделуі керек? ([62], 12.5.5-т..)

    1. 250 м дейін

    2. Өрт қауіпсіздігін қадағалау органдарымен келісу бойынша

    3. 500 м дейін

    4. Тапсырма бойынша

    5. Регламенттелмейді






Қандай жағдайда бір резерзуар орнатуға жол беріледі.([62], 12.3.1-т..)

    1. Онда өрт сөндіру және авариялық көлемдер болмаған жағдайда

    2. Халық санына қарай

    3. Өрт қауіпсіздігін қадағалау органдарымен келісу бойынша

    4. Тапсырма бойынша

    5. Регламенттелмейді






Сұйық және газ түріндегі хлорды тасымалдау үшін хлор құбырлары қандай материалдардан монтаждалады?([62], 9.153-т.)

    1. Жіксіз болат құбырлардан

    2. Шиыршық тәрізді болат құбырлардан

    3. Тік жікті болат құбырлардан

    4. Металл емес

    5. Регламенттелмейді






Өндірістік объектілерде олардың алып жатқан ауданына қарай бір уақыттағы өрттердің есептік саны қанша болып қабылдануы тиіс? ([62], 5.2.12-т.)

    1. ауданы 150 га дейін болған кезде бір өрт, ауданы 150 га астам болған кезде екі өрт

    2. ауданы 150 га дейін болған кезде бір өрт, ауданы 150 га астам болған кезде үш өрт

    3. ауданы 150 га дейін болған кезде екі өрт, ауданы 150 га астам болған кезде үш өрт

    4. ауданы 150 га дейін болған кезде бір өрт, ауданы 150 га астам болған кезде бір өрт

    5. ауданы 150 га дейін болған кезде екі өрт, ауданы 150 га астам болған кезде екі өрт






Топырақта тарту кезінде жердің кедір-бұдырлығына артық алынуын және электрмен өлшеу, сынау кезінде кәбілдердің ұштарын кесу, және олардың құрылыс ұзындықтарын біріктіру шығыстарын есепке алумен, трассаның 1 км оптикалық кәбілдер шығысы нормасы :( [63] 6.2.19-т.)

    1. 1,02 км

    2. 1,04 км

    3. 1,06 км

    4. 1,01 км

    5. 1,1 км






Ғимараттар мен құрылыстарда автоматты өрт сөндіру және дабыл беру жүйелерін орнату немен айқындалады? ([64] 4.7-т. )

    1. Жобалауға тапсырмамен

    2. Жобалауға арналған бастапқы деректермен

    3. Жобаланатын жүйеге қойылатын техникалық талаптармен

    4. Сметалық құжаттаманы құруға арналған деректермен

    5. Жалпы мәліметтермен






Өрт сөндіру дабылының сақина типті шлейфтері ............орындалуы тиіс

[64]; 13.59-т.



    1. …жеке сымдармен және байланыс кәбілдерімен

    2. …кернеудің жол берілетін түсуіне қарай, бірақ кемінде 0,5 мм қимамен

    3. …байланыс кәбілдерімен және бақылау кәбілдерімен

    4. …араласа кәбілдермен, дабылды және қоректі беру функцияларымен

    5. … UTP типті кәбілдермен






Түтіндемейтін баспалдақ торы тұрғын ғимараттарда өртке қарсы құрылғыларды, эвакуациялық және авариялық жарықтандыруды қоректендіруді қалай орындаған жөн? ([65] 5.9-т.):

1. дара қалқаннан немесеРАҚ құрылғысы бар сыртқы қоректендіруші желілерге қосылған желілерімен жеке панельден

2. дара қалқаннан немесе РАҚ құрылғысы бар таратушы КТҚ шығатын желілеріне қосылған желілерімен жеке панельден

3. РАҚ құрылғысы бар таратушы КТҚ шығатын желілеріне қосылған желілерден

4. таратушы КТҚ шығатын желілеріне қосылған желілермен

5. рансформаторлық шағын станциялардан дербес желілермен






Тұрғын ғимараттардың пәтерлерінде пәтерлердің қоректендіруші желілерінің тікқұбырларын, баспалдақ жарықтандырудың топтық желілерін салуға жол беріледі ме ([65]; 12.10-т.):

1. жол берілмейді

2. жол беріледі

3. қораптарда салу кезінде жол беріледі

4. көрінбейтіндей салу кезінде жол беріледі

5. ылғалды технологиялық процестері бар үй-жайлардан басқа барлық үй-жайларда жол беріледі






«Ашық және сыртқы электр қондырғылары» терминіне қандай электр қондырғылары жатады? (2-2-т.)

    1. Атмосфералық әсерлерден ғимаратпен қорғалмаған

    2. Төбе қалқалармен және тор қоршаулармен ғана қорғалған

    3. Пайдалану қызмет көрсетуші персоналдың жоғары біліктілік тобын талап ететін

    4. Жарылыс қауіпі бар корпуста орындалған

    5. Ашық кеңістіктегі стационарлық электр қондырғылары






«Электрмен жабдықтау» ұғымы [66] сәйкес ....... білдіреді: (2-18-т.)

    1. Тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету

    2. Электр энергиясын әуе желілерінің көмегімен беру

    3. Электр энергиясын кәбілдік желілер көмегімен беру

    4. Электр энергиясын өндіру және тарату процесі

    5. Электр станциясында, шағын станцияларда, учаскеде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу






І санаттағы электр қабылдағыштардың ерекше тобын электрмен жабдықтау үшін не көзделуі тиіс? [66] (23-т.)

    1. Үшінші тәуелсіз өзара резервтеуші қорек көзінен қосымша қоректендіру

    2. Екінші тәуелсіз өзара резервтеуші қорек көзінен қосымша қоректендіру

    3. Тәуелсіз өзара резервтеуші қорек көзінен қосымша қоректендіру көзделмейді

    4. Ең аз дегенде төрт тәуелсіз өзара резервтеуші қорек көзінен қосымша қоректендіру

    5. Үш тәуелсіз өзара резервтеуші қорек көзінен қосымша қоректендіру






Алюминий шинаның КЗ кезіндегі қызу температурасы ..... жоғары болуы керек? ([66]; 75-т)

    1. +200°С

    2. +150°С

    3. +350°С

    4. +400°С

    5. +450°С






Тиімді жерлендірілген нейтралды электр желісі деп не аталады? ([66] 2-30-т.)

    1. Жерге тұйықталу коэффициенті1,4 аспайтын, 1 кВ жоғары кернеулі үш фазалы электр желісі

    2. Жерге тұйықталу коэффициенті1,4 аспайтын, 1 кВ төмен кернеулі үш фазалы электр желісі

    3. Жерге тұйықталу коэффициенті4,1 аспайтын, 1 кВ жоғары кернеулі үш фазалы электр желісі

    4. Жерге тұйықталу коэффициенті2,4 аспайтын, 1 кВ төмен кернеулі үш фазалы электр желісі

    5. Жерге тұйықталу коэффициенті4,1 аспайтын,35 кВ жоғары кернеулі үш фазалы электр желісі






Өткізгіш потенциалдардың теңдігіне қол жеткізу үшін оларды электр қосу ... деп аталады: ([66] 2-43-т.)

1. потенциалдарды теңдестіру

2. потенциалдарды түзету

3. қорғаныш автоматты ажырату

4. потенциалды алу

5. қорғаныш жерге қосу






Потенциалдарды теңдестірудің негізгі жүйесі өткізгіштерінің қимасы... кем болмауға тиіс: ([66] 229-т.)

1. Электр қондырғының қорғаныш өткізгішінің ең ауқымды қимасының жартысынан

2. Электр қондырғының фазалық өткізгішінің қимасының жартысынан

3. Электр қондырғының нөлдік жұмыс өткізгішінің қимасының жартысынан

4. Қима нормаланбайды

5. Электр қондырғының ең ауқымды қорғаныш өткізгішінің екі қимасының мөлшерінен






ӘЖ III–V санаттардағы автомобиль жолдарымен қиылысқан кезде ең жоғары салбырау жебесі кезінде ӘЖ сымдарынан жолдардың өту бөлігіне дейін қашықтық кемінде... болуға тиіс: ([66] 577-т.)

    1. 6 м

    2. 7 м

    3. 1 м

    4. 5 м

    5. 10 м






Қандай электр өткізгіш конструкцияларды жерге қосқыштар ретінде пайдалануға жол берілмейді? ([66] 206-т.)

1. Кәріз және орталықтан жылыту құбырлары, жанатын сұйықтықтардың, жанатын немесе жарылу қауіпі бар газдар мен қоспалардың құбырлары.

2. Жермен, оның ішінде агрессивті емес, шамалы агрессивті және орта агрессивті орталарда қорғаушы гидрооқшаулау жабындылары бар темірбетон іргетастарымен жанасатын ғимараттар мен құрылыстардың металды және темірбетон конструкциялары

3. Жерге салынған су құбырының металды құбырлары; бұрғылау ұңғымаларының айналдыра салынатын құбырлары

4. Жердегі басқа да металды конструкциялар мен құрылыстар

5. Гидротехникалық ғимараттардың металдық шпунттары, ысырмалардың бiр бөлiгiнiң суағарлары, және т.с.с;






Кәбілдік желілерді ашық тарту ненің тікелей әсер етуі есепке алынып жүргізілуі тиіс? (ҚР ЭОҚ 368-т.)

    1. Күн сәулесінің, сондай-ақ әртүрлі жылу көздерінен жылу сәулелендірулерінің

    2. Атмосфералық әсерлердің, электр желілерін тарту ауданының климаттық жағдайларының

    3. Күн сәулесініңжәне электр желілерін тарту ауданының климаттық жағдайларының

    4. Кәбілдерді тарту және температуралық әсерлер кезіндегі ауырлық күшінің

    5. Кәбілдік желілердің оқшауландыруларына күн радиациясының






Ағаш құрылыстары (көпірлер, айлақтар, пирстар және т.б.) бойынша кәбіл желілерін салу ... орындалуға тиіс (ҚР ЭОҚ467-т.)

1. … металды құбырларда

2. … пластик герметикаланған құбырларда

3. … ПВХ жабындысымен герметикаланған металл жеңдерінде

4. … асбесцемент құбырларында

5. … жоғары қысымдағы резина шлангілерінде.






Аккумуляторлық батареялары не басқа қоректендіру көздері жоқ ДЭС-та авариялық жарықтандыру шамы ретінде не қолданылауы мүмкін: ([67] 5.5.8-т.)

    1. Кіріктірілген аккумуляторлы жылжымалы фонарлар

    2. ГТҚ резервтік кіруінен қоректендірілген жылжымалы фонарлар

    3. ҮҚК қоректендірілген жылжымалы фонарлар

    4. Барлық жауаптар дұрыс

    5. Барлық жауаптар дұрыс емес






..............ас үйлеріне электр плиталарын орнату көзделуі қажет ([41] 11.5.2-т.)

1. Биіктігі 11 қабат және одан астам тұрғын үйлердің және пәтер үлгісіндегі жатақханалардың (қабаттылығына қарамастан)

2. Биіктігі 6 қабат және одан астам тұрғын үйлердің және пәтер үлгісіндегі жатақханалардың (5 қабат және одан астам)

3. Биіктігі 9 қабат және одан астам тұрғын үйлердің және пәтер үлгісіндегі жатақханалардың (3 қабат және одан астам)

4. Биіктігі 15қабат және одан астам тұрғын үйлердің және пәтер үлгісіндегі жатақханалардың (қабаттылығына қарамастан)

5. Биіктігі 12 қабат және одан астам тұрғын үйлердің және пәтер үлгісіндегі жатақханалардың (қабаттылығына қарамастан)






Қандай есептік жүктемеде пәтерге кіргізімде үш фазалы кіргізім қолдану ұсынылады? ([41] 11.5.1-т.)

1. 11 кВт артық

2. 15 кВт артық

3. 7,5 кВт артық

4.9 кВт артық

5. 12 кВт артық






Қалалық көлік және жүргіншілер тоннелдерінің жарықтандыру қондырғылары, А санаттағы көшелердің, жолдардың және алаңдардың жарықтандыру қондырғылары электрмен жабдықтаудың сенімділігі бойынша ..... жатады ([29] 3.3-т.)

    1. Екінші санатқа

    2. Бірінші санатқа

    3. Үшінші санатқа

    4. Ерекше санатқа

    5. Төртінші санатқа






Жүргіншілер жолдарының жол берілетін ең аз жарықтандырылуы: ([29]; 2.7-т)

    1. 0,5 лк

    2. 0,6 лк

    3. 0,4 лк

    4. 0,2 лк

    5. 1,5 лк






Жасанды жарықтандыру қандай түрлерге бөлінеді? ([68];7.1-т.):

1. Жұмыс, авариялық, күзет және кезекші

2. Жұмыс, қауіпсіздік, күзет және кезекші

3. Жұмыс, эвакуациялық және кезекші

4. Авариялық, күзет және кезекші

5. Жұмыс және авариялық






Сыртқы жарықтандыру ......... басқарылуы тиіс ([68]; 7.17-т.):

1. …ғимараттың ішіндегі басқаруға тәуелсіз

2. …ғимараттың ішіндегі жарықтандыруды басқарумен біріктіріліп

3. …диспетчерлендірудің автоматтандырылған жүйесіне интеграцияланған

4. …қашықтықтан және жерлікті болып бөлінумен

5. Барлық жауаптар дұрыс






Көлік тоннелдерінде орнатылған шамдардың биіктігі кемінде қанша болуы тиіс ([68] И қосымшасы):

    1. 4 м

    2. 5 м

    3. 3 м

    4. 1,8 м

    5. 2,8 м






Кіре берістердің өртке қарсы су көздеріне орташа көлденең жарықтандырылу шамасы ([68 К қосымшасы):

    1. 2 лк

    2. 4 лк

    3. 10 лк

    4. 20 лк

    5. 5 лк






Типтік ғимараттарда газ плиталары пәтерлер үшін кВт есептік перспективасына тұрмыстық техниканың орташаландырылған жиынтық қуатының дұрыс мәнін көрсетіңіз: (ҚР ҚБҚ 4.04-11-2003 2.9-т.)

    1. 21,4кВт

    2. 19кВт

    3. 20,5кВт

    4. 14,8кВт

    5. 23кВт






Электр плиталары мен еркін режимде жұмыс істейтін тез әсерлі қыздырғыштары бар коттедждер үшін кВт есептік перспективасына тұрмыстық техниканың орташаландырылған жиынтық қуатының дұрыс мәнін көрсетіңіз: (ҚР ҚБҚ 4.04-11-2003 2.9-т.)

    1. 49,4кВт

    2. 52кВт

    3. 50,5кВт

    4. 48кВт

    5. 63кВт






Сіздің пікіріңіз бойынша, технологиялық процестерді автоматтандырудың техникалық құралдарына не жатады? ([69],3.2-т.)

1. Аспаптар, реттеуіштер, функционалдық блоктар, атқару тетіктері, реттеу органдары (бұдан әрі - аспаптар), сондай-ақ электр аппараттары, қалқандар, пульттар, кешендер және т.б. автоматтандыру құралдары

2. Өлшеу аспаптары

3. Механикалық аспаптар

4. Электр аппараттары

5. Барлық тізбеленгендер



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет