Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы


кесте - Шекті рекреациялық жүктеменің бағдарлық деңгейі



бет3/22
Дата29.02.2016
өлшемі1.71 Mb.
#32374
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

4.5 кесте - Шекті рекреациялық жүктеменің бағдарлық деңгейі



Қаланың рекреациялық объектісінің типі


Шекті рекреациялық жүктеме – объект бойынша орташа бір уақытта келушілердің саны, ад/га

Халыққа қызмет көрсету радиусы (қол жетімділік аймағы)


Орман

5 артық емес

-

Орман саябағы

50 артық емес

15-20 мин. көл.

қолжет.


Бақ

100 артық емес

400-600 м

Саябақ (көпфункцион. )

300 артық емес

1, 2-1, 5 км

Сквер, бульвар

100 және артық

300-400 м

 

ЕСКЕРТУЛЕР:

1. Бір рекреация объектісінің аумағында шекті рекреациялық жүктеменің әр түрлі деңгейімен аймақтар бөлінуі мүмкін.

2. нақты рекреациялық жүктеме өлшеулермен анықталады, күтілетін – мына формуламен есептеледі: R=Ni/Si, мұндағы R – рекреациялық жүктеме, Ni - рекреация объектілеріне келушілер саны, Si - рекреациялық аумақтың ауданы. Рекреация аумағында бір уаытта болатын келушілердің санын рекреация объектісінің қол жетімділік аймағында тұратын халықтың санынан 10-15% деп алу қажет.



     4.1.2.7 Қоғамдық кеңістіктер мен демалыс нысандарының аймақтарын көгалдандырғанда гүлдермен безенділіруді (кесте В2), көгал алаңының орналасуын (Г қосымшасының 11б. ), автоматты суару жүйесі мен суландыруды алдын-ала ескеру ұсынылады. Сыртқы беті ылғалданған үлкен көлемді, жоғары тығыздықта салынған және жер асты қатынас жолдары бар қала аумақтарында көгалдандырудың жинақты және ұтқыр әдістерін қолдану ұсынылады.     

4.1.2.8 Жылу жолдарының әсері бар аймақтарда ағаш еккенде, жылу жолдарының екі жағындағы білігінен топырақтың жылыну факторының қашықтығын;қ арқынды жылыну-2м, орташа-2-6 м, баяу-6-10 м, ескеру қажет. Жылу жолдарына;жөке, үйеңкі, сирень, үшқат ағаштарын-2 метрден, терек, долана, қызыл ағаш , дерен, балқарағай, қайың ағаштарын-3-4 метрден жақын орналастырмау керек

4.1.2.9 Қаланың түрлі аумақтарындағы жағымсыз техногендік және климаттық факторлары әсер еткенде, қорғаныш отырғызуларын қалыптастырып, бірнеше факторлар әсер етсе, аумаққа функциональды тағайындау үшін, ішінен басты қарқындысын немесе аса елеулісін таңдау керек.     

4.1.2.9.1 Желден қорғау үшін, тігінен қабысқан жабындығы 60-70%, . жұқа құрылғылы жасыл көшеттерді пайдалану керек.      

4.1.2.9.2 Шудан қорғайтын көшеттерді 7 м. аласа емес, ересек ағаштардың діңдерінің арасында 8-10 м. (жалпақ басты), 5-6 м. (орташа басты), 3-4 м. (жіңішке басты) қашықтықты сақтап, бір қатарлы немесе көп қатарлы көшеттеу түрінде жобалау қажет, бастарының астындағы бос кеңістікті бұталар қатарымен толтыру керек. Шудың күтілетін деңгейі В5 кестесінде көрсетілген.     4.1.2.9.3 Ауаның жоғары деңгейде ластану жағдайында, ағашты-бұталы көп қатарлы көшеттер:жақсы желдетілетін тәртіпте-жабық түрде(бастары қабысқан), сүзгі түрінде(бастары қабыспаған) қалыптастыру қажет
4.1.3 Төсем түрлері      

4.1.3.1 Қала аумақтарындағы сыртқы беттің төсемі қауіпсіз және ыңғайлы қозғалыс жағдайын қамтамасыз етеді, және де ортаның сәулеттік-көркемдік бейнесін қалыптастырады. Көркейту мақсатында төсемнің келесі түрлері белгіленген:

- қатты(негізгі)-бүтін немесе жиналмалы. асфальтты бетоннан, цементті бетоннан, табиғи тастан және т. с. с. материалдардан жасалған;

- «жұмсақ»(негізгі емес)-табиғи немесе жасанды сусымалы (құм, қиыршық тас, гранит кебектері, керамзит, резина ұнтақтары және т. б. ), табиғи жағдайдағы, құрғақ қоспа, тығыздалған немесе қатайтылған тоқымалы материалдардан жасалған;

- көгалды, шөпті жамылғы отырғызу және арнайы дайындалған технологиялармен орындалатын;      

- аралас, жоғарыда аталған төсемдердің бірігуінен жасалған(мысалы;көгалға батырылған тақта т. с. с. );

 4.1.3.2 Қала аумағында аталған төсем түрлерінсіз, ерекше қорғалатын ПК аумағының жол-соқпақ жүйесінен және құрылыс пен қайта құру үрдісіндегі телімдер аумағынан басқа жер қыртысы телімдерінің болуына жол берілмейді.      4.1.3.3 Жобада қолданылатын төсем түрі берік, жөндеуге болатын, экологиялық, сырғанауды болдырмайтын болуы тиіс. Төсем түрлерін қолдану мақсатына сәйкес керек:қаттыларын-мүмкін болатын салмақ шегін, қозғалыстың құрамы мен сипатын, жоба орындалып жатқан кездегі өрт қауіпсіздігі талаптарын ескеріп, «жұмсақтарын»-аумақтың жеке түрлерінің ерекше қасиеттерін (балалар, спорт алаңдарын, иттерді серуендететін алаңдарды, серуендеу жолдарын т. с. с. нысандарды); көгалды және аралас, аса экологиялы ретінде таңдап қабылдау керек.

     4.1.3.4 Төсемнің қатты түрлері құрғақ кезінде 0, 6, ылғалды жағдайда - 0, 4 ұстасу коэфицентімен кедір-бұдырлы бетті болуы тиіс. Төсем ретінде кафеьді, метлахс тақталарын, тегіс немесе жылтыратылған жасанды және табиғи тастарды жаяу жүргіншілер қатынасы аумақтарында, жер асты және жер үсті өткелдерінде, саты баспалдақтарында, ғимараттардың кіре беріс алаңдарында қолдануға болмайды.  

4.1.3.5 Төсемдердің қатты түрлерінің бетінің көлбеулігі сыртқы сулардың ағып кетуін қамтамасыз етуі керек-арналық кәріздің жауын-шашындық жүйесі болған су айырықтарында оны менее 4┐, кем емес тағайындау, ал арналық кәріздің жауын-шашындық жүйесі болмаса 5┐кем болмайтындай тағайындау қажет. Ең жоғары көлбеулер көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалыс жағдайына байланысты тағайындалады.     

4.1.3.6 Қаланың қоғамдық кеңістіктерінің аумақтарында барлық бөгеулерді (кемерлерді, пандустарды, ағаштар, жарық пен ақпараттық техникалық жабдықтарды және қоғамдық көлік аялдамалары аймағындағы жаяужолдың шетін және көшеден өтетін өткелдерді) түйсіну жолақтарымен айқындап қою керек. Түйсіну төсемі бөгеулерге, көшелердің шетіне, қауіпті телімнің басына, қозғалыс бағытының өзгеруіне және т. с. с. дейін 0, 8 м . кем емес қашықтықта басталуы тиіс. Егер түйсіну төсемінің ұзына бойында жалпақтығы 15 мм. аса және тереңдігі 15 мм. аса жыртылған жер болса, оларды қозғалыс бағытының бойына орналастыруға болмайды.

4.1.3.7 Төсем салынған жерлерде орналасқан ағаштар үшін, басқа қорғаныс түрлері (дің жанындағы шарбақтар, жиектас, өлшемдік орындықтар және т. б. ) болмаса, діңнен 1, 5 м. радиустан кем емес жерде:қиыршықты, малта тасты, көгал себілген«кірез»түріндегі қорғаныс жамылғысын жасауды қарастыру ұсынылады. Қорғаушы төсем жаяужол қатынастарымен бір деңгейде немесе одан жоғарырақ орналасуы мүмкін.     

4.1.3.8 Қолданылатын төсем түрінің бояу түстерінің үйлесімділігін шешкенде, қалыптастыратын ортаның түстік шешімін ескеру қажет, ал қаланың қоғамдық кеңістігінің аумақтарында-осы аумақтың түстік шешімінің айқындамасына сәйкес болуы керек.



4.1.4. Жер үстінің қабысуы      

Жер үстінің қабысу элементтеріне түрлі ернеулік тастар, пандустар, баспалдақтар, сатылар жатады. Жобалағанда, ҚР ҚНмЕ 3.02-02-2009 талаптарын ескеру қажет.

4.1.4.1 Ернеулік тастар      

          Жаяужолдың және жүргінші жолының тоғысқан жерінде, жолдық ернеулік тастар орнату керек. Жамылғы бетінің қайта құрылған жағдайда да сақталуға тиісті, ернеулік тастардың жүргінші жолының деңгейінен мөлшерлік артықшылығы 150 мм. кем болмауы керек. Жүргінші жолы мен көгалдың түйіскен жерінде автокөліктің басып кетуін болдырмау үшін, жалпықалалық және аудандық маңызы бар көшелерде және ірі қызмет көрсету нысандар жанындағы автотұрақ алаңдарында көтеріңкі ернеулік тастарды қолдану ұсынылады,

 4.1.4.2 Көгал мен жаяу жүргінші жолы түйіскенде, көгал деңгейінен 50 мм. кем емес көтерілген, 0,5 м. кем емес қашықтықта, көгал бетіне кір мен өсімдік тектес қоқыстардың түсуінен сақтап, оның қызмет ету мерзімін ұзартатын, бақшалық ернеу орнату керек. Жаяу жүргіншілер аймағында түрлі жамылғы түрлерін безендіру үшін, табиғи материалдарды(кірпішті, ағашты, жұмыр тастарды, керамикалық ернеулерді т. с. с. ) пайдалануға болады.

4.1.4.3 Сатылар, баспалдақтар, пандустар

Жаяу жүргінші қатынастарының 60┐аса көлбеу деңгейінде, баспалдақтардың орналасуын алдын-ала қарастыру керек. Денсаулық сақтау мекемелері және басқа да , көпшілік баратын нысандар, мүгедектер мен қарттар үйлерінің көлбеулігі 50┐аса, баспалдақтар мен сатыларды міндетті түрде пандуспен жанамалап қарастыру керек. Жобалау тапсырмасында ескертілген, немесе өтетін жері бар негізгі жүргіншілер қатынасының қиылысында немесе басқа жағдайларда, жаяужол жамылғысынан, жол жамылғысының деңгейіне түсуді қамтамасыз ету үшін, ернеулік пандус болуын ескеру қажет.     

4.1.4.4 Бедер құламасындағы ашық баспалдақтарын жобалағанда, сатылардың биіктігін 120 мм. асырмай, енін -400мм. кем қылмау керек, сатылар жоғары жатқан саты жағына қарай 10-20┐көлбеу болу керек. Әрбір 10-12 сатыдан кейін, ұзындығы1, 5 м. кем емес алаңдар орналастыру керек. Түсетін баспалдақтың алғашқы сатыларының шетін ашық қарама-қарсы түсті жолақтармен дйқындап қою ұсынылады. Сыртқы баспалдақтардың барлық баспалдақтарының ұзындығы, ені мен көтерілу биіктігі бір қадам шегінде бірдей болуы тиіс. Қала аумағында салынатын қайта құрылу жағдайында баспалдақтарды жобалағанда, сатылардың биіктігі 150 мм. дейін көтеріліп, ал сатылардың ені мен алаңның ұзындығы-300 мм. және 1, 0 м. сәйкес үлкеюі мүмкін.

4.1.4.5 Пандус көлденең жыраларсыз, кедір-бұдырлы текстуралы бетті тайғанамайтын материалдан жасалуы керек. Қоршайтын пандус құрылымы болмаса, 75 мм. кем емес қоршайтын ернеу мен тұтқа қарастыру қажет. Көтерілу биіктігінен пандустың көлбеулігінің байланысын 4. 6 кестесі бойынша қабылдау керек. Жиектас пандустың көлбеулігі ереже бойынша 1:12, ретінде қабылданады.
Кесте 4. 6 - Пандустың көлбеулігінің көтерілу биіктігіне байланысы




миллиметрмен

Пандустың көлбеулігі (ара-қатынасы)

Көтерілу биіктігі.

1:8 ден 1:10 дейін

75

1:10,1 ден 1:12 дейін

150

1:12,1 ден 1:15 дейін

600

1:15,1 ден 1:20 дейін

760

     4.1.4.6 Пандустың бұрылуында немесе оның ұзындығы 9м асса, әрбір 9 м сайын, 1, 5х1, 5 м. мөлшерлі көлденең алаңдар қарастыру керек. Түсетін жер аяқталған жердегі көлденең алаңдарда сорғыту құрылғыларын жобалау қажет. Пандустың басы мен соңындағы көлденең телімдер қоршаған беттен текстурасы және түсімен өзгеше болуы тиіс.     

4.1.4.7 Баспалдақтың немесе пандустың екі жағынан 800-920 мм биіктіктегі дөңгелек немесе тікбұрышты қималы, қолмен қапсыра ұстау үшін ыңғайлы және қабырғадан 40 мм қашықтықтағы, тұтқа болуын қарастыру керек. Тұтқалар тұрақты таяныш құрылғыларының талаптарына сәйкес болуы тиіс. Баспалдақтың ені 2, 5 м және одан аса аса болса, бөліп тұратын тұтқалар қарастыру керек. Тұтқаның ұзындығы пандустың ұзындығынан немесе баспалдақтың әрбір жағынан 0, 3 м кем болмауы керек. Тұтқаның ұшы дөңгеленген және жұмыр болуы тиіс. Тұтқаның құрылымын жобалағанда, қолдың металмен жанасуын болғызбау керек.     

4.1.4.8 Жер еңісі(оның ішінде шөптесін жамылғылы) аумақтары баспалдақпен, пандуспен, тіреуіш қабырғалармен, басқа да инженерлік техникалық құрылыстармен жанасқанда, 4.1.1.5. омырылуға қарсы шараларды орындау қажет.

4.1.4.9 Жүргінші бөлік жол кесектерінің бойына, гүлзәрға тиген кезде ені 0,8м техникалық тротуар белгілеу қажет


4.1.5 Қоршаулар

4.1.5.1 Абаттандыру мақсатында қала аумақтарында мақсаттары бойынша (декоративтік, қорғаушы, аралас), биіктігі (аласа-0,3-1,0 м , орташа-1, 1-1,7 м, биік-1,8-5,0м), материалдың түріне қарай(металл, темірбетон және т.б. ), қарағандағы өткізгіштік деңгейі бойынша(мөлдір, бітеу), тұрақтылық деңгейі бойынша(тұрақты, уақытша, оның ішінде жылжымалы) болып бөлінетін, шарбақтардың әртүрлі түрлерін қарастыру керек.     

4.1.5.2 Қоршауларды жобалауды олардың тұрған орнына қарай және МСТ тағайындауына сәйкес, сертификатталған бұйымдар каталогтары бойынша, жеке жобалау жобаларына байланысты жасау керек. .

      4.1.5.2.1 Даңғылдар мен көлік құрылғыларының дуалдарын МСТ 23457, МСТ 26804-86 сәйкес, жоғарғы еңісі мен кемерінің қастарын - 4.1.7 сәйкес жобалау керек.      

4.1.5.2.2 Қаланың орталық өзегі аймағында, қалалық көпфункционалды орталықтарында, даңғыл жанындағы қоғамдық аймақтардағы қоршауларды қапталған металдан, шойын құймасынан немесе дәнекерленген болаттан, сыртқа шығып тұрған төменгі бөлігін –қапталған материалдармен табиғи тастан немесе бетоннан, көбінесе, жеке жобалық әзірлемелермен жобалау керек.

4.1.5.2.3 Тарихи-мәдени мұралар ескерткіштер аумақтарының қоршауын, сол аумақтарға белгіленген уақыт тәртібіне сәйкес орындау керек. .

4.1.5.2.4 Қоғамдық, тұрғын, демалыс мақсатындағы аумақтарда бітеу және темірбетон қоршаулар жобалауға тиым салынады. Декоративтік металл қоршаулар қолдану ұсынылады.

4.1.5.3 Көгалдардың өтетін жермен, автокөлік тұрақтарымен, автомобиль басып кетуі мүмкін жерлер және көгал арқылы басып тасталатын, соқпақтармен шектескен жерлерінде, биіктігі 0,5 м кем емес қорғаныш металл қоршауларды орналастыруды қарастыру қажет. Қоршауларды шектесу шекарасының шамамен 0,2-0,3 м шегініспен орналастыру керек.

4.1.5.4 Жер асты құрылғыларымен қиылысқан қоршаудың орташа және биік түрлерін жобалағанда, жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін, қоршаудың құрылымын алдын-ала қарастыру ұсынылады.     

4.1.5.5 Қарқынды жаяу жүргіншілер аймақтарында немесе құрылыс және қайта құру жұмыстары өндірістерінде, ағаштар өсіп кеткен жағдайда, қорғаудың басқа түрлері болмағанда, ағаштың жасына, тұқымына және басқа сипаттамаларына байланысты, биіктігі 0,9 м, диаметрі 0,8 м және одан да артық болатын дің жанына арналған қорғау қоршауларын қарастыру керек.


4.1.6 Кіші сәулеттік үлгілер

Кіші сәулеттік үлгілерге (КСҮ) монуметтік-декоративтік безендірулер, қала аймағындағы техникалық және коммуналдық-тұрмыстық жабдықтар, қалалық жиһаз, су құрылғылары, тік және ұтқыр көгалдандыруды безендіруге арналған құрылғылар, және сол сияқты, ойын, спорт, жарық беру құрылғылары, сыртқы жарнама мен ақпарат құралдары жатады. Кіші сәулетшілік үлгілерді жобалағанда сертификатталған бұйымдардың каталогын пайдалану ұсынылады. Қаланың Орталық маңызды аумақтарында, қалалық көпфункциональды орталықтарының және аймақтарының тарихи салулары үшін, кішкене сәулетшілік үлгілері жеке жобалау әзірлемелері бойынша жобалануы тиіс.

     

4.1.6.1 Қаланың монументтік-декоративтік безендірудің элементтері

Қаланың монументті-декоративті безендіру элементтеріне мүсіндік-сәулеттік құрылымдар, монументтік-декоративтік құрылымдар, монументтер, естелік белгілер және т. б. жатады. м Қала аумақтарындағы монументальдық және декоративтік өнер туындыларын әкімшіліктің қаулысына сәйкес орналастыру керек.


4.1.6.2 Көгалдандыруды безендіруге арналған құрылғылар

Ұтқыр және тік көгалдандыру безендірулері үшін, құрылғылардың келесі түрлері: жіңішке тор, ағаш қатары, перголдар, қыш құмыралар, гүл салғыштар қолданылады.

Жіңішке тор мен ағаш қатары - бұлар техникалық құрылғылар мен ғимараттарды, алаңдардың қоршауларын, күн көзінен паналайтын, тыныш демалыс бұрыштарын ұйымдастыру үшін пайдаланылуы мүмкін, шырмалып немесе сүйеніп өсетін өсімдіктерге арналған, жеңіл ағаш немесе металл құрылғылар.

Шпалер – өсімдіктер үшін тік тіреу болып қызмет ететін ағаш немесе металл тор, немесе бірнеше қатарға тартылған сым.

Перголдар – сәулет нысандары немесе алаңдардың арасындағы өтетін жердегі, «жасыл туннель» ретінде пайдаланылатын, қалқа, күрке, галерея түріндегі металл немесе ағаш құрылғылар.

Гүл салғыштар мен қыш құмыралар - гүлді өсімдіктер отырғызылатын, өсіруге арналған топырағымен кішірек ыдыстар.

          

4.1.6.3 Су құрылғылары

Су құрылғыларына бұрқақтар, су ішетін бұрқақтар, бұлақтар, декоративті су қоймалары жатады. Су құрылғылары декоративтік-әсемдік қызмет атқарады, ішкі ахуалды, ауа және дыбыстық ортаны жақсартады, Барлық түрдегі су құрылғылары артық суды сорғыту жүйесіне және нөсерлік канализацияға алып баратын, су төгетін құбырлармен жабдықталуы тиіс.

4.1.6.3.1 Фонтандар, әдетте қаланың сәулетімен және қала құрылысымен бекітілген жеке жобалық жұмыстардың негізінде жобалануы тиіс. Қала аумағында оларды әкімдіктердің қаулыларына сәйкес орналастыру қажет.

4.1.6.3.2 Су ішетін бұрқақтар үлгі бойынша, немесе арнайы әзірленген жоба бойынша орындалуы мүмкін, оларды демалыс аймақтарында, спорт алаңдарында орналастыру ұсынылады. Су ішетін бұрқақ орналасу орны мен оған баратын жер жамылғының қатты түрімен жабдықталып, биіктігі ересектер үшін 90 см. балалар үшін 70 см. аспайтын болуы тиіс. Демалыс аймақтарындағы бұрқақтардың біреуі мүгедектердің қолына да жетімді болуы тиіс.     

4.1.6.3.3 Қала аумағындағы бұлақтарда судың сапасының талаптарына сай және санитарлық-эпидемиологиялық органдардың байқауының оң қорытындысы болуы керек және қатты түрдегі төсемді алаңмен және бұлақ суын алуға арналған (науа, құбыр, немесе су ағары бар), су жинайтын тостағаны, суды алып кететін жүйесі бар кіре беріс жермен жабдықталуы тиіс. Табиғи кешеннің ерекше қорғалатын аумақтарында бұлақты жайластыру үшін, жоғарыдағы аталған қорытындылардан басқа, қоршаған ортаны қорғау және өкілетті органдардың рұқсаты талап етіледі.

4.1.6.3.4 Декоративтік су қоймалары көгалмен үйлестірілген бедерлі немесе тегіс бетте, тақта жамылғыларын, гүлзарларды, ағашты-бұталы егулерді пайдалана отырып жасалады. Су қоймасының түбін тазалауға ыңғайлы, тегіс қылып жасау қажет. Түстік және жарықтық безендіру тәсілдерін пайдалану ұсынылады.     

     

4.1.6.4 Қалалық жиһаз

Қалалық жиһазға:қоғамдық кеңістік, демалыс, аула аумағында орналастырылатын, демалуға арналған орындықтардың әртүрлі түрлері, үстел ойындары алаңдарындағы, жазғы дәмханалардағы және т. б. орындықтар мен үстелдер жатады.      

4.1.6.4.1 Орындықтарды ереже бойынша, жамылғының қатты түрлеріне немесе іргетасқа орналастырылуы тиіс. Демалыс аймақтарында, орман-бақтарда, балалар алаңдарында орындықтарды «жұмсақ» жамылғыға орналастыруға рұсат етіледі. Іргетас болғанда оның бөліктері жер бетіне шығып тұрмауы керек. Ересек адамдар демалатын орындықтардың биіктігін, Демалуға арналған орындықтардың бетін ағаштан, түрлі суға төзімді өңдеу түрлерімен(дұрысы-сіңірумен)жасау ұсынылады.

4.1.6.4.2 Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда орындықтар мен үстелдерді сынығы мен өткір бұрыштары жоқ, кесілген ағаш-томарлардан, бөренелерден және жаңғырықтардан жасауға рұқсат етіледі.     

4.1.6.4.3 Орналастырылатын қалалық жиһаздың саны аймақтың қызмет ету мақсаты мен бұл аймаққа келушілердің санына байланысты болады.
4.1.6.5 Көшенің коммуналдық-тұрмыстық жабдықтары.

Көшенің коммуналдық-тұрмыстық жабдықтары әртүрлі қоқыс жинайтын-контейнерлер мен урналар түрінде ұсынылады. Коммуналдық-тұрмыстық жабдықтың түрін таңдағанда негізгі талаптар:экологиялығы, қауіпсіздігі(үшкір бұрыштарының болмауы), пайдаланудағы ыңғайлылығы, тазартылуының жеңілдігі, сыртқы түрінің тартымдылығы болып саналады.     

 4.1.6.5.1 Қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинау үшін, қала аумақтарында жартылай айналатын сырғымалы қақпақпен жабдықталған, арнайы жабдықталған алаңдарда орналастырып, 0,7 және 1,1 текше м. сыйымдылығы бар ауқымдылығы ірі жылжымалы контейнерлер қолдану керек.

4.1.6.5.2 Көшедегі, алаңдардағы, демалыс нысандарындағы тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін, сауда және қоғамдық тамақтану нысандары, басқа қоғамдық мақсаттағы мекемелер, тұрғын үйлер мен көлік ғимараттарының(вокзалдар, метрополитен станциялары мен қалааралық электричкалар) кіре берісінде кіші ауқымды(кішкентай)контейнерлер (0,5 текше м. кіші) және (немесе)урналар орналастыру керек. Кіші котейнерлер мен урналарды орналастыру жиілігі(жоғарыда аталған нысандардағы міндетті орналастыруды есептемегенде): Орталық өзектің негізгі жаяулар қатынасында - 60 м, қаланың басқа аймақтарында - 100 м аспауы тиіс. Демалыс нысандарындағы кіші контейнерлерді тағам өнімдерін сататын, негізгі емес тұрақсыз құрылғылар мен көше техникалық жабдықтарының қасындағы, орындықтардың жанында орналастыруды қарастыру керек. Оған қоса, урналарды қоғамдық көлік аялдамаларында орналастыру керек. Барлық жағдайда да, орналастыру жаяу кісілердің жүруіне, мүгедектер мен балалар арбаларының қозғалысына кедергі келтірмеуі тиіс.


4.1.6.6 Көшенің техникалық жабдықтары

Көшенің техникалық жабдықтарына;таксофонның паналары, пошта жәшіктері, су және т. б. сататын автоматтар, сауда күркелері, инженерлік жабдықтар элементтері (мүгедектер арбаларына арналған көтерілу алаңдары, байқау люктері, су қабылдайтын құдықтардың торлары, жер асты қатынастарының желдету шахталары, телефон байланысының шкафтары) жатады. ңичное техническое оборудованиеруіне кедергі келтірмеуі тиіс..ерек.Барлық жағдайда да,орналастыру жаяу кісілердің жүруіне,мүгед          4.1.6.6.1 Көшенің техникалық жабдықтарын орнату жабдыққа ыңғайлы жақындаумен қамтамасыз етіп, МСН 3.02-05-2003 бөліміне сәйкес келуі тиіс.

4.1.6.6.2 Қоғамдық, тұрғын үй, демалыс мақсатындағы аумақтарда таксофондар орнатқанда, олардың электрмен жарықтандырылуын алдын-ала қарастыру керек. Таксофондардың орналастыру орнын телефон канализациясы каналы(құбыры) мен электрмен жарықтандыру каналына(құбырына) қосылатын құрылғыларының жанына мейлінше жақын болатындай етіп жобалау керек. Оған қоса, таксофондардың біреуінің (немесе әр қатардан біреуінің)тиынқабылдағыш саңылауы мен жамылғының арасындағы деңгей биіктігі 1,3 м. пошта жәшігінің тесігіін жамылғы деңгейінен 1,3 м. биіктікте орнату керек.

4.1.6.7 Инженерлік жабдықтардың элементтерінің безендірілуі қалыптасатын ортаның абаттану деңгейін бұзбауға, қозғалыс жағдайын нашарлатпауға, техникалық жағдайға қайшы келмеуге тиісті, оның ішінде:

- жаяулар қатынасы аумағында орналасқан (оның ішінде көшеден өтетін жерлердегі де) қарау құдықтарының люктерінің қақпақтарын, ереже бойынша, жақын жатқан беттің жамылғысымен бір деңгейде жобалау керек, басқаша жағдайда деңгей айырмасы 20 мм аспауға тиісті, ал люктің шеті мен жаяужол жамылғысы арасындағы саңылау 15 мм. аспауға тиісті;

- желдету шахталары торлармен жабдықталуы тиіс.


4.1.7 Ойындық және спорттық жабдықтар     

4.1.7.1 Қала аумағындағы ойындық және спорттық жабдықтар ойындық, денешынықтыру-сауықтыру құрылғыларымен, және (немесе)олардың кешендерімен ұсынылған. Ойындық және спорттық жабдықтардың құрамын таңдағанда, балалар мен жасөспірімдер үшін, жабдықтардың түрлі анатомиялық-физиологиялық жас ерекшеліктеріне (кесте Г. 1. ) сай қамтамасыз ету ұсынылады.

4.1.7.2 Ойындық жабдықтар әсемдік жағынан тартымды, техникалық пайдалануда қолайлы болып, баланың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігіне, санитарлық-гигиеналық ережелердің талаптарына сай, сертификатталған болуы тиіс. Элементтер үйлесімділігінің варианттылығын қамтамасыз ететін, модульдық жабдықтарды қолдану ұсынылады.     

4.1.7.3 Ойындық жабдықтар материалы мен оны өңдеу жағдайында келесі талаптарды қарастыру қажет:    

- ағаш жабдықтар шіруді, кеуіп кетуді, жануды, сынуды болдырмайтын және экологиялық сертификаты бар, арнайы өңделген, ағаштың қатты түрлерінен жасалуы тиіс;өңделіп, үшкір бұрыштары жұмырлануы тиіс.

- металл көбінесе, алып жүруге арналған жабдық құрылғыларында қолданылуға тиісті, берік біріктірілген және тиісінше өңделген болуы тиіс(ылғалға төзімді сырланған, коррозияға қарсы жабын);металллопластик пайдалану ұсынылады(жарақаттамайды, тоттанбайды, аязға төзімді);

- жабдықтың бетон және темірбетон элементтері 300 кем емес бетон маркасынан, аязға төзімділігі 150 кем емес болып жасалып, беті тегіс болуы тиіс.

- пластик пен полимерден жасалған жабдықтар тегіс және ашық түсті, климаттық жайттардың әсерінен оңып кетпейтін, таза түстік гаммамен бояулған болуы тиіс.     

     4.1.7.4 Ойындық жабдықтар құрылғыларының талаптары үшкір бұрыштарды, баланың дене бөліктерінің арасына қыстырылып қалуын, қозғалыс кезінде жабдықтың элементтерінің астында қалып қоюды, болдырмау керек;тұтқалары баланың қолымен толық қапсырыла ұсталуы тиіс;ішкі кеңістігі 2 м тереңдіктегі ойындық жабдықтың кешеніне балаларға шұғыл көмек көрсетуге арналған, диаметрі 500 мм кем емес саңылау түріндегі(екіден кем емес) кіруге мүмкіндік болуын қарастыру қажет.

     4.1.7.5 Ойындық жабдықтарды ойын алаңдарына орналастырғанда, 4.7 кестесіне сәйкес ең қысқа қауіпсіз қашықтықты сақтау керек. Көрсетілген қашықтық шегінен ойындық жабдықтардың басқа түрлерін, орындықтарды, урналарды, ернеулік тастарды және жабынның қатты түрлерін, бұтақтарды, діңдерді, ағаш тамырларын орналастыруға рұқсат етілмейді, Ойындық жабдықтардың және олардың жеке бөліктеріне талап параметрлерін Д2 кестесіне сәйкес қабылдау ұсынылады. (Д Қосымшасы).

     



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет