Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы



бет10/57
Дата21.06.2016
өлшемі2.67 Mb.
#151423
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57

6.2 Қабырғалар


6.2.1 Тас қабырғалар (кірпіш, темірбетонды)

6.2.1.1 Тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйым келесілерді қамтамасыз етуі тиіс:

Ғимарат ішінде тапсырыс берілген температуралық-ылғалдылық тәртібін;

Жүкті қабылдау үшін қабырғаның ыңғайлы жағдайын анықтау шамасына қарай қабырғалардың зақымдануын жоюды және олардың әрі қарай дамуын болдырмауды;

Сыртқы қабырғалардың жылу қорғанысы мен ылғалды қорғанысын;

4.2.1.2 құрылымдық өзгерістерге, құрылымдардың шөгуі мен мен көлденеңінен құрылымдардың ауытқуына, қаланған қатарлардың қабаттануы мен қабырға материалдарының желдетілуіне, кірпіштердің ілінуі мен құлауына жол берілмейді.

Мүмкін сызаттардың ашылу ені қабырғалық – 0,3 мм, ал торапта 1 мм.

6.2.1.3 Қабырға тетіктерінен шығатын бекітпелердің, кенерлердің, балкондардың, белдіктердің, қиғаш крнадардың, ажыратқыштардың, ауырлықтар мен тағы да басқа бұзылулар мен жойылулардың жекелеген қабаттары, оның ішінде қапталған тақталардың әлсізденуіне жол берілмейді.

6.2.1.4 Қаптаманың, қасбеттердің сылануы мен бояу қабаттары бұзылуының алдын алу үшін қабырғалардың атмосфералық, технологиялық, тұрмыстық ылғалының зақымдануына жол бермеген дұрыс.

6.2.1.5 Панельдер торабы келесідей үш талапқа жауап беруі тиіс:

- технологиялардың сақталуы арқылы бетінің дайындығын қамтамасыз етіп, герметикалық мастиктер есебінен суды қорғауға;

- міндетті 30-50%-дан кем емес қапсырмасы барпоронзол, гермит, вилатерма, жарық бітейтін іс кендір, қара майдай арқан немесе басқа да материалдардан жасалған нығыздалған төсемдер есебінен ауаны қорғауға;

- жылытқыш пакеттерді орнату есебінен жылуды қорғауға;

Температуралық өзгерістерден тораптарды тәртіппен белгілеп ашу:

- тігінен 2 - 3 мм;

- көлденеңінен 0,6 - 0,7 мм.

6.2.1.6 Қасбеттердің барлық шығыңқы бөліктері, яғни белдіктері, алдыңғы беті, жақтаулары, терезе мен балконның су ағындары мырышты болат шатырдан немесе жиегі қабырғаға кіріктірілген керамикалық тақталар немесе қапталған қабаттары металды ашпадан болуы тиіс. Қорғаушы жабындылары 50 мм-ден кем емес қабырғадан шығыңқы және 3 % иілген болуы тиіс.

6.2.1.7 Тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйым кірпіштен салынған қабырғаларға, панельдерге (блоктарға) зақым, көлденеңінен қыбырғалардың ауытқуын, жекелеген учаскелерде және жабылып құралған орындарда дөңес және шөгу туғызатын сызаттар анықталған кезде маяктардың немесе басқа әдістер көмегімен оларға жүйелі түрде бақылау ұйымдастыруы тиіс.егер өзгеріс ұлғайып келе жатқандығы байқалса, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өзгерістің одан әрі дамуының алдын алу бойынша шұғыл шаралар қабылдаған жөн. Тұрақты жағдайдағы сызаттарды жөндеген дұрыс.


6.2.2 Ағаш қабырғалар.

6.2.2.1 Тік жағдайдан ауытқу, дөңестену, тозу, ағаш құртушы жәндіктердің салдарынан үй саңырауқұлақтарымен зақымдануы, шөгу анықталған кезде арнайы ұйымды шақырған жөн.

6.2.2.2 Тіреуші қабырғаларда 5 см-ден артық төсемнің шөгуіне, гидролизацияның зақымдануына, сылау мен қаптаманың бұзылуына, жоғары ауаның өтуіне, ағып кетуіне, салқындауға, ағаштың ылғалдануына және тығыздалуына, жылу оқшаулатқыштың дымдануына және грунттың ылғалдануына жол берілмейді, ал анықталған жағдайда олардың одан әрі дамуына жол берместен жойылуы тиіс.
6.2.3. Қасбеттерді өңдеу

6.2.3.1 Қаптаудың және нақты боялған қабаттардың сылануының, кірпіш және ұсақ блокты төсемдердің, қаптама тесіктеріндегі ерітінді бояулардың жергілікті бұзылуы, қабырғалардың шығыңқы бөлігінде металды жабындылардың зақымдануы немесе тозуы су ағатын құбырлардың бұзылуы және тағы да басқалары анықталған кезден бастап олардың одан әрі дамуын болдырмай жойылуы тиіс. Өңделген қабаттардың бұзылуы мен зақымдануы, архитектуралық құрылғылардың қабырғалық жазықтығынан шығыңқы бекітпенің әлсізденуі (кенере, балкон, белдік, қиғаш тіреуіш, розетка және т.б.) жоба бойынша күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жойылғаны дұрыс.

6.2.3.2 Блоктар мен панельдердің нақты қабаттары немесе ұсақ шөгу сызаттарының сылануын бұзылудан бояу мен полимерцементті сұйық ерітінді көмегімен қорғау керек.

6.2.3.3 Ашық арматуралы қабырғалық панель учаскелері цементті – құм ерітіндісімен сылануы тиіс. Панелдердің жазықтығынан шығатын арматураның жекелеген өзектерін оның астына алдын ала ерітіндіні отап, құрылымға тереңдете енгізу керек. Өңдеуді қолданыстағыға сәйкес қалпына келтіру қажет.

6.2.3.4 Ғимараттардың қасбеттерін материалға, ғимараттардың беті (ластану деңгейі, шекілеулердің болуы, жабындының бұзылуы) және пайдалану жағдайларына байланысты белгіленген мерзімде тазартып, жуып тұрған дұрыс.

6.2.3.5 Керамикалық бұйымдармен қапталған қасбеттерді тазартып болған соң гидрофопты немесе басқа да арнайы ерітінділермен өңдеген дұрыс.

Зертасталған керамикалық тақталармен әрленген қасбеттердің бетін тазарту үшін арнайы құрамдарды қолданған дұрыс.

4.2.3.6 Қапталған және қапталмаған сылаусыз ғимараттардың қасбеттері (кесілген, кеспеленген және құралған-қалқан) мерзім өткен сайын буөткіш бояулармен немесе өрт қауіпсіздігін және саңырауқұлақтардан қорғану және шіруден қорғауды күшейтетін құраммен боялуы тиіс.

4.2.3.7 Ғимараттың қасбеттерін бояуды қабырғаларды, жақтауларды, түтін шығатын құбырларды, шығыңқы тораптар мен архитектуралық жапсырғыш бұйымдарды, кіре беріс қондырғыларын (есік алды, есік маңдайшалары), шатырларды, желілік кәріз ашпаларын (белдіктер), сандриктерді, терезе алды мен су ағар құбырларды жөндеуден өткізгеннен кейін жүргізу қажет. Әлсіз тұрған ескі бояулар алынып тасталуы тиіс.

4.2.3.8 Ілініп тұрған желдеткіш қасбеттерін пайдалануға беру кезеңіне кезекті температуралық – ылғалдылыққа ғимаратты дайындау кезеңінде зерттеген дұрыс және жүйе элементтерінің істен шығып қалуы кезінде әдеттегідей өнеркәсіптік альпенистердің мамандандырылған ұйымдарымен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. (7 қосымша).

4.2.3.9 Зәулім ғимараттардың қасбеттерін техникалық жағынан пайдалану үшін (16 қабаттан кем түспейтін) тиісті нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес (ілінетін люлкілер, шығырлар және т.б.) қасбет элементтерін тазарту және жөндеуге арналған жүйелердің бар болуы тиіс.

4.2.3.10 Жарнамалық ресімдеулер мен жарық көрсеткіш тақталарды орналастырып бекітудің барлық элементтерін қамтитын ерекшеліктерді тексеруді қарастыратын арнайы жоба әзірлеу есебінен рұқсат етіледі, онымен қоса ол қасбеттің архитектуралық айқындылығын бұзбағаны жөн.


6.2.4 Балкондар, маңдайшалар, лоджийлар және эркерлер

6.2.4.1. Тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйым жұмыскерлері балкон, эркер және лоджиялардың дұрыс пайдаланылып жатқанын жүйелі түрде тексеріп тұрулары керек, онда оларға көлемі үлкен және ауыр заттардың қойылуына, шашылып және ластануына жол берілмеуі тиіс. Жалдаушылар мен арендаторларға және тұрғын үйдің меншікті иелері мен коммуналды пәтерге жауапты тұлғаға балкон, эркер және лоджияда белгілі бір ережені сақтау қажеттігі жөнінде жиі түсіндіріп тұрған жөн.

6.2.4.2 Балкон, лоджия және эркер құрылымна қатысты ақау белгілері анықталуы кезінде тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйым жұмыскерлері адамдарды қауіпсіздікпен қамтамасыз ету және өзгерістердің одан әрі дамуының алдын алу бойынша шұғыл шаралар қабылдауы тиіс.

Атмосфералық ылғалданудан балкон (лоджия) шеті бұзылуының балкон (лоджия) тақталары мен қабырғаларының арасындағы сызаттардың алдын алу мақсатында металды су ағар корабының ойығында орнатылуы тиіс, ені тақта қалыңдығынан 1,5 – тен кем болмауы тиіс және гидрооқшаулағыш қабат астына енгізіліп тұруы тиіс.

Балкон (лоджия) тақтасының иілімі су ағындысының металды фартугын ұйымдастырумен қосқандағы ғимарат қабырғасынан 3%-дан кем болмауы немесе су ағындысының 3-5 см шығыңқылығымен темірден жасалған тақта болуы тиіс және арттағы су ағар панель денесіне енгізіліп істелуі тиіс.

Балкон, лоджия және эркерлердің апаттық жағдайы кезінде оларға кіретін жерді жауып және пломбалап тастау қажет және күзет жұмыстарын жүргізіп оларды қалпына келтіру шараларын қабылдаған дұрыс. Жөндеу жұмыстары жоба бойынша орындалуы тиіс.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет