Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы



бет15/32
Дата01.07.2016
өлшемі2.51 Mb.
#170007
түріИнструкция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
    Бұл бет үшін навигация:
  • NPVQ*

Е қосымшасы


(ақпараттық)
Энергоаудит жөніндегі Есептің құрамы және мазмұны
Құжатта келесі бөлімдер болуы қажет:

- Кіріспе;

- Жобаны ұйымдастыру;

- Стандарттар мен басқарушы құжаттар;

- Объектінің және ондағы бар инженерлік жүйелердің сипаттамасы;

- Объектінің энергияны тұтынуы;

- Энергия сақталуының есептелген потенциалы;

- Іс-шаралар тізімі;



- Енгізу.
1) «Кіріспе» бөлімінде келесі мәліметтер болуы қажет:

  • жұмыстарды жүргізуге негіздеме;

  • энергияны үнемдейтін іс-шараларды жасау және орындау мақсаттары, талаптары мен шектеулері;

  • энергияны үнемдейтін шараларды жүзеге асырудың аяқталған циклінің кезеңдері мен құрылымы.

2) «Жобаны ұйымдастыру» бөлімінде мыналар қамтылуы керек:

  • тапсырыкер-ұйымның атауы;

жұмысқа қатысушы ұйымдардың атауы;

3) «Стандарттар мен басқарушы құжаттар» бөлімінде мыналар қамтылуы керек:

  • нормативті-техникалық құжаттардың тізбесі;

  • әдістемелік материалдар;

  • жұмыстарды өткізетін кезде қолданылатын басқа анықтамалық мағлұматтар.

4) «Объектінің және қолда бар инженерлік жүйелердің сипаттамасы» бөлімінде мыналар қамтылуы керек:

  • объектінің жалпы сипаттамасы;

  • объектінің өндірістік-шаруашылық қызметінің, ұйымдастыру және өндірістік құрылымының сипаттамасы;

  • есептеу құралдарының бар-жоқтығын көрсете отырып, қолда бар инженерлік жүйелер мен оның құрылымдық элементтерінің сипаттамасын;

  • басқару функцияларының, қолданылатын әдістердің және басқару құралдарының сипаттамасын;

  • объектіні ұйымдастыру мен басқарудағы кемшіліктердің тізбесі және сипаттамасын;

  • жалпы және оның бөлшектерімен объектіні ұйымдастырудан және басқаруда кемшіліктерден туындайтын өндірістік шығындарды бағалау (объекті және оның элементтерінің техникалық-экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштерінің нашарлауы);

  • объектінің энергияны үнемдейтін шараларды орындауға әзірлік сипаттамасын.


ЕСКЕРТУ Бөлімде реттеудің дамып жатқан және/немесе енгізілген жүйелері бар объектілер үшін қолда бар басқару жүйесінің автоматтандырылған және автоматтандырылмаған бөліктердің сипаттамалары келтірілген.
5) «Объектінің энергияны тұтынуы» бөлімінде мыналар қамтылуы керек:

  • энерготұтынудың, суды тұтынудың негізгі көздерінің тізбесі, кейіннен «Жабдықтаушылар»;

  • салыстырмалы мағлұматтармен алынған «Жабдықтаушылардан» тұтыну жөніндегі жылдық мағлұматтары, кейіннен «негізгі» мағлұматтар. Мағлұматтарды ұсынудың формасы Е.1 кестесінде көрсетілген.

  • «негізгі» тұтынумен салыстырғанда тұтынудың күтілетін өзгерістерін салыстырмалы бағалау. Мағлұматтарды ұсынудың формасы Е.2 кестесінде көрсетілген.


Е.1-кесте – Энергияны тұтыну бойынша базалық мағлұматтар


Жеткізушілер

Электр энергиясы

Орталықт. жылумен қамт.

ЫСҚ

Өзгесі

Барлығы

Энергияны тұтыну [кВт-сағ/жыл]
















Энергияға төлемдер [тең./жыл]
















кВт-сағ үшін қуат көзінің ағымдағы құны [тең./кВт-сағ]
















Меншікті энергияны тұтыну [кВт-сағ/м2-жыл]















Ескерту – бір Жеткізушімен жабдықталған жағдайда«ЫСҚ» - ыстық сумен қамтамасыз ету графасы «орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету» графасымен біріктірілуі мүмкін.

Ескерту – «Өзгесі» графасы тұтынудың басқа көздері болғанда/жоқ болғанда толықтырылуы/алып тасталуы мүмкін.



Е.2-кесте – Энергетикалық баланс


Энергетикалық баланс-Энергоаудит

Бап

ЭҮ іс-шараларын енгізгенге дейін

Өлшенген


(кВт*сағ/м2*жыл)

ЭҮ іс-шараларын енгізгенге дейін

Есептелген базалық

(кВт*сағ/м2*жыл)


ЭҮ іс-шараларын енгізгеннен кейін

Күтілетін есептелген

(кВт*сағ/м2*жыл)


1.Жылыту










2. Желдету










3.Ыстық сумен қамтамасыз ету










4.Желдеткіштер мен насостар










5.Жарықтандыру










6.Өзге жабдықтар










7.Суыту










Барлығы









6) «Энергияны сақтаудың есептік әлеуеті» бөлімінде мыналар қамтылуы керек:



  • оларды енгізу нәтижесінде алынатын экономикалық тиімділігі бойынша өсім бойынша бөлінген экономикалық жиынтықтары бар негізгі шаралардың тізбесі, Е.3 және Е.4 кестесін қараңыз;

  • ТЭЕ пайдаланудың энергетикалық тиімділігін арттыру нәтижелері мен ұсыныстары.


Е.3-кесте – Энергияны сақтау әлеуеті


Энергияны сақтау әлеуеті – Энергетикалық Аудит

Ғимарат: № ____, ж. ______________

Жоба №: _______

Жылытылатын аудан: ____________м²

Энергияны сақтау жөніндегі іс-шаралар

Инвести-циялар

Пайдалану шығындары

Таза үнем

Өтелімділік мерзімі
NPVQ*

[тең.]

[тен.]

[кВт-сағ/жыл]

[тең./жыл]

[жыл]


































































БАРЛЫҒЫ өтелімділік шаралары



















Қайта қалпына келтіру бойынша іс-шаралар













































































Барлық іс-шаралар БАРЛЫҒЫ



















Е.4-кесте – Энергия үнемдейтін әлеуеттің жалпыланған кестесі


Әлеуеттің көрсеткіштері

Өтелінетін ЭҮ шаралар

Все ЭС меры

Энергияның өтелінетін үнемі, кВт-сағ/жыл







Таза үнем, теңге







Жалпы инвестициялар, теңге







Өтелімділігінің жалпы мерзімі, жыл







Үнемделу пайызы, %







7) «Энергияны үнемдейтін іс-шаралар тізбесі» бөлімінде әр шара бойынша сипаты және жиынтығы қамтылуы керек:

  • ағымдағы жағдайдың сипаты;

  • негізгі техникалық-экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің күтілетін өзгерістерін бағалау;

  • іс-шараларды орындауға жұмсалатын шығындарды бағалау;

  • қорытындылар мен түсініктемелер.

8) «Енгізу» бөлімінде тиісті күнтізбелік жоспары бар жобаны жүзеге асыру жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстарды қамтуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет