Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер Қазақстан республикасының



бет2/7
Дата25.02.2016
өлшемі330 Kb.
#21883
1   2   3   4   5   6   7

Кіріспе

Құрылыстық нормалар құрылысы жаңадан салынатын, қайта құралымданатын және қолданыстағы өзендік гидротехникалық имараттарды: бетон, темірбетон және топырақ материалдарынан салынатын бөгетді, гидроэлектр станцияларын, сорғы станцияларын, тіреу қабырғаларын, кеме жүретін шлюздерін, балық өткізу және балық қорғау құрылыстарын, сонымен қатар тасқын судан, селден және жыраның пайда болуына тосқауыл болатын имараттарды кеңейту бойынша атқарылатын жұмыстарға таралады.

Құрылыстық нормалар халықаралық және ұлттық нормативтермен үндестірілген (сәйкестендірілген), «Ғимараттар мен имараттардың, құрылыстық материалдар мен бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттің базалық талаптарына жауап береді.

Құрылысы жаңадан салынатын, қайта құралымданатын және қолданыстағы өзендік гидротехникалық имараттарда жұмыс атқару бойынша құрылыстық нормалар:

- нормативтік талаптардың мақсаттарын белгілейді;

- функционалды талаптарды тұжырымдайды;

- жұмыс сипаттамаларының міндетті минимальды денгейін белгілейді.


ҚАЗАКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСТЫҚ НОРМАЛАРЫ

СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ӨЗЕНДІК ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ИМАРАТТАР
ГИДРОТЕХНИЧЕСКИЕ СООРУЖЕНИЯ РЕЧНЫЕ

Енгізілген мерзім 2015–07–01
1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
1.1 Бұл құрылыстық нормалар ғимараттар мен имараттардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі техникалық регламенттердің дәлелдеу қорының нормативтік құжатының бірі болып табылады және Қазақстан Республикасының құрылыс саласындағы нормалаудың параметрикалық әдісін енгізуге бағытталған.

1.2 Осы құжат жаңа өзендік гидротехникалық имараттарды жаңадан тұрғызу, қайта құралымдау, кеңейту бойынша жұмыстарды атқаруға таралады:

- бетон, темірбетон және топырақ материалдарынан жасалған бөгеттер;

- гидроэлектр станциялары;

- сорғы станциялары;

- тіреуіш қабырғалар;

- кеме шлюздері;

- балық өткізу және балық қорғау құралымдары;

- су тасқынынан, селден және жыраның пайда болуынан қорғайтын құрылымдар.

1.3 Осы нормалар гидротехникалық теңіз және өзен транспорттық имараттарға, гидротехникалық имараттардың негіздері мен іргетастарына таралмайды.


2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл нормаларды қолдану үшін келесі сілтемелі нормативтік құжаттар қажет. Жылы белгіленбеген сілтемелер үшін сілтемелі нормативтік құжаттың соңғы басылымын қолданады (оның барлық өзгерістерін қосқанда):

«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті, 2009 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №14 қаулысымен бекітілген;

«Ғимараттар мен имараттардың, құрылыстық материалдар мен бұйымдардың өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті, 2010 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1202 қаулысы ен бекітілген;

«Жару жұмыстарын атқару кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары» (ҚР ТЖ министрінің 2007 жылдың 19 қыркүйегіндегі №1141 бұйрығымен бекітілген);

«Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық тәсілмен өңдеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары» (ҚР ТЖ министрінің 2008 жылдың 29 қазанындағы №189 бұйрығымен бекітілген);

ҚР ҚН ЕN 1997-1:2004/2011 Еврокод 7. Геотехникалық жобалау. 1 бөлім. Жалпы ережелер;


Ескертпе – Осы нормаларды пайдалану кезінде сілтемелі нормативтік құжаттардың және сыныптауыштардың жыл сайын жарық көретін «Стандарттау бойынша нормативтік құжаттар» атты ақпараттық анықтамалық бойынша ағымдағы жылғы жағдайға байланысты және ай сайын басылып шығатын, осы жылғы тиісті ақпараттық анықтамалық бойынша тексерген абзал. Егер сілтемелі құжат алмастырылса (өзгертілсе), онда осы нормаларды пайдаланған кезде алмастырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алған жөн. Егер сілтемелі нормативтік-техникалық құжат алмастырусыз тізімнен алып тасталынса, онда сілтеме жасалған ереже осы сілтемеге қатысы жоқ бөлігінде қолданылады.
3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Берілген нормаларда тиісті анықтамасы бар терминдер қолданылады:

  1. Топырақ материалы: Гидротехникалық имараттар мен олардың элементтерін тұрғызуға пайдаланылатын жартастық емес топырақтар (сазды, құмды және ірі кесекті).

  2. Георешетка: Өзара полиэтилен таспалармен байланысқан композитті таспалар жиынтығынан құралған жалпақ кеуекті құрылымдық элемент.

  3. Габиондық құралымдар: Тас материалдармен толтырылған, топырақтарды эрозиядан қорғау үшін қолданылатын, алтыбұрышты ұяшықты, қос бұралған сым тордан жасалған көлемді құралымдар.

  4. Байланыстырушы топырақ: Созылу күштерін төтеп беріп, құламаларды қалпында сақтай алуға қабілеті бар сазды топырақ.

  5. Карта: Үйілмелі бөгендермен бөлінген және берілген және бұдан кейінгі үлескіде жұмыс құрамы мен көлемі қайталанатын ағымды жұмыс атқаруға арналған тоған учаскесі.

  6. Құрылыстық блок: ТАРуақытша жұмыс жіктерімен шектелген, үзіліссіз бетондалатын имараттың бөлігі.

Құрылыстық нормаларда сонымен қатар Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарында қабылданған құрылыстық терминология пайдаланылады[1-3]

4 МАҚСАТЫ МЕН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАРЫ
4.1 Нормативтік талаптардың мақсаттары

Нормативтік талаптардың мақсаттары - өзендік гидротехникалық имараттарды жаңадан тұрғызу, қайта құралымдау және кеңейту жұмыстарын қауіпсіз ұйымдастыру үшін талаптарды белгілеу және нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша техникалық, технологиялық және экологиялық талаптарды қалыптастыру.


4.2 Функционалдық талаптар:
4.2.1. Құрылыс салу және қайта құралымдау немесе қолданыстағыларды кеңейту бойынша атқарылатын жұмыс техникалық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып жүзеге асырылу керек және мына жағдайлардың алдын алу қажет:

- жекелеген бөліктерінің немесе толықтай қирауы (бұзылуы);

- рұқсат етілген шамадан тыс деформациялардың пайда болуы;

- имарат құрылысы кезінде қолданылған бұйымдар мен элементтердің имараттың көтергіш құралымдарының едәуір деформациялануы салдарынан бүлінуі (зақымдануы).

- имаратта өрттің пайда болуы және таралуы;

- өрттің көршілес нысандарға таралуы;

- су мен топырақтың ластануы немесе улануы;

- пайдаланылған суды орынсыз төгу.

4.2.2. Одан бөлек нормативтік талаптардың мақсатына жету үшін мыналар қажет:

- топырақ және құрылыстық материалдарын, элементтері мен құралымдарын қолдануға қажетті тәртіп пен жағдайлардың орнатылуы;

- жұмыстарды атқарудың сенімді тәсілдерін, әдістерін және технологияларын қолдану;

- жер құрылыстарының құламаларын бекіту жағдайы мен тәртібін анықтау және жағалауды бекіту жұмыстарын белгілеу;

- құрылыстық кезеңдегі өзен шығындарын қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету;

- өзен арналарын бөгеуге қажетті жағдайларды орнату және тиісті қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету.


5 ӨЗЕНДІК ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ИМАРАТТАРДА ЖҰМЫС АТҚАРУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ
5.1 Негізгі ережелер
5.1.1 Өзендік гидротехникалық имараттарды жаңадан тұрғызу, қайта құралымдау және қолданыстағыларды кеңейту жұмыстарын атқару кезінде осы нормалардың талаптарынан бөлек тиісті жұмыстарды орындау талаптарын белгілейтін басқа нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарын орындау керек.

5.1.2 Өзендік гидротехникалық имараттарды қайта құралымдау мақсаттары мен жағдайлары Қазақстан Республикасының нормативтік талаптарына сәйкес келу керек [6].

Қолданыстағы өзендік гидротехникалық имараттарды қайта құралымдау немесе кеңейту жұмыстарын атқару кезінде, құрылыс аумағында орналасқан және құлатылмайтын қолданыстағы имараттар мен жерасты коммуникациялардың сақталынуын қамтамасыз ету керек[4].

5.1.3 Кеме қатынайтын өзендерде атқарылатын жұмыс тәртібі қауіпсіз, қажетті қарқындылықта кемелер мен жүзу құралдарының өтімділігін қамтамасыз ету керек. Құрылыс өңіріндегі су айдынының кеме қатынайтын учаскелерін навигациялық қоршау белгілерімен белгілеу қажет.

5.1.4 Өзендік гидротехникалық имараттарды жаңадан тұрғызу, қолданыстағыларды қайта құралымдау және кеңейту кезеңінде аяқталмаған және уақытша құрылыстар немесе олардың бөліктері тасқын су, мұздың жылжу, дауылдар, толқынды әсер, кемелердің, жүзу құралдарының және су бетінде жүзіп жүрген заттардың басқылары мен соққылары кезінде қорғалу керек.

5.1.5 Бұл нормалар топырақ материалдарынан бөгеттерді екі тәсілмен тұрғызу талаптарын қарастырады, атап айтқанда, топырақтарды құрғаққа төсеу және топырақтарды суға төсеу. Топырақ материалдарынан бөгеттерді жуып шаю тәсілімен немесе лақтыру және опырылуға жаппай бағытталған жарылыстар тәсілімен орнату кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері бойынша уәкілетті орган белгілеген ұйымдар әзірлейтін арнайы техникалық жағдайларды басшылыққа алу қажет.

Денінің және сүзуге қарсы құрылғылардың материал түріне байланысты, сонымен бірге тұрғызу тәсілдеріне байланысты бөгеттердің типтері Қазақстан Республикасының нормативтік талаптарына сәйкес болу керек [5].

Бөгеттердің әр элементі үшін материалын, жұмыстарды атқару тәсілін, климаттық және басқа жергілікті жағдайларды ескере отырып оның тұрғызылуына бөгеттердің сенімді жұмыс атқаруын қамтамасыз ететін жұмыс сапасын бақылауды қарастыратын техникалық жағдайлар әзірленіп қолданылу керек. Құрылыс барысында техникалық жағдайларды тиісті негізделген кезде өзгертіп, нақтылауға рұқсат етіледі.

5.1.6 Тұрғызу және пайдалану кезіндегі өзендік гидротехникалық имараттардың күй-жайын бақылауды Қазақстан Республикасының нормативтік талаптарына сәйкес атқару керек [6]. Сонымен бірге жоба құрамында өзендік гидротехникалық имараттар негіздерін және оларды қоршаған топырақ алқаптарын геотехникалық мониторингілеу жөнінде іс-шараларды әзірлеп, орындау керек.

5.1.7 Өзендік гидротехникалық имараттарды жаңадан тұрғызу, қолданыстағыларды қайта құралымдау және кеңейту бойынша жұмыстар атқару кезінде Қазақстан Республикасының нормативтік талаптарының ережелерінде қарастырылған еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету бойынша талаптары сақталыну керек [7].

5.1.8 Өзендік гидротехникалық имараттар құрылысы барысындағы өрт қауіпсіздігі «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес өрттің алдын алу, өртке қарсы қорғаныс жүйелерін және ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды жасау және қолдану арқылы қамтамасыз етілу керек.

5.1.9 Құрылыстық құралымдар мен түйіндер параметрлерінің ауытқулардың бастапқы пайда болу кезеңіндегі есептік мәндерден ауытқуын ұшырату есебінен құрылыс барысында және келешек пайдалану үдерісінде нысан қирауының тәуекелдік деңгейін төмендету мақсатымен жобалық құжаттама мен Қазақстан Республикасының нормативтік талаптарына сәйкес нысан мониторингісін атқару [11]



5.2 Топырақ материалдарынан құрғақ тығыздау арқылы үйінділерді орналастыру талаптары
5.2.1 Бөгеттерді, бөгетшелерді, сүзуге қарсы элементтерді, арынды имараттарды тұрғызу үшін және топырақ имараттарының бетон имараттарымен түйіспелерінде экрандар, ядролар, понурлар түріндегі үйінділерді құрғаққа орнықтыру тәсілі қолданылады.

5.2.2 Топырақ материалдарынан құрғаққа үйінділерді орналастыру кезінде осы ережелер тармақтарынан бөлек Қазақстан Республикасының нормативтік талаптарын орындау қажет[8].

5.2.3 Үйіндінің топырақ материалын таңдауды оның түйіршік-метрикалық құрамын, жаншылуға, тығыздалуға, судың сіңірілуіне, созылымдылыққа, көлемін өзгерту қабілетіне және ҚР ҚН ЕN 1997-1:2004/2011 5, 12 т.т. талаптарымен қарастырылған басқа да факторларға қарсы тұруын ескере отырып, кешенді түрде жүзеге асыру керек. Сонымен бірге топырақ материалын таңдау үйінділерді тығыздаудан соң, қажетті беріктікті, қаттылықты, ұзақ мерзімділікті және су өткізгіштікті қамтамасыз ету жағдайына негіздеп атқарылады.

5.2.4 Үйінділер топырақ материалдарын қабаттап төсеу, тегістеу және тығыздау арқылы жобалық тығыздығы қамтамасыз етіліп орналастырылады. Байланысқан топырақтарды пайдалану кезінде, төселіп қойылған және жаңадан төселетін қабаттар арасында берік байланысты қамтамасыз ету керек .

5.2.5 Үйіндіні тығыздау технологиясын таңдау ҚР ҚН ЕN 1997-1:2004/2011 9 т. талаптарымен қарастырылған тығыздыққа қойылатын талаптарды және материалдың шығу тегі мен қасиеттері, үю әдісі, төсеу ылғалдығы мен мүмкін болатын вариациялары, бастапқы және соңғы қалыңдығы, жергілікті климаттық жағдайлар, тығыздық біркелкілігі, астына төселетін табанының сипаттары сияқты факторларды ескере отырып жүзеге асыру керек.

5.2.6 Үйінділердегі топырақ материалдарын қабат-қабатымен механикалық тығыздауды жобалық тығыздықты немесе талап етілетін қабаттардың тығыздалу коэффициентін қамтамасыз ететін ылғалдықта атқару керек. Үйінділердің тығыздалатын қабаттарының қалыңдығы жұмысты атқару жобасында көрсетіледі және тәжірибелік жұмыстар атқарылғанда нақтыланып отыру керек.

5.2.7 Бөгеттер мен бөгетшелерді тұрғызу кезінде үйінділерді, орналасу алаңдары беттерінің белгілерін ескере отырып, орналастыру керек. Үйінділер қабаттарын құрғатылмайтын топырақтардан төсеу кезінде атмосфералық жауын-шашынмен шайылудан қорғалуын қамтамасыз ету керек.

5.2.8 Тұрғызылатын имарат немесе оның бөлігі (үстінгі сына, ядро, ауыспалы өңір, экран және т.б) шеңберіндегі үйінділерді негізгі өндірістік операциялардың кезегімен атқарылуын қамтамасыз ете отырып үздіксіз орындау керек.

5.2.9 Әр түрлі топырақтардың бірнеше өңірлерінен құрылған әр тектес бөгеттер мен бөгетшелерді салу үшін үйінділерді орнықтыру кезінде бір өңірден екіншісіне топырақтың ауыспауын қамтамасыз ететін шараларды қарастыру керек.

5.2.10 Жартасты негіздерде үйінділерді орналастыру кезінде, негіздердің бөгеттердің ядросымен және экранымен берік байланысын қамтамасыз ету керек.

5.2.11 Ірі кесекті топырақтар қосылған жер бөгеттерін орналастыру үшін, көрсетілген топырақтардың ірі түйіршіктерінің рұқсат етілген мөлшерлемесін орнату керек және төсеу жағдайларын анықтау керек.

5.2.12 Бөгеттерді тұрғызу технологиялылығын қамтамасыз ету үшін, бөгеттер понурын, тістерін, экранды және басқа элементтерін орнату жағдайлары мен тәртібін орнату керек.

5.2.13 Жер-тасты және тас-тастанды бөгеттерді тұрғызу үшін қолайлы тастау (тасты, тау жынысты, жұмыртасты топырақ) тәсілдері және қолданылатын тас материалдарының рұқсат етілген шекті ірілігі белгілену керек. Бөгеттерге арналған тас материалдарының жарамдылығы, құрамы және физика-механикалық сипаттамалары Қазақстан Республикасының нормативтік талаптарына сәйкес бекітілу керек [4,5].

5.2.14 Құламаларын қатты бекітпеген кезде (шөп егу, тас тастау, малтатасты-жұмыртасты материалды төсеу және т.б.), үйінділер жобалық пішінді кеңейтусіз орналастырылу керек. Құламаларын қатты бекіту кезінде (бетон тұтасқұймалы тақталармен, дәстүрлі және күш түскен арматуралы құрама және тұтасқұймалы темірбетон тақталармен), үйінділердің жобалық тығыздығын қамтамасыз ету үшін құламаларын кеңейтуді қарастыру керек.

5.2.15 Бұрын тұрғызылған имарат бөліктерімен үйінділер құламаларының түйіскен жерлерінде тығыздалмаған топырақ материалдарын төсеуге тыйым салынады. Имарат осіне дұрыс орналасқан құламаның беті қисық пішінді болу керек .

5.2.16 Үйінділерді қыста орналастыру үшін, төселіп, қабаттар құрамында тығыздалғанға дейін топырақ материалдары тоңбайтын жағдайдағы шекті рұқсат етілген төмен температураны белгілеу керек. Үсіген кесектер пайда болған кезде, олардың төселетін топырақ материалының жалпы көлеміндегі рұқсат етілген шекті үлесі анықталады.

Төселген қабаттың байланысатын бетінің еруін қамтамасыз ететін іс-шараларды атқармай, топырақ материалын үсіген қабатқа төсеуге рұқсат етілмейді.

5.2.17 Бөгеттердің сүзуге қарсы элементтерін (понурды, ядроны, экранды, тісті) орнықтыруды әзірленетін техникалық жағдайларға сәйкес қысқы жағдайда атқару керек. Тиісті негіздемесі бар техникалық жағдайлар құрылыс барысында өзгеріп, нақтылануы мүмкін.

5.2.18 Топырақ материалдарынан құрғаққа үйіндіні орнықтыру технологиясын қалыптастыру үшін және негізгі жұмыстар атқарылғанға дейінгі қажетті технологиялық параметрлерді белгілеу үшін, тұрғызылатын имараттың тектес телімінде тәжірибелік жұмыстарды орындау керек.
5.3 Топырақ материалдарын суға төсеу арқылы үйінділерді орналастыру талаптары
5.3.1 Топырақ материалдарын суға төсеу тәсілі (сулы тәсіл) экрандар, ядролар, понурлар түріндегі бөгеттерді, бөгетшелерді, сүзуге қарсы элементтерді, арынды имараттарды тұрғызуға және жер құрылыстары мен бетон имараттарының түйіскен жерлеріне төсеуге арналған.

5.3.2 Топырақ материалдарын суға төсеу арқылы үйіндіні орнықтыру тәсілін сазды және құмды топырақтарға қолдану керек. Сонымен қатар құрамында ірі кесекті топырақтар мен жартасты жыныстар қоспаларының болуы рұқсат етіледі.

5.3.3 Топырақ материалдарын суға төсеу арқылы үйіндіні орналастыруды пионерлік тәсілмен (өздігінен жүк түсіргіштермен) жоспардағы көлемі салынатын имараттар көлеміне сәйкес келетін жасанды және табиғи суаттарда атқарылу керек. Жұмыстың қауіпсіз және сапалы орындалуын қамтамасыз ететін суаттарды орналастыру жағдайлары белгілену керек.

5.3.4 Тұрғызылатын имарат немесе оның бөлігінің шеңберіндегі үйіндіні орналастыруды үйіндінің жасанды және табиғи суаты болып алдын ала бөлінетін карталардағы негізгі өндірістік операцияларды технологиялық реттілікті қамтамасыз ете отырып үздіксіз атқару керек.

5.3.5 Суаттар карталарының мөлшері және қоршау бөгетшелерінің көлемі жұмыстарды атқару жобасында көрсетілу керек және олардың тұрақтылығын, топырақ материалдарын суға төсеу тәжірибесін және пайдаланатын құрылыстық техниканың техникалық мүмкіншіліктерін ескере отырып, қабылдау керек.

5.3.6 Топырақ материалдарын суының тереңдігі 4,0 м дейінгі табиғи суаттар карталарына төсеу кезінде төселетін қабаттың қалыңдығы топырақ материалының түрін және төселген соң құрылыстық техниканың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып белгілену қажет. Табиғи суаттар карталарындағы судың тереңдігі 4,0 м асқанда, топырақтарды төсеу мүмкіндігі тәжірибе жұмыстарының нәтижелері бойынша анықталу керек.

5.3.7 Карталардағы топырақ материалдарын төсеу, ондағы судың деңгейінің тұрақтылығы қамтамасыз етіліп орындалу керек.

5.3.8 Үйіндінің төселетін қабатын тығыздауды төселген топырақ материалының бетін тегістеуге пайдаланылатын транспорттық құралдардың немесе басқа құрылыстық техниканың салмағының әсерімен ҚР ҚН EN 1997-1:2004/2011 9т. талаптарын қамтамасыз ете отырып, бірқалыпты атқару керек.

5.3.9 Топырақ материалын скреперлермен тасымалдап әкелу кезінде, топырақ материалын тікелей суға тастауға тыйым салынады. Бұл жағдайда топырақ материалын тастау үшін бульдозерлерді қолданады.

5.3.10 Қысқы жағдайда жұмыс атқару үшін, топырақ материалын және суды тоңудан қорғау жөніндегі арнайы іс-шаралар және оларды жүзеге асыру жағдайлары белгілену керек.

5.3.11 Топырақ материалдарын суға төсеу арқылы үйіндіні орналастыру технологиясын жаттықтыру үшін және негізгі жұмыстарды атқарғанша қажетті технологиялық параметрлердің белгіленуі үшін тұрғызылатын имараттың сипаттас телімінде тәжірибелік жұмыстарды атқарған жөн.
5.4 Жер құрылыстарының және өзендер жағаларының құламаларын бекіту талаптары
5.4.1 Құламалар бекіткіштерінің түрлері, олардың геометриялық параметрлері, материалдар мен қолдану жағдайлары Қазақстан Республикасының нормативтік талаптарына сәйкес болу керек. [8].

5.4.2 Өзендік гидротехникалық имараттардың әсері кезінде құламалар мен жағалауларды бекітуді, әдеттегідей, құрғаққа орындау керек.

5.4.3 Олардың су үстіндегі бөлігіндегі құламалар мен жағалар жайғастырылады, ал су асты бөлігінде тралмен тегістеліп, тазаланып және қажет болған жағдайда жайғастырылу керек.

5.4.4 Шөптің қаптап өсуінің алдын алу үшін және жер қазатын жануарлар мен жәндіктерді жою үшін қатты бекіткіштерді орнату қажеттілігі кезінде, құламалар мен жағалаулардың беті химиялық заттармен өңделуге тиіс (улы химикаттармен, гербицидтермен).

5.4.5 Құламалар мен жағаларды қатты бекіту қажеттілігі кезінде, олардың астындағы табандарын (негіздерді) жобалық тығыздыққа дейін ҚР ҚН EN 1997-1:2004/2011 9-11 т.т. талаптарын ескере отырып, тығыздау керек.

5.4.6 Ауаның температурасы төмен болған кезде, сүзгіні төсеуді және құламалардың қатты бекіткіштері үшін дайындық құрылғысын қолданылатын топырақ материалдарын тоңдырмайтын және төсеу сапасын төмендетпейтін шараларды ескере отырып атқару керек.

5.4.7 Құламаны сырғып кетуінен сақтайтын тіреулерді орналастыруды құламаларды бекіту жұмыстарына дейін атқару керек.

5.4.8 Ірі кесекті топырақ қабатынан немесе қиыршықтас қабатынан тас тастау арқылы құламалар бекіткіштерін тік құламаларда орнату үшін, тиісті құрылыстық техниканы қолдану керек. Сонымен бірге тас тастаудың жайғастыру жағдайлары белгілену керек.

5.4.9 Жағаларды су астында тас тастау арқылы бекіткен кезде, бекіткіштің тұрақтылығы қамтамасыз етілу керек.

5.4.10 Басқа бекіту түрлерін қолдану мүмкіндігі болмаған жағдайда, тастарды төсеу арқылы құламалар мен жағаларды бекіту рұқсат етіледі. Сонымен бірге тиісті техника-экономикалық негіздеме қажет.

5.4.11 Бұрыштары көлденеңінен > 45˚ болғанда құламалардың тұтасқұймалы бетон және темірбетон бекіткіштерін орнату жолақ арқылы (екі кезекпен) бетон маяктар бойынша орнатылатын қалыпты қолдана отырып жүзеге асырылады.

5.4.12 Құламалар мен жағалар бекіткіштерін тұтасқұймалы асфальтбетон жабындардан орналастыру үшін, жұмыстардың реті мен жағдайын, жабынды шегендеу қажеттілігі мен қалыңдығын белгілеген жөн.



5.5 Бұрғылау-жару жұмыстарына қойылатын талаптар
5.5.1 Осы нормалар тарауының талаптары ойымдарды, қазаншұңқырларды өңдеу кезінде және жартасты негіздер мен өзендік гидротехникалық имараттар құламаларын тазалау кезіндегі бұрғылау-жару жұмыстарына таралады .

5.5.2 Бұрғылау-жару жұмыстарын атқарған кезде, осы нормалар талаптарынан бөлек Қазақстан Республикасының нормативтік талаптары [7], жару жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары және ашық тәсілмен пайдалы қазбалар кен орындарын өңдеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары сақталыну керек.

5.5.3 Өзендік гидротехникалық имараттарды тұрғызу кезіндегі бұрғылау-жару жұмыстары әзірленіп жатқан бұрғылау-жару жұмыстарын атқару жобасына сәйкес жүзеге асырылады.

5.5.4 Бұрғылау-жару жұмыстарын атқару кезінде жартасты негіздер мен құламаларды сақтау бойынша тұрғызылатын имараттар екі санатқа бөлінеді, олардың тәуелділігі 1-кесте бойынша белгіленеді.

5.5.5 І санатты имараттарды тұрғызу кезіндегі бұрғылау-жару жұмыстары арнайы сақтандыру іс-шараларынсыз атқарылады, ал ІІ санатты имараттарды тұрғызу кезінде- ондай іс-шаралар атқарылады.

5.5.6 ІІ санатты имараттарды тұрғызу кезіндегі бұрғылау-жару жұмыстарын әзірленіп жатқан техникалық жағдайларға сәйкес, ішінде сапалы және қауіпсіз жұмыс атқаруды қамтамасыз ететін негізгі техникалық параметрлер мен факторлар көрсетілу керек. Тиісті негіздемесі болған жағдайда, техникалық жағдайлар құрылыс барысында өзгертіліп нақтылануы мүмкін.

5.5.7 ІІ санатты нысандарда жартасты топырақтарды өңдеуді негізін және оның құламалармен түйісу өңірлерін жарылыс кезінде табиғи және жаңадан пайда болған сызаттардың үлкеюінен сақтайтын сақтандыру қабатын қалыптастыра отырып керпештермен жүзеге асыру керек.

5.5.8 Тікелей сақтандыру қабатының үстінде орналасқан жартасты топырақтарды қопсытуды ұңғымалы зарядтарды оларға арналған ұңғымаларды орналастыру және орнатылу жағдайларын алдын ала белгілей отырып атқару керек.

5.5.9 Сақтандыру қабатының жартасты топырағын қопсыту және тазалауды құрылыстық техниканы тиімді қолдануды және жұмыстар қауіпсіздігін қамтамасыз ететін технологиялық реттілікпен орындаған жөн.

5.5.10 Құрама темірбетон құралымдарына арнап имараттың жартасты негізін жайғастыру кезінде, сақтандыру қабатын жарылғыш заттар зарядтарымен қопсытуды атқаруға рұқсат етіледі.

5.5.11 ІІ санатты нысандарда қазаншұңқырлардың құламалары маңында жару жұмыстарын атқару үшін, алдын ала параметрлерін белгілей отырып пішінді жарылысты қолданған жөн. І санатты нысандар үшін пішінді жарылыстың тиімділігі құрылысты ұйымдастыру жобасында белгіленіп, бұрғылау-жару жұмыстарын атқару жобасында нақтылану керек.

5.5.12 Қолайсыз геологиялық жағдайда пішінді жазықтық сыртындағы жартасты беттің сақталынуын қамтамасыз ету үшін және атмосфералық құбылыстардың ұзақ әсер етуінен желге мүжілуінен құламаларды сақтау үшін пішінді жарылысты сақтандыру қабатын қалыптастыра отырып атқарған жөн.

5.5.13 Пішінді жарылыстан кейін құламаларды тазарту және өңдеу жұмыстары жарылыстарсыз атқарылады.

5.5.14 Пішінді жарылыстан кейін бетін бетон төсеуге дайындауға арналған сақтандыру қабатын әзірлеуді жарылыссыз, шағын телімдермен орындау керек. Бетон төсеуге арналған телімдер көлемі жұмыстарды атқару жобаларында көрсетіледі.

5.5.15 Жаңадан төселген бетон (мерзімі 15 тәулікке дейін) және күзетілетін жер бетіндегі және астындағы имараттар, коммуникациялар және жабдықтар жанында бұрғылау-жару жұмыстарын орындау қажет болғанда, рұқсат етілген жарылыстар параметрлерін орнатқан жөн.

5.5.16 Бұрғылау-жару жұмыстарын атқару жерлерінің маңында орналасқан күзетілетін нысандардың және жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, тербелістердің рұқсат етілген жылдамдықтарын белгілеу керек. Технологиялық жабдықтар үшін тербелістердің рұқсат етілген жылдамдықтары өндіруші зауыттармен келісілу керек.

5.5.17 Негізгі бұрғылау-жару жұмыстарын орындағанға дейін жарылыстардың технологиясы мен парметрлерін дайындау үшін тұрғызылатын имараттың сипаттас телімдерінде тәжірибелік жарылыстарды атқарған жөн.
5.6 Жер асты қазуларын (камераларды) орналастыру талаптары
5.6.1 Өзендік гидротехникалық имараттардың (гидроэлектр станцияларының, гидроаккумуляциялайтын және атом электр станцияларының машина залдары, турбиналық сутартқыштардың, қақпақтардың, трансформаторлардың, теңестіру резервуарларының, сорғы бөлмелерінің, жер асты бассейндердің, жинақтау камераларының) жер асты қазуларын (камераларын) осы тарауды және Қазақстан Республикасының нормативтік талаптарын ескере отырып орналастыру керек [9,10].

5.6.2 Камераларды тартқан (қазған) кезде бұрғылау-жару жұмыстарын орындау үшін, жарылыс кезіндегі сақтандыру қабатының түрі мен қалыптастырылу қажеттілігін қоршаған жартасты топырақтардың сақталуының қамтамасыз етілуін ескере отырып атқару керек. Сонымен қатар бұрғылау-жару жұмыстары кезінде, сызаттардың бар-жоғы, және камераны қоршайтын жартасты топырақтарда дамуы және пайда болуы жобада көрсетіледі.

5.6.3 Камераларды қазған кезде, жартасты топырақты жобалық пішінінің шегінен тыс шығып кеткендегі шектен тыс алым жобада көрсетілетін рұқсат етілген көрсеткіштерден аспау керек. Камераның көтергіш элементтерінің қалыңдығын кішірейтетін шектен тыс жартасты топырақтарды алуға тыйым салынады.

5.6.4 Орналастырылатын камераларға құрылыстық жол есебінде жұмысты атқару кезінде имараттардың қолданыстағы қазуларын қолданған жөн (бұру, келтіру және транспорттық тоннельдер, жүк-шиналық, монтаждау және ауа тазарту (вентиляциялық) шахталары). Мұндай мүмкіндік болмаса немесе қолданыстағы қазулар жеткіліксіз болса, тиісті негізделген кезде (жобада), жаңа кіре беріс жолдарын орналастыруға болады.

5.6.5 Камераларды орналастыру бойынша жұмыстарды атқару тәртібі, жағдайы және тәсілдері камералардың биіктігі және аралығына байланысты, олардың өңделуіне және қоршаған жартасты топырақтардың беріктігі мен сызаттылығына байланысты қабылдану керек.

5.6.6 Камераларды әзірлеу үрдісі қабырғалардың жағдайы мен төзімділігін жүйелі бақылауды атқару арқылы орындалып отыру керек. Егер қабырғалардың ішке жылжып кетуі пайда болса, жылжулардың мерзімдік өзгеру сипаттарын анықтау қажет және қажет жағдайда қабырғалар беріктігін күшейту үшін шара қабылдап, керу арқалықтары мен анкерлерді орнату арқылы жүзеге асыру керек.

5.6.7 Камера элементтерінің жүктелген күй-жайына қабырғалар деформациясы әсерін төмендету жөніндегі шаралар, керме арқалықтарының материалы, және қауіпсіз жұмыс атқаруға қажетті анкерлердің ұзындығы мен басқа параметрлер жобада көрсетіледі.

5.6.8 Әзірлеу кезіндегі камералардың уақытша бекітілу түрін жартасты топырақтардың беріктігін, сызаттылығын және күй-жайын ескере отырып қабылдаған жөн.


5.7 Бетон жұмыстарын орындау талаптары
5.7.1 Тұтасқұймалы және құрама-тұтасқұймалы өзендік гидротехникалық имараттарды тұрғызу кезіндегі бетон жұмыстар осы тарау талаптары мен Қазақстан Республикасының нормативтік талаптарын ескере отырып атқарылады [9, 11-21].

5.7.2 Имараттардың бетонын дайындауда, тасымалдауда және төсеуде оның жобалық сипаттарға жетуін қамтамасыз ететін шараларды атқарған жөн .

5.7.3 Имараттарды тұрғызу кезінде бетон қоспасын жаппай тасымалдау, әдеттегідей, арнайы авто бетон араластырғыштары бар машиналармен немесе бетон тасығыштармен жүзеге асырылады. Бетон қоспасын тасымалдауға машиналарды таңдауды құрылыс нысанының қашықтығы мен қоспаның қату мерзімін ескере атқарған жөн. Бетон қоспасын тасымалдауға қабылданған машиналардың сыйымдылығы бетон қоспасын алып беруге арналған қауғаның сыйымдылығына сәйкес болу керек.

5.7.4 Бетон қоспасын имараттардың дайындалған беттеріне төсеу керек.

5.7.5 Имаратты тұрғызу кезінде имаратты жекелеген құрылыстық блоктармен бетондайды. Блоктар шеңберінде бетон қоспасын төсеу тәртібі қатаю барысында температуралық әсерлерден сызаттанбауын ескере отырып қабылдану керек.

5.7.6 Блоктарды бетондау барысында жекелеген қабаттарды немесе алымдарды уақытылы жабу үшін, бетон қоспасы цементінің түрі мен сипатына байланысты және температуралық төсеу жағдайларына байланысты жабу мерзімдерін белгілеу керек.

5.7.7 Бетон қоспасын блоктарға төсеуді қабаттап, сатылай және жалғыз қабатты технологияларды қолдана отырып атқарған жөн. Оларды бетондау қарқындылығына, жоспардағы блоктар көлеміне және қабаттардың немесе алымдардың рұқсат етілген жабылу мерзімдеріне байланысты таңдау қажет.

5.7.8 Блоктардағы бетон қоспасын тығыздауды имараттар құралымдарының арматурамен толтырылуын ескере отырып атқарған жөн .

5.7.9 Ауқымды бетон имараттарын бетондауды бетон қоспасының қатаюының жобалық температуралық режимін қамтамасыз ете отырып атқарған жөн.

5.7.10 Ауқымды бетон имараттарда бетонды салқындатуды екі кезеңмен орындаған жөн:

а) бірінші кезең – бетонның төселу және қатаю барысында блоктағы экзотермиялық қыздырылу температурасын төмендету үшін;

б) екінші кезең – имарат жіктерінің тұтасқұймалану мүмкіндігін туғызатын имараттағы бетонды сыртқы ауаның орташа көпжылдық температурасына дейін суыту.

Сонымен қатар әр кезеңге қолайлы суыту тәсілдерін белгілеген жөн.

5.7.11 Қысқы мерзімде жұмыс атқару үшін, имараттарды бетондаудың тиісті температуралық тәртібін орнату қажет және теріс температураның әсерінен бетон беттерін сақтау жөнінде шара қолданған жөн.


5.8 Имараттардың технологиялық жабдықтарын жинақтау талаптары
5.8.1 Өзендік гидротехникалық имараттардың технологиялық жабдықтарын жинақтауды осы тарау талаптарын және Қазақстан Республикасының нормативтік талаптарын ескере отырып атқарған жөн [22].M

5.8.2 Имараттардың технологиялық жабдығын қабылдап алу үшін монтаждау жұмыстарына дейін монтаждау ұйымдардың базалары және пайдалану кезеңінің монтаждау алаңдары дайындалу керек.

5.8.3 Имараттардың технологиялық жабдықтарын монтаждау үшін, ереже бойынша, кран асты жолдарының типі алдын ала белгіленіп пайдалану крандары қолданылады.

5.8.4 Имараттардың механикалық және гидрокүштік жабдықтарының аралық бөлшектерін штрабсыз тәсілімен монтаждау кезінде, оларды орнату үшін негіздерінің алдын ала дайындығы жүргізіледі.

5.8.5 Технологиялық жабдықты монтаждау паздар мен олардың ішіндегі ысырма мен торлар бітелмей атқарылады.

5.8.6 Гидротурбиналардың және гидрогенераторлардың жекелеген тораптарын жинақтау және жұмыс механизмдерін монтаждау жұмыстарын атмосфералық жауын-шашындардан қорғалған және құрылыстық қоқыстардан қоршалған өңірде атқарған жөн.

5.8.7 Реттеу жүйесін жинақтау, статор орамаларын орау және дәнекерлеу, генератор роторының полюсаралық жалғауларды дәнекерлеу, генератордың тоқ өткізетін бөліктерінің салқындату жүйесін монтаждау, өкшелік пен мойынтірек, сонымен бірге жинақталған қондырғыны іске қосу, жөндеу және сынау жұмысы +5°С төмен емес температурада атқарылу керек.
5.9 Топырақтарды цементтеу талаптары
5.9.1 Өзендік гидротехникалық имараттарды жаңадан тұрғызу, қолданыстағыларды қайта құралымдау және кеңейту кезіндегі топырақтарды цементтеу осы тарау талаптарын және Қазақстан Республикасының нормативтік талаптарын ескере отырып атқарылады [8].

5.9.2 Топырақтарды цементтеу жұмыстарын жалпықұрылыстық жұмыстармен араластырған кезде олардың технологияларының ерекшеліктерін ескере отырып цементтеу жұмыстарының жеткілікті көлемі қамтамасыз етілу қажет.

5.9.3 Топырақтарды цементтеу кезінде тіреудің бар-жоғын, имараттарға толық немесе ішінара қысымын ескеру қажет.

5.9.4 Имараттардың негіздеріндегі цементтеу жұмыстары дренаждар орнатылғанша аяқталу керек. Топырақтарды цементтеуді жүргізу үшін оларды қолайлы өткізу жағдайлары белгіленеді.

5.9.5 Сыртқы ауаның орта тәуліктік температурасы +5°С төмен болғанда, цементтеу жұмыстарын атқару үшін, цементтелетін топырақтардың және ұңғымаларға берілетін ерітіндінің рұқсат етілген температуралық шегі белгілену керек.

5.9.6 Барлық өңірлердің цементтелуі және ұңғымалардың жиынтық цементтелуін (егер ол жобада қарастырылса) өткізу аяқталған соң, ұңғымалар ерітіндімен толтырылады.


5.10 Құрылыс кезеңіндегі өзен шығындарын өткізу және маңдайшаларды тұрғызу талаптары
5.10.1 Құрылыс кезеңіндегі өзен (мұз) шығындарын құрылысы бітпеген тұрақты және уақытша өзендік гидротехникалық имараттар арқылы өткізу сұлбасы жобада көрсетіліп және жұмыстарды атқару кезеңінде нақтылану керек.

5.10.2 Өзен шығындарын өткізу сұлбасы негізгі имараттардың орналастырылуын, олардың кезектілігі мен реттілігін, құрылыс территориясының топографиялық, геологиялық, гидрогеологиялық жағдайларын және кеме қатынасы мен сал ағызу (қажет болған жағдайда) талаптарын ескере отырып әзірлену қажет.

5.10.3 Өзен шығындарын өткізу сұлбасын әзірлеу үшін, жобада өзен жағалауын су басу қауіптілігінің алдын ала отырып, жұмыстардың қауіпсіз және ыңғайлы атқарылуын қамтамасыз ететін өзен шығындарын өткізу тәсілі белгіленіп, қабылдану керек.

5.10.4 Маңдайшаларды тұрғызу бойынша жұмыстарды өзендегі судың ең аз шығындары және төменгі деңгейлері кезеңдерінде атқару керек.

5.10.5 Өзендегі судың деңгейінен жоғары орналасқан маңдайшалар негіздерін дайындауды Қазақстан Республикасының нормативтік талаптарын ескере отырып орындау керек [8]. Маңдайшаларды орнатқанға дейін өзен арнасындағы олардың негіздері күй-жайын және дайындық жұмыстарын атқару қажеттілігін бағалау үшін зерттелу қажет.

5.10.6 Топырақ материалдарынан құралған маңдайшалар пайдалы қазынды топырақтардан (қазаншұңқырлар, арналар) тұрғызылу керек. Негізгі имараттар құрамындағы маңдайшаларды осы имараттар жобаларында көрсетілген материалдар мен құралымдардан тұрғызу керек.

5.10.7 Қысқы мезгілде мұз жабынының үстінде транспорттық құралдар қозғалып, жұмыс атқаруға көтергіштік қабілеті жеткілікті болса, маңдайшаларды мұз үстінен тұрғызуға болады.
5.11 Өзен арналарын бөгеу талаптары
5.11.1 Өзендік гидротехникалық имараттарды жаңадан тұрғызу, қолданыстағыларды қайта құралымдау, кеңейту кезінде өзен арнасын бөгеу сұлбасы жобада көрсетіліп, жұмыстарды атқару кезеңінде нақтылану керек [4].

5.11.2 Өзен арнасын бөгеу сұлбасы территорияның гидрологиялық және геологиялық жағдайларын, банкеттегі айырмасын, су ағысының шығыны мен жылдамдығын, су бұру арнасының өткізу қабілеттілігін, жабынға арналған материал ірілігін, транспорттық жағдайларын, транспорттық және тиегіш құралдардың жүккөтергіштігін ескере отырып әзірлену керек.

5.11.3 Кеме қатынайтын өзендерде арнасын бөгеу мерзімі мен жұмыс тәртібі:

- өзен флотының ұйымдарымен;

- жоғарғы бьефте орналасу кезіндегі реттеу бөгендерін пайдалану қызметімен келісілу керек.

5.11.4 Өзен арнасын бөгеуді өзендегі судың шығыны минимальды кезіндегі тасқын аралық кезеңде атқару керек, ал кеме қатынайтын өзендерінде – навигация аяғында немесе кеме қатынауы тоқтаған кезеңде.

5.11.5 Өзен арнасын бөгеу сұлбасын әзірлеу үшін, өзен жағасы су астында қалмайтындай, жобада қауіпсіз және ыңғайлы жұмыс атқаруды қамтамасыз ететін бөгеу тәсілі мен параметрлері белгіленіп, қабылдану керек.

5.11.6 Өзен арнасын бөгеу жұмыстарының алдында дайындық жұмыстарын орындау керек.


6. САПАНЫ БАҚЫЛАУ МЕН ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАБЫЛДАП АЛУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТАЛАПТАРЫ
6.1 Сапаны бақылау және жұмыстарды қабылдап алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, өткізу және құжаттамалық қамтамасыздандыру құрылыстық ұйымдағы жүзеге асырылатын сапа менеджменті жүйесі аясында орындалу керек [23, 24].

6.2 Өзендік имараттарды жаңадан тұрғызу, қолданыстағыларды қайта құралымдау және кеңейту кезінде жұмыс сапасы операциялық бақылау өткізу арқылы қадағаланады. Жұмыстарды қабылдап алу қабылдау бақылауының нәтижелері негізінде ҚР ҚН EN 1997-1:2004/2011 4 т. талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады.

6.3 Имарат үйінділеріне төселген топырақ сипаттары көрсеткіштерінің бақылауы үлгілерді іріктеп алу арқылы жүзеге асырылу керек. Бақыланатын топырақ сипаттары мен көрсеткіштерін Қазақстан Республикасының нормативтік талаптарына сәйкес белгілеу керек [25].

6.4 Қабат-қабат тас тастау арқылы орындалатын бөгеттің бүйіржақ призмаларын орналастыру сапасының бақылауын тастардың тығыздық көрсеткіштері мен түйіршікті-метрикалық құрам көрсеткіштері бойынша атқару қажет.

6.5 Қайта көмулер (имараттар іргетастарының қуыстары) тығыздығы сапасының бақылауын құрғақ топырақтың тығыздығы мен ылғалдығы бойынша жүзеге асыру қажет, ал олардың көрсеткіштерін анықтаулар санын 5-кесте бойынша белгілеу керек. Бұдан бөлек қайта көмулер топырақтарының үлгілерін іргетастардан 20 см қашықтықта алу қажет.

6.6 Топырақтарды суға төсеу кезіндегі бақылауға жататындар:

- төсеме қабатының қалыңдығы;

- топырақтың су бетіндегі қабатын транспорттық құралдармен және механизмдермен бірқалыпты тығыздау;

- картадағы судың тереңдігі;

- карта негізі бетінің және ондағы судың температурасы;

- төселетін су асты қабатының тығыздығы.

6.7 Құламалар мен жағалар бекіткіштерін асфальтбетон жабындардан орналастыру кезінде жобалық мөлшердегі жабын қалыңдығынан ауытқулар 10% аспау керек. Сонымен бірге асфальтбетонның физика-механикалық қасиеттерінің көрсеткіштері де бақылауға алынуы тиіс.

6.8 Бұрғылау-жару жұмыстарын атқару кезінде тұрақты немесе дүркін-дүркін сейсмикалық бақылаудың қажеттілігі, және оны өткізу тәртібі мен бақыланатын параметрлер бұрғылау-жару жұмыстарын атқару жобасында көрсетіледі.

6.9 Бетон қоспалар Қазақстан Республикасының нормативтік талаптарына сәйкес болу керек [12], ал олардың сапасын бақылауды [12-18] талаптарына сәйкес жүзеге асыру керек.

6.10 Тұтасқұймалы, құрама бетон және темірбетон құралымдарының бетондары беріктігінің, тығыздығының, су өткізбеушілігінің, аязға төзімділігінің бақылауын Қазақстан Республикасының талаптарына сәйкес орындау керек [17-21].

6.11 Топырақтарды цементтеудегі сүзілуге қарсы мақсаттағы жұмыстар сапасының бақылауын бұрғылау арқылы, гидравликалық жаттығу мен бақылау ұңғымаларын цементтеу арқылы жүзеге асыру керек. Сонымен бірге бақылау ұңғымаларының санын жұмыс ұңғымаларының жалпы санынан 5 және 10% көлемінде қабылдау керек.

Сүзуге қарсы шымылдық үлескісінде цементтеу жұмыстарының сапасын жеткілікті деп бақылау ұңғымаларындағы меншікті су сіңірушіліктер мөлшері мен рұқсат етілген ауытқулар бойынша жобаның талаптарына сәйкес болғанда, бағалаған жөн.

6.12 Бекітіп цементтеу бойынша жұмыс сапасын бақылау тәсілі жобада белгілену керек және бақылау ұңғымаларын гидравликалық тексеруден өтуін және цементтелуін немесе топырақтардың деформациялық қасиеттерін геофизикалық әдістермен анықтауды қарастыру керек. Аталған шараларды бір мезгілде қолдануға рұқсат етіледі.


7 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ТАЛАПТАР
7.1 Өзендік гидротехникалық имараттарды жаңадан тұрғызу, қолданыстағыларды қайта құралымдау және кеңейту бойынша жұмыстар атқару кезінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар табиғи қорларды тиімді пайдалану мен қорғауды реттейтін, қолданыстағы заңнамаға, стандарттарға, нормалар мен басқару органдарының құжаттарына сәйкес жобада белгіленеді.

7.2 Бөгенді толтыру алдында оның өңірінен флора мен фаунаның сирек және жойылып бара жатқан түрлері жиналып алыну керек, және олардың дамуы мен ұдайы өсуіне қажетті жағдайлар жасалу керек, сонымен бірге тарихи және мәдени ескерткіштерді ғылыми зерттеу, инженерлік қорғау немесе көшіру іс-шаралары орындалу керек.

7.3 Өзен арналарында бөгегенге дейін балық өткізу имараттары салыну керек, ал бөгенді толтыру алдында уылдырық шашу-өсіру шаруашылықтары мен балық шаруашылықтары салыну керек.

7.4 Жер имараттарын төсеуге арналған топырақ материалдарының кен орындарын (карьерлерді) судың астында қалатын өңірлерде орналастырған жөн.

7.5 Құрылыстық жұмыстарға, сақтауға (қоймалауға), материалдарды сақтауға немесе техниканы орналастыруға уақытша пайдалануға бөлінген территориялар құрылыстық жұмыстар аяқталған соң құнарлылығы қалпына келтіріліп (рекультивация), пайдалануға жарамды күйге келтірілу керек.

7.6 Габиондарды пайдалана отырып эрозияға қарсы имараттардың құрылысы кезінде қоршаған табиғи ортаны ластайтын құрылыстық материалдарды қолдануға тыйым салынады.

7.7 Суаттардың су қорғау өңірлерінде жергілікті тас материалдар кен орындарын қазуға тыйым салынады.

7.8 Габиондық имараттар құрылысы кезінде суға ластау құралдары мен заттары суға түспейтіндей жұмыс атқару тәсілдері таңдалу керек. Су қорғау өңірі шеңберінде ластау материалдарын қоймалауға және сақтауға тыйым салынады.



7.9 Хайуанаттардың миграция бағыттарында құрылыстық жұмыстар атқарған кезде, үркіту құрылғыларымен (катафоттар, сигналдық шамдармен, дыбыстық сигналдармен және т.б.) жабдықталған қоршауларды орналастыру керек.
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет