Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер Қазақстан республикасының ҚҰрылыс нормалары



бет2/8
Дата09.06.2016
өлшемі0.51 Mb.
#124368
1   2   3   4   5   6   7   8

КІРІСПЕ

Осы құрылыстық нормаларында, негіздің шекті күйлерге жетуі мүмкін еместігіне және техникалық регламенттарға сай, құрылыстық нысандарына қойылатын қауіпсіздік талаптарының орындалуына кепілдік беретін, гидротехникалық ғимараттардың негіздеріне деген міндетті талаптар мен жобалау нормалары келтірілген.



Мемлекеттік нормативтердің басты бағыты - құрылыс сенімділігі мен қауіпсіздігін, салынған нысандардың пайдалану кезіндегі орнықты қызмет атқаруын қамтамасыз ету.

Осы нормалар талаптарының орындалуы өлшемдері мен қолайлы шешімдері сәйкес өнделген ҚР ЕЖ «Гидротехникалық ғимараттардың негіздері» келтірілген.




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ

СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҒИМАРАТТАРДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

ОСНОВАНИЯ ГИДРОТЕХНИЧЕСКИХ СООРУЖЕНИЙ


Енгізілген күні – 2015–07–01

1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ


 

1.1 Осы құрылыстық нормалары барлық топтардағы гидротехникалық ғимараттардың, соның ішінде, гравитациялық, аркалық және контрфорстық тоғандардың, сүйеме қабырғалардың, шлюздердің, шельфтік және кемежайлық ғимараттардың негіздерін, гидротехникалық ғимараттар орналасқан жерлердегі табиғи беткейлер мен жасанды құламаларды жобалауға арналған нормативтік талаптарды белгілейді.

1.2 Осы нормалардың талаптары жерасты гидротехникалық ғимараттарды және су шығындары 5 м3/с аспайтын мелиорациялық каналдардағы сушаруашылық ғимараттарын жобалауға тарамайды, сондай-ақ, су тереңдіктері 1 м аспайтын кездерде.


2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР


 

Осы құрылыстық нормаларында келесі нормативтік құқықтық құжаттарға сілтемелер қолданылды:

Қазақстан Республикасының заңы «Энергияны қорғау және энергия тиімділігін жоғарлату жөніндегі» 2012 жылдың 13 қаңтарынан № 541-IV.

Техникалық регламент «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Өрт қауіпсіздігі туралы» 16 қаңтар 2009 жылы №14 бекітілген.

Техникалық регламент «Ғимараттар мен үймереттердің, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі жөнінде», Қазақстан Республикасының Үкіметінің бұйрығымен 17 қараша 2010 жылы № 1202 бекітілген.

Қазақстан Республикасының экология бойынша кодексі 09 қаңтар 2007 жылдан № 212- III (27 шілде 2007 жылдың жағдайы бойынша өзгертіліп толыққан).
Ескерту - Ұсынылған құрылыстық нормаларын қолдануда, сілтеме жасалған құжаттарды жыл сайын жаңартылып отыратын «Қазақстан Республикасы шекарасында қызмет атқаратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық тізім», «Қазақстан Республикасының стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сілтеу», «Қазақстан Республикасының мемлекет аралық нормативтік құжаттарға сілтеу» құжаттары бойынша тексерген жөн. Егер сілтеме құжаты ауыстырылған (өзгертілген) болса, онда ұсынылған құрылыс нормасын қолданғанда ауыстырылған

___________________________________________________________________________________



Ресми басылым

(өзгертілген) құжатты қолданған жөн. Егер сілтеме құжаты ауыстырымсыз алынып тасталса, онда оған сілтеме берілген ереженің бөлігі ғана қолданылады.




3 АТАУЛАР МЕН АНЫҚТАМАЛАР


 

Осы құрылыс нормаларында, анықтамаларына сай келетін, келесі атаулар қолданылады:



    1. Жұмысшы сипаттамаларға қойылатын талаптар: Құрылыс нысанының техникалық сипаттамаларына жауап беретін тұтынушыларға арналған және оларды қолдану кезіндегі нысанның талаптарын қамтамасыз ететін уәкілетті органдармен мақұлданған нормативтік талаптар.

3.2 Жүктеме: Бүкіл пайдаланылу мерзім бойы, орта мәнімен салыстырғанда уақытша өзгерісі елеусіз немесе белгілі бір шекті мәніне жеткенше әрқашан бір бағытта жүретін (бірқалыпты) шама түріндегі әсер.

3.3 Негіз: Ғимаратпен әрекеттестенетін және ондағы, ғимаратты орнату және пайдалану нәтижесінде, кернеулік-деформациялану күй мен сүзілулік жағдай өзгеретін топырақ сілемінің алабы (соның ішінде жағалаулық тұтасулар, құламалар мен беткейлер).

3.4 Шөгулер: Топырақтың, құрылымы түпкі өзгерістерге ұшырамаған жағдайдағы, сыртқы жүктемелер, кейде өз салмағы әсерінен нығыздалу деформациялары.

3.5 Кедергi: Ғимарат элементінің немесе оның көлденең қимасының механикалық бұзылыстарсыз әсер қабылдау қабілеті, мысалы: топырақтың ығысуға деген беріктігі, майыстыру кедергісі, бойлық иілуге орнықтылық жоғалтпау кедергісі, созылу кедергісі.



4 МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТІК ТАЛАПТАР




4.1 Нормативтік талаптардың мақсаты

Нормативтік құжаттың мақсаты гидротехникалық ғимараттар негіздерінің, оның барлық өмірлік кезеңдерінде қауіпсіздікті, беріктікті, төзімділікті жер беті деформацияларының түрі мен шамасын болжау мүмкіндіктері болғанда, өмір, адам мен жануарлар денсаулығы, мүлікті сақтау пен қоршаған ортаны қорғау, энергетикалық тиімділікті қамтамасыз ету, сонымен қатар өндірістік процесс пен еңбек шарттарын, оның технологиялық және өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып қамтамасыз ету.



4.2 Қызметтік талаптар

4.2.1 Негіз гидротехникалық ғимараттың қауіпсіздігін, беріктігі мен төзімділігін, оның бұзуға дейінгі барлық өмірлік кезеңіндегі мүмкін болатын күштемелер мен әсерлердің қиысуының барлық түрлеріне қарсыласу қабілеттілігі.

4.2.2 Гидротехникалық ғимараттардың негізі техникалық, технологиялық және экологиялық өлшемдерге байланысты жобалануы керек, сонымен бірге құрылыс және топырақ негізін пайдалану кезінде келесі қызметтік талаптар орындалуы тиіс:

а) пайдалану кезінде ақаулар мен бұзылуларсыз жобада қарастырылған барлық механикалық және технологиялық әсерлерге төзе алатын гидротехникалық ғимараттардың беріктігі мен төзімділігі;

б) нысанның өрт қауіпсіздігі – өрттің шығуы мен өрбуін болдырмау мүмкіндігімен, сондай-ақ, өрттің адамдарға және материалдық құндылықтарға тигізетін қауіпті әсерлерімен сипатталатын нысан күйі;

в) санитарлық-гигиеналық жағдайлар бойынша талаптарды сақтау;



г) нақты жоба бойынша анықталған сейсмикалық әсерлерден қорғау және тағы басқа да талаптарды орындау.

д) арнайы жобамен анықталған басқа талаптар.

4.2.3 Гидротехникалық ғимараттардың механикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, негіздерін қауіпсіздік әсерлер мен еселіктердің сипаттық сандық мәндерін қолдану арқылы жобалау керек. Гидротехникалық ғимараттардың негізін технологиялық нормаларды сақтау арқылы орнату керек, сонымен бірге, алдын ала ескерту және қорғау шараларын сақтай отырып пайдаланған жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет