5.4.1 Қадалар құрылымын, барлық мүмкін деген пайдалану жағдайларын ескеріп жобалаған жөн, атап айтқанда:
- болуы мүмкін жегілік;
- инженерлік-геологиялық жағдайлардың күрделілігі: қойтастар, жерасты қабаттарының тік еңістік беттері және т.с.с.
- қадалардың қағылуына, жіктер сапасын қосқандағы, әсер ететін басқа себептер;
- құрама қадалар үшін-орнату орнына дейін тасымалдау жағдайлары және оларды орнату.
5.4.2 Құрылымдар жобалағанда, қабылданған қада түрлеріне қойылатын рауалар, әсерлер және іргетас жағдайы ескерілгені жөн.
5.4.3 Су немесе өте осал топырақтардың қалың қабаттары, арқылы өтетін иілгіш қадалар майысуға есептелінуге тиісті. Егер қадалар, нығайтылмай ығыстыру беріктік шегі болса, онда, әдетте, майысуға деген тексеріс қажет болмайды.
5.4.4 Әсер ететін жүктемелерге байланысты, қадалы іргетастар, келесі түрлерде жобаланады:
а) жеке қадалар-жеке тұратын тіректер астына орнатылады;
б) қадалар таспалары - үймереттер мен ғимараттар қабырғалары іргетастарына жүктеме ұзынынан таралған жағдайда, қадалар бір, екі және одан да көп қатармен орналастырылады.
в) қадалар шоғыры қадалар текшелі, тікбұрышты, трапециялық және басқа түрлі жоспармен бағандар астына орнатылады.
г) қадалар тұтас алаңы -табаны топыраққа тірелген тұтас ростверкпен біріктірілетін, ауыр ғимараттар астына орнатылатын қадалар.
5.4.5 Үймерет конструкцияларына байланысты таспалы, қосбаған тәріздес және тақталы ростверктер қолданылынады.
5.4.6 Ростверк биіктігі есептеу арқылы анықталады. Ол темірбетонды көпаралық арқалық түрінде есептелінеді.
5.4.7 Тақталы бөлігі мен тосбағаннан тұратын жеке түрлі ростверк қаңқасы құрама темірбетоннан тұратын үймереттерде қолданылады.
5.4.8 Қаңқасы құймалы темірбетон немесе металл үймереттер үшін тақталы ростверктар қолданылады. Бұл жағдайда ростверк биіктігі арматураның немесе қармақтың болттардың қажетті бекіту тереңдігін ескеріліп анықталады. Ауыр қаңқалы үймереттер мен ғимараттарда әдетінше үлкен өлшемді тақталы ростверктер қолданылады. Және де тақталы ростверктің биіктігі көлденең (тік) арматура қоймай көлденең күштерді қабылдай алу есептеуі бойынша анықталады. Тақталы ростверктер ЭЕМ бағдарламаларының пайдалануымен жобаланады.
5.4.9 Қадалы іргетастардың жобасы жасалғанда келесі мәліметтер: жобаланатын үймереттер немесе ғимараттар құрылымдық сұлбасы; көтеруші құрылымдардың өлшемдері және олардың жобаланатын материалы; тереңдетілген бөлмелер болған жағдайда, олардың үймереттердің немесе ғимараттардың құрылыстық осьтеріне және олардың іргетастарына жақындау шамалары; іргетасқа құрылыстық құрылымдардан түсетін жүктемелер; технологиялық жабдықтардың орналасуы мен олардан құрылыстық құрылымдар мен едендерге берілетін жүктемелер, сондай-ақ құрылыс құрылымдары мен жабдықтар астындағы іргетастардың шекті шөгулері мен жантаюларына қойылатын талаптар ескерілуге тиісті.
5.4.10 Іргетастағы қадалар саны мен олардың өлшемдері қадаларға рауалы есептік жүктеме түскендегі қадалар материалы мен негіз топырақтарының беріктігін толық пайдалану жағдайын шеткі қадалар жүктемелері мәндерінің рауалы түрде асуы ескеріле тағайындалуға тиісті. Қадалардың құрылымы мен өлшемдері, іргетастарға түсетін жүктемелердің (соның ішінде технологиялық жүктемелер) мәндері мен әсер ету бағыты, сондай-ақ үймерет және ғимарат құрылысының технологиясы ескеріліп таңдалуға тиісті. Қадаларды жоспарлап орналастырғанда, қадалардың жобада қабылданған көтеру қабілетін толық пайдалану үшін, олардың шоғырларындағы (топтарындағы) ең төмен санын немесе таспалардағы қадалардың ең жоғарғы адымын қабылдауға тырысу керек.
5.4.11 Қадалық ростверктің қадалармен тоғыстырылуын бос немесе қатқыл түрінде қарастыруға болады.Ростверктің қадаларға бос орнатылуы шартты түрдегі топсалы тоғыстырылу ретінде ескеріліп, тұтас құймалы ростверктерде қадалардың бастары ростверктерін ішіне бекіту арқылы орындауға тиісті. Ростверктің қадалармен қатқыл тоғыстырылуын келесі жағдайларда қарастырған жөн:
а) қаданың дің бөлігі осал топырақтарда (борпылдақ құмдарда, аққыш күйдегі балшықты топырақтарда, тұнба саздарда, шымтезектерде) орналасса.
б) тоғыстырылған жерде қадаға берілетін басатын жүктеме оның қима өзегінен тыс түсетін болса;
в) жобаланатын үймереттің немесе ғимараттың, қадалар бос орнатылғанда, оларға әсер ететін көлденең жүктеме, шекті мәнінен асатын ауытқулар тудырса;
г) іргетаста көлбеу немесе құрамалы тік қадалар болса.
д) қадалар жұлатын жүктемелерге жұмыс істесе.
5.4.12 Темірбетон қадалардың тұтас құймалы темірбетон ростверкпен қатқыл тоғыстырылуын қада басының ростверкке арматураның қарнақтану ұзындығына сай келетін тереңдікке ростверктің ішіне қаданың басында шығып тұрған арматураларды олардың қарнақтану ұзындығына тең қылып бекіту арқылы қарастырған жөн. Соңғы жағдайда алдын ала кернелген қадалардың басында, кейінірек қарнақты арматура ретінде пайдаланылатын, кернелмеген арматуралық қаңқа қарастырылуға тиісті. Талап етілетін беріктік қамтамасыз етілетін болса, онда қатқыл тоғыстырылуды болаттан жасалған салмалы элементтерді дәнекерлеу арқылы да жүзеге асыруға да болады.
5.4.13 Қадалардың құрамына ростверкпен қатқыл біріктірілуі қоңырау тәрізді баулық арқылы қамтамасыз етілуге тиісті. Құрама ростверкте қаданы, ростверкте арнайы қарастырылған тесікке тұтастыра бекітуге де болады.
5.4.14 Шоғырдағы, орталықтан тыс жүктелген іргетас қадаларын іргетасқа әсер ететін тұрақты жүктемелердің тең әсерлә күші, қадалар жоспарындағы ауырлық орталығына неғұрлым жақын өтетіндей қылып орналастыру керек.
5.4.15 Тік жүктемелер мен бұраушы күштерді, сонымен қатар көлденең жүктемелерді (олардың мәндері мен бағыттарына байланысты) қабылдату үшін тік, көлбеу және төрт тағанды қадалар қарастыруға болады.
5.4.16 Ростверк табанының деңгейіндегі, көлбеулі және тік орнатылған қадалардың араларындағы қашықтықтың, іргетастардың құрылымдық ерекшеліктері және олардың сенімді түрде топыраққа батырылуының қамтамасыз етілуі, ростверктің арматуралануы мен бетондалуы ескеріліп, қабылданғаны жөн.
5.4.17 Бұрғыланып бұралатын қадаларды қолдану кезінде қада осі мен ғимараттар мен үймереттерге жақын орналасқан құрылыс құрылымдарының сыртқы шеттеріне дейінге арақашықтық белгіленеді.
5.4.18 Қаданың ұзыңдығы құрылыс алаңының топырақ жағдайына, қадалы іргетастарды орнатуға арналған жабдықтардың бар болуын ескеріп, ростверк табанының орналасу деңгейіне байланысты тандалуы тиіс. Қаданың төменгі жағын, ережеге сәйкес, топырақтардың әлсіз қабатын кесіп өтіп берік топыраққа дейін жеткізу керек, осыған орай қағылмалы қадалар негіз ретінде қабылданған қиыршық тасты, ірі құмды топырақтарға ену керек.
5.4.19 Қадалы ростверк табанының салу тереңдігін ғимараттың немесе үймереттің жерасты бөліктерінің құрылымдық шешіміне (жертөленің, техникалық бөлменің болуы) және алаңның жоспарлық жобасына (қиылған немесе себілген), сонымен қатар есептеулер арқылы анықталынатын ростверктің биіктігіне сәйкес қабылдау қажет.
5.4.20 Iсінетін топырақтарда құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде, топырақтың аяздан ісінуі қада ростверкіне әсерін тигізбейтін шараларын қарастыру керек.
5.4.21 Тұрақты ағын судың тұрақсыз деңгейінің аймағында бұрғылы толтырылмалы қадаларды және бетонмен толтырылған қабыршақ қадаларды қолдануға болмайды. Оң таңбалы температура әсер ететін аймақта, бетонның аязға төзімділігіне шек қойылмайтын қадалардың кез-келген түрін қолдануға болады.
5.4.22 Қадалы іргетастардың жобасын құру барысында, қадаларды қағу кезінде төмендегі жағдайларда кездесетін топырақ бетінің көтерілу мүмкіндігін есепке алу керек, егер:
а) құрылыс алаңы жұмсақ иленгіш және аққыш шаңды-балшықты топырақтардан немесе суға қаныққан шаңды және ұсақ құмдардан құралса;
б) қада батыруды қазаншұңқырдың түбінен бастап жүргізгенде.
5.4.23 Бұрғылы толтырылған, бұрғылы қиылысатын және бұрғылы инъекциялық қадалардың арматуралануын (салымдануын) көлемді қаңқалармен орындау қажет, ал олардың қатқылдығын жоғарылату мақсатында көлденең салымдарын тек хомуттармен ғана бекітпей, сонымен қатар арақашықтығы әрбір бес диаметр сайын қаңқаның ұзындығы бойынша құбырлы сақиналармен дәнекерлеу керек. Топырақ пен қаңқаның салым сабақтары арасындағы бетонның қорғаныш қабатын қамтамасыз ету мақсатында, қаңқаның салым сабақтарын фиксаторлармен және ұңғыма қабырғаларын ұстап тұратын құбырларды алу кезінде, оның көтерілу мүмкіндігін болдырмау үшін қаңқаның астыңғы бөлігін крест тәріздес қарнақтармен жабдықтау керек.
Негіздердің шектік күйі бойынша есептелуінің талаптарын орындау үшін іргетастың жоспарлық өлшемдерін немесе оларды орнату тереңдігін (қасиеттері қанағаттандырмайтын топырақтарды тіліп өтуді қосқандағы), өзгерту мүмкіндігі мен жөнділігінен басқа, іргетастардың ауытқуларын шектейтін қосымша байланыстарды енгізуінен, басқа типті іргетастарды қолдануынан, негізге түсетін жүктемелерді өзгертуінен және т.б. шараларды да қарастырған жөн: негіз топырақтары қасиеттерінің төмендеуінен сақтандыру шаралары, топырақтардың құрылыстық қасиеттерін өзгертуге бағытталған шаралар, негіз деформацияларынан ғимараттың әсералғыштығын төмендететін құрылымдық шаралар.
Негіз топырақтарының құрылыстық қасиеттерінің төмендеуінен сақтандыру шаралары: ылғалдылығының өзгеруінен әсералғыш топырақтардан тұратын құрылыс алаңдарын судан қорғау, негіз топырақтарының шөгуіне, ісінуіне, карсттық-суффозиялық құбылыстардың жандандырылуына, жерасты суларының көтерілуіне және т.с.с. алып келе алатын химиялық белсенді сұйықтардан қорғау, сыртқы әсер көздерін (мысалы, дірілден) шектеу, ғимаратты тұрғызу барысында орындалатын сақтандыру шаралары.
Негіз топырақтарының құрылыстық қасиеттерін өзгерту (жасанды негіздер орнату)келесі шаралар арқылы жүзеге асырылады: топырақтарды тығыздау, негіз топырақтарын толық немесе жарым-жартылай ауыстыру, үйінділерді орнату, топырақтарды, арнайы қоспалар енгізу, салымдау арқылы бекіту.
Негіз деформацияларына деген ғимараттың әсералғыштығын төмендететін құрылымдық шараларға келесі шаралар жатқызылады: ғимаратты жоспарлы түрде және биіктігі бойынша ұтымды пайдалану, ғимараттың негізімен өзара әсерлесулері есептелуінің нәтижелеріне сәйкес құрылымдарды, әсіресе, іргетастық-жертөлелік бөлігінің құрылымдарын күшейту арқылы ғимараттың беріктігін және кеңістіктік қатқылдығын жоғарылату, иілгіш немесе бөлшектенген құрылымдарды қолдану арқылы ғимараттың икемділігін арттыру, ғимарат құрылымдары мен технологиялық жабдықтарды түзетуге арналған құрал жабдықтарды орнату.
Достарыңызбен бөлісу: |