ҚР ҚН 2.02-02-2012
4
3.22 Нормативтік жалпы өрт сөндіргіш концентрациясы: Нормативтік
құжаттарда белгіленген өрт сөндіргіш концентрациясы.
3.23 Сымсыз байланыс желісі (байланыс арнасы): Алыстатылған компоненттер
арасындағы ақпараттық алмасуды байланыстың сымды желілерін қолданбай-ақ
қамтамасыз ететін өрт автоматика элементтерінің жиынтығы.
3.24 Өрт сөндіру модулі: Іске қосу импульсінің модульдің жетегіне әсер етуі кезінде
өрт сөндіргіш заттарды сақтау және беру функциялары қатар қолданылған корпустағы
құрылғы.
3.25 Қондырма: Өрт сөндіргіш заттарды шығаруға және таратуға арналған құрылғы.
3.26 Өрт автоматика жабдығы: Өрт автоматиканың құрама элементтері.
3.27 Өрт сөндіргіш зат: Физикалық-химиялық қасиеттері бар, жануды тоқтату үшін
жағдай жасауға мүмкіндік беретін зат.
3.28 Өрт басқару аспабы: Басқару сигналдарын өрт сөндірудің автоматты
құралдарымен қалыптастыруға, олардың күйін бақылауға, жарық және дыбыстық хабар
таратқыштармен, сондай-ақ әртүрлі ақпараттық көрсеткіш тақталармен және
мнемосызбалармен басқаруға арналған құрылғы.
3.29 Сөре ішіндегі кеңістік: Сөренің конструкцияларымен шектелген оның ішкі
көлемі.
3.30 Қашықтықтан іске қосу (қосу): Қорғалатын үй-жайда немесе оның жанында,
диспетчерлік немесе өрт постында, қорғалатын имараттар немесе жабдықтар жанында
орналасатын іске қосу элементтеріне адамның механикалық (қолмен) әсер етуінен кейін
ертерек берілген алгоритм бойынша техникалық құралдармен орындалатын процесс.
3.31 Өрт сөндірудің жергілікті қондырғысын іске қосу (қосу): өрт сөндіру
қондырғыларын сорғы станциясы немесе өрт сөндіру станциясы үй-жайына орнатылған
іске қосу элементтерінен, сондай-ақ өрт сөндіру модульдеріне орнатылған іске қосу
элементтерінен іске қосу (қосу).
3.32 Өрт сөндіргіш заттардың резерві: Екінші рет тұтану немесе өрт сөндіру
қондырғысымен өз міндеттерін орындамаған жағдайларында жедел қолдануға дайын өрт
сөндіргіш заттардың талап етілген мөлшері.
3.33 Жалғау желілері: Өрт автоматикасы жүйесінің компоненттері арасындағы
жалғауды қамтамасыз ететін сымдар мен шоғырсымдар.
3.34 Хабарламалар беру жүйесі: Байланыс арнасы бойынша беруге және
орталықтан бақылау пульті орнатылған пунктінде қабылдауға, өрт туралы хабар беруге,
қызметтік және бақылау-диагностикалық хабар беруге арналған, сонымен қатар (кері арна
бар болған кезде) басқару командаларын беру және қабылдауға арналған бірге
қолданылатын техникалық құралдардың жиынтығы.
3.35 Оятқыш жүйе: Дренчерлі өрт сөндіру қондырғыларын, сонымен қатар газды
немесе ұнтақты өрт сөндіру қондырғыларын автоматты түрде немесе қашықтықтан қосуға
арналған сумен, су ерітіндісімен, сығылған ауамен толтырылған құбыр немесе жылу
бекіністері бар трос.
3.36 Өрт сөндіру станциясы: Өрт сөндіру қондырғысының ыдыстары мен жабдығы
орналастырылған үй-жай.
3.37 Жіңішке шашыраңқы су ағысы (алау): Орташа арифметикалық диаметрі
150 мкм және одан аз су ағысын тамшыларға бөлу нәтижесінде алынған су.
|