Сәулет, қала құрылысы және құрылыс



Pdf көрінісі
бет46/155
Дата03.01.2022
өлшемі1.86 Mb.
#451718
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   155
ПОЖАРНАЯ АВТОМАТИКА ЗДАНИЙ И

 
ҚР ҚН 2.02-02-2012 
                                                   
 
 
26 
13.2 Өрт  сөндіргіш  аэрозоль  генераторларын  орналастыруға  қойылатын 
қауіпсіздік талаптары  
 
13.2.1 Өрт  сөндіргіш  аэрозоль  генераторларын  үй-жайларға  орналастыру  берілудің 
белгіленген  қарқындылығын,  аэрозольдің  нормативтен  төмен  емес  өрт  сөндіргіш 
қабілеттілігін  жасауды  және  өрт  сөндіргіш  аэрозольмен  13.2.3  және  13.2.4  берілген 
талаптарды  ескере  отырып,  қорғалатын  үй-жайдың  барлық  көлемін  бірқалыпты 
толтыруды  қамтамасыз  етуі  тиіс.  Бұл  кезде  генераторларды  қабаттап  орналастыруға 
рұқсат етіледі.   
13.2.2 Аэрозоль  ағысының  үй-жайдың  қоршаудағы  конструкцияларындағы  үнемі 
ашық  ойықтардағы  жармаға  түсуін  болдырмайтындай  етіп  генераторларды  орналастыру 
керек. 
13.2.3 Өрт  сөндіргіш  аэрозольдің  генераторларын  қорғалатын  үй-жайларға 
орналастыру  әрбір  генератордың  жоғары  температуралы  әсер  ету  ықтималдығын 
болдырмау керек: 
- 75 ºС-тан жоғары температуралы аймақ – қорғалатын үй-жайда тұрған немесе осы 
үй-жайға  кіруге  рұқсаты  бар  персоналға  (генератордың  рұқсатсыз  немесе  жалған  іске 
қосылуы жағдайында); 
- 200 ºС-тан жоғары температуралы аймақ – қорғалатын үй-жайда сақталатын немесе 
қолданылатын  жанғыш  заттарға  және  материалдарға,  сондай-ақ  жанғыш  заттарды  және 
материалдарды қолданатын жабдыққа
- 400 ºС-тан  жоғары температуралы аймақ – басқа жабдыққа. 
Өрт  сөндіргіш  аэрозоль  генераторларының  қауіпті  жоғары  температуралы 
аймақтарының өлшемдері туралы мәліметтерді генераторлардың пайдалану құжаттарынан 
қабылдау керек. 
Қажеттілігіне  қарай  үй-жайдағы  персоналдың,  сондай-ақ  жанғыш  материалдардың 
жә
не  генераторлардың  қауіпті  жоғары  температуралы  жабдықтарының  жанасу 
мүмкіндігін болдырмау мақсатында сәйкесінше конструкциялық шараларды (қорғанысты 
экрандар,  қоршаулар)  қарастыру  керек.  Генераторлардың  қорғанысты  қоршауларының 
конструкциясы осы аэрозольді өрт сөндіру қондырғысына берілген жоба құжаттамасына 
енуі  және  қолданылатын  өрт  сөндіргіш  аэрозоль  генераторларының  дайындаушы 
ұсыныстарын ескере отырып орындалуы тиіс. 
13.2.4 Өрт  сөндіргіш  аэрозоль  генераторларын  қоршалған  конструкциялардың 
беттеріне,  тіректеріне,  бағаналарына,  жанбайтын  материалдардан  дайындалған  арнайы 
тіреулеріне  орналастыру  керек  немесе  генератордың  нақты  түріне  берілген  пайдалану 
құжаттарында  мазмұндалған  қауіпсіздік  талаптарын  ескере  отырып,  генераторларды 
бекітетін  жанбайтын  материалдардан  арнайы  платалар  (кронштейндер)  қарастырылуы 
тиіс. 
13.2.5 Өрт сөндіргіш аэрозоль генераторларын қорғалатын үй-жайларға орналастыру 
олардың  корпустарының  тұтастығын,  генераторларды  іске  қосу  тізбектерін  қосуға 
арналған клеммдерді визуальды бақылау мүмкіндігін және ақаулы генераторды жаңасына 
алмастыру мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.  
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет