ҚР ҚН 2.02-02-2012
25
Ұнтақты өрт сөндіру қондырғыларын автоматты түрде іске қосуды бұғаттау
құрылғыларымен адамдардың тұрақты келуі қарастырылмаған көлемі 100 м
3
артық емес
(өндірістік қажеттілік тұрғысынан келіп кетеді) және өрт жүктемесі 1000 МДж/м
2
аспайтын үй-жайды, сондай-ақ электр шкафтарды, шоғырсым имараттарын
жабдықтамауға рұқсат етіледі.
12.4.2 Көлемді өрт сөндіру қондырғыларын жобалаған кезде желдету жүйелерін
автоматты сөндіру, ауамен жылытуды және ауаны кондициялау, сондай-ақ өрт сөндіргіш
затарды қорғалатын аймаққа беруге дейінгі ауа арналарындағы ауа қақпақтарының (өртке
қарсы қақпақшалар) жабылуын қарастыру керек. Бұл кезде олардың толық жабылу
уақыты 30 секундтан аспауы тиіс.
12.4.3 Қорғалатын үй-жайда өрт кезінде автоматты түрде жабылуы
қарастырылмайтын ашылатын терезелер және басқа тесіктер бар болған кезде кезекші
персоналға оларды ашу туралы жарық және дыбыс дабылы қарастырылуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: