Сәулет, қала құрылысы және құрылыс


 ӨРТ АВТОМАТИКАСЫНЫҢ ЖАЛҒАУ ЖӘНЕ ҚОРЕКТЕНДІРУ



Pdf көрінісі
бет58/155
Дата03.01.2022
өлшемі1.86 Mb.
#451718
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   155
ПОЖАРНАЯ АВТОМАТИКА ЗДАНИЙ И

17 ӨРТ АВТОМАТИКАСЫНЫҢ ЖАЛҒАУ ЖӘНЕ ҚОРЕКТЕНДІРУ 
ЖЕЛІЛЕРІНЕ, СЫМСЫЗ ЖЕЛІЛЕРІНЕ (БАЙЛАНЫС АРНАЛАРЫНА) 
ҚОЙЫЛАТЫН ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ 
 
17.1 Жалғау 
мен  қоректендіру  желілерді  және  байланыс  арналарды 
құрылымдауға қойылатын қауіпсіздік талаптары 
 
17.1.1 Сымдар  мен  шоғырсымдарды  таңдау,  шлейфтерді  ұйымдастыру,  өрт 
автоматиканың  жалғау  және  қоректендіруші  желілері  үшін  оларды  тарту  тәсілдері 
«Қазақстан  Республикасының  электр  қондырғыларын  орнату  ережелерінің» 


 
ҚР ҚН 2.02-02-2012 
                                                   
 
 
34 
талаптарымен,  осы  нормалар  және  өрт  автоматика  жүйелерінің  аспаптарына  және 
жабдығына берілген техникалық құжаттама талаптарына сәйкес жүргізілуі керек.   
17.1.2 Компоненттер  арасындағы  байланыс  үшін  сымсыз  коммуникацияны 
қолданатын  қондырғыларды  және  өрт  автоматика  жүйелерін  жобалауды    сымсыз 
байланыс желілерін жобалау нормаларының талаптарын ескере отырып орындау керек. 
17.1.3 Өрт  автоматиканың  шлейфтерін  және  басқа  жалғау  желілерін  барлық 
ұзындығы  бойынша  олардың  бүтіндігін  автоматты  түрде  бақылауды  қамтамасыз  ету 
шартымен орындау қажет. 
Сымсыз  байланыс  желілерін  (байланыс  арналарын)  автоматты  түрде  бақылауды 
нақты  жабдыққа  берілген  техникалық  құжаттамада  белгіленген  реттілікпен  қарастыру 
керек. 
17.1.4 Өрт  автоматиканың  жалғау  және  қоректендіруші  желілері  оттың  әсер  етуіне 
төзімді  болуы  және  өртке  30  минуттай  шыдауы  немесе  осы  уақыт  ішінде  өрттің  әсер 
етуіне қарсы келу мүмкіндігі болатындай қорғалуы керек (құбырларға немесе қораптарға 
төселуі, оттан қорғайтын құрамдармен өңделуі тиіс).  Осындай желілерге жататындар: 
- өрт  қабылдау-бақылау  аспаптары,  өрт  басқару  аспаптары,  бақылау  пунктінің 
аппаратурасы, хабарландыруды беру жүйесі, функционалды блоктар және компоненттер 
арасындағы жалғаулар
- электрмен жабдықтау құрылғыларымен жалғаулар
- адрестік өрт дабыл жүйелерінің сақина шлейфтері; 
- басқару нысандарының атқарушы құрылғыларымен жалғаулар; 
- хабар берушілермен жалғау желілері. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет