хабарландырушылардың өздігінен іске қосылуын тудыруы мүмкін басқа құрылғылардан
алыстатылған жерлерге орнату керек.
16.5.4 Қол өрт хабарландырушылары 50 лк кем емес жасанды жарықтандыруы бар
орындарда орнатылуы керек.
16.5.5 Бір топтағы қол өрт хабарландырушыларын ғимараттың бір қабаты шегінде
орнату керек. Бір топтағы қол өрт хабарландырушыларын 16.3.2в қарастырылған
жағдайларда бірнеше қабаттар шектерінде орнатуды қарастыруға рұқсат етіледі.
16.6 Өрт қабылдау-бақылау аспаптарына және өрт басқару аспаптарына қойылатын қауіпсіздік талаптары 16.6.1 Адрестік емес өрт хабарландырушыларымен жұмыс істеуге арналған өрт
қабылдау-бақылау аспаптарының сыйымдылық резерві (қосылған шлейфтер саны) 10%
кем емес болуы керек.
16.6.2 Қорғалатын нысанда бірден артық өрт қабылдау-бақылау аспабын қолданған
кезде олардың күйіне орталықтандырылған мониторинг ұйымдастыру үшін бірыңғай өрт
дабыл жүйесіне оларды біріктіру керек. Бұл кезде әрбір өрт қабылдау-бақылау аспабынан
өрт постына (орталық өрт қабылдау-бақылау аспап) орнатылған және төмендегілерді
қамтамасыз ететін аспапқа ақпаратты беру мүмкіндігі қарастырылуы керек:
- күйінің өзгеруі туралы сигнал беретін өрт қабылдау-бақылау аспабының
идентификациясын;
- әрбір өрт қабылдау-бақылау аспап күйлерінің, соның ішінде өртті анықтау
функциясының бұзылуына алып келуі мүмкін күйлердің индикациясын (мысалы, сөну
немесе ақаулық күйі);
- бақылау және жалғау желілерінің ақаулық индикациясын;
- өртке қарсы қорғануды техникалық құралдармен, технологиялық және электр
техникалық жабдықпен (қажеттілігіне қарай) басқару.
16.6.3 Өрт қабылдау-бақылау аспаптарын және өрт басқару аспаптарын
қабырғаларға,
қалқаларға
жә
не
жанбайтын
материалдардан
дайындалған
конструкцияларға орнату керек. Көрсетілген жабдықты жанбайтын материалдан жасалған
конструкцияларға орнатуға осы конструкцияларды жанбайтын жайма материалымен
қорғау шарттары кезінде рұқсат етіледі.