44
в) желдету жүйелеріндегі өртке қарсы қақпақшаларды жабу үшін.
19.3 Нысанда лифттер болған кезде кабиналардың негізгі орнату алаңына қайтару,
өрт кезінде кабина және шахта есіктерін ашу және ашық күйінде ұстау мақсатында
олардың басқару аппаратурасын өрт автоматика арқылы бұғаттауды қарастыру керек.
19.4 Түтінді кетіру және (немесе) өрт туралы хабарлау жүйелерімен, сондай-ақ өрт
сөндіру қондырғыларымен басқаруға пәрмендерді қалыптастыруды бір бақылау
аймағында орналасқан өрт дабыл жүйелерінің бір топтағы кемінде екі өрт
хабарландырушысын немесе әртүрлі топтағы екі өрт хабарландырушысын қарастыру
керек. Бұл жағдайда қорғалатын аймақтың әрбір нүктесін кемінде екі өрт
хабарландырушысы бақылауы керек.
Өрттің анықталуының дұрыстығын арттыратын функциялар қарастырылған
жабдықтарды қолданған кезде өрт туралы бір өрт хабарландырушысының хабарлауын
басқаруға пәрмендерді қалыптатыруды қарастыруға рұқсат етіледі (көрсетілген
функциялар жабдыққа берілген пайдалану құжаттарымен расталуы тиіс). Бұл кезде 4-ші
жә
не 5-ші топтағы хабарлау жүйелері үшін 16.4.2 бойынша шарттар сақталуы тиіс.
19.5 Өрт автоматикадан 5.6, 19.2а), 19.2в), 19.3 бойынша бұғатталатын
технологиялық, электр техникалық және басқа жабдықтармен басқаруға пәрмендерді
қалыптастыруды бір өрт хабарландырушысынан қарастыруға рұқсат етіледі, егер бұл
жалған іске қосылған жағдайда нысанның жұмыс істеуін бұзуға алып келмесе.
19.6 Өрт сөндіру қондырғысымен және (немесе) түтінді кетіру жүйесімен басқару
пәрмендерін қалыптастыру үшін қорғалатын үй-жайда немесе аймақта кемінде болуы
тиіс:
- екі өрт хабарландырушысы, егер олар адрестік болып табылса және өрт дабыл
жүйесінің адрестік шлейфіне енгізілсе;
- үш өрт хабарландырушысы, оларды шлейфтегі екі өрт хабарландырушысының іске
қосылғандығын анықтайтын өрт қабылдау-бақылау аспабының шлейфіне енгізген кезде;
- төрт өрт хабарландырушысы, оларды шлейфтегі бір өрт хабарландырушысының
іске қосылғандығын анықтайтын өрт қабылдау-бақылау аспабының екі шлейфіне
(ә
рқайсысына екі өрт хабарландырушысынан) енгізген кезде.
19.7 Түтінді кетіру жүйесін жобалау кезінде оның іске қосылуын әдеттегідей
қорғалатын аймақта орнатылған түтінді өрт хабарландырушыларынан, соның ішінде
нысанда спринклерлі өрт сөндіру қондырғысын қолданған жағдайда жүзеге асыру керек.
Пайдалану процесінде түтінің және шаңның қарқынды бөлінуі шамаланатын үй-
жайлар үшін түтінді кетіру жүйелерін іске қосуға, басқа түрдегі өрт
хабарландырушысынан немесе өрт сөндіру қондырғысынан жүзеге асыруға рұқсат етіледі.
19.8 Нысанда өрт посты бар болған кезде Өрт сөндіру және апатты-құтқару
жұмыстары қызметіне жалған дабылдар беру ықтималдығын азайту үшін кезекші
персонал өрт дерегін растауға қажетті уақытта хабар беру жүйесі үшін сигналдарды
автоматты қалыптастыруды кідіртуді қарастырға рұқсат етіледі, бірақ 180 секундтан кем
емес.
19.9 Қорғалатын үй-жайларда газды, ұнтақты немесе аэрозольді өрт сөндірудің
автоматты қондырғыларының және түтінге қарсы қорғаныс жүйелерінің бір уақытта
жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді.