46
қабылдағыштарын сөндіру есебімен оларды электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге
рұқсат етіледі.
20.8 Электр қабылдағыштарға нысан электр желісінен қоректендіруді беруді енгізу
құрылғыларының қалқанының еркін тобынан қарастыру қажет (көрсетілген қалқанда
еркін топтар болмаған кезде топтардың сәйкес мөлшеріне электр қалқандардың осы
мақсаттары үшін қондырғыны қарастыруға рұқсат етіледі).
Күзет қойылатын үй-жайдан тыс орнатылатын электр қоректендіру қалқаны
жабылатын металл шкафқа орналастырылуы керек және ашылуға бұғатталуы керек.
20.9 Өрт сөндіру қондырғыларының және өрт дабыл жүйелерінің электр тізбектерін
қорғауды «Қазақстан Республикасының электр қондырғыларын орнату ережелеріне»
сәйкес орындау керек.
Жылу және ең көп қорғауды өрт сөндіру қондырғыларының басқару тізбектеріне
орнатуға рұқсат етілмейді, олардың сөнуі өрт сөндіргіш заттардың өрт ошағына берілуінің
тоқтауына алып келуі мүмкін.