3.38 Магистральді құбыр: Тарату құбырлары бар тарату құрылғыларын жалғайтын
құбыр.
3.39 Қоректендіру құбыры: Басқару түйінін тарату құбырларымен жалғайтын
құбыр.
3.40 Жеткізуші құбыр: Өрт сорғыларын басқару түйіндерімен жалғайтын құбыр.
3.41 Таратқыш құбыр: Қорғалатын аймаққа өрт сөндіргіш заттарды тарату үшін
оларға орнатылған суландырғыштары (қондырмалары) бар құбыр.
3.42 Басқару түйіні: Жабу және сигнал құрылғыларының жұмыс істеуін
үдеткіштерімен (баяулатқыштарымен) олардың және жоғарыда аталған қондырғылардың
жұмысқа қабілеттілігін іске қосуға және бақылауға арналған сумен және көбікті өрт
сөндіру қондырғыларының құбыр арматурасы мен өлшеу аспаптарының жиынтығы.
3.43 Көлемі бойынша жергілікті өрт сөндіру қондырғысы: Үй-жай көлемінің
бөлігіне әсер ететін көлемді өрт сөндіру қондырғысы.
3.44 Беттер бойынша жергілікті өрт сөндіру қондырғысы: Үй-жай көлемінің
бөлігіне әсер ететін беткі өрт сөндіру қондырғысы.
3.45 Көлемді өрт сөндіру қондырғысы: Қорғалатын үй-жайлар (имараттар)
көлеміндегі жануды қолдамайтын ортаны жасауға арналған өрт сөндіру қондырғысы.
3.46 Беткі өрт сөндіру қондырғысы: Жанғыш бетке әсер ететін өрт сөндіру
қондырғысы.
3.47 Автономды өрт сөндіру қондырғысы: Өртті байқау және сөндіру
функцияларын қоректендірудің сыртқы көздерінен тәуелсіз автоматты түрде жүзеге
асыратын өрт сөндіру қондырғысы.
3.48 Модульді өрт сөндіру қондырғысы: Қорғалатын үй-жайда немесе оның
жанында орналасқан өрт сөндіру функциясын өз бетімен орындауға қабілетті бір немесе
бірнеше модульдерден тұратын өрт сөндіру қондырғысы.
3.49 Орталықтандырылған өрт сөндіру құрылғысы: Газ толтырылған баллондар
өрт сөндіру станциясының үй-жайында орналасқан газды сөндіру қондырғысы.
3.50 Жабушы-қосушы құрылғысы: Ыдысқа (баллонға) орнатылатын және одан
өрт сөндіргіш заттың шығуын қамтамасыз ететін жабу құрылғысы.
3.51 Таратқыш құрылғысы: Құбырға орнатылатын және газды өрт сөндіргіш
заттарды белгілі магистраль құбырына жіберуді қамтамасыз ететін жабу құрылғысы.
3.52 Электрмен жабдықтау құрылғысы: Тұтынушыларды нормаланған уақыт
ішінде электр энергиямен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ететін электр техникалық
бұйым.
3.53 Функционалды талап: Нормативтік талаптармен белгіленген мақсаттардың
орындалуын қамтамасыз ету үшін нысан қалай жұмыс істеуі керектігінің сапалы
деңгейдегі сипаттамасы.
3.54 Нормативтік талаптардың мақсаты: Нормативтік талаптарды орындауда
қандай мақсатқа жету керектігінің тұжырымдамасы.
3.55 Өрт дабылының шлейфі: Мекенжайы жоқ өрт хабарландырушыларынан өрт
сөндіру қабылдау-бақылау аспабына дейін немесе өрт дабыл адрестік жүйелеріндегі адрес
блогіне дейін төселетін жалғау желілері.
3.56 Айналмалы өрт дабыл шлейфі: Өрт сөндірудің қабылдау-бақылау аспабы
жә
не кезекші тәртiпке оған қосылған компоненттер арасындағы және ақаулар кезіндегі