Сәулет, қала құрылысы және құрылыс



Pdf көрінісі
бет11/155
Дата03.01.2022
өлшемі1.86 Mb.
#451718
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   155
ПОЖАРНАЯ АВТОМАТИКА ЗДАНИЙ И

 
 
ҚР ҚН 2.02-02-2012 

 
3.6 Мөлшерлегіш:  Өрт  сөндіру  қондырғыларындағы  көбік  түзеушіні  (суға 
қосымша) мөлшерлеуге арналған құрылғы. 
3.7 Өрт  сөндіргіш  заттардың  қоры:  Өрт  сөндіргіш  заттардың  есептік  мөлшерін 
қалпына келтіру мақсаттарында нысанда сақталған өрт сөндіргіш заттардың талап етілген 
мөлшері. 
3.8 Қорғалатын нысан: Кәсіпорынның, ғимараттың, үй-жайдың, имараттың аумағы 
жә
не  олардың  жекелеген  бөліктері,  өрт  автоматикамен  қорғауға  тиісті  технологиялық 
жә
не электр техникалық жабдық. 
3.9 Өрт  дабылын  бақылау  аймағы:  Үй-жай  бөлігінің,  жалпы  индикация 
қарастырылатын,  өрт  хабарландырушыларымен  бақыланатын  бір  немесе  бірнеше  үй-
жайлар ауданы. 
3.10 Адрестік  өрт  хабарландырушылары:  Өрт  туралы  хабарлаумен  бірге  өзінің 
адрестік  өрт  кодын  қабылдау-бақылау  аспабының  адресіне  беретін  өрт 
хабарландырушысы. 
3.11 Газды өрт хабарландырушысы: Газды сезетін, өрт кезінде көзге түсетін өрт 
хабарландырушысы. 
3.12 Түтін  сезгіш  өрт  хабарландырушысы:  қатты  немесе  сұйық  жану  өнімдерін 
жә
не (немесе) атмосферадағы пиролиз бөлшектерін сезетін өрт хабарландырушысы.  
3.13 Ионизациялық  (радиоизотопты)  түтін  сезгіш  өрт  хабарландырушысы
ә
рекет ету қағидасы иондаушы тоқка жану өнімдерінің әсер ету нәтижесінде туындайтын 
иондаушы тоқтың өзгерістерін тіркеуге негізделген өрт хабарландырушысы. 
3.14 Құрамдыстырылған өрт хабарландырушысы: Өрттің екі немесе одан да көп 
факторын сезетін өрт хабарландырушысы. 
3.15 Жылуды  сезгіш  өрт  хабарландырушысы:  Температураның  белгілі  мәнін 
жә
не (немесе) оның өсу жылдамдығын сезетін өрт хабарландырушысы. 
3.16 Нүктелі  (түтін,  жылу  сезгіш)  өрт  хабарландырушысы:  Шағын  аймақта  өрт 
факторларын сезетін өрт хабарландырушысы.  
3.17 Қондырғының инерциялығы: сезімтал элементтің іске қосылу шегіне өрттің 
бақыланатын  факторымен  жету  сәтінен  бастап  өрт  сөндіргіш  заттардың  (құрамның) 
қорғалатын аймаққа берілуінің басталуына дейінгі уақыты. 
 
ЕСКЕРТПЕ  Адамдарды  қорғалатын  үй-жайдан  көшіру  кезінде  өрт  сөндіргіш  заттардың 
шығуының  кідірісі  және  технологиялық  жабдықтың  тоқтауы  қарастырылған  өрт  сөндіру 
қондырғыларына арналған, бұл уақыт олардың инерциялығына кірмейді. 
 
3.18 Өрт сөндіргіш заттарды беру қарқындылығы: Бір уақытта үй-жайдың бірлік 
ауданына (көлеміне) берілетін өрт сөндіргіш заттардың мөлшері. 
3.19 Нормативтік  өрт  сөндіргіш  заттарды  беру  қарқындылығы:  Нормативтік 
құжаттарда белгіленген өрт сөндіргіш заттарды беру қарқындылығы.  
3.20 Өрт  сөндіргіш  заттардың  есептік  саны:  Нормативтік  құжат  талаптарына 
сәйкес  анықталған  және  өрт  туындаған  жағдайда  жедел  қолдануға  дайын  өрт  сөндіру 
қондырғысында сақталатын өрт сөндіргіш заттардың мөлшері. 
3.21 Өрт сөндіргіш концентрациясы: Жануды сақтамайтын ортаны құрайтын үй-
жай көлем бірлігіндегі өрт сөндіргіш заттардың концентрациясы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет