Сәулет, қала құрылысы және құрылыс



Pdf көрінісі
бет18/155
Дата03.01.2022
өлшемі1.86 Mb.
#451718
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   155
ПОЖАРНАЯ АВТОМАТИКА ЗДАНИЙ И

 
 
ҚР ҚН 2.02-02-2012 

 
6.7 Өрт  сөндіру  қондырғыларымен  адамдардың  түнде  келетін  үй-жайларын  қорғау 
кезінде  көрсетілген  үй-жайларға  түтінді  өрт  хабарландырушыларын  орнату  арқылы  өрт 
сөндіру дабыл жүйесін қарастыру керек.    
6.8 Өрт сөндіру қондырғыларының түрі, өрт сөндіру тәсілі, өрт сөндіргіш заттарды 
беру түрі және қарқындылығы, өрт дабыл (күзет-өрт сөндіру) қондырғыларын жабдықтау 
түрі  өрт  қауіпсіздігін,  өрт  жүктемелерінің  түрін  және  орналасуын  және  өндірілетін, 
сақталатын  және  қолданылатын  заттардың  және  материалдардың  физикалық-химиялық 
қасиеттерін,  сондай-ақ  қорғалатын  нысанның  және  жабдықтың  көлемді-жобалау, 
конструкциялық  және  технологиялық  ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып, 
ұйымдастырушы-жобалаушымен анықталуы тиіс.   
6.9 Өрт 
автоматика 
құрамындағы 
қолданылатын 
жабдық 
Қазақстан 
Республикасының  аумағында  қолдануға  рұқсат  етілген  жабдыққа  берілетін  пайдалану 
құжаттарына, мемлекеттік, мемлекетаралық және халықаралық стандарттарға сәйкес келуі 
керек,  сондай-ақ  оны  орналастырған  орындардағы  климаттық,  механикалық,  электр 
магниттік және басқа әсерлерді есепке ала отырып, жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету 
керек. 
Өрт  автоматика  құрамында  әртүрлі  өндірушілердің  жабдықтарын  функционалды 
жә
не  техникалық  үйлесімділігі  кезінде  жабдыққа  берілген  пайдалану  құжаттарында 
көрсетілген сипаттамаларға сәйкес оны қолдануға рұқсат етіледі. 
6.10 Өрт  автоматиканың  құрылыс  құрамы,  құрылымы  және  функциялары 
техникалық және экономикалық дәлелді болуы тиіс.  
Өрт  автоматика  жобасын  өңдеу  және  жабдықты  таңдау  кезінде  келесілерді  ескеру 
керек: 
- нысанның  арналуы  мен  нысанда  өтетін  негізгі  өндірістік  және  технологиялық 
процестердің сипаттамалары; 
- технологиялық  жабдықтың  және  материалдық  құндылықтардың  орындары  мен 
орналастыру тәсілдері; 
- өрттің алғашқы ықпалдарының сипаттамалары; 
- өрттің таралуының ықтимал жолдары; 
- адамдарды және мүліктерді өрттен қорғау тәсілдері мен әдістері
- нысанды пайдалану тәртiбi және ерекшеліктері; 
- білім  алған  штаттық  персоналдың,  келушілердің,  олардың  келу  орындарының 
саны; 
- эвакуациялау жолдары, олардың өткізу қабілеттілігін; 
- жалған  іске  қосылу  ықтималдылығын  (үй-жайда  шаң,  газ,  түтін,  механизмдердің 
жұмыс істеуінен бөлінетін булар және т.б); 
- қолданылатын  жабдықтың  тактикалық-техникалық  мүмкіндіктері  және  оның 
пайдалану шарттарын; 
- өртке  қарсы  техникалық  қорғану  құралдарын  және  нысан  тіршілігін  қамтамасыз 
ететін басқа инженерлік жүйелерді бастапқы күйіне келтіру тәртібі; 
- өрт автоматиканың нысанның технологиялық және электр техникалық жабдықпен 
өзара әрекет етуі; 
- өрт автоматика күйі туралы ақпаратты шығару орындары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет