10
- әртүрлі функцияларды орындайтын жабдықтың өзара әрекет ету және оның
бірыңғай өрт автоматика жүйесіне бірігу мүмкіндігі;
- қолданылатын өрт автоматика жабдықтарының мөлшерін, жабдықтың
функционалды мүмкіндіктерінің есебінен шоғырсым өнімдерінің санын қысқарту
мүмкіндігі;
- жабдыққа жұмсалатын күтілген шығындар және монтаждау, жөндеу, қызмет
көрсету бойынша жұмыстар;
- өрт автоматика құрамында қолданылатын жабдықтың пайдалану мүмкіндіктері.
6.11 Спринклерлік өрт сөндіру қондырғыларымен және өрт сөндіру дабылдарымен
қорғалатын ғимараттарда және үй-жайларда өрт туралы адамдарға хабарлама берудің
техникалық құралдарын қосуды өрт сөндіру қондырғысынан және сәйкесінше өрт сөндіру
дабылынан қарастыру керек.
Әртүрлі
функционалды арналған үй-жайлары бар ғимараттар (өрт сөндіру бөлігі)
үшін өрт туралы бірыңғай хабарлама беру жүйесін қарастыру керек.
6.12 Қорғалатын нысандағы өрт автоматика (соның ішінде бірнеше ғимараттар мен
имараттар болған кезде) нысанның жалпы өрт сөндіру постындағы күйіне
орталықтандырылған бақылау мүмкіндігі қамтамасыз етілетіндей жобалануы тиіс.
6.13 Қорғалатын нысандардың өрт автоматика құрамында өрт және өрт автоматика
ақаулығы туралы сигналдарды Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстарының
қызметіне беруді қамтамасыз ететін хабарларды беру жүйелерін жабдықтауды қарастыру
керек, егер басқасы нақты функционалды арналу ғимараттарын жобалау жөніндегі
нормалармен немесе ғимараттағы жобалауға белгіленбеген болса.