8.6 Сумен және көбікті өрт сөндіру қондырғыларын сумен қамтамасыз етуге қойылатын талаптары 8.6.1 Егер су құбырының гидравликалық параметрлері (қысым, шығын)
қондырғының есептік параметрлерін қамтамасыз етпесе, қысымды көтеруге арналған
сорғылар және суға арналған резервуарлар қарастырылуы тиіс.
8.6.2 Есептік мөлшерінен басқа көбікті өрт сөндіру қондырғыларында көбік
түзегіштің 100% резерві қарастырылуы керек.
Көбік түзуші резервін сақтауды объект қоймасында немесе өрт сөндіру
қондырғыларының резервуарларында қарастыру керек. Көбік түзушінің есептік мөлшерін
жә
не резервін (көбік түзуші ерітіндісін) әртүрлі резервуарларда сақтау керек.
8.6.3 Көбік түзушіні сақтау шарттары дайындаушы нұсқаулығына (техникалық
құжаттамаға) жауап беруі керек.
8.6.4 Қолмен қосылатын ішкі жану қозғалтқышынан резервтік өрт сөндіру
сорғысының жетегі бар өрт сөндіру қондырғыларында автоматты түрде қосылатын және