1400 МДж/м
2
кем емес өрт жүктемесі кезінде спринклерлік суландырғыштардың жылу
серпінділігінің коэффициенті 80 (м·с)
1/2
кем болуы керек.
8.2 Спринклерлік қондырғыларға қойылатын қауіпсіздік талаптары 8.2.1 Сумен және көбікті өрт сөндірудің спринклерлік қондырғыларын үй-
жайлардағы ауа температурасына байланысты жобалау керек:
- сумен толтырылған – ауаның ең аз 5 ºС және жоғары температурасы бар үй-жайлар
үшін;
- ауамен – 5 ºС төмен ең аз температурасы бар ғимараттардың жылу берілмейтін үй-
жайлары үшін.
8.2.2 Спринклерлік қондырғылардың әрбір секциясында өз бетімен басқарылатын
түйіні болу керек.
Жабын астындағы және сөре аралық кеңістіктегі спринклерлік секцияларда өз
бетімен басқарылатын түйіндер болуы керек.
8.2.3 Ғимараттың бірнеше үй-жайын немесе қабаттарын бір спринклерлік секциямен
қорғаған кезде өрт орнының сәйкестігін қамтамасыз ететін техникалық шешімдерді алдын
ала қарастыру керек.
Бір спринклерлік секциямен қабат шектеріндегі жалпы дәлізге шығатын арналуы бір
көп дегенде бес үй-жайды қорғау кезінде сәйкестендіру құрылғыларының қондырғыларын
алдын ала қарастырмауға рұқсат етіледі.
8.2.4 Адамдардың мекендеуі мүмкін қорғалатын үй-жайлар үшін көлемді көбікті өрт
сөндіру қондырғыларында өрт посты үй-жайында автоматты түрде іске қосу
сөндірілгендігі туралы жарық және дыбысты сигналдарды беру арқылы қондырғының
автоматты түрде іске қосылуын қашықтықтан іске қосылуға ауыстырып қосу құрылғысын
алдын ала қарастыру керек.
8.2.5 Ауа құбырында белгіленген спринклерлік суландырғыштың іске қосылу
сәтінен бастап одан суды беруді бастағанға дейінгі уақыт 180 с аспауы тиіс.
8.2.6 Автоматты өрт сөндіру қондырғысының спринклерлік ауа немесе
спринклерлік-дренчерлік ауа секциясын ауамен жұмыс істейтін пневматикалық қысымға
дейін толтыру ұзақтығы 1 сағаттан артық емес болуы керек.