9.1 Жоғары еселікті көбікті өрт сөндіру қондырғылары «Ғимараттарды, үй-жайларды
жә
не имараттарды автоматты түрде өрт сөндiру және автоматты өрт дабылымен, өрт
кезiнде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерiмен жабдықтау
жөнiндегi талаптар»
техникалық регламентінің 4.4-бөлімінің талаптарына және осы
нормалардың талаптарына жауап беруі керек.
9.2 Жоғары еселікті көбікті өрт сөндіру қондырғыларында жоғары еселікті көбікті
алуға арналған тек арнайы көбік түзгіштерді ғана қолдану керек.
9.3 Жергілікті өрт сөндіру үшін өрт сөндіру қондырғыларын қолданған кезде көлемі
бойынша қорғалатын агрегаттарды немесе жабдықты ұяшықтарының өлшемі 5 мм артық
емес металл торлы қоршаулармен белгілеу керек. Қоршаудың биіктігі қорғалатын
агрегаттың немесе жабдықтың биіктігінен 1 м артық болуы және одан кем дегенде 0,5 м
қашықтықта тұруы керек.
9.4 Өрт сөндіру қондырғылары қорғалатын үй-жайды жабдықтың кем дегенде 1 м ең
жоғарғы нүктесінен асатын биіктікке дейін көбікпен көп дегенде 10 мин ішінде
толтыруды қамтамасыз етуі қажет.
Жергілікті өрт сөндіру кезінде қорғалатын көлемді толтыру уақыты 180 с аспауы
тиіс.
9.5 Бір үй-жайда көбіктері бір типті және конструкциялы генераторлар қолданылуы
керек. Көбікті генераторлардың мөлшері есептеумен анықталады, бірақ кем дегенде екеуі
қолданылады.
9.6 Көбікті беруге арналған арналардың қоршау конструкциялары жанбайтын
материалдардан орындалуы керек.