Сәулет, қала құрылысы және құрылыс



Pdf көрінісі
бет39/155
Дата03.01.2022
өлшемі1.86 Mb.
#451718
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   155
ПОЖАРНАЯ АВТОМАТИКА ЗДАНИЙ И

 
ҚР ҚН 2.02-02-2012 
                                                   
 
 
22 
11.6 Газды 
өрт  сөндіру  қондырғыларымен  қорғалатын  үй-жайларға 
қойылатын қауіпсіздік талаптары  
 
11.6.1 Жобалау  кезінде  технологиялық  негізсіз  ойықтарды  жою,  өздігінен 
жабылатын  құрылғыларды  орнату  және  есіктің  тығыздағыштарын  нығыздау,  есіктердің 
автоматты  жапқыштарын  орнату,  шоғырсым  өткізетін  жерлерді  нығыздау  және  т.б. 
бойынша шараларды қабылдау керек.  
11.6.2 Егер  ойықтың  (құрылғының)  бар  болу  қажеттілігі  есептеу  арқылы  расталған 
болса, қорғалатын үй-жайда қысымды түсіру үшін тұрақты ашық ойық (немесе ойығы өрт 
сөндіргіш заттарды берген кезде ашылатын құрылғы) қарастырылуы тиіс.  
11.6.3 Қорғалатын  үй-жайлардың  жалпы  алмасу  желдетудің,  ауамен  жылыту  және 
ауасын кондициялаудың ауа арна жүйелерінде ауа қақпақтарын (жапқыштар немесе өртке 
қарсы қақпақшалар) қарастыру керек.  
Қорғалатын  үй-жайда  технологиялық  процестің  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ететін 
желдету қондырғылары ерекшелік болып табылады, бұл кезде қондырғыны есептеу нақты 
нысан үшін әзірленетін қосымша нормалар бойынша жүргізіледі. 
Егер желдету ойықтары газды өрт сөндіру қондырғыларын жобалаған кезде тұрақты 
ашық  ойықтар  ретінде  ескерілсе  және  желдету  ағындарының  тоқтауы  өрт  сөндіргіш 
заттарды  бергенге  дейін  жүргізілсе,  ауа  сорғыштарға  автоматты  түрде  жабылатын 
қақпақтарды (жапқыштарды) орнатпауға рұқсат етіледі. 
11.6.4 Қорғалатын  үй-жайда  өрт  кезінде  автоматты  түрде  жабу  қарастырылмаған 
ашылатын терезе және басқа ойықтар бар болған кезде олардың ашық тұрғандығы туралы 
кезекші персоналға жарық және дыбысты дабыл қарастырылуы керек. 
11.6.5 Қорғалатын  үй-жайлардың  есіктерінде  оларды  ашқан  кезде  өрт  сөндіру 
қондырғыларын  автоматты  іске  қосуды  бұғаттауға  сигнал  беруші  құрылғыларды 
қарастыру қажет.   
11.6.6 Жобалау  кезінде  өрт  сөндіргіш  заттарды  қорғалатын  аймаққа бергенге  дейін 
желдету,  ауамен  жылыту  және  ауаны  кондициялау  жүйелерін  автоматты  түрде  сөндіру 
қарастырылуы қажет. Бұл кезде олардың толық жабылу уақыты 30 с аспауы тиіс.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет