24
12.2.5 Ұнтақты өрт сөндіру модульдерінің қондырғысы үшін қолданылатын
конструкциялар немесе қондырма-таратқыштары бар құбырлар орнатылатын
элементтердің бес есе салмағына тең жүктеменің әсеріне төзуі және олардың сақталуын
жә
не кездейсоқ зақымданулардан қорғауды қамтамасыз етуі керек.
12.2.6 Өрт сөндіру қондырмаларының таратушы құбырларын бекіту үшін
ұстағыштар (қамыттар) құрылыс конструкцияларына немесе қажеттілігіне қарай
жабдыққа, сақтау сөрелеріне немесе басқа стационар конструкцияларға тікелей бекітілуі
керек. Диаметрі 50 мм жоғары құбырларды бекітуге арналған ұстағыштарды
(қамыттарды) ирек жайма болатқа немесе көбік бетонды блоктарға (плиталарға) бекітуге
рұқсат етілмейді.
Басқа құбырларды, жабдықтарды немесе қондырғыларды ұстағыштарға
(қамыттарға) бекітуге рұқсат етілмейді.
Ұстағыштар (қамыттар) жүктеменің тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін реттелетін
түрде болуы және құбырды толықтай қамтуы керек және құбырға немесе фитингтерге
дә
некерленбеуі тиіс.
Мыс құбырларға бекітуге арналған ұстағыштар (қамыттар) түйіспе тоттанудан аулақ
болу үшін диэлектрлік төсемдермен қамтамасыз етілуі керек.
Таратушы құбырдың бекіту мөлшері осьтік күштерді компенсациялау үшін
жеткілікті болуы тиіс.