Сәулет, қала құрылысы және құрылыс



Pdf көрінісі
бет72/155
Дата03.01.2022
өлшемі1.86 Mb.
#451718
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   155
ПОЖАРНАЯ АВТОМАТИКА ЗДАНИЙ И

18.4 Аэрозольді 
өрт  сөндіру  қондырғыларымен  басқаруға  қойылатын 
қауіпсіздік талаптары  
 
18.4.1 Жалпы  талаптарға  қосымша  аэрозольді  өрт  сөндіру  қондырғысымен  басқару 
аппаратурасы келесілерді қамтамасыз етуі керек: 
а) қондырғының қашықтықтан іске қосылуы; 
б) үзілудегі іске қосу құрылғыларымен басқарудың электр тізбектерін және іске қосу 
құрылғыларының тізбектерін автоматты бақылау; 
в) өрт  туралы  жарық  және  дыбысты  хабарландыру  берілгеннен  кейін,  адамдарды 
көшіру,  желдету  жабдығын,  кондиционер  жүйелерін  тоқтату,  ауа  қақпақтарын,  өртке 
қарсы  қақпақшаларды  және  т.б.  жабу  үшін  қажетті  уақытқа  өрт  сөндіргіш  заттардың 
шығуын,  бірақ кемінде 10 секундқа кідірту;  
г) өрт сөндіру қондырғыларын автоматты іске қосуды қорғалатын үй-жайға есіктерді 
ашқан кезде бұғаттау күйін индикациялау арқылы бұғаттау. 
18.4.2 Қондырғылардың  қашықтықтан  іске  қосу  құрылғыларын  қорғалатын  үй-
жайдың сыртында көшіруге арналған шығатын есіктерге орналастыру керек.  
Қашықтықтан  іске  қосу  құрылғыларын  өрт  посты  үй-жайларына  орналастыруға 
рұқсат етіледі.  
18.4.3  Қорғалатын  үй-жайдың  есіктерінде  оларды  ашқан  кезде  автоматты  іске 
қосылуды бұғаттауға сигнал беретін құрылғыларды қарастыру керек.  
Рұқсатсыз кіруден қорғалған автоматты іске қосуды қалпына келтіру құрылғылары 
қажеттілігіне қарай қорғалатын үй-жайдың кіретін есігіне орнатылуы мүмкін.  
18.4.4 Жалпы  талаптарға  қосымша  өрт  посты  үй-жайында  келесілер  қарастырылуы 
тиіс: 
а) жарық және дыбысты дабыл: 
- 18.1.1г) және 18.4.1б) бойынша қондырғылардың ақаулары; 
- электрмен  жабдықтаудың  негізгі  және  резервтік  енгізулеріндегі  кернеу  жоғалуы 
туралы (жалпы дыбыстық сигнал); 
б) автоматты  іске  қосуды  сөндіру  туралы  жарық  дабылы  (қорғалатын  үй-жайлар 
бойынша анықтау арқылы). 
 
ЕСКЕРТПЕ  Нысанды  қорғау  үшін  түтінді  өрт  хабарландырушыларын  аэрозольді  өрт 
сөндірудің  автоматты  қондырғысымен  бірге  жиынтықта  қолданған  жағдайда  өрт  сөндіргіш 
аэрозольдің іске қосылған генераторларынан аэрозольді өнімдердің түсуі мүмкін үй-жайлардағы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет