19 ӨРТ АВТОМАТИКАСЫ, НЫСАННЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАБДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ 19.1 Нысанның өрт автоматикасын бірыңғай жүйеге біріктірген кезде жоба
құжаттамасында әрбір аспапқа немесе компонентке берілетін жалпы жүйелік талаптарды
кескіндеу, интерфейстерді және олардың өзара әрекет ету алгоритмдерін сипаттау керек.
Өрт автоматиканың бірыңғай жүйесін жобалауды қолданылатын жабдықтың
техникалық сипаттамаларын есепке ала отырып қарастыру керек. Бұл кезде жеке
жабдықтағы немесе жалғау желілеріндегі ақаулар жүйедегі басқа жабдықтың
функцияларына және жалпы жүйеге кері әсерін тигізбеуін қарастыру керек.
19.2 Өрт автоматика желдету (жарықтандырудың бір фазалы желілерінен
қоректенетін электр қабылдағыштарды қоспағанда), ауаны алмастыру және ауамен
жылыту жүйелерінің, сондай-ақ төмендегілер үшін өртке қарсы қорғаныш жүйелерінің
электр қабылдағыштарымен бұғатталуы тиіс:
а) А және Б өрт жарылыс және өрт қауіпсіздігі бойынша дәрежелі үй-жайлардың
тамбур-шлюздегі ауаны беру жүйелерінен, сондай-ақ жергілікті ауа алмастыру
жүйелерінен басқа желдету жүйелерінің өртенуі кезінде сөндіру;
б) түтінге қарсы қорғаныс жүйелерін өртенген кезде қосу (газды, аэрозольді немесе
ұнтақты өрт сөндіру қондырғыларымен қорғалған үй-жайлардағы өрттен кейін газдарды
кетіру үшін желдету жүйелерін қоспағанда);