Сәулет Ғимараттар мен имараттар туралы жалпы мәлімет және оларға қойылатын талаптар


Ғимараттардың және құрылыс бұйымдарының көлемдік-жоспарлы және құрылымдық элементтері туралы түсінік



бет2/3
Дата13.06.2023
өлшемі25.58 Kb.
#475015
1   2   3
Сәулет

Ғимараттардың және құрылыс бұйымдарының көлемдік-жоспарлы және құрылымдық элементтері туралы түсінік.

Көлемдi-жоспарлық шешiм деп ғимаратқа қойылатын функционалдық тағайындаулар және талаптарды қанағаттандыруға келісетін бiр кешендегi орналастырылу өлшемдері және формалары берілген бөлменiң құрастырылымын айтады.
Көлемдi-жоспарлық шешiм жоспарда ғимараттың кескiнi және өлшемдермен, биiктiгi және қабаттардың санымен, пәтерлердiң құрамымен және орналастыруы, сонымен бiрге функционалдық аймақтарды орналастыруымен бейнеленедi. Көлемдi-жоспарлық шешiм отқа төзiмдiлiк дәрежесi және ғимарат класы сипаттамаларымен толықтырылады.
Құрылыс құрылымдары мен бұйымдарының негізгі өлшемдері ғимараттың көлемді-жоспарлық шешімдерімен анықталады. Оларды үйлестіру ғимараттың көлемді-жоспарлық параметрлерін үйлестіру негізінде атқарылады, олар адым, ара- лық және қабат биіктігі болып табылады.
Адым деп ғимаратты жоспарлың бөлшектерге бөліп және көтергіш құрылымдардың тұрар орнын анықтайтын үйлестіру осьтерінің араңашықтығын айтады.
Аралық деп арқалық немесе шатыр жабындарының негізгі көтергіш құрылымдары ұзындығына сөйкес келетін бағыттағы көтергіш қабырғалар немесе жеке тіреуіштер үйлестіру осьтері арасындағы қашықтықты айтады.
Қабаттың биіктігі - тік санағанда, бір қабат еден Деңгейінен келесі қабат еден деңгейіне дейінгі қашықтық.
Ғимарат қабаттырының санына байланысты:
- Бір қабаттылар
- Аз қабаттылар( 2-3 қабат)
- Көп қабаттылар(4-9 қабаттар)
- Зәулім қабаттылар(20 қабат аса )
Пайдалану мерзіміне қарай 4 топқа (дәрежеге) бөледі:
- 1-ші дәреже-қызмет ету мерзімі-100 жылдан аса;
- 2-ші дәреже-қызмет ету мерзімі 50-100 жыл;
- 3-ші дәреже-қызмет ету мерзімі 20-50 жыл;
- 4-ші дәреде -қызмет ету мерзімі 20 жылдан аз-уақытша ғимараттар.
Өртке төзімділік дәрежесі бойынша 5 топқа бөлінеді:
Ғимараттың отқа төзімділік дәрежесі оның негізгі контрукцияларының өрт-ке қарсы сақтық қасиеттерінен тәуелді болады. Бұндай қасиеттерге жанғыштық дәреже және отқа төзімділік шегі жатады.
Жанғыштық дәрежесі бойынша барлық құрылыс контрукциялары дайындал-ған материалына байланысты, жанғыштығына сәйкес үш топқа бөлінеді.­
Жанбайтын деп, жанбайтын материалдардан орындалған (мысалы, кірпіш қабырға) конструкцияларды атайды.
Жануы қыйын деп, жануы қыйын материалдардан (мысалы, фибролит қал-қа), сонымен қатар оттан сылақпен қорғалған немесе жанбайтын материалдармен қапталған (мысалы екі жағы сыланған ағаш қабырға) конструкциялар аталады.
Жанатын деп, жанатын материалдардан орындалған және оттан қорғалмаған (мысалы, сыланбаған ағаш қабырға) конструкциялар аталады.
- І-ІІІ-топтар – тасты құрылымдар;
- ІV- топ- сыланған ағаш құрылымдар(штукатукіленген);
- V-топ- сыланбаған ағаш құрылымдар;
Қазіргі жағдайда бұл азаматтық тұрғын үйдің негізгі конструктивтік элементтерін қарастырамыз. Азаматтық ғимараттар мынандай негізгі бөліктерден тұрады және бұл ғимараттың конструктивтік немесе құрылымдық схемасы деп аталады.
Оларды ғимарат жер асты және жер үсті бөліктерінен тұрады.
Жер асты бөлігі:
• іргетастар,
• жертөлелер,
Жер үсті бөлігі:
• Цоколь;
• Қабырғалар;
• Тіректер (ұстындар) немесе бағаналар;
• Аралық жабындар
• Шатырлар;
• Терезе және есіктер;
• Едендер;
• Баспалдақтар;
• Қоршаулар және т.б.
Әр құрылымдық элементтің атқарар қызметтері болады.
Іргетас- ғимараттың жер астындағы бөлігі, ғимараттан түскен салмақты үйдің негізіне береді.
Негіз деп ғимараттан түскен жүктемелерді көтеретін, іргетас астында орналасқан топырақ сілімін айтады. Негіз табиғи және жасанды болады.
Табиғи негіздер дегеніміз – сол өзінің табиғи қалпында тұрғызылған ғимараттан әсер еткен жүктемелерді көтере алатын іргетас астындағы топырақ.
Жасанды негіздер деп сол табиғи жағдайында көтеру қабілеті жеткіліксіз болғандықтан, нығыздалған, күшейтілген іргетас астындағы топырақты айтады.
Іргетастың төменгі тегістігін, тікелей негізбен беттесетін бөлігін іргетастың табаны дейміз.
Жер бетінен іргетастың табанына дейінгі арақашықтықты іргетастың тереңдігі дейміз. Іргетастың тереңдігі негіз құмының төзімділігіне,тоңдану тереңдігіне және тағы басқа себептерге байланысты болады.
Іргетас құрылымына қарай тұтас(үзілмейтің тұтас қабырға астына жасалады),бағаналы(бөлек тұрған бағаналардың астына бөлек немесе тұтас етіп салынады). Бағаналы іргетастар өзара темірбетон ростверк арқылы бекітіледі.
Ростверк дегеніміз– темірбетон плита-белдеулер, олар бағаналарды біртұтас жүйеге біріктіреді және салмақтың бағаналарға біркелкі түсуін қамтамасыз етеді.
Әдетте іргетастың қалындығы қабырғаның қалындығынан үлкендеу болады, іргетастың шығынқы бөлігін цоколь дейді.
Цоколь ғимараттың басқа бөліктерінен көбірек әр түрлі ылғалдарға, механикалық температуралық әсерлерге ұшырайды. Сондықтан цокольдің сыртқы бетін цементті ерітінділермен сылайды немесе жауын-шашын әсерлеріне төзімді материалдармен қаптайды. Іргетас арқылы су қабырғаға тимес үшін цокольдің үстіне қабырғамен түйісетін бетіне суоқшалау (гидроизоляциялық) қабат жасайды(мысалы,қара қағздан).
Егер ғимараттың жобасы жертөлемен болса, жертөленің еденінен 10 см төменде тағы бір гидроизоляциялық қабат жасалады. Қажет болса іргетастың сыртқы және ішкі беттері жағылатын немесе желімденетін гидроизоляциялық материалдармен қапталады(битумды мастика, қарақағаз, бризол,гидроизол).
Қабырғалар – сыртқы әсерлерден қорғайтын қабырғалар –сыртқы қабырғалар, ал бөлмелерді өзара бөліп тұратын қабырғалар –ішкі қабырғалар деп бөлінеді.
Бағаналар – арқалық жабындарды, шатырды және қабырғаларды ұстап тұру үшін арналған. Бағаналар астына стакан тәрізді жеке темірбетон іргетастарды орнатады.
Арқалық жабындар деп ғимарат ішкі кеңістігін (биіктігі бойынша) қабаттарға бөлетін элементтерді айтады. Арқалық жабындар өз салмақтарынан басқа үстіне түскен (адам,жиһаз,құрал-жабдықтар салмағы) салмақтарды да көтеріп, оны көтергіш қабырғаларға, бағаналарға,іргетасқа беріледі.
Баспалдақтар – ғимаратқа, қабаттан-қабатқа,шатыр кеңістігіне көтерілуге, жертөлеге түсуге және әр түрлі апат кезінде адамдарды қауіпті жерден түсіруге арналған элементтер. Баспалдақ орналасқан алаң баспалдақ торы деп аталады. Баспалдақтар арналуы бойынша негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді.
Есіктер – қоршау бөлшегі болады, ғимаратқа кіруге, бөлмеден-бөлмеге қатынауға және әр түрлі апат болғанда адамдарды қауіпсіз жерге шығаруға арналады.
Терезелер - қоршау бөлшегі болады, ғимараттың ішкі кеңістігіне жарық түсіру үшін, бөлмелерді желдету үшін арналған.
Шатырлар – ғимараттың салынып біткендігін көрсетіп, оны табиғаттың әр түрлі әсерлерінен қорғайды. Шатырлар көтергіш және қоршау бөліктерінен тұрады. Ғимарат салынатын климатологиялық ауданға және ғимараттың арналуына байланысты шатырлар шатыр асты кеңістігімен және кеңістіксіз болып екіге бөлінеді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет