Сезімтал организм


Биологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты түсіндіріңіз



бет15/25
Дата30.11.2023
өлшемі1.17 Mb.
#484994
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
1 рк биобез

30. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты түсіндіріңіз
Биологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы ұлттық мүдделерін қорғау;
2) Қазақстан Республикасы халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін, қолайлы фитосанитариялық ахуалын қамтамасыз ету;
3) биологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық тәжірибені қолдану.
Биологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың бағыттары мыналар болып табылады:
1) биологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық бастамаларға қатысу;
2) биологиялық қауіпсіздік саласында мемлекетаралық деңгейде техникалық көмекті тарту және көрсету;
3) халықаралық инновациялық технологияларды ендіру және биологиялық қауіпсіздік пен биологиялық қорғау жүйесін жаңғырту;
4) патогенді биологиялық агенттер пайдаланылатын және (немесе) ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты терроризм актілерін және (немесе) диверсияларды болғызбау және олардың салдарларын жою;
5) Қазақстан Республикасын биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мемлекетаралық және халықаралық жүйелеріне және өзге де халықаралық интеграциялық бірлестіктерге интеграциялау, халықаралық ғылыми алмасуға қатысу;
6) биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен микроорганизмдер штаммдарын халықаралық депонирлеуге қатысу;
8) ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге әсер ететін және (немесе) патогенді биологиялық агенттердің әсерінен туындаған халықаралық сипаттағы төтенше жағдайларды оқшаулауға және жоюға қатысу;
9) биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадрларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласында мемлекетаралық өзара іс-қимыл жасау;
10) патогенді биологиялық агенттердің трансшекаралық орын ауыстыруын реттеу;
11) биологиялық қатерлерді болғызбау мақсатында халықаралық шарттарға сәйкес ақпарат алмасу.
Биологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастық ашықтық пен басқа мемлекеттерге қарсы бағытталмаушылыққа негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет