34. Биологиялық қауіпсіздікті бақылаудағы ҚР ДСМ рөлін сипаттаңыз.
1. Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Осы Заң биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
35. "Патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеу"түсінігін түсіндіріңіз
• патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу – патогенді биологиялық
агенттерді зерттеу, жою және (немесе) иммундық-биологиялық препараттарды әзірлеу мақсатында оларды бөлуге (табуға), әзірлеуге (жасауға), өндіруге (дайындауға), олардың айналымына (оның ішінде әкелуге (әкетуге), сақтауға,
тасымалдауға) тікелей бағытталған патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу процестері (сатылары);
• патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын маман
(бұдан әрі – маман) – техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен
кейінгі білімі және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары білімнен кейінгі білімі және (немесе) ғылыми дәрежесі бар және белгіленген тәртіппен патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге жіберілген жеке тұлға;
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъект – белгіленген тәртіппен және шарттарда патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілердің міндеттері:
1. патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны алу;
2. биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптарды сақтау;
3. қол жетімділігі шектеулі ақпаратпен жұмыс істеу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау;
4. биологиялық қорғауды қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес биологиялық тәуекелдер деңгейін ескере отырып, ықтимал қауіпті биологиялық объектілердің биологиялық қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;
5. патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеудің барлық сатысында олармен қауіпсіз жұмыс істелуін бақылауды жүзеге асыру;
6. ғылым саласындағы уәкілетті органға патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу процесіндегі авариялар (төтенше жағдайдың туындауы), жұмыскерлердің инфекциялық ауруларды жұқтыру фактілері туралы дереу хабар беру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |