Ш қ о ә б б «Г е о л о г и я л ы қ б а р л а у к о л л е д ж і» к м қ к 0701000–«Геологиялық түсіру және пайдалы қазба кенорындарын іздеу мен барлау»



Pdf көрінісі
бет18/34
Дата16.12.2022
өлшемі0.55 Mb.
#467371
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34
Мемл.тілде-іс.-қағаз-Экспер

Бақылау тапсырмасы
1.Келесі сөздермен 3 сөйлем құрастырыңыз: жалақы, демалыс күндер, 
құқықтары мен міндеттері 
 
15-сабақ. 
4.7.тақырып.Азаматтар өтініштері бойынша іс жүргізуді ұйымдастыру 
Азаматтар өтініштері бойынша іс жүргізу Қазақстан Республикасы 
Президентінің заңдық күші бар «Азаматтар өтініштерін қараудың тәртібі 
туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы №2340 Жарлығына сәйкес жалпыдан 
бөлек жүргізіледі. Азаматтар өтініштері (ұсыныстар, арыздар, шағымдар, 
лебіздер және сұраулар) бір орталықтан есепке алынады және тіркеуге келіп 
түскен күнінде алынады. Лауазымды тұлғалар азаматтарды жеке қабылдаған 
кезде алған ауызша және жазбаша өтініштер де міндетті түрде 
орталықтандырылған тіркеуге алынады. Өтініш қайталанып түскен кезде оған 
қайтадан кезекті тіркеу нөмірі беріледі де алғашқы нөмірі көрсетіледі. 
Қайталанған өтініштің бірінші парағында жоғары оң жақ бұрышына 
«қайталанған» деген белгісі қойылады. Өтініштерге жауапты ұйым немесе 
құрылымдық бөлімше басшысы ауызша немесе жазбаша нысанда береді. 
Орындалған өтініштер тиісті құжаттарымен бірге осы жұмысқа жауапты 
тұлғаға қайтарылады (бір орталықтан жасақтау үшін). Азаматтар өтініштері 
іске ұйым қызметінің бағыттары немесе түрлері, мәселелері бойынша тіркеледі. 


18 
 
Бақылау сұрақтары: 
1) Азаматтар өтініштері бойынша іс жүргізу қай заңға сәйкес жүргізіледі? 
2) Өтініштер қай күннен бастап тіркеледі? 
3) Азаматтар өтініштері іске қалай тіркеледі? 
Бақылау тапсырмалары: 
1)Берілген сөздерді, сөз тіркестерді аударыңыз: азаматтар өтініштері бойынша, 
ұсыныстар, сұраулар, ауызша өтініш, жазбаша өтініш, іске тіркеледі. 
2) «Азаматтар өтініштері бойынша», «Жауапты тұлға» - деген сөз тіркестерімен 
екі сөйлем құрастырыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет