22
төмендету. Жидуге жетпеу және аса жиду өңдеу ұзақтылығының
ұзартылуана және сапаның төмендігіне әкеліп соғады. Жидітуге арналған
аппараттар
терморегуляторлармен
қамтамасыз
етілген.
Тазаланған
қарындарды ағынды сумен ваннада және ілгіші бар рамкаларда суы
сорғығанша ұстайды.
Жалбыршақтар субөнімдер цехында алдын-ала майсыздандырылу,
ішіндегісінен босату және жуудан соң түседі. Оларды қосымша ваннада
ағынды сумен немесе центрмфугада жуады, содан соң температурсы 65-68
Ссумен 5 мин аралығында жидіту чанында немесе центрифугада жидітеді
және центрифугада шырышты қабықтан тазалайды. Арықара ұлтабарды
қайта жуады және ваннада сумен салқындатады, шырышты қабық
қалдықтарынан тазартады, 20-30 мин суын сорғытуға қалдырады.
Ленинград ет комбинатына ағынды механикаландырылған ірі қара мал
жалбыршағын өңдеу линиясы орналастырылған. Оларды шынжырлы
тасымалдағышпен бағыстағыш астына береді немесе белгілі бір жағдайда
пышақпен келіп тексеріледі, содан соң бункер-үлестіргішке беріледі, одан
центрифугаға бірнеше қайтара жуылуға және тазалануға, жуу барабанында
және таратқыш құрылғы арқылы екі секциялы центрифугаға беріледі.
Центрифугаға тиеу, өнімдерді өңдеу және центрифуганың бір аймағынан
басқа аймағына көшіру, центрифугада салқындату және түсіру процесстері
афтоматты түрде берілген программа бойынша жүргізіледі. Ағынды
механикаландырылған линияда өндірілген жалбыршақтардың сапасы жоғары
және оларды тағамдық мақсатқа қолдануға мүмкіндік береді.
Ірі қара мал ұлтабарлары мен шошқа асқазандарын мал сою және
ұшан бөлу цехында майсыздандырады, ішіндегісінен босатады және фермент
шығыны болмайтындай етіп жуады. Жуу ұзақтығы 3-5 сек, ағын судың күші-
әлсіз, су температурасы 25 С-тан аспау керек (жоғары температура әсерінен
фермент активтілігін жоғалтады).
Субөнімдер цехында ұлтабарлардан және шошқа асқазандарынан
ұшадан ажыратылған соң 45-60 миннуттан кешіктірмей ірі қара мал
ұлтабарларын бойымен, ал шошқа қарындарын үстіне тіліп шырышты
қабығын алып тастайды. Содан соң оларды ағаш болванкаларға кигізіп,
пышақпен шырышты қабығын мұқият кесіп алады. Шырышты қабықтан
ажыратылған ұлтабрлар мен асқазандарды центрифугада немесе ваннада
жуады. Егер шырышты қабықты ажырату керек болмаса, оларды жидітіп,
жуады.
Барлық мал терлерінің шырышты субөнімдерін өңдеуге арналған
ЛОСС желісі келесі түрде жұмыс істейді. Ыстық суы бар (65-67 С) ваннада
орналастырылған себеттерге субөнімдерді салып, алдын-ала 8-10 мин
аралығында жидіту жүргізіледі. Содан соң себеттерді көтерілмелі-
бұрылмалы кран көмегімен центрифуганың тиегіш алқымына беріледі. Тиеу
алдында центрифуга жұмыс істеп тұруы, ал барабанға ыстық су берілуі
керек. Жидіту мен шырышты қабықтан тазалауды 6-10 мин жүргізеді. Соңғы
23
жууды екінші центрифугада орындайды. Шырышты субөнімдерді өңдеуге
арналған ЛОСС жалісінің өнімділігі 500кг/сағ.
Достарыңызбен бөлісу: