Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор


Әр адамды өзімнің жақын туысым деп санаңыз



Pdf көрінісі
бет123/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   127
dokumen.pub 9786010446892

Әр адамды өзімнің жақын туысым деп санаңыз. 
Егер сіз әр ресми келіссөзге келген адаммен өзіңіздің анаңызбен не әкеңіз-
бен, әпкеңіз не ағаңызбен сөйлескендей іс жүргізсеңіз, онда сіздің әрекетте-
ріңізден жылу, қайырымдылық желі еседі, сүйіспеншілік пен түсінушілік, кеші-
рім сияқты жақсы қасиеттер ашылады.
Өз ісіңізбен айналысыңыз. 
Егер сіз бизнеске еш қатысы жоқ нәрселер туралы телефонмен сөйлескенді 
жөн көрсеңіз, онда сіз көшбасшы емессіз. Телефонмен сөйлесе отырып, өз 
бизнесін құрастырмайтын адам – сәттіліктің құзыр шыңына шығатын адам 
емес. Өз өзіңізді алдамаңыз. Біраз уақыт өткен соң сіз телефонмен қаншама өсек 
айтып, сізге деген қызығушылығы жоқ адамдармен алтын уақытыңызды жо-
ғалтқаныңызды байқайсыз.
 
Айдаһар шабуылы 
Рухани күйіңіз бен жан күйіңіз берік болсын. Сізді қоршаған ортада ниет-
тері таза емес, қызғаншақ, көре алмайтын, жалқау, рухани кемтар, сізге зарда-
бын тигізе алатын адамдар бар. Кейбір адамдарға сенуге болмайды. Сіздің биз-
несіңізді өзіңіз үшін тастап кететін немесе өздерін де сізге тәуелсіз топ басшы 
ретінде қабылдауды талап ететін адамдар да бар. Өздерінің сәтсіздікке ұшы-
рауында сізді кінәлайтындар да болады. Сізге не естігіңіз келсе, соны ғана айта-
тындар табылады. Беттеріне бүркеніш тағып, жылдар бойы беті ашылмай, шын 


217 
ниеттерін білдірмей жүретін арам адамдар да болады. Басқа бағытта жүретін-
дерден құтылыңыз. Оларды өз ойыңыздан шығарыңыз, басқа нәрсеге күш салы-
ңыз. Ондай адамдар – сіздің шыңға шығар жолыңыздың жағалауында қалатын 
қурай шөптер.
Шектен тыс әміршіл болмаңыз
Кейбір адамдардың өздеріне деген сенімдері тым қатты. Яғни сізді билегісі 
келіп тұратын адамдар болады. Сіз мұндай адамдарға ешқашан қолыңыздағы 
билікті бермеуіңіз керек. Мықты болыңыз. Өмірдегі қымбат уақытыңызды сіз-
ден ешкім тартып ала алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет