Үрейге қарсы әрекет Үнемі үреймен бетпе-бет кездесу арқылы үрейлерден ары-
лып, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға болады. Осы ретте,
әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға арналған жаттығуларды
орындау маңызды.
Әлеуметтік педагог әлеуметтік қорқынышы бар оқушылар-
дың үрейін тежеп, шешу үшін арнайы жаттығулар карточкасын
дайындайды. Жаттығулар карточкасында көрсетілген жағдаят-
тар оқу-тәрбие процесі, тұрмыстық өмір, отбасы, құрдастармен
байланысты болуы мүмкін. Әр жаттығу белгілі тақырып ая-
сында жасалады және 0-ден 100-ге дейін үрей деңгейімен анық-
талады.
Мысалы:
– сыныптағы 5 оқушымен бірге үзілісте бутерброд жеу (70);
– кездейсоқ кездесіп қалған таныс немесе көршімен сәлем-
десу (30).
Осындай жағдаяттарға байланысты жаттығулар карточкасын
жасауға болады.
Үрей деңгейі оқушы бойында бар қорқыныштың себебі мен
жағдаятты анықтауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік педагог үрей-
дің әр деңгейімен жеке жұмыс істейді.
Мысалы:
Жағдаят: шай ішу. 1. Менің үйімде қонақтармен пластмасс ыдыстан шай ішу
(40).
2. Қонақта пластмасс ыдыстан шай ішу (50).
3. Менің үйімде қонақтармен шыны ыдыстан шай ішу (65).
4. Қонақта шыны ыдыстан шай ішу (75).
5. Мектепте шыны ыдыста шай ішу (80).
Жағдаят: сабақ барысында өзін көрсету. 1. Сыныптасыңа сұрақ қою (40).
2. «Мен сенің ойыңмен келіспеймін…» деп сыныптасыңа өз
ойын айту (60).
3. Мұғалімге сұрақ қою (70).
4. «Мен сіздің ойыңызбен келіспеймін …» деп мұғалімге өз
ойын айту (80).
165
Барлық карточкалар күнделікті кездесетін, алайда үрей туғы-
затын жағдаяттардан құрастырылу қажет. Субъект жағдаяттар-
мен жұмыс істеп үйренген сайын үрейді жеңуге қажет әлеуметтік
дағдылар қалыптасып, іске қосылады.